Телеканал КТК https://www.ktk.kz Новости КТК https://www.ktk.kz/images/logos/yandex_news.png https://www.ktk.kz/images/logos/yandex_news_square.png Қызметінен бас тартқан вице-министр Сағынтаев үкіметінің ең басты кемшілігін атады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113500/ Үкімет отставкаға жіберілген соң, шенеуніктердің алды өз еркімен мемлекеттік қызметтен кете бастады. Тіпті өздерінің жұмысын сынға алған олар құр жиын өткізуден басқа айтарлықтай ештеңе тындырған жоқпыз деп отыр. Сарапшылар болса, таратылған министр мен әкімдердің кемшілігін атап, жаңадан жасақталатын Үкіметтің қандай болуы керектігін айтып берді.

Үкіметтің таратылғаны сол еді, Есілдің сол жағалауындағы саяси өмір саябырсып қалғандай. Мәселен, бүгін Үкімет үйінде Қоғамдық даму министрі ақпарат құралдарының өкілдерімен жиын өткізуі керек болған. Бірақ, жоспарланған барлық шара өтпейтін болды.  

Өзге министрлер мен облыс әкімдері де алдағы өзгерісті күтіп, үнсіз жатыр. Отставкаға жіберілгелі барлығында «уақытша қызметін атқарушы» деген тіркес бар. Экс-премьер Бақытжан Сағынтаевтың бірінші орынбасары болған Асқар Мәминге де Үкімет басшысының қызметі уақытша жүктелгені белгілі. Бірақ тағайындауларды күтпей, орынтағын өз еркімен босатқысы келетін шенеуніктер бар. Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін уақытша атқарушы - солардың бірі. Мемлекеттік қызметке бір жыл бұрын келген Арман Евниев пайдасыз, бос жиындардан шаршадым дейді. Тіпті, осы уақыт аралығында айтарлықтай түк тындырмадым деген ол енді менеджментпен айналысуды жоспарлап отыр.

Арман Евниев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрінің міндетін атқарушы:

- Оны мен шетінен емес, әлгі анда-санда жиналыстардың арасында істемей, ана жерде отырып екі қолмен істеймін. Мені әкем солай тәрбиелеген. Істі бастадың ба? Оны екі қолыңмен істе. Онда істей алмасаң істемей-ақ қой. Таста онда дейтін.

Сарапшылар да таратылған министрлер кабинетінің кемшілігі осы дейді. Екі жарым жыл бойы нақты істен гөрі, құр жиындарды өткізумен шектелген. Елбасы да өзінің соңғы жолдауында күлтөбенің басында күнде жиналыс өткізетін шенеуніктерді қатты сынға алған еді.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Үкіметке Елбасыдан бірталай құзірет берілген. Соның бәрін дұрыс қолданса, олардың қолынан бірдеңе келер еді. Бірақ олар президент Ақордадан не айтады соны күтіп отырды. Өздері ешқандай бастама көтермеді. Алдына қарап, мысалы осындай проблемалар болып қалуы мүмкін деп зерттеген жоқ.

Сарапшы Үкіметке әлдеқашан көп балалы аналардың жағдайын жасап, өздеріне қарата айтылған сыннан сақтануға болар еді дейді. Жалпы, саясаттанушылар енді жаңа үкіметтің мұндай қателіктерді жібермеуі керектігін айтады. Ол үшін  министр мен әкімдер ең алдымен әлеуметтік салаға, яғни халықтың тұрмыс жағдайын арттыру мақсатында жұмыс істеуі керек. Сондықтан жаңадан жасақталатын атқарушы билікке артылар үміт те, жауапкершілік те көп.

]]>
Үкімет отставкаға жіберілген соң, шенеуніктердің алды өз еркімен мемлекеттік қызметтен кете бастады. Тіпті өздерінің жұмысын сынға алған олар құр жиын өткізуден басқа айтарлықтай ештеңе тындырған жоқпыз деп отыр. Сарапшылар болса, таратылған министр мен әкімдердің кемшілігін атап, жаңадан жасақталатын Үкіметтің қандай болуы керектігін айтып берді.

Үкіметтің таратылғаны сол еді, Есілдің сол жағалауындағы саяси өмір саябырсып қалғандай. Мәселен, бүгін Үкімет үйінде Қоғамдық даму министрі ақпарат құралдарының өкілдерімен жиын өткізуі керек болған. Бірақ, жоспарланған барлық шара өтпейтін болды.  

Өзге министрлер мен облыс әкімдері де алдағы өзгерісті күтіп, үнсіз жатыр. Отставкаға жіберілгелі барлығында «уақытша қызметін атқарушы» деген тіркес бар. Экс-премьер Бақытжан Сағынтаевтың бірінші орынбасары болған Асқар Мәминге де Үкімет басшысының қызметі уақытша жүктелгені белгілі. Бірақ тағайындауларды күтпей, орынтағын өз еркімен босатқысы келетін шенеуніктер бар. Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін уақытша атқарушы - солардың бірі. Мемлекеттік қызметке бір жыл бұрын келген Арман Евниев пайдасыз, бос жиындардан шаршадым дейді. Тіпті, осы уақыт аралығында айтарлықтай түк тындырмадым деген ол енді менеджментпен айналысуды жоспарлап отыр.

Арман Евниев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрінің міндетін атқарушы:

- Оны мен шетінен емес, әлгі анда-санда жиналыстардың арасында істемей, ана жерде отырып екі қолмен істеймін. Мені әкем солай тәрбиелеген. Істі бастадың ба? Оны екі қолыңмен істе. Онда істей алмасаң істемей-ақ қой. Таста онда дейтін.

Сарапшылар да таратылған министрлер кабинетінің кемшілігі осы дейді. Екі жарым жыл бойы нақты істен гөрі, құр жиындарды өткізумен шектелген. Елбасы да өзінің соңғы жолдауында күлтөбенің басында күнде жиналыс өткізетін шенеуніктерді қатты сынға алған еді.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Үкіметке Елбасыдан бірталай құзірет берілген. Соның бәрін дұрыс қолданса, олардың қолынан бірдеңе келер еді. Бірақ олар президент Ақордадан не айтады соны күтіп отырды. Өздері ешқандай бастама көтермеді. Алдына қарап, мысалы осындай проблемалар болып қалуы мүмкін деп зерттеген жоқ.

Сарапшы Үкіметке әлдеқашан көп балалы аналардың жағдайын жасап, өздеріне қарата айтылған сыннан сақтануға болар еді дейді. Жалпы, саясаттанушылар енді жаңа үкіметтің мұндай қателіктерді жібермеуі керектігін айтады. Ол үшін  министр мен әкімдер ең алдымен әлеуметтік салаға, яғни халықтың тұрмыс жағдайын арттыру мақсатында жұмыс істеуі керек. Сондықтан жаңадан жасақталатын атқарушы билікке артылар үміт те, жауапкершілік те көп.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:03:59 +0600
Премьерді жерге қаратқан кім? Командасы ма, әлде өзінің жұмсақтығы ма? https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113499/ Ал экс-премьер Бақытжан Сағынтаевқа әлі жаңа қызмет бұйыра қоймады. Министрлер кабинетін екі жарым жыл басқарған Сағынтаевтың осы басшылық қызметі немен есте қалды? Жалпы, ол қандай премьер-министр болған еді? 

Қазақстан тарихында бұрын-соңды Үкімет міндетін атқара алмады деген себеппен таратылған емес. Министрлер кабинеті алғаш рет осындай жағдаймен кетіп отыр. Онда да өздері емес, Президенттің пәрменімен. Негізі, Елбасының бұл Үкіметке көңілі толмай жүргенін бір ай бұрын өткізілген жиыннан-ақ  байқауға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вы просто трусы, а не правительство и не министры. Руки, колени дрожат, чтобы принимать решение. Для чего тогда работаете? Отчистите мне все банки, буду считать, что честно выполнило свой долг это правительство и уйдите с этим в отставку.

Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы ескертуі екен. Президент осы жолы ешкімді жинамады. Арнайы мәлімдеме жасады. «Министрлер мен әкімдер мемлекеттік бағдарламаларды игере алмады, жұмыссыз, үйсіз жүргендердің саны азаймаған, бизнес тұралап тұр», - деді. Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсартуды бірнеше рет тапсырғанын айтты. Бірақ солар жеткілікті деңгейде орындалмаған. Осыдан кейін Үкімет таратылды.

- Правительству совместно с Национальным банком так и не удалось в полной мере создать реальные стимулы и инструменты для качественного роста экономики.

Ал премьерді жерге қаратқан кім? Командасы ма, әлде өзінің жұмсақтығы ма? Ол үкімет басшысы болғанда, ел ішінен талай дау шықты. Мәселен, салымшылар банкрот болған банктерден ақшасын ала алмай шулағанда, премьер Ұлттық банк тарапына батырып бір ауыз сөз айтпады. Ал Алматыда тал-түсте қарақшылар белгілі спортшы Денис Тенді пышақтап өлтіргенде, жұрт Ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етіп  тағы шулады. Сағынтаев сол кезде де үнсіз қалды. Экс-премьердің бар бар қатқыл айтқан сөзі мынау: 

-  4,5 млрд қыркүйекке дейін орындаймыз.

- Қыркүйектің ішінде отырмыз ғой! Қалай қыркүйекке дейін?!

- Бүгін 11-қыркүйек. Кішкене өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой өтірікті.

Ақыр аяғында көпбалалы аналардың тауқыметі үкіметтің ең осал тұсын көрсетті. Әйелдер көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтып, жәрдемақыны көтеруді талап етті. Сағынтаев бұл талаптарды да орындап үлгермеді. Соңында үкімет тарап тынды. Мынау – экс-премьердің министрлермен  соңғы кездесуі. Қарамағындағыларды жинап, қоштасты. Кейін көптің алдына шығып, президентке ризашылығын білдірді.

Бақытжан Сағынтаев:

- Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін.

Бақытжан Сағынтаев еліміздің – оныншы премьер-министрі. Ол 2016 жылы қазіргі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің орнына тағайындалған еді. Сағынтаевтың енді қандай қызметке тағайындалатыны әзірге  белгісіз. 

]]>
Ал экс-премьер Бақытжан Сағынтаевқа әлі жаңа қызмет бұйыра қоймады. Министрлер кабинетін екі жарым жыл басқарған Сағынтаевтың осы басшылық қызметі немен есте қалды? Жалпы, ол қандай премьер-министр болған еді? 

Жұм, 22 ақп 2019 20:03:57 +0600
Төл ақшамыздағы жазу тек қазақ тілінде ғана болмақ https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113498/ Бұл туралы Президент арнайы Жарлық шығарған.

Бұған дейін барлық қағаз ақшаларда номиналы алдыңғы бетінде мемлекеттік, артқы бетінде ресми тілде жазылып келген. Елбасының ұлттық валюта тұжырымдамасы туралы Ал қазіргі қолданыстағы тиындарда о бастан тек қазақша ғана жазылады. Бірақ, инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі.

]]>
Бұл туралы Президент арнайы Жарлық шығарған.

Бұған дейін барлық қағаз ақшаларда номиналы алдыңғы бетінде мемлекеттік, артқы бетінде ресми тілде жазылып келген. Елбасының ұлттық валюта тұжырымдамасы туралы Ал қазіргі қолданыстағы тиындарда о бастан тек қазақша ғана жазылады. Бірақ, инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:03:47 +0600
Алматыда бүтін бір отбасы ыстан уланып ажал құша жаздады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113497/ Ауруханаға түскен бес баланың біреуі - мектеп жасында болса, қалғаны шиеттей бүлдіршіндер. Арасында тіпті өмірге жаңа келген сәби де бар. Бір түнде әйелі мен бала-шағасынан айырыла жаздаған отағасы болған жайттан есеңгіреп қалған. Айтуынша, пешті жаңа босанған жары мен нәрестесі жаурап қалмасын деп түнде жағулы қалдырған екен.

Ал оқиға міне мына үйде болған. Иіс тиген балалардың арасы небәрі 1-2 жастан екен. Үлкені алтыда, одан кейінгісі төртте, үште, екіде. Ал ең кішісінің туылғанына 11 күн енді болған.

Бір түнде отбасынан айырыла жаздаған Саттар Қаппар ішке кіруге батпай далада жүр. Айтуынша, пеші бар бөлмеге әйелі, 3 ұлы мен қызы, сондай-ақ Шымкенттен қыдырып келген келіні мен оның 4 жастағы баласы жатыпты. Ал өзі мен інісі көрші бөлмеге жайғасқан. Аядай үйді паналаған жас отбасы кеше ғана перзентханадан тағы бір сәбиін әкеліпті.

Саттар Қаппаров:

Сол таңғы сағат алтыларда кірсем барлығы тұншығып, ауыздарынан көпірік ағып жатыр екен. Сол қайта үлгеріп, бергі бөлмеге шығардық.

Бүлдіршін жағымсыз иістен жылап оянған. Баланың ащы даусынан анасы да оянып кетіп, дереу көмек шақырған. Кейін белгілі болғандай, кіреберісте тұрған пештің есігі ашық қалған екен.     

Саттар Қаппаров:

- Балалар ойнап жүріп, есігін ашып тастаған. Біз азанда байқадық оны. Он күн бұрын кішкентай нәресте өмірге келіп еді. Соны әкеліп өзіміз, шаршап жатып қалдық. Қазір әртүрлі көмір бар ғой. Біреулер жанады, біреулер жанбайды. Қаптап аламыз көмірді. Содан болды деп ойлап отырмыз.

Отағасының пештің бықсуын көмірден көруі бекер емес. Айтуынша, күні кеше ғана мұржаны тазалаған. Періштесі қағып, аман қалған балақайлардың беті әрең дегенде бері қарады.     

Дінмұхамед Рузуддинов, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігер орынбасары:

- Жедел түрде көмек көрсетіліп, тамырларына дәрі-дәрмек жібердік. Қазір жағдайлары жақсы. Сөйлеп жатыр, тамақтарын ішіп жатыр.

Осылайша, Астанадағы жантүршігерлік жайт Алматыда да қайталана жаздады. Бұл жолы да оқиға уақытша баспанада болған. Небәрі өткен аптада ғана Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин азаматтардың қауіпсіздігі үшін мұндай лашықтардан адам тұрмау керектігін айтқан. Алайда, жас отбасылардың қауқары мен министрлердің қалауы бір арнадан шықпай тұр.  

]]>
Ауруханаға түскен бес баланың біреуі - мектеп жасында болса, қалғаны шиеттей бүлдіршіндер. Арасында тіпті өмірге жаңа келген сәби де бар. Бір түнде әйелі мен бала-шағасынан айырыла жаздаған отағасы болған жайттан есеңгіреп қалған. Айтуынша, пешті жаңа босанған жары мен нәрестесі жаурап қалмасын деп түнде жағулы қалдырған екен.

Ал оқиға міне мына үйде болған. Иіс тиген балалардың арасы небәрі 1-2 жастан екен. Үлкені алтыда, одан кейінгісі төртте, үште, екіде. Ал ең кішісінің туылғанына 11 күн енді болған.

Бір түнде отбасынан айырыла жаздаған Саттар Қаппар ішке кіруге батпай далада жүр. Айтуынша, пеші бар бөлмеге әйелі, 3 ұлы мен қызы, сондай-ақ Шымкенттен қыдырып келген келіні мен оның 4 жастағы баласы жатыпты. Ал өзі мен інісі көрші бөлмеге жайғасқан. Аядай үйді паналаған жас отбасы кеше ғана перзентханадан тағы бір сәбиін әкеліпті.

Саттар Қаппаров:

Сол таңғы сағат алтыларда кірсем барлығы тұншығып, ауыздарынан көпірік ағып жатыр екен. Сол қайта үлгеріп, бергі бөлмеге шығардық.

Бүлдіршін жағымсыз иістен жылап оянған. Баланың ащы даусынан анасы да оянып кетіп, дереу көмек шақырған. Кейін белгілі болғандай, кіреберісте тұрған пештің есігі ашық қалған екен.     

Саттар Қаппаров:

- Балалар ойнап жүріп, есігін ашып тастаған. Біз азанда байқадық оны. Он күн бұрын кішкентай нәресте өмірге келіп еді. Соны әкеліп өзіміз, шаршап жатып қалдық. Қазір әртүрлі көмір бар ғой. Біреулер жанады, біреулер жанбайды. Қаптап аламыз көмірді. Содан болды деп ойлап отырмыз.

Отағасының пештің бықсуын көмірден көруі бекер емес. Айтуынша, күні кеше ғана мұржаны тазалаған. Періштесі қағып, аман қалған балақайлардың беті әрең дегенде бері қарады.     

Дінмұхамед Рузуддинов, Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігер орынбасары:

- Жедел түрде көмек көрсетіліп, тамырларына дәрі-дәрмек жібердік. Қазір жағдайлары жақсы. Сөйлеп жатыр, тамақтарын ішіп жатыр.

Осылайша, Астанадағы жантүршігерлік жайт Алматыда да қайталана жаздады. Бұл жолы да оқиға уақытша баспанада болған. Небәрі өткен аптада ғана Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин азаматтардың қауіпсіздігі үшін мұндай лашықтардан адам тұрмау керектігін айтқан. Алайда, жас отбасылардың қауқары мен министрлердің қалауы бір арнадан шықпай тұр.  

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:03:35 +0600
Қақаған қыста ақтөбелік көпбалалы отбасы қаңғырып қалды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113496/ Үйлері өртеніп, жалын ортасынан үш баланы туыстары алып шыққан. Олар дін аман. Бірақ Байтөбетовтердің барар жері жоқ.

Байтөбетовтер отбасы алты баласымен туыстарының үйіне түнеп шықты. Өртенген шаңырақтарына қарап отағасымен әйелі қосыла егіледі. Ең бастысы бала-шағасының аман қалғанына тәубе етіп отыр.

От дәл осы бөлмеде тұтанған. Есігі жабық тұрыпты. Ал теледидар қарап отырған балалар үйдің өртеніп жатқанын байқамаған. 

Сол күні отанасы Айнұр үш айлық сәбиін дәрігерге көрсетуге жақын маңдағы емханаға кетеді. Айналдырған жарты сағат ішінде бұлай болар деп күтпеген. Үйде қалған үш ұлын өрттен қайнысы құтқарып қалған.

Айнұр Байтөбетова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Сол кезде қайным келген. Балалар бөлмесін ашып қалса, түтіндеп жатыпты. Есіктен кіре берісінде алып үлгерген ғой. Үшеуі содан аман қалды. Ол келмегенде құдай біледі не боларын? Үшеуі жанып кететін шығар үй ішінде.

Мұрат Байтөбетовтың алты баласы бар. Тұңғышы 11-де, кенжесі үш айлық. Өрттен баспана тұрмақ, киетін киімдерінің қалмағанын айтады. Енді қақаған қысқа бала-шағасымен қайда барарын білмей күйінеді.

Мұрат Байтөбетов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мына жатқан дүниелерімнің бәрі жанып кетті. Балаларымның киімдері, ештеңе қалған жоқ. Әркімнен сұрап киіп жүр. Аяқ-киімдері бәрі жанып кетті.

Әкімдіктегілер мұндай жағдайға қазынадан қаржы қарастырылмағанын айтады. Бірақ қолдан келер көмектерін аямаймыз деп отыр.

Бекболат Нұрашев, Ақтөбе қалалық азаматтық қорғаныс және ТЖБ  басшысы:  

- Қолданыстағы заңдарға сәйкес бюджет тарапынан көмек беру немесе үй салып беру қарастырылмаған. Қазір енді ол адамдарды далаға тастамаудың амалы ретінде уақытша пәтермен көмектесу мәселесін қарастырып жатырмыз.

Байтөбетовтерге уақытша баспананы шенеуніктер тапқанымен, бала-шағасының киім-кешегін бүтіндеп, үйін қайта тұрғызуға елден көмек керек. Жомарт жандар болса экрандағы телефон нөміріне хабарласа алады.

Отбасының байланыс телефоны: +77022408141

]]>
Үйлері өртеніп, жалын ортасынан үш баланы туыстары алып шыққан. Олар дін аман. Бірақ Байтөбетовтердің барар жері жоқ.

Жұм, 22 ақп 2019 20:03:26 +0600
Қазақ-қытай шекарасы майшелпекке айналған https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113495/ Алматы облысында Алтынкөл стансасының бастығы парамен ұсталды. Қазақ-қытай шекарасындағы темір жол бекетін майшелпекке айналдырған оны, Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері тура жұмыс кеңсесінде ауызбастырық алып жатқанда қолға түсірген.

Мәліметтерге қарағанда станса директоры Қытайдан келетін түрлі тауарларды елге рәсімдеусіз кіргізуге жағдай жасаған. Тіпті, вагондарда тиелген жүктің радиациялық көрсеткішінің нормадан көп болуына көз жұма қарапты. Сол үшін бизнесмендерден жүйелі түрде пара алып отырған. Кеңсесін тінту кезінде 7 миллион теңге табылды. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мекемесінің бөлім басшысын ұстады. Ол бастығының электронды цифрлы қолтаңбасын пайдаланып, бюджеттің 414 миллион теңгесін әлдебір компанияға заңсыз аударғаны үшін шатылып жатыр. Әрі Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары да ауызбастырық алды деген күдікпен істі болып жатыр. 

Жанна Бастарова, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Әкім орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан жалпы қамқорлығы үшін бірнеше рет пара алды деп күдікті танылуда. Тергеу жалғасып жатыр.

]]>
Алматы облысында Алтынкөл стансасының бастығы парамен ұсталды. Қазақ-қытай шекарасындағы темір жол бекетін майшелпекке айналдырған оны, Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері тура жұмыс кеңсесінде ауызбастырық алып жатқанда қолға түсірген.

Мәліметтерге қарағанда станса директоры Қытайдан келетін түрлі тауарларды елге рәсімдеусіз кіргізуге жағдай жасаған. Тіпті, вагондарда тиелген жүктің радиациялық көрсеткішінің нормадан көп болуына көз жұма қарапты. Сол үшін бизнесмендерден жүйелі түрде пара алып отырған. Кеңсесін тінту кезінде 7 миллион теңге табылды. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту мекемесінің бөлім басшысын ұстады. Ол бастығының электронды цифрлы қолтаңбасын пайдаланып, бюджеттің 414 миллион теңгесін әлдебір компанияға заңсыз аударғаны үшін шатылып жатыр. Әрі Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары да ауызбастырық алды деген күдікпен істі болып жатыр. 

Жанна Бастарова, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Әкім орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан жалпы қамқорлығы үшін бірнеше рет пара алды деп күдікті танылуда. Тергеу жалғасып жатыр.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:03:16 +0600
Қарағанды облысында сарбаздың өзіне қол жұмсауы бақылау камерасына түсіп қалған  https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113494/ Күзетте тұрған санаулы секундттардың ішінде оқталған қаруды тамағына тақап, шүріппені баса салыпты. 

Мұхаметқали Сатов, ҚР ҚК Ұлттық Ұлан Гвардиясы қолбасшысының орынбасары:

- Автомат оның қаруы, пирамидада тұрады. Ол оны қолына ұстамайды, пирамидада тұрады. Бейнебақылауда көрініп тұр. Ол автоматты өзі алады. Өз еркімен. Оқты автоматтың ішіне кіргізеді. Өз-өзін атады. Қасында ешкім болған жоқ, ол жалғыз ғана тұрды. Бекетке ешкім көтеріле алмайды. Қарауылдың бастығы, оның орынбасары. Болды.

Тілшілерге мән жайды түсіндіру үшін Ұлтық ұлан қолбасшысының орынбасары арнайы келіпті. Айтуынша жауынгердің өзіне қол жұмсағанына еш күмән жоқ. Енді соған итермелеуі мүмкін деген жайттарды тергеу анықтауы тиіс. Қызметтік тексеріс басталып, марқұмның командирлері мен қатарластарынан тегіс жауап алынып жатыр. «Өзіне қол жұмсауға итермеледі» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Екі ай бұрын ғана әскер қатарына алынған Әліби Сапаның өлі денесі ақпанның 20-сы күні күзет мұнарасынан табылды. Ол Долинка елді мекеніндегі АК 159/7 тәртіппен түзеу мекемесінің күзететін №6505 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген. Марқұмның денесі бүгін туған жері Алматы облысына жеткізілді.

]]>
Күзетте тұрған санаулы секундттардың ішінде оқталған қаруды тамағына тақап, шүріппені баса салыпты. 

Жұм, 22 ақп 2019 20:03:09 +0600
Әкім орынбасарына не себепті оқ атылғаны белгілі болды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113493/ Шенеунікті атып сотталды. Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваны атқандар мен тапсырыс беруші сотталды. Тапсырыс беруші Әлихан Амалбаев бір жылға, қылмысты ұйымдастырушы мен оның екі көмекшісі бір жарым жылға бостандығы шектелді.

Яғни, төртеуі де жазасын түрмеде емес, бостандықта жүріп-ақ өтейтін болды. Ал, қылмысқа Рабиға Бейсебаеваның қарызын қайтармауы себеп болған екен. Ұйымдастырушы Әлихан Амалбаевтың анасынан 12 мың доллар алған әкім орынбасары, бірнеше жылдан бері қомақты қаржыны бермей келген. Кек сақтаған азамат тараздық жігіттермен келісіп, шенеунікті қорқытпақшы болады. Сөйтіп, былтыр қазан айында Рабиға Бейсебаеваны үйінің есігінің алдында басынан таспен ұрып, бірнеше мәрте травматикалық қарумен атқан. Көп ұзамай қылмыскерлер ұсталған-ды. Рабиға Бейсебаева бүгінгі үкімге де келген жоқ.

]]>
Шенеунікті атып сотталды. Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваны атқандар мен тапсырыс беруші сотталды. Тапсырыс беруші Әлихан Амалбаев бір жылға, қылмысты ұйымдастырушы мен оның екі көмекшісі бір жарым жылға бостандығы шектелді.

Яғни, төртеуі де жазасын түрмеде емес, бостандықта жүріп-ақ өтейтін болды. Ал, қылмысқа Рабиға Бейсебаеваның қарызын қайтармауы себеп болған екен. Ұйымдастырушы Әлихан Амалбаевтың анасынан 12 мың доллар алған әкім орынбасары, бірнеше жылдан бері қомақты қаржыны бермей келген. Кек сақтаған азамат тараздық жігіттермен келісіп, шенеунікті қорқытпақшы болады. Сөйтіп, былтыр қазан айында Рабиға Бейсебаеваны үйінің есігінің алдында басынан таспен ұрып, бірнеше мәрте травматикалық қарумен атқан. Көп ұзамай қылмыскерлер ұсталған-ды. Рабиға Бейсебаева бүгінгі үкімге де келген жоқ.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:03:05 +0600
Пәтер тонауға түскен ұры үйде жүрген келіншекті зорлап тастады  https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113492/ Алматыда бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар ұры ұсталды.

Полицейлердің айтуынша, 41 жастағы баукеспе үйге тек терезеден кіреді екен. Және үнемі қалтасына пышақ салып жүретін болған. Кезекті жорығында бесінші қабаттағы петерге шатырдан түсіп, терезеден кіріпті. Бағалы заттарды алып жатқанда үстінен түскен үй иесін бәкісімен қорқытып зорлаған. Тағы бір үйді тонау кезінде қожайынды пышықпен жарақаттап қашып кеткен. Үйдегі адамдардан да қаймықпайтын қарақшы қылмыс үстінде қолға түсті. Алматы облысының тумасы бұған дейін де істі болған екен.

]]>
Алматыда бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар ұры ұсталды.

Полицейлердің айтуынша, 41 жастағы баукеспе үйге тек терезеден кіреді екен. Және үнемі қалтасына пышақ салып жүретін болған. Кезекті жорығында бесінші қабаттағы петерге шатырдан түсіп, терезеден кіріпті. Бағалы заттарды алып жатқанда үстінен түскен үй иесін бәкісімен қорқытып зорлаған. Тағы бір үйді тонау кезінде қожайынды пышықпен жарақаттап қашып кеткен. Үйдегі адамдардан да қаймықпайтын қарақшы қылмыс үстінде қолға түсті. Алматы облысының тумасы бұған дейін де істі болған екен.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:02:58 +0600
Кіші Алматы шатқалы қардан тазартылды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113491/ Ол үшін тау бөктерінде қолдан қар көшкіні ұйымдастырылды.  

Осылай тау бөктеріндегі қарды түсіру жұмыстары Іле Алатауы бөктерінде 17-ші рет жүргізіліп отыр. Кіші Алматы шатқалына ерекше назар аударудың бірнеше себебі бар. Таудың етегінде Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Медеу мұз айдыны орналасқан. Халық нөпірі көп. Ал, мұндағы жауған қардың биіктігі 1 метрге жуық. Мамандардың айтуынша, қарды тазалау жұмыстары жүргізілгенмен көшкін қаупі сейілген жоқ. Сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарына рұқсат етілмеген және арнайы белгіленген орындарда ғана сырғанап, серуендеуге кеңес береді. Жалпы Алматыдағы таулы аймақта қар көшкіні жиі болатын қауіпті 156 учаске бар.

]]>
Ол үшін тау бөктерінде қолдан қар көшкіні ұйымдастырылды.  

Жұм, 22 ақп 2019 20:02:56 +0600
Семей әуежайына Мұхтар Әуезовтың есімі берілуі мүмкін https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113489/ Семей әуежайына ұлы жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтың есімі берілуі мүмкін. Бүгін, тұрғындар алдында есеп берген өңір әкімі Даниал Ахметов осындай бастама көтерді.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Семей - еліміздегі ең рухани-мәдени орталықтардың бірі. Абай, Шәкәрім және Мұхтар секілді ұлы адамдар осындай киелі жерде дүниеге келген. Олардың әрбірінің есімі бәріміз үшін де құнды.

Бүгінде шаһарда Абай және Шәкәрім атындағы көшелермен бірге, Абай атындағы театр және Шәкәрім университеті бар. Енді «Абай Жолы» роман-эпопеясымен қазақты күллі әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтың есімі әужайға берілуі заңдылық деп отыр. Ал, биыл әуежайдың іргетасы қаланғанына 36 жыл. Қазір ол халықаралық азаматтық авиация ұйымының «В» санатындағы әуежайларға арналған талаптарға сақадай сай. Себебі, 2016 жылы тозығы жеткен ұшып-қону жолағы мен терминалын қайта жөндеу үшін 10,6 миллиард теңге жұмсалды. Бұл өз кезегінде 300 жолаушыға дейін тасымалдай алатын Boeing, Airbus, ИЛ-76 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Яғни, тәуілігіне 25-30 рейске қызмет көрсетуге қауқарлы.

]]>
Семей әуежайына ұлы жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтың есімі берілуі мүмкін. Бүгін, тұрғындар алдында есеп берген өңір әкімі Даниал Ахметов осындай бастама көтерді.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Семей - еліміздегі ең рухани-мәдени орталықтардың бірі. Абай, Шәкәрім және Мұхтар секілді ұлы адамдар осындай киелі жерде дүниеге келген. Олардың әрбірінің есімі бәріміз үшін де құнды.

Бүгінде шаһарда Абай және Шәкәрім атындағы көшелермен бірге, Абай атындағы театр және Шәкәрім университеті бар. Енді «Абай Жолы» роман-эпопеясымен қазақты күллі әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтың есімі әужайға берілуі заңдылық деп отыр. Ал, биыл әуежайдың іргетасы қаланғанына 36 жыл. Қазір ол халықаралық азаматтық авиация ұйымының «В» санатындағы әуежайларға арналған талаптарға сақадай сай. Себебі, 2016 жылы тозығы жеткен ұшып-қону жолағы мен терминалын қайта жөндеу үшін 10,6 миллиард теңге жұмсалды. Бұл өз кезегінде 300 жолаушыға дейін тасымалдай алатын Boeing, Airbus, ИЛ-76 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Яғни, тәуілігіне 25-30 рейске қызмет көрсетуге қауқарлы.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:02:17 +0600
«Қазэпос» мобильді қосымшасы пайда болды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113488/ Қазақ фольклорына жан бітірген жоба. Заманауи техниканың тілін меңгерген 34 жастағы Жансерік Сүйінбаев эпостық шығармалардың аудио нұсқасы жазылған «Қазэпос» мобильді қосымшасын ойлап тапты. Енді телефонға телміргендер жыр-дастандарды смартфон арқылы тыңдай алады.

Жансерік Сүйінбаев жобаға 3 жылға жуық уақытын сарп етіпті. Тіпті, кеңес кезеңінде күйтабаққа жазылған жыр-дастанды сандық технологияға көшіру үшін «Мелодия» компаниясымен келісім-шартқа отырған. Аз уақытта 200 қолданушы көшіріп үлгерген мобильді қосымшадан «Алпамыс батыр», «Айман-Шолпан» және «Асау барақ» дастандарын тыңдай аласыз. Жоба авторы болашақта эпостардың тізімін 11-ге жеткізуді көздеп отыр. Ал, бастамаға мемлекет тарапынан қолдау болса деген Жансерік, «Қазэпос» қосымшасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге болатынын айтады.

Жансерік Сүйінбаев, «Qazepos» мобильді қосымшасының авторы:

- Атам кішкентай кезімнен осы күйтабақтарды қосып беретін. Сондықтан программист болғасын осындайларды электронды түрде шығару менің ойыма келді. Кеңейте беруге болады. Тек қана эпостар емес, аңыз-әңгімелерді де аудио нұсқада салуға болады.

]]>
Қазақ фольклорына жан бітірген жоба. Заманауи техниканың тілін меңгерген 34 жастағы Жансерік Сүйінбаев эпостық шығармалардың аудио нұсқасы жазылған «Қазэпос» мобильді қосымшасын ойлап тапты. Енді телефонға телміргендер жыр-дастандарды смартфон арқылы тыңдай алады.

Жансерік Сүйінбаев жобаға 3 жылға жуық уақытын сарп етіпті. Тіпті, кеңес кезеңінде күйтабаққа жазылған жыр-дастанды сандық технологияға көшіру үшін «Мелодия» компаниясымен келісім-шартқа отырған. Аз уақытта 200 қолданушы көшіріп үлгерген мобильді қосымшадан «Алпамыс батыр», «Айман-Шолпан» және «Асау барақ» дастандарын тыңдай аласыз. Жоба авторы болашақта эпостардың тізімін 11-ге жеткізуді көздеп отыр. Ал, бастамаға мемлекет тарапынан қолдау болса деген Жансерік, «Қазэпос» қосымшасы арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге болатынын айтады.

Жансерік Сүйінбаев, «Qazepos» мобильді қосымшасының авторы:

- Атам кішкентай кезімнен осы күйтабақтарды қосып беретін. Сондықтан программист болғасын осындайларды электронды түрде шығару менің ойыма келді. Кеңейте беруге болады. Тек қана эпостар емес, аңыз-әңгімелерді де аудио нұсқада салуға болады.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:02:08 +0600
«Анамды іздеймін» фильмінің екінші бөлімі көрсетіле бастады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/22/113487/ Америкада басталған хикая Түркияда жалғасын тапты. Бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларында «Анамды іздеймін» фильмінің екінші бөлімі көрсетілуде

Бірақ, бұл жолы махаббатты бағдар еткен туындыда адамгершілік қасиет пен отбасылық құндылықтар кеңінен суреттелген.

«Анамды іздеймін» фильмінің жалғасы комедиямен астасқан шытырман оқиғаға толы. Күлдіре отырып ой салатын кино басты кейіпкердің бірі Мұраттың қарындасына сөз салған Даниярға қарсылық танытуынан басталады.

Нұрбек Айбашов, продюсер:

- Бірінші бөлімге мән берсеңіздер, Америкада жолыққан Азаматты Данияр асырап алады. Ал, Азамат бұл жолы әкесі мен Әлияның қосылуына көмектеседі. Осылайша өзіне де ана тапқысы келеді. Фильмнің негізгі бөлігі Түркияда түсірілді. 

Алайда, болашақ күйеу бала мен қайынаға арасындағы тартыс кейіпкерлер Түркияға жол тартқанда тіптен шиеленіседі. Мұраттың көңілін аулап, сырқатын емдетпек болған Даниярдың әрекетінен алғашында түк шықпайды. Бірақ, Анадолы елінде талай қиындыққа тап келген кейіпкерлер соңында тіл табысады.

Тәуекел Мүсілім, актер:

Сценарий оқыған кезде 15 минут бойы ішегім қатып, күлкіден ішіп жарыла жаздады. Шыны керек, өте күлкілі етіп жазылған.

Азамат Ұланов, актер:

- Біріншісінде мен ата-енесі жоқ бала болсам, екінші бөлімде әкесі бар, құрсағы тоқ, өмірге ризашлығы бар баланы ойнау қиыншылық болды.

Алайда, өн бойы әзілге құрылған фильмнің ақыры жанарыңа жас келтіріп, өмірдің мән-мағынасын түсінуге жетелейді. Комедия арқылы отбасылық құндылықты назарда ұстаған туындыдан құр қалғыңыз келмесе бүгіннен бастап кинотеатрларға барыңыз.

]]>
Америкада басталған хикая Түркияда жалғасын тапты. Бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларында «Анамды іздеймін» фильмінің екінші бөлімі көрсетілуде

Бірақ, бұл жолы махаббатты бағдар еткен туындыда адамгершілік қасиет пен отбасылық құндылықтар кеңінен суреттелген.

«Анамды іздеймін» фильмінің жалғасы комедиямен астасқан шытырман оқиғаға толы. Күлдіре отырып ой салатын кино басты кейіпкердің бірі Мұраттың қарындасына сөз салған Даниярға қарсылық танытуынан басталады.

Нұрбек Айбашов, продюсер:

- Бірінші бөлімге мән берсеңіздер, Америкада жолыққан Азаматты Данияр асырап алады. Ал, Азамат бұл жолы әкесі мен Әлияның қосылуына көмектеседі. Осылайша өзіне де ана тапқысы келеді. Фильмнің негізгі бөлігі Түркияда түсірілді. 

Алайда, болашақ күйеу бала мен қайынаға арасындағы тартыс кейіпкерлер Түркияға жол тартқанда тіптен шиеленіседі. Мұраттың көңілін аулап, сырқатын емдетпек болған Даниярдың әрекетінен алғашында түк шықпайды. Бірақ, Анадолы елінде талай қиындыққа тап келген кейіпкерлер соңында тіл табысады.

Тәуекел Мүсілім, актер:

Сценарий оқыған кезде 15 минут бойы ішегім қатып, күлкіден ішіп жарыла жаздады. Шыны керек, өте күлкілі етіп жазылған.

Азамат Ұланов, актер:

- Біріншісінде мен ата-енесі жоқ бала болсам, екінші бөлімде әкесі бар, құрсағы тоқ, өмірге ризашлығы бар баланы ойнау қиыншылық болды.

Алайда, өн бойы әзілге құрылған фильмнің ақыры жанарыңа жас келтіріп, өмірдің мән-мағынасын түсінуге жетелейді. Комедия арқылы отбасылық құндылықты назарда ұстаған туындыдан құр қалғыңыз келмесе бүгіннен бастап кинотеатрларға барыңыз.

]]>
Жұм, 22 ақп 2019 20:01:59 +0600
Астанада құрылысы тоқтаған үйдің үлескерлері ақшаларын қайтаруды талап етті  https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113403/ Астанада алып құрылыс компаниясы төңірегінде жанжал шықты. «Шар-құрылыс» компаниясына ақшаларын сеніп тапсырған мыңнан астам үлескер пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр. Дауға қалған фирма тұрғын үй кешенінің құрылысын созбалаңға салып жіберген. Тіпті тірнектеп жиған ақшамызды қайтармай алдап соқты дейді ашынған салымшылар.

Айжан Сағындықова – «Алтын шар-2» тұрғын үй кешінінің салымшысы. Күйеуі екеуі осы жерден екі бөлмелі қос пәтер алу үшін былтыр қаңтар айында бар жиған-терген 32 миллион теңгесін санап берген.

Айжан Сағындықова, үлескер:

- Бұл үйді біз сатып алған кезде менеджерлар 2018 жылдың қыркүйегінде беріле байтайды. Желтоқсан айына дейін аласыңдар деген. Бірақ, қазір көріп тұрғандай, үй берілмейін деп тұр. Құрылыс  тоқтап тұр.

Дәл осындай қиын жағдайға қалған мыңнан астам үлескер бар. Барлығы 1, 2 немесе 3 бөлмелі баспана алу үшін 10-нан 30 миллион теңгеге дейін өткізген. Бірақ, құрылыс алаңында олардың үйін тұрғызып жатқан тірі жан жоқ. Тек, қалқайып  екі кран тұр.

Құрылысы тұралаған тұрғын үй қаланың көрікті жері – Есілдің сол жағалауында орналасқан. Осыған қызығып, қолда бар ақшасын берген үлескерлердің көбі енді өкініп отыр. Өйткені 8 айдан бері тоқтаған құрылыстың аяқталарына күмәнмен қарайды.

Алдандық деген үлескерлер «Алтын шар-2» кешенінің осы макетіне қызыққан. Негізі тұрғын үй 3 бөліктен тұрады. Бірінші, екінші корпусы  аяқталуға жақын. Ал ең үлкен 22 қабатты үшінші үйдің құрылысы басталмай жатып тоқтаған. Оның үстіне тұрғын үйді тұрғызған құрылысшылар да бірнеше айдың жалақысын алмапты. Көз жасына ерік берген мына кісі сол жұмысшыларды жалдаған құрылыс фирмасының басшысы екен.

Жібек Ақынова, «Әлімжан құрылыс» жшс директоры:

- Түсінемін, «Шар құрылыста» қиындықтар болып жатқан шығар. Бірақ, менің де жағдайым оңып тұрған жоқ. Жұмысшыларыма ондаған миллион теңге қарызбын. Үйімді, көлігімді ломбардқа қойып, құрылысшылардың біраз жалақысын бердім. Толық төлеу үшін енді ағзаларымды сатуым керек пе?

Құрылыс басында шу шыққаны сол еді, барлығына жауапты «Шар-құрылыс» компаниясының басшысы да келді. Берік Аманов үйді тапсыру мерзімнің 9 айға кешігуіне Астана әкімдігін кінәлады. Өйткені шенеуніктер әлі күнге дейін тоқ пен жылу тартып бермепті. Мәселені  жақын күндері шешеміз деген ол күн жылынған бойда құрылысты бастап, жыл соңына дейін аяқтауға уәде берді. Бірақ оған дейін күтпейміз деген үлескерлер ақшаны қайтаруды талап етті.

Берік Аманов, «Шар-Құрылыс»  атқарушы директоры:

- Ақшамызды  қайтарып беріңдер!

- Толық қайтарып береміз. Арыз жазыңыздар.

- Осы уақытқа дейін неге комиссия ұстап қалам дедіңіздер?

- Ұстамаймыз. Қайтарып береміз. Банкте тұр.

Осыдан соң компания кеңсесіне барған наразы топ ақшаны толық қайтармыз деген уәде өтірік болып шықты дейді. Өйткені ондағылар қаржының тек жарты жылдан соң қайтатынын әрі 10 пайызы комиссия ретінде ұсталатынын айтқан көрінеді. Енді үлескерлер «Шар-құрылыс» серіктестігін сотқа бермекші.

]]>
Астанада алып құрылыс компаниясы төңірегінде жанжал шықты. «Шар-құрылыс» компаниясына ақшаларын сеніп тапсырған мыңнан астам үлескер пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүр. Дауға қалған фирма тұрғын үй кешенінің құрылысын созбалаңға салып жіберген. Тіпті тірнектеп жиған ақшамызды қайтармай алдап соқты дейді ашынған салымшылар.

Айжан Сағындықова – «Алтын шар-2» тұрғын үй кешінінің салымшысы. Күйеуі екеуі осы жерден екі бөлмелі қос пәтер алу үшін былтыр қаңтар айында бар жиған-терген 32 миллион теңгесін санап берген.

Айжан Сағындықова, үлескер:

- Бұл үйді біз сатып алған кезде менеджерлар 2018 жылдың қыркүйегінде беріле байтайды. Желтоқсан айына дейін аласыңдар деген. Бірақ, қазір көріп тұрғандай, үй берілмейін деп тұр. Құрылыс  тоқтап тұр.

Дәл осындай қиын жағдайға қалған мыңнан астам үлескер бар. Барлығы 1, 2 немесе 3 бөлмелі баспана алу үшін 10-нан 30 миллион теңгеге дейін өткізген. Бірақ, құрылыс алаңында олардың үйін тұрғызып жатқан тірі жан жоқ. Тек, қалқайып  екі кран тұр.

Құрылысы тұралаған тұрғын үй қаланың көрікті жері – Есілдің сол жағалауында орналасқан. Осыған қызығып, қолда бар ақшасын берген үлескерлердің көбі енді өкініп отыр. Өйткені 8 айдан бері тоқтаған құрылыстың аяқталарына күмәнмен қарайды.

Алдандық деген үлескерлер «Алтын шар-2» кешенінің осы макетіне қызыққан. Негізі тұрғын үй 3 бөліктен тұрады. Бірінші, екінші корпусы  аяқталуға жақын. Ал ең үлкен 22 қабатты үшінші үйдің құрылысы басталмай жатып тоқтаған. Оның үстіне тұрғын үйді тұрғызған құрылысшылар да бірнеше айдың жалақысын алмапты. Көз жасына ерік берген мына кісі сол жұмысшыларды жалдаған құрылыс фирмасының басшысы екен.

Жібек Ақынова, «Әлімжан құрылыс» жшс директоры:

- Түсінемін, «Шар құрылыста» қиындықтар болып жатқан шығар. Бірақ, менің де жағдайым оңып тұрған жоқ. Жұмысшыларыма ондаған миллион теңге қарызбын. Үйімді, көлігімді ломбардқа қойып, құрылысшылардың біраз жалақысын бердім. Толық төлеу үшін енді ағзаларымды сатуым керек пе?

Құрылыс басында шу шыққаны сол еді, барлығына жауапты «Шар-құрылыс» компаниясының басшысы да келді. Берік Аманов үйді тапсыру мерзімнің 9 айға кешігуіне Астана әкімдігін кінәлады. Өйткені шенеуніктер әлі күнге дейін тоқ пен жылу тартып бермепті. Мәселені  жақын күндері шешеміз деген ол күн жылынған бойда құрылысты бастап, жыл соңына дейін аяқтауға уәде берді. Бірақ оған дейін күтпейміз деген үлескерлер ақшаны қайтаруды талап етті.

Берік Аманов, «Шар-Құрылыс»  атқарушы директоры:

- Ақшамызды  қайтарып беріңдер!

- Толық қайтарып береміз. Арыз жазыңыздар.

- Осы уақытқа дейін неге комиссия ұстап қалам дедіңіздер?

- Ұстамаймыз. Қайтарып береміз. Банкте тұр.

Осыдан соң компания кеңсесіне барған наразы топ ақшаны толық қайтармыз деген уәде өтірік болып шықты дейді. Өйткені ондағылар қаржының тек жарты жылдан соң қайтатынын әрі 10 пайызы комиссия ретінде ұсталатынын айтқан көрінеді. Енді үлескерлер «Шар-құрылыс» серіктестігін сотқа бермекші.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:14:45 +0600
Шетелдік өнімге құмарлығы үшін лауазымды шенеуніктер сөз естіді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113402/ Өзгенікін қайтесің, өзіңдікі тұрғанда! Вице-премьер Асқар Мамин әкімдік қызметкерлеріне өзге мемлекетке жеке шаруамен барғанда, ол жақтан импорттық тауар сатып алу туралы келісім жасауды тоқтатуды талап етті.

Асқар Мамин, Премьер-министрдің орынбасары:

- Мәселен, бір облыс әкімінің орынбасары  демалысын Түркияда өткізген. Ол елге қайтарында түркиялық компаниямен  автобус сатып алу туралы келіссөз жүргізген. Ал көрші облыста, небары 200 шақырым қашықтықта автобус шығаратын отандық кәсіпорын тұр. Өзіміздің өнімді қолдау керек қой.

Бірақ түркиялық компанияның сойылын соғып жүрген атқамінердің аты-жөнін вице-премьер айтқан  жоқ. Негізі елімізде 2020 жылға дейін автопарктерді жаңартуға арналған бағдарлама қабылданған. Сол құжатқа сай, мың автобус сатып алу үшін 30 миллиард теңге бөлініпті. Мәселен, Шымкенттің өзі 800 қоғамдық көлік керек деп, өтініш жазған. Сондай-ақ, Семей, Атырау, Алматы, Астана, Ақтау, Павлодар әкімдігі де қаладағы автобустарды жаңартуы тиіс. Осы орайда вице-премьер шенеуніктерге отандық көліктерді ғана сатып алуды қатаң ескертті. Қазақстандағы төрт автозауыттың өнімі шетелдік автобустардан  еш кем емес дейді Асқар Мамин.

]]>
Өзгенікін қайтесің, өзіңдікі тұрғанда! Вице-премьер Асқар Мамин әкімдік қызметкерлеріне өзге мемлекетке жеке шаруамен барғанда, ол жақтан импорттық тауар сатып алу туралы келісім жасауды тоқтатуды талап етті.

Асқар Мамин, Премьер-министрдің орынбасары:

- Мәселен, бір облыс әкімінің орынбасары  демалысын Түркияда өткізген. Ол елге қайтарында түркиялық компаниямен  автобус сатып алу туралы келіссөз жүргізген. Ал көрші облыста, небары 200 шақырым қашықтықта автобус шығаратын отандық кәсіпорын тұр. Өзіміздің өнімді қолдау керек қой.

Бірақ түркиялық компанияның сойылын соғып жүрген атқамінердің аты-жөнін вице-премьер айтқан  жоқ. Негізі елімізде 2020 жылға дейін автопарктерді жаңартуға арналған бағдарлама қабылданған. Сол құжатқа сай, мың автобус сатып алу үшін 30 миллиард теңге бөлініпті. Мәселен, Шымкенттің өзі 800 қоғамдық көлік керек деп, өтініш жазған. Сондай-ақ, Семей, Атырау, Алматы, Астана, Ақтау, Павлодар әкімдігі де қаладағы автобустарды жаңартуы тиіс. Осы орайда вице-премьер шенеуніктерге отандық көліктерді ғана сатып алуды қатаң ескертті. Қазақстандағы төрт автозауыттың өнімі шетелдік автобустардан  еш кем емес дейді Асқар Мамин.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:13:34 +0600
16 жаста болса да ата-анасының рұқсатынсыз жасанды түсік жасай алмайды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113401/ Денсаулық сақтау министрлігінің әке-шешенің келісімінсіз-ақ баланы алып тастауға құқық беру туралы бастамалары қолдау таппады.  

Тіпті қоғамда үлкен дауға ұласты. Жұрт мұны жас қыздарға төнген нағыз қауіп-қатерге балап, жаппай шулады. Осыдан кейін шенеуніктер заңға өзгеріс енгізбейтін болыпты. Егер Денсаулық сақтау министрлігінің дегені болғанда, 16 жасқа толған қыз бала көтерсе, емін-еркін емханаға барып, түсік жасата алатын еді. Оған үлкендердің рұқсаты да керек емес. Ал былтыр  елімізде үш жарым мың жасөспірім қыз оң босағада отырып  бала тапқан. 

Айжан Есмағамбетов, Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры:

- Аяғы ауыр болып  қалған жас қыздар дәрігерге бармайды. Олар сөз тарайды деп қорқады. Біз заңға мынадай өзгеріс енгіземіз: қыздар 16 жасқа дейін ешкімнің рұқсатынсыз гинекологқа барып, ем қабылдай алады. Қазір өз бетінше емделуге де тыйым салынған. Ал 18 жастан бастап ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасауға болады.

]]>
Денсаулық сақтау министрлігінің әке-шешенің келісімінсіз-ақ баланы алып тастауға құқық беру туралы бастамалары қолдау таппады.  

Тіпті қоғамда үлкен дауға ұласты. Жұрт мұны жас қыздарға төнген нағыз қауіп-қатерге балап, жаппай шулады. Осыдан кейін шенеуніктер заңға өзгеріс енгізбейтін болыпты. Егер Денсаулық сақтау министрлігінің дегені болғанда, 16 жасқа толған қыз бала көтерсе, емін-еркін емханаға барып, түсік жасата алатын еді. Оған үлкендердің рұқсаты да керек емес. Ал былтыр  елімізде үш жарым мың жасөспірім қыз оң босағада отырып  бала тапқан. 

Айжан Есмағамбетов, Денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры:

- Аяғы ауыр болып  қалған жас қыздар дәрігерге бармайды. Олар сөз тарайды деп қорқады. Біз заңға мынадай өзгеріс енгіземіз: қыздар 16 жасқа дейін ешкімнің рұқсатынсыз гинекологқа барып, ем қабылдай алады. Қазір өз бетінше емделуге де тыйым салынған. Ал 18 жастан бастап ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасауға болады.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:12:24 +0600
Тұрғындар үйлерінің айналасына үйген қарларын шығаруға міндеттеліп жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113400/ Семейде тұрғындар үйлерінің айналасына үйген қарларын шығаруға жаппай міндеттеліп жатыр. Себебі, былтырғы қыспен салыстырғанда ақұлпа биыл екі жарым есеге артық түскен. Енді, құзырлы орындар тарапынан жасалған ескертуді елемегендер әкімшілік жауапқа тартылады. Ал әкімдік кар шығаруға жұртқа көмекке келейін десе қаражат тапшы екен. 

Жұрт тықыр таянғанда ғана іске кіріскен жауапты мамандардың әрекетін сынға алды. Өйткені, оларға бұған дейін ешкім ауласындағы қарды тазалауға ескерту жасап келмеген екен. Енді, көктем шығуға санаулы күн қалғанда қыр көрсетіп жатыр, - дейді. Ал полицейлер әр үйдін есігін қағып, үйілген қарды шығаруды талап етіп жүр. Бас-аяғы берілетін екі күннің ішінде тәртіпке бағынбаса, әкімшілік жауапқа тартпақшы. Тіпті, сол үшін салынатын айыппұлдың көлемі де биыл артқан екен.

Елеубек Оспанов, Семей қалалық ПБ баспасөз басшысы:

- Айыппұл жеке тұлғаларға 20 АЕК. Ал, егер шағын және бизнес орталығының кісілері болса, онда 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Дегенмен, былтырғы тасқын жергілікті билікке сабақ болса керек, атқамінерлер биыл жан таласуда. Көктем шықпай жатып шаһардың басты көшелерінің басым бөлігін қардан тазартып үлгеріпті. Әйтсе де, жұмысты толық аяқтауға бөлінген 43 млн теңге жетпей қалған. Сондықтан олар, жергілікті қазынадан қосымша қаржы сұрап отыр.

Нұрлан Серғазинов, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің орынбасары:

- Бюджеттен қаржы бөлу туралы өтініш білдірдік. Қазіргі уақытта қосымша, 50 млн теңге керек. Бұл тез арада шешімін табады деп ойлаймын. Өйткені, қарды толық тазалауға әкімнің өзі келісімін беріп отыр. Әсіресе, қауіпті аймақтарды басты нысанаға алатын боламыз.

Атқамінерлердің айтуынша олардың қатарында, Затон және Мирный кенттері бар. Бүгінде бұлар қауіпті аймақтардың санатында тұр. Яғни, ақұлпа тазартылмаған жағдайда тағы да тасқынның астында қалуы мүмкін. Өйткені, қар жылдағыдан қарағанда, биыл екі жарым есеге артық түскен.

]]>
Семейде тұрғындар үйлерінің айналасына үйген қарларын шығаруға жаппай міндеттеліп жатыр. Себебі, былтырғы қыспен салыстырғанда ақұлпа биыл екі жарым есеге артық түскен. Енді, құзырлы орындар тарапынан жасалған ескертуді елемегендер әкімшілік жауапқа тартылады. Ал әкімдік кар шығаруға жұртқа көмекке келейін десе қаражат тапшы екен. 

Жұрт тықыр таянғанда ғана іске кіріскен жауапты мамандардың әрекетін сынға алды. Өйткені, оларға бұған дейін ешкім ауласындағы қарды тазалауға ескерту жасап келмеген екен. Енді, көктем шығуға санаулы күн қалғанда қыр көрсетіп жатыр, - дейді. Ал полицейлер әр үйдін есігін қағып, үйілген қарды шығаруды талап етіп жүр. Бас-аяғы берілетін екі күннің ішінде тәртіпке бағынбаса, әкімшілік жауапқа тартпақшы. Тіпті, сол үшін салынатын айыппұлдың көлемі де биыл артқан екен.

Елеубек Оспанов, Семей қалалық ПБ баспасөз басшысы:

- Айыппұл жеке тұлғаларға 20 АЕК. Ал, егер шағын және бизнес орталығының кісілері болса, онда 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Дегенмен, былтырғы тасқын жергілікті билікке сабақ болса керек, атқамінерлер биыл жан таласуда. Көктем шықпай жатып шаһардың басты көшелерінің басым бөлігін қардан тазартып үлгеріпті. Әйтсе де, жұмысты толық аяқтауға бөлінген 43 млн теңге жетпей қалған. Сондықтан олар, жергілікті қазынадан қосымша қаржы сұрап отыр.

Нұрлан Серғазинов, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің орынбасары:

- Бюджеттен қаржы бөлу туралы өтініш білдірдік. Қазіргі уақытта қосымша, 50 млн теңге керек. Бұл тез арада шешімін табады деп ойлаймын. Өйткені, қарды толық тазалауға әкімнің өзі келісімін беріп отыр. Әсіресе, қауіпті аймақтарды басты нысанаға алатын боламыз.

Атқамінерлердің айтуынша олардың қатарында, Затон және Мирный кенттері бар. Бүгінде бұлар қауіпті аймақтардың санатында тұр. Яғни, ақұлпа тазартылмаған жағдайда тағы да тасқынның астында қалуы мүмкін. Өйткені, қар жылдағыдан қарағанда, биыл екі жарым есеге артық түскен.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:11:15 +0600
Синоптиктердің болжамы құтқарушыларды алаңдатты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113399/ Синоптиктердің наурыз айына жасаған болжамы Алматыдағы төтенше жағдай қызметінің мамандарын қатты алаңдатып отыр. Олар тасқынның алдын алуға техника сайлап, қазірден бастап қамдануға кіріскен.

Өйткені қалада қызыл су басуы мүмкін 12 аумақ бар. Олар Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында. Екі жыл бұрын тасқынға тосқын болу үшін қала қазынасынан 12 млрд 700 миллион теңге бөлініпті. Бұл қыруар қаржы төтеншеліктер үшін жеткіліксіз болған көрінеді. Алып шаһарда арық жүйесі әлі де жүргізілмеген аудандар бар екенін мамандар мойындап отыр. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толтырып, тасқынның алдын алуға тас түйін дайын боламыз дейді құтқарушылар. Биыл тау жақта қар жылдағыдан көп түскен. Сондықтан таулы аймақтарда көшкін жүруі де ықтимал.

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

Таулы аймақтарда қардың биіктігі 46-86 см құрайды. Қатқан жердің қалыңдығы 20 см. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Алматы әкімдігі резервінде 5 млрд теңге қарастырылды. Ай соңында қаланың сегіз ауданын қоқыстан тазарту және өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. 

]]>
Синоптиктердің наурыз айына жасаған болжамы Алматыдағы төтенше жағдай қызметінің мамандарын қатты алаңдатып отыр. Олар тасқынның алдын алуға техника сайлап, қазірден бастап қамдануға кіріскен.

Өйткені қалада қызыл су басуы мүмкін 12 аумақ бар. Олар Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында. Екі жыл бұрын тасқынға тосқын болу үшін қала қазынасынан 12 млрд 700 миллион теңге бөлініпті. Бұл қыруар қаржы төтеншеліктер үшін жеткіліксіз болған көрінеді. Алып шаһарда арық жүйесі әлі де жүргізілмеген аудандар бар екенін мамандар мойындап отыр. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толтырып, тасқынның алдын алуға тас түйін дайын боламыз дейді құтқарушылар. Биыл тау жақта қар жылдағыдан көп түскен. Сондықтан таулы аймақтарда көшкін жүруі де ықтимал.

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

Таулы аймақтарда қардың биіктігі 46-86 см құрайды. Қатқан жердің қалыңдығы 20 см. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Алматы әкімдігі резервінде 5 млрд теңге қарастырылды. Ай соңында қаланың сегіз ауданын қоқыстан тазарту және өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. 

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:10:04 +0600
Алматыда келіншекті қылқындырған қарақшылар іздестіріліп жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113398/ Әйелдің әлсіздігін пайдаланған ұрылар қара суықта оны тонсыз қалдырған. 

Қарашылардың әрекеті бейнебақылау таспасына түсіп қалған. Келіншекке тап берген ұрылардың бірі оны қылқындырып, тасаға қарай сүйреген. Ал екіншісі әйелдің қол сөмкесін алған. Бастапқыда келіншек қарсыласып-ақ баққан. Алайда, әлі жетпеген соң ұрыларға көніп жата беріпті. Қарақшылар күннің суығына қарамастан, әйелдің тонын да шешіп алды. Сорақысы сол, әйелді тұншықтырып жатқанын көрсе де, базбіреулер байқамағандай жанынан өте шыққан.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі:

Абырой болғанда, азаматша дене жарақаттарын алған жоқ. Аман-есен, сау. Өз үйінде. Бұл қылмысты жасаған азаматтар міндетті түрде ұсталады. Аты-жөндері айқындалу үстінде. Заңмен көзделген жазасын міндетті түрде тартатын болады.

]]>
Әйелдің әлсіздігін пайдаланған ұрылар қара суықта оны тонсыз қалдырған. 

Бей, 21 ақп 2019 20:09:55 +0600
Жол апаты бүтін бір отбасының қабырғасын қайыстырды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113397/ Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апаты бүтін бір әулеттің қабырғасын қайыстырды. Екі жеңіл көліктің соқтығысуынан бір-біріне туыс 4 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға Байзақ ауданы Көктал ауылы маңында болған. Қатты жүйіткіген «Ниссан Максиманың» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі «Ауди-80-нің» бүйірінен ұрған. Соққыдан машина жолдан шығып кетіп, талға соғылған. Оқиға орнында жас шамасы отыздардағы ерлі-зайыпты, 70-тегі қария және 20 жастағы жігіт көз жұмды. Ал ниссаның түгі қалмай өртеніп кеткен. Оның жүргізушісі ауыр халде ауруханада жатыр.

Тергеуді бастаған Жамбыл облысының полиция департаменті жол көлік оқиғасының куәгерлері болса, хабарласуды сұрайды.

]]>
Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апаты бүтін бір әулеттің қабырғасын қайыстырды. Екі жеңіл көліктің соқтығысуынан бір-біріне туыс 4 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға Байзақ ауданы Көктал ауылы маңында болған. Қатты жүйіткіген «Ниссан Максиманың» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі «Ауди-80-нің» бүйірінен ұрған. Соққыдан машина жолдан шығып кетіп, талға соғылған. Оқиға орнында жас шамасы отыздардағы ерлі-зайыпты, 70-тегі қария және 20 жастағы жігіт көз жұмды. Ал ниссаның түгі қалмай өртеніп кеткен. Оның жүргізушісі ауыр халде ауруханада жатыр.

Тергеуді бастаған Жамбыл облысының полиция департаменті жол көлік оқиғасының куәгерлері болса, хабарласуды сұрайды.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:08:45 +0600
Театр әртістері үкіметтен үй сұрап отыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113396/ Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылардан кейін театр әртістері де мемлекеттен пәтер сұрап шықты. Сенаторлар жалақысы төмен, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндігі жетпейтін өнер адамдарының жағдайын айтып, үкіметке сауал жолдап отыр.

Сенаторлардың айтуынша, бүгінде 52 мемлекеттік театрда 1 мың 538 жас маман қызмет етеді. Ондағы жас әртістердің шығармашылық құрамы ең арысы 76 мың теңгеге дейін жалақы алады. Ал техникалық құрамдағылардың алатыны 49 мың теңгеден аспайды. Нақ қолдарына тиетіні одан да төмен. Оның үстіне, жас мамандап  үш жыл істеп, ең төменгі санатты ғана алады. Жоғарғы санатқа ілігу үшін тағы бірнеше жыл керек. Ол уақытта жастары ұлғайып кетеді. Жас әртістердің жартысына жуығы пәтер жалдап жүр. Табысы жеткілікті болмағандықтан, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларына да қатыса алмайды екен. Сондықтан жалақысын көтеріп, жалдамалы пәтер беруді сұрап отыр.

Нариман Төреғалиев, Сенат депутаты:

- Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы! Осы айтылғандарды қолдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға жас әртістердің еңбекақысын көтеру және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуды қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қарастыру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз.

]]>
Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылардан кейін театр әртістері де мемлекеттен пәтер сұрап шықты. Сенаторлар жалақысы төмен, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндігі жетпейтін өнер адамдарының жағдайын айтып, үкіметке сауал жолдап отыр.

Сенаторлардың айтуынша, бүгінде 52 мемлекеттік театрда 1 мың 538 жас маман қызмет етеді. Ондағы жас әртістердің шығармашылық құрамы ең арысы 76 мың теңгеге дейін жалақы алады. Ал техникалық құрамдағылардың алатыны 49 мың теңгеден аспайды. Нақ қолдарына тиетіні одан да төмен. Оның үстіне, жас мамандап  үш жыл істеп, ең төменгі санатты ғана алады. Жоғарғы санатқа ілігу үшін тағы бірнеше жыл керек. Ол уақытта жастары ұлғайып кетеді. Жас әртістердің жартысына жуығы пәтер жалдап жүр. Табысы жеткілікті болмағандықтан, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларына да қатыса алмайды екен. Сондықтан жалақысын көтеріп, жалдамалы пәтер беруді сұрап отыр.

Нариман Төреғалиев, Сенат депутаты:

- Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы! Осы айтылғандарды қолдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға жас әртістердің еңбекақысын көтеру және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуды қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қарастыру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:07:35 +0600
Шымкенттік оқушы мемлекеттік наградамен марапатталды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113394/ Шымкенттік оқушы ел тарихындағы мемлекеттік награданың ең жас иегері атанды. Мұндай атақ 13 жастағы Бақытжан Беркімбаевқа екі балақайды оттан құтқарып қалғаны үшін беріліп отыр.

Ішкі істер министрінің атынан берілген «Оттан құтқарудағы ерлігі үшін» медалін Шымкенттің бас полицейі табыстады. Полковник баланың батылдығы үшін рахмет айтып, оның ата-анасына да алғысын білдірді. Оларға тіпті Ішкі істер министрінің ер жүрек бала тәрбиелегені үшін жазылған алғыс хаты да берілді. Айта кетсек, 8-сынып оқушысы Бақытжан Беркімбаев оң қолының сынғанына қарамастан 5 және 3 жасар қос балақайды өртеніп жатқан үйден алып шыққан болатын.

Бақытжан Беркімбаев, оқушы:

- Ол әр адамның парызы деп ойлаймын. Кез-келген адам менің орнымда болса да істейді деп ойлаймын. Өйткені, жас сәбилер ғой, жылап жатыр ішінде.

]]>
Шымкенттік оқушы ел тарихындағы мемлекеттік награданың ең жас иегері атанды. Мұндай атақ 13 жастағы Бақытжан Беркімбаевқа екі балақайды оттан құтқарып қалғаны үшін беріліп отыр.

Ішкі істер министрінің атынан берілген «Оттан құтқарудағы ерлігі үшін» медалін Шымкенттің бас полицейі табыстады. Полковник баланың батылдығы үшін рахмет айтып, оның ата-анасына да алғысын білдірді. Оларға тіпті Ішкі істер министрінің ер жүрек бала тәрбиелегені үшін жазылған алғыс хаты да берілді. Айта кетсек, 8-сынып оқушысы Бақытжан Беркімбаев оң қолының сынғанына қарамастан 5 және 3 жасар қос балақайды өртеніп жатқан үйден алып шыққан болатын.

Бақытжан Беркімбаев, оқушы:

- Ол әр адамның парызы деп ойлаймын. Кез-келген адам менің орнымда болса да істейді деп ойлаймын. Өйткені, жас сәбилер ғой, жылап жатыр ішінде.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:05:16 +0600
Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер енді кез келген адам үшін қол жетімді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113393/ Ол өз заманының феномені. Отыз-ақ  жыл өмір сүріп артына өшпес мұра қалдырған көрнекті тұлға Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер енді кез келген адам үшін қол жетімді. КТК телеарнасы, Strana Media Team студиясы және Kaspi.kz назарларыңызға мультимедиялық портал ұсынады.

Shoqan.kz деп аталатын сайттан ғалымның еңбектері, хаттары және ол туралы жазылған әдебиеттерді таба аласыздар. Тіпті бұған дейін еш жерде жарияланбаған құжаттармен де смартфон арқылы танысуға мүмкіндік туды. Ал ең бастысы жуырда онда Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнің жарияланбақшы.

Бұл Солтүстік Қазақстандағы Сырымбет ордасы. Аты әлемге мәшһүр қазақтың  дара тұлғасының ұлы жолы дәл осы мекеннен басталған. Төрт жасында әріп таныған Шоқанның білімге құштарлығын оятқан әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыс сұлтан. Ұлының ауыл-аймақта дұрыс білім ала алмайтынын түсінген әкесі 12 жасында оны Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Ал 16 жыл өткен соң оның орыс тілінді жазылған еңбектеріне Ресейдің географиялық қоғамындағылар таңдай қақтырды.  

Шоқан Уәлихановқа қатысты деректердің бәрі енді бір жерге топтастырылған. Бұдан былай кітапхана шарлаудың керегі жоқ. Көптеген еңбектері сканерден өткізіліп алғаш рет сайтқа жүктелді.  Shoqan.kz ғалым туралы  тұңғыш және әзірге жалғыз сандық партал. Шоқан Орта Азияны зерттеп әлемге таныстырған тарихшы, этнограф.  Алайда оның еңбектерін зерттеп ашу қазіргі ғалымдар үшін оңайға соқпауда.

Уәлихан Құлбаев, Ш. Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық музейінің директоры:

- Біздің өңірді зерттеу үшін көптеген топогрофтар, суретшілер келетін: Шоқан үнемі соларды айналсоқтап, бүкіл мағлұматты бойына сіңірді. Үнемі жүрелеп отыратын. Қазақтар ондайды шоқиып отыр дейді. Сондықтан оны Айғаным әжесі Шоқаным деп еркелетті. Қазір бүкіл әлем оны Шоқан Уәлиханов деп біледі.

Жаңа сайттан Шоқан Уалиханов туралы деректі фильмді көруге болады. Онда ғалымның жүріп өткен жолы: ОМБЫ, Ыстық-Көл, Қашқар, Петербордағы саяхаты. Және жиырма жастағы қазақ жігітінің  қалай  Ресей делегациясын бастап Қытайға барғаны, ешбір адамның жүрегі дауаламайтын, ғалымдар үшін жолы жабық мекенге құпия еніп, 28 жасында жағрафия, тарих, мәдениет, этнографиядан  5 томдық еңбек жазып, ал 29 жасында құйрықты жұлдыздай ағып өткен ғалым туралы  айтылады.

Валентин Захаров, атқарушы продюсер:

Бұндай жобалар жоқ неп сеніммен айта алам. Бір жерге бәрі шоғырланған. Видео да, мәтін де, өміріндегі қызықты деректер де бәрі бар. Біз жан-жақтан жинадық. Адам осы парталға кіріп Шоқан Әулихановтың өмірімен 100 пайыз таныса алады.

Жобаны жасауға қолдау білдірген Каспи.кз. Компания болашақтың технологиясын жасап қана қоймай, тарихты да танытуға өз үлесін қосуда.

Наталья Фазылжанова, продюсер:

Мен бұл порталдың өз аудиториясын табарына сенемін. Себебі бұл сайтты құрастыру үшін біздің топ үлкен жұмыстар атқарды.

Оның өмірі құпияға толы. Өлімі де. Бүкіл Еуропаны аузына қаратып, отыз ға толмастан дүние салды. Алайда қысқа ғана ғұмырында артына өшпес мұра қалдырды... «Шоқан Уәлиханов» деректі фильмінің  сенбі күні сағат сегізде арнамыздан тамашалаңыздар. Ал Shoqan.kz мультмедиалық порталынан қазір-ақ қосып, көруіңізге мүмкіндік бар.

]]>
Ол өз заманының феномені. Отыз-ақ  жыл өмір сүріп артына өшпес мұра қалдырған көрнекті тұлға Шоқан Уәлиханов туралы тың деректер енді кез келген адам үшін қол жетімді. КТК телеарнасы, Strana Media Team студиясы және Kaspi.kz назарларыңызға мультимедиялық портал ұсынады.

Бей, 21 ақп 2019 20:04:05 +0600
Дариға Назарбаева министрліктердің баспасөз қызметін сынға алды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113392/ Өйткені, кейбірі өзінің негізгі қызметін толық білмейді. Оның үстіне, кәсіби баспасөз хатшыларын дайындау дұрыс жолға қойылмаған. Олар тілшілердің досы болу керек деген сенатор Ақпарат және байланыс министрінің тілшілерді аккредитациялау бұйрығына қатысты да пікір білдірді. 

Осыдан бір апта бұрын Байланыс және ақпарат министрі бұйрық шығаратыны туралы белгілі болған еді. Ол бұйрық бойынша тілшілер жиын барысында тақырыптан тыс сұрақ қоюға болмайды. Жиынға кіру үшін де тілші жұмыс орнынан анықтама әкелуі тиіс. Кірген жағдайда бөлмеге симай қалса, шараға қатыстырылмайды. Сенатор бұл мәселелермен жақсы таныс екен. Оның ойынша, министрлік бұйрық шығармас бұрын  ақпарат өкілдерімен ортақ келісімге келу керек. Осылай деген  Дариға Назарбаева елдегі жағдайдан толық хабардар екенін де жасырмады.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты: 

- Әрине, оқимын. Пікірлерді де қараймын. Қоғамның қалай қабылдап жатқанын бақылап, біліп отырам. Егер қандай да бір әділетсіздік көріп қалсам, біз оған араласамыз. Бірақ, оны көпке дабыра қылмай, тиісті министрліктер деңгейінде шешеміз. Меніңше, айғайлап, бір-бірімізден талап етіп жатқаннан гөрі, осындай жол әлдеқайда тиімді сияқты.

]]>
Өйткені, кейбірі өзінің негізгі қызметін толық білмейді. Оның үстіне, кәсіби баспасөз хатшыларын дайындау дұрыс жолға қойылмаған. Олар тілшілердің досы болу керек деген сенатор Ақпарат және байланыс министрінің тілшілерді аккредитациялау бұйрығына қатысты да пікір білдірді. 

Осыдан бір апта бұрын Байланыс және ақпарат министрі бұйрық шығаратыны туралы белгілі болған еді. Ол бұйрық бойынша тілшілер жиын барысында тақырыптан тыс сұрақ қоюға болмайды. Жиынға кіру үшін де тілші жұмыс орнынан анықтама әкелуі тиіс. Кірген жағдайда бөлмеге симай қалса, шараға қатыстырылмайды. Сенатор бұл мәселелермен жақсы таныс екен. Оның ойынша, министрлік бұйрық шығармас бұрын  ақпарат өкілдерімен ортақ келісімге келу керек. Осылай деген  Дариға Назарбаева елдегі жағдайдан толық хабардар екенін де жасырмады.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты: 

- Әрине, оқимын. Пікірлерді де қараймын. Қоғамның қалай қабылдап жатқанын бақылап, біліп отырам. Егер қандай да бір әділетсіздік көріп қалсам, біз оған араласамыз. Бірақ, оны көпке дабыра қылмай, тиісті министрліктер деңгейінде шешеміз. Меніңше, айғайлап, бір-бірімізден талап етіп жатқаннан гөрі, осындай жол әлдеқайда тиімді сияқты.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:03:56 +0600
Көкшетау тұрғыны 40-қа толғанша құжат ала алмай сандалып жүр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113391/ Атамекенге 28 жыл бұрын оралған жігіт бүгінде әйелі мен баласын өз атына жаза алар емес. Алғашқыда Солтүстік Қазақстандағы Ақжар ауданында тұрып, облыстық көші-қон полициясының табалдырығына дейін тоздырған ол, енді барар жер басар тауым қалмады деп отыр. 

1992 жылы 10 баламен Монғолиядан ата жұртқа қоныс аударған Ыдырыш ақсақалдың ең кенжесі осы-Рахметхан екен. Бауырларының барлығы кәмелет жасқа толысымен төлқұжаттарын алып, толыққанды Қазақстан азаматтары атанып кете барған. Бірақ, Рахметхан үшін жеке төлқұжатқа ие болу қияметке айналыпты. 2005-ші жылдан бері жинамаған қағазым жоқ, - дейді ол.

Рахметхан осыдан 10 жыл бұрын үйленіп өз алдына отау тіккен. Өмірге Аян атты ұлы да келіпті. Бірақ, заңды некеге отыру күні бүгінге дейін мүмкін болмай отыр. Көші-қон полициясына талай жыл анықтама қағаз жинаумен келеді екен. «Құжаттарымды бірнеше рет  жоғалтып жіберді. Өстіп жүріп 40-қа да келдім», - дейді ашынған жігіт.

Рахметхан Ыдырыш, Көкшетау қаласының тұрғыны: 

- Не істеймін енді төлқұжат ала алмай жүрсем. Бермейді. Жинаймын апарам, жоғалтып тастайды. Басқа адам тұрады орнында. Астана ға дейін бардым. Қатын баламды да атыма түсіре алмай жүрмін, міне. Төлқұжат жоқ.

28 жылда Рахметханға  жеке басын дәлелдейтін «азаматтығы жоқ тұлға» деген деген уақытша куәлік те берілмеген. Ата-анасына еріп шекара асқанда ол небәрі 12 жаста болған. Тіпті осы уақыт ішінде Қазақстаннан аттап шықпапты. Ал отбасы үшін бұл жағдай  тіпті қиынға соғып тұр. Әйелі жалғыз басты ана, баласы әкесіз ұрпақ болып жүр әзірге. 

Меруерт Көкетай, әйелі:

- Неке куәлігі де жоқ. Мысалы бала мептепке барады. Менің әкемнің атында мына бала. Өзі ұялады мектепте достарынан. Бармаған жеріміз жоқ. 

Сәбит Жүсіпов, СҚО ПД көші-қон қызметінің инспекторы: 

- Бұл азаматтың туу туралы куәлігінде ұлты қазақ екені дәлелденіп отыр. Қолдан келгенше құжаттануға көмегімізді көрсетеміз.

Көші-қон қызметі атажұртын аңсап келген азаматтың ұлты қазақ екенін 28 жылдан бері дәлелдей алмай жүр. Ал ол болса, осы уақытқа дейін ешбір құжатсыз-ақ ұрлық, зорлық жасағаны үшін 4 рет сотталып үлгеріпті.

]]>
Атамекенге 28 жыл бұрын оралған жігіт бүгінде әйелі мен баласын өз атына жаза алар емес. Алғашқыда Солтүстік Қазақстандағы Ақжар ауданында тұрып, облыстық көші-қон полициясының табалдырығына дейін тоздырған ол, енді барар жер басар тауым қалмады деп отыр. 

1992 жылы 10 баламен Монғолиядан ата жұртқа қоныс аударған Ыдырыш ақсақалдың ең кенжесі осы-Рахметхан екен. Бауырларының барлығы кәмелет жасқа толысымен төлқұжаттарын алып, толыққанды Қазақстан азаматтары атанып кете барған. Бірақ, Рахметхан үшін жеке төлқұжатқа ие болу қияметке айналыпты. 2005-ші жылдан бері жинамаған қағазым жоқ, - дейді ол.

Рахметхан осыдан 10 жыл бұрын үйленіп өз алдына отау тіккен. Өмірге Аян атты ұлы да келіпті. Бірақ, заңды некеге отыру күні бүгінге дейін мүмкін болмай отыр. Көші-қон полициясына талай жыл анықтама қағаз жинаумен келеді екен. «Құжаттарымды бірнеше рет  жоғалтып жіберді. Өстіп жүріп 40-қа да келдім», - дейді ашынған жігіт.

Рахметхан Ыдырыш, Көкшетау қаласының тұрғыны: 

- Не істеймін енді төлқұжат ала алмай жүрсем. Бермейді. Жинаймын апарам, жоғалтып тастайды. Басқа адам тұрады орнында. Астана ға дейін бардым. Қатын баламды да атыма түсіре алмай жүрмін, міне. Төлқұжат жоқ.

28 жылда Рахметханға  жеке басын дәлелдейтін «азаматтығы жоқ тұлға» деген деген уақытша куәлік те берілмеген. Ата-анасына еріп шекара асқанда ол небәрі 12 жаста болған. Тіпті осы уақыт ішінде Қазақстаннан аттап шықпапты. Ал отбасы үшін бұл жағдай  тіпті қиынға соғып тұр. Әйелі жалғыз басты ана, баласы әкесіз ұрпақ болып жүр әзірге. 

Меруерт Көкетай, әйелі:

- Неке куәлігі де жоқ. Мысалы бала мептепке барады. Менің әкемнің атында мына бала. Өзі ұялады мектепте достарынан. Бармаған жеріміз жоқ. 

Сәбит Жүсіпов, СҚО ПД көші-қон қызметінің инспекторы: 

- Бұл азаматтың туу туралы куәлігінде ұлты қазақ екені дәлелденіп отыр. Қолдан келгенше құжаттануға көмегімізді көрсетеміз.

Көші-қон қызметі атажұртын аңсап келген азаматтың ұлты қазақ екенін 28 жылдан бері дәлелдей алмай жүр. Ал ол болса, осы уақытқа дейін ешбір құжатсыз-ақ ұрлық, зорлық жасағаны үшін 4 рет сотталып үлгеріпті.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:02:41 +0600
Астанада жастар жиналып, өздеріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/21/113390/ Жас буынды да ең алдымен сапалы білім алу, жақсы жұмысқа орналасу және баспаналы болу сынды әлеуметтік мәселелер толғандырады. 

Қазір Қазақстанда 4 миллионға жуық жас бар екен. Олардың көбі қалалы жерде тұрады. Облыс орталықтарында жұмыс табылса да, ауылдық жерлерде екі қолға күрек таппай жүргендер көп. Сондықтан жиналғандар жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту қажет деген ұсыныс жасады. Әсіресе, ауыл шаруашылығымен айналысқан қазір өте тиімді. Оның үстіне «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» бағдарламалары өңірлерде толық жүзе аспай жатыр. Былтыр жастар саясатын қолдауға 7 миллиард теңге бөлініпті. Биылғы шығын бұдан да көп болады. Мұндай қомақты қаржыға көптеген мәселені шешуге болады дейді сарапшылар. 

Серік Бисембаев, ӘЭСИ сарапшысы: 

- Мемлекет тарапынан ісетліп жатқан шараға қарайтын болсақ, соңғы бірнеше жылда түрлі әлеуметтік қолдауға қатысты арнайы көмек түрлері қарастырылып жатыр. Бірақ, қаншалықты бұл көмек тиімді және жастардың қажеттілігін өтеді деген сұрақ өте маңызды.

]]>
Жас буынды да ең алдымен сапалы білім алу, жақсы жұмысқа орналасу және баспаналы болу сынды әлеуметтік мәселелер толғандырады. 

Қазір Қазақстанда 4 миллионға жуық жас бар екен. Олардың көбі қалалы жерде тұрады. Облыс орталықтарында жұмыс табылса да, ауылдық жерлерде екі қолға күрек таппай жүргендер көп. Сондықтан жиналғандар жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту қажет деген ұсыныс жасады. Әсіресе, ауыл шаруашылығымен айналысқан қазір өте тиімді. Оның үстіне «Дипломмен ауылға!», «Жасыл ел» бағдарламалары өңірлерде толық жүзе аспай жатыр. Былтыр жастар саясатын қолдауға 7 миллиард теңге бөлініпті. Биылғы шығын бұдан да көп болады. Мұндай қомақты қаржыға көптеген мәселені шешуге болады дейді сарапшылар. 

Серік Бисембаев, ӘЭСИ сарапшысы: 

- Мемлекет тарапынан ісетліп жатқан шараға қарайтын болсақ, соңғы бірнеше жылда түрлі әлеуметтік қолдауға қатысты арнайы көмек түрлері қарастырылып жатыр. Бірақ, қаншалықты бұл көмек тиімді және жастардың қажеттілігін өтеді деген сұрақ өте маңызды.

]]>
Бей, 21 ақп 2019 20:01:29 +0600
Астанада ұшты-күйлі жоғалған оқушының денесі кәріз құдығынан табылды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113326/ 13 жастағы Бақдәулет Өмірханды ағайын туыс, полицейлер мен еріктілер тобы бірігіп бірнеше күн іздеген еді. Сөйтсе, ойнауға шыққан оқушының мәйіті үйінен небары 150 метр жерде жатыпты.

Қайғылы оқиға Астана шетіндегі Железнодорожный шағын ауданында өткен сенбі күні болған. Әпкесінің соңынан далаға ойнауға шыққан 7-сынып оқушысы, үйіне қайтып оралмапты. Арада үш күн өткенде оның денесі сол маңдағы құдықтан табылды.

Бақдаулет құлаған құдық үйінен небары 150 метр қашықтықта орналасқан. Туыстарының айтуынша, ол жоғалған күні сырғанаққа ойнауға асығып шығып, төте жолмен бармақшы болыпты. Сөйтіп, осылай қалың қармен келе жатып, ашық тұрған құдыққа құлаған.

Тереңдігі 5 метр шұңқырдан жеткіншектің өлі денесін 300 адамнан құралған еріктілер тобы тапқан. Ал, полицейлер мен құтқарушылардың жұмысына Бақдәулеттің туыстарының көңілі толмай отыр. Тіпті, жоғалған ұлдарын дереу іздеудің орнына, оларды тергеп, сұрақтың астына алған көрінеді.

Нұржан Өмірханұлы, марқұмның ағасы:

- Ойнап кеткен шығар, компьютер клубында шығар деді. Ол албаты үйден шықпайтын бала. Мен тергеу тобын, иісшіл ит  жіберіңіздер депөтіндім. Сол кезде бала әлі тірі болатын ба еді?...

13 жастағы жасөспірімнің  өмірін жалмаған құдықтың беті оқыс оқиғадан соң ғана  жабылды. Десе де, бұл ауылдың  айналасында беті ашық тұрған шұңқырлар көп. Олардың бәрін қарды аршып жүріп еріктілер тауыпты. Біреу-міреу тағы құлап жазым болмас үшін төңірек  ленталармен қоршалған. 

Айзада Жүсіпова, ерікті:

Баланы іздеп жүріп, алғашқы күні 42 құдық таптық. Қар астында жатқан барлығының беті ашық болды. Екінші күні тағы 40-тан астамы анықталды. Олардың бетін жабу үшін, тағы қанша адам өлуі керек?...

Бұл Астанада қасірет әкелген алғашқы оқиға емес. Тура үш ай бұрын 13 жастағы Аружан Маратованың да жансыз денесі ашық жатқан құдықтан табылған болатын. Сол кезде әкімдік қақпақтарға құлып саламыз деп уәде еткен еді. Бұл шаруа аяғына дейін жеткізілгенде,Бақдәулет тірі қалар ма еді?...

Айталы Гүлмира, марқұмның сынып жетекшісі:

- Бұл хабар маған өте ауыр болды. Ең жақсы көретін балаларымның бірі еді. Беспен оқитын оқушымыз. Олимпиадаға дайындап отырған баламыз еді.

Қазір құдық қақпағын ұрлап бір үйді үкілеген үмітінен айырғандар іздестіріліп жатыр. Кінәлілер анықталса,  4 жылдан 8 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін. Істі Астана әкімі де қатаң бақылауына алды.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

Қақпақтарды үнемі ұрлап кетеді. Қазір орнатсаң, қазір жоқ болады. Сол үшін камераларды көбейтіп, қылмыскерлерді ұстап жатырмыз. Коммуналдық қызметке құдықтардың жабық тұруын қатаң бақылауда ұстауды тапсырдым.

Сондай-ақ, Сұлтанов қақпағы жоқ шұңқыр көрген тұрғындарды дер кезінде хабар беруге шақырды. Әрі полицейлер ақшаға темір-терсек қабылдайтын орындарды бақылауда ұстауы тиіс. Өйткені, қара нарықта небары үш мың теңгеге бағаланатын қақпақты ұрылар сонда өткізеді. Ал Бақдәулет ертең туған жері Таразда жер қойнына тапсырылады.

]]>
13 жастағы Бақдәулет Өмірханды ағайын туыс, полицейлер мен еріктілер тобы бірігіп бірнеше күн іздеген еді. Сөйтсе, ойнауға шыққан оқушының мәйіті үйінен небары 150 метр жерде жатыпты.

Сәр, 20 ақп 2019 20:11:37 +0600
Гелендвагенмен 4 адамды қаққан жүргізушіге қатысты үкім шықты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113325/ Сот жол ережесін бұзып, 3 адамның өліміне себепші болған 33 жастағы Ілияс Карды 10 жылға темір торға тоғытты. Сонымен қатар 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, марқұмдардың туыстарына моральдық шығын өтемек.

2019 жыл енер тұста күллі Алматы жұртын дүр сілкіндірген жол апатына қатысты іске бүгін нүкте қойылды. Алмалы аудандық соты басты айыпталушы Ілияс Карға қатысты үкім шығарды. Сонымен күдікті Ілияс Кар 10 жылға сотталып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Алайда, тергеу барысында және 2 аптаға созылған сот процесінде ол өзіне тағылған айыптарды толық мойындаған жоқ. Соның ішінде мас күйінде көлік жүргізбедім деп отыр.

Гелендвагенімен 4 адамды жаншып, 3-уін мерт қылған Ілияс Кар сот залына айдауылмен жеткізілді. Ол 2018 жылдың 29 желтоқсанынан бері қамауда отыр. Судья  үкімді небәрі 20 минутта оқып шықты.

Роман Селицкий,  судья:

- Сот Ілияс Кар Исмарұлын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-інші бабы 4-ші тармағы және 347-бап бойынша кінәлі деп тауып, 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Оған қоса 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылсын. Жазасын қауіптілігі төмен абақтыда өтесін.

33 жастағы бизнесмен жаңажылдық отырыстан кейін мас күйінде көлікке отырып, 4 адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Прокурорлар істі қарау барысында тағылған айыптарды толықтай дәлелдей алды. Сот айыпталушының онкологиялық аурудан емделдім деген сөзін ескерусіз қалды. Өйткені, одан өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Сотталушының кәмелет жасына толмаған 3 баласы бар екені ескерілген. 10 жылға сотталған Ілияс Кар жол апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасына 3-тен 10 млн-ға дейінгі аралықта моралдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұған дейін әрқайсына материалдық көмек берген болатын. Қайғыдан қан жұтқан жәбірленушілер сот шешіміне разы.

Ержігіт Нұртай, адвокат:

Материалдық шығынды орындағандықтан қылмыстың мерзімін кішкене төмендетуді сұрадық. Бірақ сот оны есепке алған жоқ.

Ал, сот үкімін тыңдаған Ілияс Кардың жақындары сұхбат беруден бас тартты.

Былтыр 29 желтоқсанында жол талғамайтын Гелендваген көлігі Абай мен Сейфуллиннің қиылыстарында Мицубисиді бүйірден соғып, қарсы бетке шығарған еді. Таңғы 5-те болған қайғылы оқиға салдарынан Мицубисиді тізгіндеген жүргізуші Бақытнұр Құнапияұлы, белгілі актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова қаза тапты. Апаттан аман қалған жалғыз жолаушы - актриса Айзада Сатыбалдиева. Ол қазір ауруханада. Зардап шегушіге кезекті ота жасалды. Айыпталушының отбасы актриса әрі 2 баланың анасы Айзада Сатыбалдиева аяққа нық тұрғанша көмектесуге уәде беріп отыр. Ал, 10 жыл арқалаған Ілияс Кар қауіптілігі төмен абақтыда жазасын өтемек.

]]>
Сот жол ережесін бұзып, 3 адамның өліміне себепші болған 33 жастағы Ілияс Карды 10 жылға темір торға тоғытты. Сонымен қатар 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, марқұмдардың туыстарына моральдық шығын өтемек.

Сәр, 20 ақп 2019 20:10:26 +0600
Қарағандыда әскерге шақыртылған сарбаз атылып өлді     https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113324/ Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінде тағы да оқыс оқиға! Онда бүгін таңсәріде оққа ұшқан сарбаздың денесі табылды. Бұл жолы да қаза тапқан жаңа шақыртылған жап-жас жауынгер. Әскерилер оны да «өзі атылып өлді» деп отыр. Дегенмен, қаралы хабардан қабырғасы қарс айырылған туыстары сарбаздың суицид жасағына сенбейді. Себебі, марқұм алдыңғы күні ғана үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан.

Бұл суретке Әліби қаңтардың он екісі ғана түскен екен. 18 жастағы сарбаз сол күні Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге ант еткен. Енді арада бір ай өтер-өтпестен командирлері «денесін алып кетіңдер» деп бүгін таңғы сегізде хабарласыпты.

Таңатпастан суыт хабар естіген ана есінен қайта-қайта танған. Ал жетпістегі әжесі болса, сенбей немересіне қоймай қоңырау соғып отыр. Айтуынша, жақында ғана әскерден хат алған екен. Онда сарбаз Ұлттық Ұланды жер-көкке сыйғызбай сипаттап, командирлерімен мақтанған. Одан қалды, алдыңғы күні ғана анасына қоңырау шалып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан. Дегенмен, солай деген сарбазды басшылары «суицид жасады» деп сендіріпті.

Гүлнәр Күндібаева, туысы:

- Ол өзіне қол салмайды. Тәрбиесі жақсы бала. Әскерге баруды армандайтын. Кейін әскери адамнемесе полиция қызметкері болам деп жүретін.

Ал оқиға Қарағандыдағы АК 159/7 түзеу мекемесінде мына мұнараның ішінде болған. Оққа ұшқан сарбаздың денесі таңғы 7-40-та табылыпты. Айналасы жиырма минуттың ішінде сараптама жасап тастағандай, әскери бөлімдегілер «бала өз-өзін атып өлтірді» деген шешім шығарып қойған дейді туыстары.

Мақсұт Жүсіпбеков,  6505 әскери бөлім командирінің орынбасары м.а:

- Қатардағы Әліби Сапа өз-өзіне қол-жұмсап, қару арқылы мерт болғаны анықталды. Көңіл-күйі жақсы болған еді. Кенеттен болған жағдай. Ондай ойы жоқ болатын. Бәріміз таңқалып отырмыз.

Жалпы, 6505 әскери бөлімдегілер жауынгерлерінің өліміне жылда таң қалып жүрсе керек. Өйткені, 2013-те де, 2014-те де мұнда бірнеше сарбаз өлген. Онда да өз-өзіне қол жұмсады делінген. Оның біреуі асылған күйі табылса, қалғаны оқ жарақатынан өлген.  Ал 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталып та кетті.

]]>
Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінде тағы да оқыс оқиға! Онда бүгін таңсәріде оққа ұшқан сарбаздың денесі табылды. Бұл жолы да қаза тапқан жаңа шақыртылған жап-жас жауынгер. Әскерилер оны да «өзі атылып өлді» деп отыр. Дегенмен, қаралы хабардан қабырғасы қарс айырылған туыстары сарбаздың суицид жасағына сенбейді. Себебі, марқұм алдыңғы күні ғана үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан.

Бұл суретке Әліби қаңтардың он екісі ғана түскен екен. 18 жастағы сарбаз сол күні Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге ант еткен. Енді арада бір ай өтер-өтпестен командирлері «денесін алып кетіңдер» деп бүгін таңғы сегізде хабарласыпты.

Таңатпастан суыт хабар естіген ана есінен қайта-қайта танған. Ал жетпістегі әжесі болса, сенбей немересіне қоймай қоңырау соғып отыр. Айтуынша, жақында ғана әскерден хат алған екен. Онда сарбаз Ұлттық Ұланды жер-көкке сыйғызбай сипаттап, командирлерімен мақтанған. Одан қалды, алдыңғы күні ғана анасына қоңырау шалып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан. Дегенмен, солай деген сарбазды басшылары «суицид жасады» деп сендіріпті.

Гүлнәр Күндібаева, туысы:

- Ол өзіне қол салмайды. Тәрбиесі жақсы бала. Әскерге баруды армандайтын. Кейін әскери адамнемесе полиция қызметкері болам деп жүретін.

Ал оқиға Қарағандыдағы АК 159/7 түзеу мекемесінде мына мұнараның ішінде болған. Оққа ұшқан сарбаздың денесі таңғы 7-40-та табылыпты. Айналасы жиырма минуттың ішінде сараптама жасап тастағандай, әскери бөлімдегілер «бала өз-өзін атып өлтірді» деген шешім шығарып қойған дейді туыстары.

Мақсұт Жүсіпбеков,  6505 әскери бөлім командирінің орынбасары м.а:

- Қатардағы Әліби Сапа өз-өзіне қол-жұмсап, қару арқылы мерт болғаны анықталды. Көңіл-күйі жақсы болған еді. Кенеттен болған жағдай. Ондай ойы жоқ болатын. Бәріміз таңқалып отырмыз.

Жалпы, 6505 әскери бөлімдегілер жауынгерлерінің өліміне жылда таң қалып жүрсе керек. Өйткені, 2013-те де, 2014-те де мұнда бірнеше сарбаз өлген. Онда да өз-өзіне қол жұмсады делінген. Оның біреуі асылған күйі табылса, қалғаны оқ жарақатынан өлген.  Ал 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталып та кетті.

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:09:17 +0600
Алматы әкімі: «Пара бердің ба, жылама»... https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113323/ Бүгін Алматы әкімі ағынан жарылып, халық алдында есеп берді. Бауыржан Байбекпен кездесуге үш мың адам жиналды. Бірақ Республика сарайына кіре алмай, сырттан қайтқандар да бар.

Алматы әкімінің есебін тыңдауға халық таң бозарып атқаннан жиналды. Бірақ күзетшілер бәрін бірдей ішке кіргізген жоқ. Іріктеуден өткен үш мың адам Бауыржан Байбектің баяндамасын 1,5 сағат ұйып тыңдады. Сауал жолдау үшін ұзын сонар кезекке тұрғандар қоғамдық көліктегі ұрлық тиылмай тұрғанын айтса, енді бірі әкімге Алматының ауасы қашан тазарады деп сауалды төтесінен қойды. Бірақ бәрінен де Байбектің шамына тиген жемқорлық мәселесі еді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Жемқорлық мәселесіне қатысты көп шағым түседі. Бәріне көмектесесің, ақшасын қайтарып алған соң арыз жазғысы келмей қалады. Баласы бар ғой отбасы бар ғой деп аяп шығады. Олай істейді екенсің пара бердің ба жыла ма? Ал жылайды екенсің пара бер ме?

Бауыржан Байбек қаладағы саябақтар мен жолдың мәселесіне көп тоқталды. Ірі даңғылдағы жылдамдықты шектеуге не үшін тапсырма бергенін де түсіндірді.

- Бұл қауіпсіздік мәселесі. Біз жылдамдықты 80-нен 60-қа түсіру арқылы бір адамның өмірін сақтап қалсақ та үлкен жетістік. Содан кейін Әл-Фараби қаланың сыртындағы емес ішінде көше. Жылдамдықты алпысқа түсіру арқылы біз бұл жолдағы апатты 2,7 пайызға азайттық. Апаттан жақынын жоғалтпаған адам мені түсінбеуі мүмкін.

Осылай деп жылдамдық мәселесіне нүкте қойғандай болған әкім денсаулық сақтау, білім, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және тағы басқа салалар бойынша ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатқанын баяндады. Үш сағатқа созылған жиында бас-аяғы жиырмаға жуық адам сұрақ қойса, қалғандарына кезек жетпей қалды. Бірақ сауалымды оқи алмадым деп ашуланған ешкімді байқамадық.

]]>
Бүгін Алматы әкімі ағынан жарылып, халық алдында есеп берді. Бауыржан Байбекпен кездесуге үш мың адам жиналды. Бірақ Республика сарайына кіре алмай, сырттан қайтқандар да бар.

Алматы әкімінің есебін тыңдауға халық таң бозарып атқаннан жиналды. Бірақ күзетшілер бәрін бірдей ішке кіргізген жоқ. Іріктеуден өткен үш мың адам Бауыржан Байбектің баяндамасын 1,5 сағат ұйып тыңдады. Сауал жолдау үшін ұзын сонар кезекке тұрғандар қоғамдық көліктегі ұрлық тиылмай тұрғанын айтса, енді бірі әкімге Алматының ауасы қашан тазарады деп сауалды төтесінен қойды. Бірақ бәрінен де Байбектің шамына тиген жемқорлық мәселесі еді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Жемқорлық мәселесіне қатысты көп шағым түседі. Бәріне көмектесесің, ақшасын қайтарып алған соң арыз жазғысы келмей қалады. Баласы бар ғой отбасы бар ғой деп аяп шығады. Олай істейді екенсің пара бердің ба жыла ма? Ал жылайды екенсің пара бер ме?

Бауыржан Байбек қаладағы саябақтар мен жолдың мәселесіне көп тоқталды. Ірі даңғылдағы жылдамдықты шектеуге не үшін тапсырма бергенін де түсіндірді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Бұл қауіпсіздік мәселесі. Біз жылдамдықты 80-нен 60-қа түсіру арқылы бір адамның өмірін сақтап қалсақ та үлкен жетістік. Содан кейін Әл-Фараби қаланың сыртындағы емес ішінде көше. Жылдамдықты алпысқа түсіру арқылы біз бұл жолдағы апатты 2,7 пайызға азайттық. Апаттан жақынын жоғалтпаған адам мені түсінбеуі мүмкін.

Осылай деп жылдамдық мәселесіне нүкте қойғандай болған әкім денсаулық сақтау, білім, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және тағы басқа салалар бойынша ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатқанын баяндады. Үш сағатқа созылған жиында бас-аяғы жиырмаға жуық адам сұрақ қойса, қалғандарына кезек жетпей қалды. Бірақ сауалымды оқи алмадым деп ашуланған ешкімді байқамадық.

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:08:06 +0600
Астанада жер сұраған жамбылдық жігіт өзін жарып жібермек болды  https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113322/ Ол Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдына газ баллонын көтеріп, Жамбыл облысынан келіпті.  Ал бұл жерде еліміздегі  ірі республикалық телеарналар мен радиолардың редакциялары орналасқан.

- 20 жыл сабыр қылдым. Үйде 87 жастағы анам бар. Жазатын жердің бәріне жаздық. 9  сот болды. Одан артық не керек?

Жігіт қолына құжаттары мен сұйықтық құйылған бөтелке ұстап алған. Тура журналистер отыратын орталықтың алдында өзін жарып жіберемін деп, шенеуніктерді қорқытпақ болды. Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға жер сұрай келген. Оның айтуынша, 20 жылдан бері жер теліміне қол жеткізе алмай жүр екен. Оқиға орнына дереу  полиция мен  жедел медициналық көмек жетті. Тәртіп сақшылары жігіт райынан қайтқанша журналистерді де ғимараттан шығармай ұстап отырды. Бірақ наразы азамат жарты сағаттан соң өз еркімен полицейлерге берілді.

Нұрділдә Ораз, Ішкі істер министрінің кеңесшісі:

- Қазір бұл жағдайдың барлығын соңына дейін зерттеп, зерделеп, ол кісінің тілек-талаптарын тыңдап, толық ақпарат береміз. Дәл қазір біз бұл кісінің әрекетін қылмыстық, әкімшілік деп айта алмаймыз. Ең бастысы біз ол кісі қоғамдық тыныштықты бұзды  деп есептеуге болады.

]]>
Ол Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдына газ баллонын көтеріп, Жамбыл облысынан келіпті.  Ал бұл жерде еліміздегі  ірі республикалық телеарналар мен радиолардың редакциялары орналасқан.

- 20 жыл сабыр қылдым. Үйде 87 жастағы анам бар. Жазатын жердің бәріне жаздық. 9  сот болды. Одан артық не керек?

Жігіт қолына құжаттары мен сұйықтық құйылған бөтелке ұстап алған. Тура журналистер отыратын орталықтың алдында өзін жарып жіберемін деп, шенеуніктерді қорқытпақ болды. Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға жер сұрай келген. Оның айтуынша, 20 жылдан бері жер теліміне қол жеткізе алмай жүр екен. Оқиға орнына дереу  полиция мен  жедел медициналық көмек жетті. Тәртіп сақшылары жігіт райынан қайтқанша журналистерді де ғимараттан шығармай ұстап отырды. Бірақ наразы азамат жарты сағаттан соң өз еркімен полицейлерге берілді.

Нұрділдә Ораз, Ішкі істер министрінің кеңесшісі:

- Қазір бұл жағдайдың барлығын соңына дейін зерттеп, зерделеп, ол кісінің тілек-талаптарын тыңдап, толық ақпарат береміз. Дәл қазір біз бұл кісінің әрекетін қылмыстық, әкімшілік деп айта алмаймыз. Ең бастысы біз ол кісі қоғамдық тыныштықты бұзды  деп есептеуге болады.

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:07:57 +0600
Атырауда қырылып қалған құнды балықтар өртеліп жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113321/ Осылайша бекіре өсіретін «Луговой жылқы зауыты» АҚ Атырау филиалының 110 тоннадан астам бағалы балығы күлге айналмақ. Бүгінде Атырау қаласындағы жануарлар мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорияның 4 пешінде тәулігіне 8 тоннадай балық өртелуде.

Зауыт қызметкерлері бұл жерге көлікпен күніне 4 мәрте қатынап, балықтарды бір апта дегенде  әрең тасып бітіріпті. Ал, өртеу жұмыстары алдағы он күннің ішінде аяқталуы тиіс. Балық зауытындағылардың айтуларынша, олар жергілікті полиция департаментінен бекірелерді жоюға рұқсат алған соң дереу, іске кіріскен. Өйткені, Жайық бетіндегі мұздың күн өткен сайын жұқаруына байланысты, тонналаған бекіренің өзеннің келесі бетіне тасылмай қалу қаупі туындапты. Естеріңізге сала кетейік, балықтардың жаппай қырылу дерегі өткен жылдың желтоқсан айында алғаш рет тіркелген. Зертханалық сараптама олардың жаппай қырылуына судағы аммиак пен хлордың мөлшерден көп болуы себеп деген қорытынды шығарды. Қазір осы жайтқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай, арада үш ай өтсе де кінәліер әлі анықталмады.

Әділет Қайыров, «Аg disinfection services» ЖШС қызметкері:

- Күніне 8 тоннадан жағамыз екі ауысымда, күні-түні. Осы төрт пеш, төртеуі де жанады. Бұйырса осы жұмысты күніне 8 тоннадан жағып өртеп бітіреміз. Түтін ешқандай зиян емес. Кәдімгідей ауаға ұшып кетеді.

]]>
Осылайша бекіре өсіретін «Луговой жылқы зауыты» АҚ Атырау филиалының 110 тоннадан астам бағалы балығы күлге айналмақ. Бүгінде Атырау қаласындағы жануарлар мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорияның 4 пешінде тәулігіне 8 тоннадай балық өртелуде.

Зауыт қызметкерлері бұл жерге көлікпен күніне 4 мәрте қатынап, балықтарды бір апта дегенде  әрең тасып бітіріпті. Ал, өртеу жұмыстары алдағы он күннің ішінде аяқталуы тиіс. Балық зауытындағылардың айтуларынша, олар жергілікті полиция департаментінен бекірелерді жоюға рұқсат алған соң дереу, іске кіріскен. Өйткені, Жайық бетіндегі мұздың күн өткен сайын жұқаруына байланысты, тонналаған бекіренің өзеннің келесі бетіне тасылмай қалу қаупі туындапты. Естеріңізге сала кетейік, балықтардың жаппай қырылу дерегі өткен жылдың желтоқсан айында алғаш рет тіркелген. Зертханалық сараптама олардың жаппай қырылуына судағы аммиак пен хлордың мөлшерден көп болуы себеп деген қорытынды шығарды. Қазір осы жайтқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай, арада үш ай өтсе де кінәліер әлі анықталмады.

Әділет Қайыров, «Аg disinfection services» ЖШС қызметкері:

- Күніне 8 тоннадан жағамыз екі ауысымда, күні-түні. Осы төрт пеш, төртеуі де жанады. Бұйырса осы жұмысты күніне 8 тоннадан жағып өртеп бітіреміз. Түтін ешқандай зиян емес. Кәдімгідей ауаға ұшып кетеді.

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:06:46 +0600
Таразда тәрбиешіден қызы оңбай таяқ жеген ананың өзінің басы дауға қалды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113320/ Әу бастағы жәбірленуші тарап, жеме-жемге келгенде айыпталушы боп шыға келді. Ол аздай перзенті соққыға жығылған ана балабақша меңгерушісіне қыруар қаржы беруге міндеттелді.

- Үніңді шығарма, жылама, жылама!

Бұл оқиға былтыр маусымда болған. Жеке балабақша тәрбиешісі екі жасар бүлдіршінді ұрып, соңы дауға ұласқан. Бұдан кейін кішкентай қыз бөбекжайға оралған жоқ. Кейін Адина Мірқалықова анасымен қалып кеткен 17 мың теңге төлемақыны қайтаруға барғанда жанжал туындаған.   

Қызметкерлер меңгерушіні қызғыштай қорғап, маңына тірі жанды  жутпай жатыр. Көп балалы ананың айтуынша, дәлізде дауыс көтеруден әріге бармаған. Бірақ, бөбекжай басшысы соққыға жығылып, қабырғам сынды деп арыз жазған. Сөйтіп іс сотқа жетіп Адина 2 млн.ға жуық қаржы беруге міндеттелген. Апелляциялық шағым түсіргенімен, одан да нәтиже өнбеді.    

Адина Мірқалықова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Қазір сәл ғана азайтылды. Моральдық шығын 300 мың, адвокат қызметі 500 мың айппұл салып жатыр. Қалған сомалар сәл қысқартылды. Менің төрт балам бар, ол бақшада таяқ жеді. Ешқандай заңсыз әрекет істегенім жоқ. Қолымыздың ұшын да көтергеніміз жоқ.

Әділдік іздеймін деп басы шатылған ана тергеуші де, суьдялар да істі әділетсіз қарады дейді. Оның сөзіне сенсек, жанжалға түк қатысы жоқ мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері даулы іске куәлік еткен. Айғақ ретінде ұсынылған мына видеолар да елеусіз қалды дейді.    

Балабақша меңгерушісімен тілдесу мүлдем мүмкін болмады. Бірнеше мәрте жұмыс орнына іздеп келіп, таппадық. Сауалдарға телефон арқылы да жауап беруден бас тартты. Жеке бөбекжай басшысының жеті айға созылған сот процесіне тек екі мәрте қатысқаны белгілі. Өзгесінде төбе көрсетпеген. 

Қалалық білім бөлімі бұл жағдайды беске біледі. Бірақ шенділер тараптардың тартысына бас ауыртпайтын сыңайлы.   

Гүлфайруз Естаева, Тараз қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлім әдіскері:

- Біз оларға ешқандай ықпал ете алмаймыз. Себебі кәсіпкерлдік кодекстің 18 бабында көрсетіліп тұр, оларға біздің кіруімізге құқығымыз жоқ. Кіріп ішкі жұмысына аралауға құқық жоқ.

Адина Мірқалықова «балталымен соғыссаң да, қалталымен соғыспаның» кері келді дейді. Өліспей беріспеуге бекінген ол, енді Жоғарғы сотқа жүгінбек. Айта кейік, Адина қызы соққыға жығылған соң артынша құзырлы орынға шағым түсірген. Бірақ қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жабылған.   

]]>
Әу бастағы жәбірленуші тарап, жеме-жемге келгенде айыпталушы боп шыға келді. Ол аздай перзенті соққыға жығылған ана балабақша меңгерушісіне қыруар қаржы беруге міндеттелді.

Сәр, 20 ақп 2019 20:05:38 +0600
Ақтөбеде саудагерлердің наразылығынан соң коммуналдық базар басшылары қызметінен қуылды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113319/ Енді олардың есеп-қисабын тергеушілер тексеріп жатыр. Ал шу шығарған саудагерлердің ұсыныстарының біразын әкімдіктегілер орындағанмен, тауар бағасына қатысты талаптарын күшейткен. Әсіресе, сиыр етінің көтерме бағасын шектепті. Енді мұнда ет әкелушілер азайып, арзан еттің өзі тұрғындарға арман болып отыр.

Коммуналдық базардың басшысы кетіп, екі күн бойы шу шығарған саудагерлер қазір тынышталған. Директормен қоса оның орынбасарын да әкімдіктегілер қызметінен қуып жіберіпті. Енді олардың есеп-қисабын тергеушілер тексеріп жатыр. Егер осы күнге дейін базарда заңсыз алым-салық жинағандары расталса жауапқа тартылады.

Руслан Әжниязов, Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Тиісті органдар тексеріс жүргізіп, нәтижесін өздері айтады.

Шенеуніктер саудагерлердің қойған талаптарының біразын құптаған. Енді коммуналдық базарға тауар кіргізіп-шығарғаны үшін, зертхана мен кір өлшеуіштерге бұрынғыдай ақы төлемейді. Есесіне, тауар құнын көтеруге шектеу қойған. Осының кесерінен қазір базарда сиыр еті жоқ. Себебі келісін 1250 теңгеден ешбір шаруаның бұл базарға ет өткізгісі келмейді.

Майра Қиманова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Сол шаруалар пайда жоқ деп данный уақытша ет әкелмей жатыр. Тек сенбі, жексенбі жәрмеңкеге әкеледі. Қолған күндері бөтен базарларда шарықтау шегімен сатылады. Сол себеп еттің бәрі сол жаққа кетеді.

Бұл базарды бақылауына алған әлеуметтік коорпорациядағылар ақтөбеліктер арзан етсіз қалмайды деп сендіреді. Жергілікті шаруалар өткізбесе, шетелден алдырамыз деп отыр.

Нұрлан Алпысбаев, «Ақтөбе» әлеуметтік корпорациясының өкілі:

- Кедендік одаққа кіретін ел арасынан бір-екі компаниямен келісім-шарт жасастық. Олар салқындатылған сиыр етін осы жетіде кіргізеді. 

Қазір Ақтөбедегі жекеменшік базарларда сиыр етінің келісі 1800-2200 теңгеден сатылады. Коммуналдық базардағымен салыстырғанда әрине, анағұрлым қымбат. Дегенмен, пайдасын ойлаған шаруа арзанға етін өткізбесі анық. Сондықтан мемлекет меншігіндегі базардан енді қызылсыраған халық Белорусьтан жеткізілген сиыр етін алуына тура келеді.

]]>
Енді олардың есеп-қисабын тергеушілер тексеріп жатыр. Ал шу шығарған саудагерлердің ұсыныстарының біразын әкімдіктегілер орындағанмен, тауар бағасына қатысты талаптарын күшейткен. Әсіресе, сиыр етінің көтерме бағасын шектепті. Енді мұнда ет әкелушілер азайып, арзан еттің өзі тұрғындарға арман болып отыр.

Коммуналдық базардың басшысы кетіп, екі күн бойы шу шығарған саудагерлер қазір тынышталған. Директормен қоса оның орынбасарын да әкімдіктегілер қызметінен қуып жіберіпті. Енді олардың есеп-қисабын тергеушілер тексеріп жатыр. Егер осы күнге дейін базарда заңсыз алым-салық жинағандары расталса жауапқа тартылады.

Руслан Әжниязов, Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Тиісті органдар тексеріс жүргізіп, нәтижесін өздері айтады.

Шенеуніктер саудагерлердің қойған талаптарының біразын құптаған. Енді коммуналдық базарға тауар кіргізіп-шығарғаны үшін, зертхана мен кір өлшеуіштерге бұрынғыдай ақы төлемейді. Есесіне, тауар құнын көтеруге шектеу қойған. Осының кесерінен қазір базарда сиыр еті жоқ. Себебі келісін 1250 теңгеден ешбір шаруаның бұл базарға ет өткізгісі келмейді.

Майра Қиманова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Сол шаруалар пайда жоқ деп данный уақытша ет әкелмей жатыр. Тек сенбі, жексенбі жәрмеңкеге әкеледі. Қолған күндері бөтен базарларда шарықтау шегімен сатылады. Сол себеп еттің бәрі сол жаққа кетеді.

Бұл базарды бақылауына алған әлеуметтік коорпорациядағылар ақтөбеліктер арзан етсіз қалмайды деп сендіреді. Жергілікті шаруалар өткізбесе, шетелден алдырамыз деп отыр.

Нұрлан Алпысбаев, «Ақтөбе» әлеуметтік корпорациясының өкілі:

- Кедендік одаққа кіретін ел арасынан бір-екі компаниямен келісім-шарт жасастық. Олар салқындатылған сиыр етін осы жетіде кіргізеді. 

Қазір Ақтөбедегі жекеменшік базарларда сиыр етінің келісі 1800-2200 теңгеден сатылады. Коммуналдық базардағымен салыстырғанда әрине, анағұрлым қымбат. Дегенмен, пайдасын ойлаған шаруа арзанға етін өткізбесі анық. Сондықтан мемлекет меншігіндегі базардан енді қызылсыраған халық Белорусьтан жеткізілген сиыр етін алуына тура келеді.

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:04:28 +0600
Тұтас ауылды зейнетақы мен жәрдемақысыз қалдыра жаздады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113317/ Шығыс Қазақстанда облысында «Қазпошта» мекемесіне қызмет көрсетіп жүрген азамат, тұтас ауылды зейнетақы мен жәрдемақысыз қалдыра жаздады. 23 жастағы тұрғын Қабанбай ауылындағы пошта бөлімшесінде тұрған банкоматты бұзып, 13 жарым миллион теңгені қолды қылғанымен қоймай, ізін жасыру үшін ғимаратты өртеп жіберген.

Алайда, қылмыскер көп ұзамай қолға түсті. Бұрын «Қазпоштаға» келіп, техникалық қызмет көрсететін Үржар ауданының тұрғыны мұнда түнделетіп кіріпті. Банкоматтағы миллиондарды үптеп кеткен ол тәулік өтпей жатып ұсталған. Бірақ екі миллионға жуық теңгені жаратып үлгерген. Қалған 11 миллионнан астам қаржыны полицейлер қазынаға қайтарды. «Қазпоштаны» тонаған қылмыскер енді 8 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Нүркен Көпжасаров, ШҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы:

- Осындай ауыр қылмыс жасау бір-бірден себебі поштада ғимаратында күзет күзетілмеуі, бейнекамералардың бақылауы болмағаны деп табылады. Қазіргі уақытта қылмыс ашылды. Және тонау және өртеу фактісін жасау күдікті тұлға уақытша изоляторға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жасалуда.    

]]>
Шығыс Қазақстанда облысында «Қазпошта» мекемесіне қызмет көрсетіп жүрген азамат, тұтас ауылды зейнетақы мен жәрдемақысыз қалдыра жаздады. 23 жастағы тұрғын Қабанбай ауылындағы пошта бөлімшесінде тұрған банкоматты бұзып, 13 жарым миллион теңгені қолды қылғанымен қоймай, ізін жасыру үшін ғимаратты өртеп жіберген.

Алайда, қылмыскер көп ұзамай қолға түсті. Бұрын «Қазпоштаға» келіп, техникалық қызмет көрсететін Үржар ауданының тұрғыны мұнда түнделетіп кіріпті. Банкоматтағы миллиондарды үптеп кеткен ол тәулік өтпей жатып ұсталған. Бірақ екі миллионға жуық теңгені жаратып үлгерген. Қалған 11 миллионнан астам қаржыны полицейлер қазынаға қайтарды. «Қазпоштаны» тонаған қылмыскер енді 8 жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

Нүркен Көпжасаров, ШҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы:

- Осындай ауыр қылмыс жасау бір-бірден себебі поштада ғимаратында күзет күзетілмеуі, бейнекамералардың бақылауы болмағаны деп табылады. Қазіргі уақытта қылмыс ашылды. Және тонау және өртеу фактісін жасау күдікті тұлға уақытша изоляторға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жасалуда.    

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:02:08 +0600
Алматыда кәсіпкер әйелдер бас қосты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113316/ Форумда бизнестегі табысты қыз-келіншектер ойларын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. Шараның өтуіне Халық банкі мұрындық болған.

Алып шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған форумға 100-ден аса кәсіпкер әйелдер мен қоғам қайраткерлері және спорт пен мәдениет саласының бетке ұстар өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты әйелдердің бизнестегі белсенділігін арттыру. Форумда сөз алған іскер қыз-келіншектер өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіп бастаудың түрлі жолдарын ұсынды. Нәзік жандылар бизнес-ортаның түйткілді мәселелеріне, экономикалық саясат, шағын және орта бизнестің жайына кеңінен тоқталды.

Үміт Шаяхметова, «Халық банк» АҚ басқарма төрайымы:

- Шағын және орта бизнестің дамуы біз үшін маңызды. Елімізде кәсіпкер әйелдер өте белсенді. Олар үй мен түздің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ел экономикасына да серпін береді. Алайда, әйелдер бизнесте түрлі қиындықтарға тап болады. Сондықтан біз ортақ мәселелерді бірігіп шешуіміз керек. Семинарлар мен мастер-кластарды жиі өткізсек кедергілерге төтеп беретін боламыз.

]]>
Форумда бизнестегі табысты қыз-келіншектер ойларын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. Шараның өтуіне Халық банкі мұрындық болған.

Алып шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған форумға 100-ден аса кәсіпкер әйелдер мен қоғам қайраткерлері және спорт пен мәдениет саласының бетке ұстар өкілдері қатысты. Шараның басты мақсаты әйелдердің бизнестегі белсенділігін арттыру. Форумда сөз алған іскер қыз-келіншектер өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіп бастаудың түрлі жолдарын ұсынды. Нәзік жандылар бизнес-ортаның түйткілді мәселелеріне, экономикалық саясат, шағын және орта бизнестің жайына кеңінен тоқталды.

Үміт Шаяхметова, «Халық банк» АҚ басқарма төрайымы:

- Шағын және орта бизнестің дамуы біз үшін маңызды. Елімізде кәсіпкер әйелдер өте белсенді. Олар үй мен түздің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ел экономикасына да серпін береді. Алайда, әйелдер бизнесте түрлі қиындықтарға тап болады. Сондықтан біз ортақ мәселелерді бірігіп шешуіміз керек. Семинарлар мен мастер-кластарды жиі өткізсек кедергілерге төтеп беретін боламыз.

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:01:58 +0600
Астана әкіміне сұрақ қоя алмаған тұрғындар шу шығарды  https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/20/113315/ Астанада көпбалалы аналарға пәтерлер жалға беріліп, оны кейін сатып алуға мүмкіндік туады. Атаулы әлеуметтік көмекке қолы жетпей отырған отбасыларға қаржы қайта қарастырылады. Тұрғындармен бірінші рет есептік кездесу өткізген қала әкімі Бақыт Сұлтановтың осындай жаңалықтары бар. Бірақ, біреулер ұйықтап, біреулер айғайға басып, жиын көңілсіз өткен жоқ. 

Бақыт Сұлтанов баяндамасын тірідей өртенген бес бүлдіршіннің қазасына көңіл айтудан бастады. Одан соң көпбалалы аналар мәселесін айналып өту мүмкін бе?! Енді Астанада көпбалалы отбасыларға пәтер жалға беріледі де оны кейін сатып ала алады. Әйтсе де қалада әлеуметтік жағдайы төмен 25 мың отбасы болса, соның 10 мыңы көпбалалы. Соның тек 4 пайызы ғана атаулы әлеуметтік көмек алады екен. 

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі: 

- Бұл өте төмен көрсеткіш. Барлығын тексеріп шықсақ, есептеу әдісі дұрыс емес екен. Соның кесірінен қаншама адам тиесілі ақшадан қағылып отыр. Бұл жерде көпбалалы отбасылар ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандар да қамтылған. 

Қаржы министрі құсап, құр санды сылдыратпаймын деп еді. Бірақ әкім боп сөйлегені көпті еліте алмай, жиын үстінде біразы қорылға басты. Ұйқысы келмегендер телефон шұқыды. Іштегілер осылай ұйықтай берсін, есіктің сыртында біраз ел алқынып-жұлқынып жатты.  

- Кіргізіңіздер бізді. 

Дегенмен, Сұлтанов әбден дайындалып келген. Астана тұрғын үй салудан елде бірінші орында, жылына 2,3 миллион шаршы метр соғылады. Қаладағы 6 мың «Сергек» бақылау камерасының арқасында аулада жасалатын қылмыстар мен жол апатынан қаза тапқандар саны екі есеге азайыпты. Ал  әкіммен күнде бұлай көре бермейтінін білетіндер осылай бір кездескенде шағым айтам деп, көңілін де босатып алды. 

-  Уәдеге тойдық. Бас прокуратурының алдынан қолымызды қайырып әкетті. Шаршадық. Кімнен көмек сұрарымызды білмейміз. 

Есептік кездесу үлкендердің өтінішімен тәмамдалғаны сол еді, ашуға булыққандар залдан айғай шығарды. 

- Сұлтанов бірге дейін тыңдаймын деді ғой. Әлі жарты сағат бар. Қолайсыз сұрақ қойсақ, микрафонды өшіре салады. Мына залға мемлекеттік қызметкерлерді отырғызып қойған. 

Қабылдаймын дедің ғой мені, қане қабылдағаның? Халық қиналып жүр мына жерде. Қане қабылдағаның?

Шағым айтушылардың көптігін байқаған соң Сұлтанов бүкіл орынбасарларымен бірге қалған жұртты жеке қабылдайтын болды. 

Тура осы трибунада Бақыт Сұлтанов екі жарым сағат бойы тікесінен тік тұрып, жұрттың 50 сұрағына жауап беріп үлгерді. Алайда, әкімге сұрақ қоя алмай, енді жеке қабылдауына кіру үшін залда күтіп отырған, жұрттың қарасы тым көп. Қала басшысымен бетпе-бет кездесу үшін талон алғандардың ең соңғысы 321-болып тіркелді. 

Жұртты көп мазалаған мәселелердің тағы бірі қоғамдық көлік. Әкімнің айтуынша, автбустардың 30 пайызы техникалық талаптарға сәйкес келмейді. Ал жылы аялдамалар қаланың көп жерінде әлі салынбаған. Оның бәрін Астананың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында қамтимыз деп отыр. Әкім болғалы 5 айдан енді асқан Бақыт Сұлтановтың қала тұрғындарына бірінші рет есеп беруі осылай өтті. 

]]>
Астанада көпбалалы аналарға пәтерлер жалға беріліп, оны кейін сатып алуға мүмкіндік туады. Атаулы әлеуметтік көмекке қолы жетпей отырған отбасыларға қаржы қайта қарастырылады. Тұрғындармен бірінші рет есептік кездесу өткізген қала әкімі Бақыт Сұлтановтың осындай жаңалықтары бар. Бірақ, біреулер ұйықтап, біреулер айғайға басып, жиын көңілсіз өткен жоқ. 

Бақыт Сұлтанов баяндамасын тірідей өртенген бес бүлдіршіннің қазасына көңіл айтудан бастады. Одан соң көпбалалы аналар мәселесін айналып өту мүмкін бе?! Енді Астанада көпбалалы отбасыларға пәтер жалға беріледі де оны кейін сатып ала алады. Әйтсе де қалада әлеуметтік жағдайы төмен 25 мың отбасы болса, соның 10 мыңы көпбалалы. Соның тек 4 пайызы ғана атаулы әлеуметтік көмек алады екен. 

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі: 

- Бұл өте төмен көрсеткіш. Барлығын тексеріп шықсақ, есептеу әдісі дұрыс емес екен. Соның кесірінен қаншама адам тиесілі ақшадан қағылып отыр. Бұл жерде көпбалалы отбасылар ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандар да қамтылған. 

Қаржы министрі құсап, құр санды сылдыратпаймын деп еді. Бірақ әкім боп сөйлегені көпті еліте алмай, жиын үстінде біразы қорылға басты. Ұйқысы келмегендер телефон шұқыды. Іштегілер осылай ұйықтай берсін, есіктің сыртында біраз ел алқынып-жұлқынып жатты.  

- Кіргізіңіздер бізді. 

Дегенмен, Сұлтанов әбден дайындалып келген. Астана тұрғын үй салудан елде бірінші орында, жылына 2,3 миллион шаршы метр соғылады. Қаладағы 6 мың «Сергек» бақылау камерасының арқасында аулада жасалатын қылмыстар мен жол апатынан қаза тапқандар саны екі есеге азайыпты. Ал  әкіммен күнде бұлай көре бермейтінін білетіндер осылай бір кездескенде шағым айтам деп, көңілін де босатып алды. 

-  Уәдеге тойдық. Бас прокуратурының алдынан қолымызды қайырып әкетті. Шаршадық. Кімнен көмек сұрарымызды білмейміз. 

Есептік кездесу үлкендердің өтінішімен тәмамдалғаны сол еді, ашуға булыққандар залдан айғай шығарды. 

- Сұлтанов бірге дейін тыңдаймын деді ғой. Әлі жарты сағат бар. Қолайсыз сұрақ қойсақ, микрафонды өшіре салады. Мына залға мемлекеттік қызметкерлерді отырғызып қойған. 

Қабылдаймын дедің ғой мені, қане қабылдағаның? Халық қиналып жүр мына жерде. Қане қабылдағаның?

Шағым айтушылардың көптігін байқаған соң Сұлтанов бүкіл орынбасарларымен бірге қалған жұртты жеке қабылдайтын болды. 

Тура осы трибунада Бақыт Сұлтанов екі жарым сағат бойы тікесінен тік тұрып, жұрттың 50 сұрағына жауап беріп үлгерді. Алайда, әкімге сұрақ қоя алмай, енді жеке қабылдауына кіру үшін залда күтіп отырған, жұрттың қарасы тым көп. Қала басшысымен бетпе-бет кездесу үшін талон алғандардың ең соңғысы 321-болып тіркелді. 

Жұртты көп мазалаған мәселелердің тағы бірі қоғамдық көлік. Әкімнің айтуынша, автбустардың 30 пайызы техникалық талаптарға сәйкес келмейді. Ал жылы аялдамалар қаланың көп жерінде әлі салынбаған. Оның бәрін Астананың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында қамтимыз деп отыр. Әкім болғалы 5 айдан енді асқан Бақыт Сұлтановтың қала тұрғындарына бірінші рет есеп беруі осылай өтті. 

]]>
Сәр, 20 ақп 2019 20:08:03 +0600
«Дос боламын»: Ішкі істер министрі тілшілерден тұра қашпайтын болды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113236/ Бүгін су жаңа Ішкі Істер министрі журналистерге осындай уәде берді. Министр ретінде алғаш рет үкімет отырысына қатысқан Ерлан Тұрғымбаев жер үйлердегі өртке тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Әрі генерал-майор Ішкі істер саласын реформалауға қатысты ауқымды жоспары барын да айтты.

Жүзі бал-бұл жайнаған Ерлан Тұрғымбаев бүгін Үкімет отырысына Ішкі істер министрі ретінде алғаш рет қатысты. Сондықтан барлығының назары сонда. Әріптестері оны еліміздің бас полицейі атануымен кезек-кезек құттықтап, қолын алып жатыр. Ал жиын аяқталған бойда, Тұрғымбаев бұрынғы басшысы  Қасымов  сияқты тілшілерден тұра  қашқан жоқ. Керісінше, тоқтап, сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

Қашпаймын ешқайда.

- Бізбен дос боласыз ба?

- Дос боламын. Менің кеңесшім бар, кеше жұмысын бастады. Бәрін ашып айтамыз. Мен бұрыннан істеп келе жатырмын ғой. Министрдің 6 жыл орынбасары болдым. 35 жыл органда істеген соң, барлық проблеманы білемін. Жұмыс бойынша өзіміздің үлкен жоспарымыз бар. Соны әрі қарай көреміз.

Су жаңа басшының осы ауқымды  жоспарының ішінде өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту мәселесі бар. Астанадағы 5 баланың өмірін жалмаған сұмдық оқиғадан соң министрлікке қарасты Төтенше жағдайлар комитетінің жауаптылары жазаланып, «101» қызметі сынға қалған еді. Тұрғымбаев қазір үй-үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын жүргізу үшін өрт сөндірушілер жеткіліксіз деп ақталды. Сол үшін генерал  тұрғындардың өздерін барынша от пен ошаққа абай болуға кеңес берді.

- Үйі өртенсе адамдар үнемі  өрт сөндірушілерді кінәлап жатады. Негізі, құтқарушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау үшін ескерту қағаздарын таратумен шектеледі. Сондықтан  баспанасын көмірмен немесе өзге де отынмен жылытып отырған тұрғындардың өзідері қауіпсіздік мәселесіне жауапты қарауы тиіс. 

Қызметкерлерін баспанамен қамту мәселесі де министрдің бас ауруы. Оның айтуынша, Төтенше жағдай, Қылмыстық атқару комитеттері мен Ұлттық ұлан мен полицейлерді қоса есептегенде Ішкі істер саласында 159 мыңнан астам адам бар. Ал соның 35 мыңы біреудің босағасында жүр екен.

Сондықтан Ерлан Тұрғымбаев ең әуелі ауылдағы учаскелік инпекторлардың баспана мәселесін шешуге кіріскен. Айтуынша, оларға жергіліктер әкімдер полиция бөлімінің ішінен, тұруға болатындай баспана салып беріп жатыр. Ал елдегі қылмыс, ұрлық-қарлықтың алдын-алу үшін не істемек? Және Қасымов бастаған реформаларды жаңа генерал қалай жалғастырады? Бұған бір апта бұрын тағайындалған Ішкі Істер министрі таяу арада жан-жақты жауап беруге уәде етті.

]]>
Бүгін су жаңа Ішкі Істер министрі журналистерге осындай уәде берді. Министр ретінде алғаш рет үкімет отырысына қатысқан Ерлан Тұрғымбаев жер үйлердегі өртке тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Әрі генерал-майор Ішкі істер саласын реформалауға қатысты ауқымды жоспары барын да айтты.

Жүзі бал-бұл жайнаған Ерлан Тұрғымбаев бүгін Үкімет отырысына Ішкі істер министрі ретінде алғаш рет қатысты. Сондықтан барлығының назары сонда. Әріптестері оны еліміздің бас полицейі атануымен кезек-кезек құттықтап, қолын алып жатыр. Ал жиын аяқталған бойда, Тұрғымбаев бұрынғы басшысы  Қасымов  сияқты тілшілерден тұра  қашқан жоқ. Керісінше, тоқтап, сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

Қашпаймын ешқайда.

- Бізбен дос боласыз ба?

- Дос боламын. Менің кеңесшім бар, кеше жұмысын бастады. Бәрін ашып айтамыз. Мен бұрыннан істеп келе жатырмын ғой. Министрдің 6 жыл орынбасары болдым. 35 жыл органда істеген соң, барлық проблеманы білемін. Жұмыс бойынша өзіміздің үлкен жоспарымыз бар. Соны әрі қарай көреміз.

Су жаңа басшының осы ауқымды  жоспарының ішінде өртке қарсы қауіпсіздікті күшейту мәселесі бар. Астанадағы 5 баланың өмірін жалмаған сұмдық оқиғадан соң министрлікке қарасты Төтенше жағдайлар комитетінің жауаптылары жазаланып, «101» қызметі сынға қалған еді. Тұрғымбаев қазір үй-үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын жүргізу үшін өрт сөндірушілер жеткіліксіз деп ақталды. Сол үшін генерал  тұрғындардың өздерін барынша от пен ошаққа абай болуға кеңес берді.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Үйі өртенсе адамдар үнемі  өрт сөндірушілерді кінәлап жатады. Негізі, құтқарушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау үшін ескерту қағаздарын таратумен шектеледі. Сондықтан  баспанасын көмірмен немесе өзге де отынмен жылытып отырған тұрғындардың өзідері қауіпсіздік мәселесіне жауапты қарауы тиіс. 

Қызметкерлерін баспанамен қамту мәселесі де министрдің бас ауруы. Оның айтуынша, Төтенше жағдай, Қылмыстық атқару комитеттері мен Ұлттық ұлан мен полицейлерді қоса есептегенде Ішкі істер саласында 159 мыңнан астам адам бар. Ал соның 35 мыңы біреудің босағасында жүр екен.

Сондықтан Ерлан Тұрғымбаев ең әуелі ауылдағы учаскелік инпекторлардың баспана мәселесін шешуге кіріскен. Айтуынша, оларға жергіліктер әкімдер полиция бөлімінің ішінен, тұруға болатындай баспана салып беріп жатыр. Ал елдегі қылмыс, ұрлық-қарлықтың алдын-алу үшін не істемек? Және Қасымов бастаған реформаларды жаңа генерал қалай жалғастырады? Бұған бір апта бұрын тағайындалған Ішкі Істер министрі таяу арада жан-жақты жауап беруге уәде етті.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:14:22 +0600
Алматы облысында анасы тастап кеткен сәбиді асырап алғысы келетіндер көбейген https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113235/ Алматы облысында тасбауыр анасы шарбаққа іліп, тастап кеткен сәбиді асырап алғысы келетіндер күннен күнге көбейіп жатыр. Небәрі бір аптаның ішінде балаға зар елуге жуық ерлі-зайыпты тастанды шақалақты бауырына басуға ниет білдіріпті. Ал ақпанның аязында көшеде жатып қалған нәрестенің аман қалуын дәрігерлер ғажайыпқа балап отыр. Себебі, жаурап қалған қыз бала табылғанда кіндігі шұбатылып жатыпты.

Перзентханада кеше-бүгін өмірге келген нәрестелердің арасында жалғыз Айару ғана іңгәләп жатыр. Періште өзін тастап кеткендерге осылай өкпелесе керек. Дегенмен, дәрігерлердің оған ет-жүрегі елжіреп, қасынан бір елі кетпей жүр. Тіпті, алдағы өмірі айдай жарық болсын деп Айару деп ат қойған.

Тастанды балаға дәрігерлер бүгінде күні-түні көз алмастан қарап отыр. Тамақтандырып, барлық ем-домын жасауда. Айару осында түсті деп естігелі бері күніне мұнда кем дегенде 2-3 адам хабарласып, баласыз отбасылар Айаруды асырап алғысы келетінін айтады екен.

Жасанды сүтті рахаттана ішкен шақалақ сәл болмағанда шетінеп кетуі әбден мүмкін екен. Бірнеше сағат аязда қалып қойған сәбидің денесінің температурасы 34 градусқа дейін түскен. Тіпті, соқыр болуға аз қалыпты. Жанарынан инфекция табылған. Қазір жарасы жазылып, қап-қара көздері мөлдіреп тұр. Дәрігерлер анасының асығыс босанғанын айтады. Баладан ертерек құтылғысы келсе керек, шұбатылған кіндігімен қалдырып кетіпті.

Гүлнәр Мамырбаева, Есік перзентханасының директоры:

- Періштесі қақты деп айтуға болады. Адамдар тауып алып жаны қалды. Неге десеңіз, сол күні қатты боран соғып тұрды.

Ал нәресте мына үйдің шарбағынан табылған. Көкек ана оны целлофанға салып, ағашқа іліп кетіпті. Сәбидің даусын пешке отын алуға шыққан үй қожайыны кездейсоқ естіп қалған. Мұны білген бойда ақ халаттылар дереу тіркеуде тұрған жүктілердің бәрін түгендеп шыққан. Бірақ, анасы табылмады. Дәрігерлер сырттан келген келіншектің қонақ үйлердің бірінде босанған болуы мүмкін дейтіні де сондықтан.  Жалпы жаңа туған сәбиді көшеге тастап кету деген Есік қаласында соңғы 12 жылда болмаған. Көбіне перзентханада бас тартып жатады дейді дәрігерлер. Оның өзінде де, көзі қимай кетеді екен. Ал баладан бас тартуға жалғыз ғана себеп. Ол ақшаның жоқтығы екен. 

- 2018 жылы бізде 3-ақ бала тастанды атанды. Оның екеуі ауру боп туылған балалар. Аналары емдей алмаймыз деп тастап кеткен. Көбі жағдайы нашар, ішетін әйелдер мен нашақорлар.

Ал екі жарым келі боп дүниеге келген Айару бірер күнде сәбилер үйіне жеткізіледі. Тасбауыр ананы полиция жер көктен іздеп жатыр.

]]>
Алматы облысында тасбауыр анасы шарбаққа іліп, тастап кеткен сәбиді асырап алғысы келетіндер күннен күнге көбейіп жатыр. Небәрі бір аптаның ішінде балаға зар елуге жуық ерлі-зайыпты тастанды шақалақты бауырына басуға ниет білдіріпті. Ал ақпанның аязында көшеде жатып қалған нәрестенің аман қалуын дәрігерлер ғажайыпқа балап отыр. Себебі, жаурап қалған қыз бала табылғанда кіндігі шұбатылып жатыпты.

Перзентханада кеше-бүгін өмірге келген нәрестелердің арасында жалғыз Айару ғана іңгәләп жатыр. Періште өзін тастап кеткендерге осылай өкпелесе керек. Дегенмен, дәрігерлердің оған ет-жүрегі елжіреп, қасынан бір елі кетпей жүр. Тіпті, алдағы өмірі айдай жарық болсын деп Айару деп ат қойған.

Тастанды балаға дәрігерлер бүгінде күні-түні көз алмастан қарап отыр. Тамақтандырып, барлық ем-домын жасауда. Айару осында түсті деп естігелі бері күніне мұнда кем дегенде 2-3 адам хабарласып, баласыз отбасылар Айаруды асырап алғысы келетінін айтады екен.

Жасанды сүтті рахаттана ішкен шақалақ сәл болмағанда шетінеп кетуі әбден мүмкін екен. Бірнеше сағат аязда қалып қойған сәбидің денесінің температурасы 34 градусқа дейін түскен. Тіпті, соқыр болуға аз қалыпты. Жанарынан инфекция табылған. Қазір жарасы жазылып, қап-қара көздері мөлдіреп тұр. Дәрігерлер анасының асығыс босанғанын айтады. Баладан ертерек құтылғысы келсе керек, шұбатылған кіндігімен қалдырып кетіпті.

Гүлнәр Мамырбаева, Есік перзентханасының директоры:

- Періштесі қақты деп айтуға болады. Адамдар тауып алып жаны қалды. Неге десеңіз, сол күні қатты боран соғып тұрды.

Ал нәресте мына үйдің шарбағынан табылған. Көкек ана оны целлофанға салып, ағашқа іліп кетіпті. Сәбидің даусын пешке отын алуға шыққан үй қожайыны кездейсоқ естіп қалған. Мұны білген бойда ақ халаттылар дереу тіркеуде тұрған жүктілердің бәрін түгендеп шыққан. Бірақ, анасы табылмады. Дәрігерлер сырттан келген келіншектің қонақ үйлердің бірінде босанған болуы мүмкін дейтіні де сондықтан.  Жалпы жаңа туған сәбиді көшеге тастап кету деген Есік қаласында соңғы 12 жылда болмаған. Көбіне перзентханада бас тартып жатады дейді дәрігерлер. Оның өзінде де, көзі қимай кетеді екен. Ал баладан бас тартуға жалғыз ғана себеп. Ол ақшаның жоқтығы екен. 

Гүлнәр Мамырбаева, Есік перзентханасының директоры:

- 2018 жылы бізде 3-ақ бала тастанды атанды. Оның екеуі ауру боп туылған балалар. Аналары емдей алмаймыз деп тастап кеткен. Көбі жағдайы нашар, ішетін әйелдер мен нашақорлар.

Ал екі жарым келі боп дүниеге келген Айару бірер күнде сәбилер үйіне жеткізіледі. Тасбауыр ананы полиция жер көктен іздеп жатыр.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:13:13 +0600
Төбелес кезінде бір оқушы қарсыласының денесін бәкімен тіліп жіберген https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113234/ Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында мектеп оқушылары арасындағы төбелес пышақтасумен аяқталды. Денесі тілгіленген  8-сынып оқушысы ауруханаға түсті.

Оқиға түскі сағат бірлер шамасында үзіліс кезінде болған. Мектеп басшылығы екі баланың арасындағы ерегестің неден шыққанын түсіне алмай отыр. 9-сыныптың оқушысы қалтасындағы бәкімен өзінен бір сынып төмен оқитын баланың денесін бірнеше жерден осып жіберіпті. Ол тергеушілерге бәкіні көшеден тауып алдым деген. Ал пышақ жарақатын алған оқушы Қарағандыдағы  ауруханаға жеткізілді.

Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Беліне пышақ салған. Балалар ауруханасына жеткізілді қазір. Қарағанды қаласында қазір. Палатада жатыр. Бүкіл медицналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы орташа.

]]>
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында мектеп оқушылары арасындағы төбелес пышақтасумен аяқталды. Денесі тілгіленген  8-сынып оқушысы ауруханаға түсті.

Оқиға түскі сағат бірлер шамасында үзіліс кезінде болған. Мектеп басшылығы екі баланың арасындағы ерегестің неден шыққанын түсіне алмай отыр. 9-сыныптың оқушысы қалтасындағы бәкімен өзінен бір сынып төмен оқитын баланың денесін бірнеше жерден осып жіберіпті. Ол тергеушілерге бәкіні көшеден тауып алдым деген. Ал пышақ жарақатын алған оқушы Қарағандыдағы  ауруханаға жеткізілді.

Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Беліне пышақ салған. Балалар ауруханасына жеткізілді қазір. Қарағанды қаласында қазір. Палатада жатыр. Бүкіл медицналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы орташа.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:12:03 +0600
Жұмыртқа деп сатқаны резеңке болып шықты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113233/ Қазақстан мен Қырғызстанның базарларында Қытайда жасалған жасанды тұқым саудаланып жатыр делінген бейнежазба тарап кетті.

Видео авторы – өскемендік келіншек ақуыз бен саруыздың орнына іші қызыл гельге толтырылғанын айтуда. Қызылмен мөрі басылған жұмыртқаны суға салып қайнатсаң, ішіндегі сұйықтық табиғи өнімге тән түстерге боялады, дейді. Дәл осындай жағдай күні кеше көрші қырғыз елінде де болған. Қытайдың қауіпті өніміне тап болғандар, тұқымның сарысын көріп жағаларын ұстап отыр. Ғаламторда аспан асты елінде жұмыртқаны қалай қолдан жасайтыны бейнеленеген роликтер көп. Енді оның біздің елге жетіп, базарда еркін саудаланып жатқаны халықты үрейлендіріп отыр. Ал жауапты мекемелер болса өтірік жұмыртқаны таппадық дейді. 

Болат Қуанышбеков, ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Бүкіл облыс бойынша сауда орындарында мониторинг жүргізіліп, тексерістер жүріп жатыр. Бүгінгі таңда ондай жұмыртқа табылған жоқ. Табылған жағдайда біз оны сатып алып лабораториялық тексерістер жүргіземіз.  

]]>
Қазақстан мен Қырғызстанның базарларында Қытайда жасалған жасанды тұқым саудаланып жатыр делінген бейнежазба тарап кетті.

Видео авторы – өскемендік келіншек ақуыз бен саруыздың орнына іші қызыл гельге толтырылғанын айтуда. Қызылмен мөрі басылған жұмыртқаны суға салып қайнатсаң, ішіндегі сұйықтық табиғи өнімге тән түстерге боялады, дейді. Дәл осындай жағдай күні кеше көрші қырғыз елінде де болған. Қытайдың қауіпті өніміне тап болғандар, тұқымның сарысын көріп жағаларын ұстап отыр. Ғаламторда аспан асты елінде жұмыртқаны қалай қолдан жасайтыны бейнеленеген роликтер көп. Енді оның біздің елге жетіп, базарда еркін саудаланып жатқаны халықты үрейлендіріп отыр. Ал жауапты мекемелер болса өтірік жұмыртқаны таппадық дейді. 

Болат Қуанышбеков, ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Бүкіл облыс бойынша сауда орындарында мониторинг жүргізіліп, тексерістер жүріп жатыр. Бүгінгі таңда ондай жұмыртқа табылған жоқ. Табылған жағдайда біз оны сатып алып лабораториялық тексерістер жүргіземіз.  

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:11:54 +0600
Кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген жігіт марқұмның жүргізушісі болған https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113232/ Шымкентте кәсіпкер мен оның әйелін үйінде өлтіріп кеткен адам, марқұмның қолында бір жыл жүргізуші болып жұмыс істеген. Жұмыс  берушісін басынан атып, оның әйелін пышақтап өлтірген азаматты сот екі айға тергеу абақтысына жапты. Ал күдіктінің өзі жасаған қылмысын мойындап отыр.

Кешірім сұраймын. Істегеніме өкінемін.

- Яғни, істеген іс-әрекетіңізді мойындайсыз ғой?

- Иә, мойындаймын.

Бұрынғы басшысының қолында бір жылдай істеген 27 жастағы жігіт, кәсіпкердің үйіне түнделетіп терезеден кірген. 64 жастағы отағасы бұл кезде теледидар көріп жатқан екен. Бірден оны басынан атып, артынша шуға шыққан 62 жастағы әйелін сұлатқан. Ауыр жарақат алған егде жастағы ерлі-зайыпты сол жерде көз жұмды. Сөйтіп, сейфтегі 2 миллион 300 мың теңге мен алтын бұйымдарды алыпты. Марқұм кәсіпкер құрылыс компаниясының құрылтайшысы болған.

]]>
Шымкентте кәсіпкер мен оның әйелін үйінде өлтіріп кеткен адам, марқұмның қолында бір жыл жүргізуші болып жұмыс істеген. Жұмыс  берушісін басынан атып, оның әйелін пышақтап өлтірген азаматты сот екі айға тергеу абақтысына жапты. Ал күдіктінің өзі жасаған қылмысын мойындап отыр.

Кешірім сұраймын. Істегеніме өкінемін.

- Яғни, істеген іс-әрекетіңізді мойындайсыз ғой?

- Иә, мойындаймын.

Бұрынғы басшысының қолында бір жылдай істеген 27 жастағы жігіт, кәсіпкердің үйіне түнделетіп терезеден кірген. 64 жастағы отағасы бұл кезде теледидар көріп жатқан екен. Бірден оны басынан атып, артынша шуға шыққан 62 жастағы әйелін сұлатқан. Ауыр жарақат алған егде жастағы ерлі-зайыпты сол жерде көз жұмды. Сөйтіп, сейфтегі 2 миллион 300 мың теңге мен алтын бұйымдарды алыпты. Марқұм кәсіпкер құрылыс компаниясының құрылтайшысы болған.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:10:46 +0600
Көлігіне жарылғыш зат салып алған жүргізуші шатылып жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113231/ Жамбыл облысында көлігіне бүтін ауылдың күлін көкке ұшыруға жететін жарылғыш зат салып жүрген азамат ұсталды. Оның машинасындағы екі қап қауіпті затты көргенде, тәртіп сақшыларының төбе шашы тік тұрған. 

- Лэнд-Крузер маркалы автокөлігінің жүк салғышынан мөрленген жарылғыш зат, екі қалтаға бөлектеніп, аузы байланған.

Машинаны мойынқұмдық полицейлер тас жолда кездейсоқ тоқтатқан. Бірден сыр берген 38 жастағы азамат көлікті тінтуге қарсылық білдіріп, қиғылық салған. Онысы бекер болмай шықты. Аммонит көбіне тау-кен өндірісінде тас қопаруға қолданылады. Ал ұсталған азамат оны Ұланбелдегі қараусыз қалған әскери нысаннан тауып алдым деп ақталған. Бірақ бұл жарылғышты «Ақбақай» кенішінен алтын олжалау үшін қолданғысы келген болуы мүмкін. Қазір осы нұсқа тексеріліп, дерекке қатысты тергеу жүруде. 

]]>
Жамбыл облысында көлігіне бүтін ауылдың күлін көкке ұшыруға жететін жарылғыш зат салып жүрген азамат ұсталды. Оның машинасындағы екі қап қауіпті затты көргенде, тәртіп сақшыларының төбе шашы тік тұрған. 

- Лэнд-Крузер маркалы автокөлігінің жүк салғышынан мөрленген жарылғыш зат, екі қалтаға бөлектеніп, аузы байланған.

Машинаны мойынқұмдық полицейлер тас жолда кездейсоқ тоқтатқан. Бірден сыр берген 38 жастағы азамат көлікті тінтуге қарсылық білдіріп, қиғылық салған. Онысы бекер болмай шықты. Аммонит көбіне тау-кен өндірісінде тас қопаруға қолданылады. Ал ұсталған азамат оны Ұланбелдегі қараусыз қалған әскери нысаннан тауып алдым деп ақталған. Бірақ бұл жарылғышты «Ақбақай» кенішінен алтын олжалау үшін қолданғысы келген болуы мүмкін. Қазір осы нұсқа тексеріліп, дерекке қатысты тергеу жүруде. 

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:09:37 +0600
Көлік ішінен ақша жымқырған ұрылар қолға түсті https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113230/ Алматыда көліктің ішінен 9 миллион теңгені қолды қылған ұрылардың екеуі ұсталды. Қалған екеуі іздестіріліп жатыр. Қос күдікті Шығыс Қазақстан облысының тумалары.

Өткен аптада 31 жастағы алматылық келіншек қомақты қаражат салынған сөмкесін көлігінің ішіне қалдырып кеткен еді. Кейін оңтайлы сәтті күткен қаскөйлер көліктің терезесін сындырып, ақшаға толы сөмкені ұрлап қашады. Оқиға тал түсте қаланың қақ ортасында болған. Сан соққан зардап шегуші әккі ұрыларға нұсқау берген тағы бір адам бар екеніне сенімді дейді тәртіп сақшылары.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Төртеуі де бұрын сотталған азаматтар. Ұсталған екеуінің біреуісі Алматы облысында қолға түсті. Екіншісі қаладан шығып кете алмады. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 188 бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

]]>
Алматыда көліктің ішінен 9 миллион теңгені қолды қылған ұрылардың екеуі ұсталды. Қалған екеуі іздестіріліп жатыр. Қос күдікті Шығыс Қазақстан облысының тумалары.

Өткен аптада 31 жастағы алматылық келіншек қомақты қаражат салынған сөмкесін көлігінің ішіне қалдырып кеткен еді. Кейін оңтайлы сәтті күткен қаскөйлер көліктің терезесін сындырып, ақшаға толы сөмкені ұрлап қашады. Оқиға тал түсте қаланың қақ ортасында болған. Сан соққан зардап шегуші әккі ұрыларға нұсқау берген тағы бір адам бар екеніне сенімді дейді тәртіп сақшылары.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Төртеуі де бұрын сотталған азаматтар. Ұсталған екеуінің біреуісі Алматы облысында қолға түсті. Екіншісі қаладан шығып кете алмады. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 188 бабы, 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:08:27 +0600
Қауіпті ойыншықтан қалай сақтану керек? https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113229/ Улы ойыншықтар! Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті кішкентай балалар көп ойнайтын ойыншықтардың бала денсаулығына қауіпті екенін анықтады. Құжаты жоқ ойыншықтарды сырттан әкелуге былтыр тамыз айында тыйым салынған еді. Соған қарамастан, олар еліміздің бүкіл аумағында сатылып жатыр.

Құрамындағы фенол мен метил спирті қосындысы рұқсат етілген межеден екі есе асып кеткен. Бала денсаулығына қауіп тудыратын «Фея парк» қуыршақтары мен Май литл хорс, Фантастик тойс ойыншықтары Солтүстік Қазақстан облысынан анықталыпты. Басқа өңірлерде София, Барби, Лол, Робокар Поли, «Мини-тобот» автокөліктері және басқа да көптеген ойыншықтардың арнайы құжаттары болмаған. Оларды негізінен, Қытай мен Түркиядан тасиды.

Рабиға Айтжанова, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті басқармасының бас сарапшысы:

- Ойыншықты арнайы дүкендерден сатып алған дұрыс. Онда да құжаты, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаты болу керек. Сонымен бірге, әр ойыншықтың қай жастағы балаға арналғаны анық жазылып тұрмаса, ол да күмәнді. Ондайларды көргенде біздің комитетке немесе аймақтық бөлімшелерімізге шағымдануға болады.

]]>
Улы ойыншықтар! Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті кішкентай балалар көп ойнайтын ойыншықтардың бала денсаулығына қауіпті екенін анықтады. Құжаты жоқ ойыншықтарды сырттан әкелуге былтыр тамыз айында тыйым салынған еді. Соған қарамастан, олар еліміздің бүкіл аумағында сатылып жатыр.

Құрамындағы фенол мен метил спирті қосындысы рұқсат етілген межеден екі есе асып кеткен. Бала денсаулығына қауіп тудыратын «Фея парк» қуыршақтары мен Май литл хорс, Фантастик тойс ойыншықтары Солтүстік Қазақстан облысынан анықталыпты. Басқа өңірлерде София, Барби, Лол, Робокар Поли, «Мини-тобот» автокөліктері және басқа да көптеген ойыншықтардың арнайы құжаттары болмаған. Оларды негізінен, Қытай мен Түркиядан тасиды.

Рабиға Айтжанова, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті басқармасының бас сарапшысы:

- Ойыншықты арнайы дүкендерден сатып алған дұрыс. Онда да құжаты, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаты болу керек. Сонымен бірге, әр ойыншықтың қай жастағы балаға арналғаны анық жазылып тұрмаса, ол да күмәнді. Ондайларды көргенде біздің комитетке немесе аймақтық бөлімшелерімізге шағымдануға болады.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:07:16 +0600
Төмен пайызбен автонесие берудің екінші кезеңі басталады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113228/ Отандық автоөндірісті қолдау үшін бұл жолы Үкімет екінші деңгейлі банктерге 8 миллиард теңге бөлгелі жатыр.

Қыруар қаржы тек Қазақстанда шығарылған көліктерді несиелендіруге жұмсалмақ. Яғни, тұрғындар коммерциялық банктер арқылы жылына 4 пайызбен 7 жылға дейін жаңа машинаны қарызға рәсімдей алады. Бірақ, автонесиенің нақты қашаннан бастап берілетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін осы бағдарлама арқылы 14 мыңға жуық отандық көлік сатылған.

Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Отандық автоөндірушілерді қолдап, халықты қолжетімді несиемен қамтамасыз ету үшін біз бұл тәжірибені жалғастыруды ұсынып отырмыз.  Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автокөлікті сату жоспарлануда.

]]>
Отандық автоөндірісті қолдау үшін бұл жолы Үкімет екінші деңгейлі банктерге 8 миллиард теңге бөлгелі жатыр.

Қыруар қаржы тек Қазақстанда шығарылған көліктерді несиелендіруге жұмсалмақ. Яғни, тұрғындар коммерциялық банктер арқылы жылына 4 пайызбен 7 жылға дейін жаңа машинаны қарызға рәсімдей алады. Бірақ, автонесиенің нақты қашаннан бастап берілетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін осы бағдарлама арқылы 14 мыңға жуық отандық көлік сатылған.

Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Отандық автоөндірушілерді қолдап, халықты қолжетімді несиемен қамтамасыз ету үшін біз бұл тәжірибені жалғастыруды ұсынып отырмыз.  Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автокөлікті сату жоспарлануда.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:06:03 +0600
Shoqan.kz:  Шоқан Уәлиханов жайлы құнды деректер цифрлық жүйеге көшірілді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113227/ Қазақтың зерттеушісі, ғалым  Шоқан Уәлиханов жайындағы құнды деректер енді қолжетімді. КТК телеарнасы ғалымның өмірі туралы мәліметтерді мультимедиялық порталға топтастырды. Осы күнге дейін жазба күйінде сақталған құжаттар цифрлық жүйеге көшірілген. Қысқа ғана ғұмырында қазақ қоғамына өлшеусіз үлес қосқан Шоқанға қатысты тың дүниелерді сайттан оқып, жүктей аласыз. Тарихи мұраны сандық жүйеге өткізуге Kaspi.kz демеушілік етті.

Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы - күллі қазақтың мақтанышы. Ғұмырында жұмбағы да мол. Оның әлемін түсінгендер аз. Жас ғалымның сан саладағы атқарған еңбектерімен shoqan.kz порталы арқылы танысуға болады. Тарихи құжаттар, хаттар, зерттеулер, экспедициялар мен карталар  барлығы қолжетімді.

3 мемлекетте 30 тәулікке созылған түсірілім. Күніне 12 сағаттан аса тынымсыз еңбек. Осының барлығы Шоқан болмысын терең тану үшін қажет. Жоба авторлары Шыңғыс ұрпағының беймәлім қырларын зерттеу үшін аянған жоқ. Порталдың тағы бір міндеті - деректі фильм арқылы Шоқанның жаңа қырын көпке паш ету.

Срайыл Смайыл, КТК телеарнасы қазақ тіліндегі публицистикалық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

- Бұрынғы тарих кітаптарында Шоқан бұл көбінесе қазақ пен орыстың достығының дәнекері ретінде сипатталды. Бұл фильмде Шоқанды басқа қырынан көрсетуге тырыстық. Сол жағынан көбірек тоқталдық деуге болады. Шоқан туралы фильм тарихты таразылап оны толықтыруға себепкер болары анық.

Шоқанның жолы  тұтас дәуірдің шежіресі. Сондықтан шығармашылық топ оның ата қонысы Сырымбеттен бастап Омбы мен Санкт-Петербургке дейін барып қайтты. Ал, Қашқария  Шоқанның шоқтығын биік ететін сапар. 22 жасында көпес ретінде құпия өлкеге барып, зерттейді. Артынша Петербургке оралып, зиялы қауыммен етене араласқаны белгілі. Осында Омбыда бастаған қазақтардың тарихы, этнографиясы туралы очерктерін жазды. Алайда жарыққа шығарып үлгермеді. Қазақ ғалымы Петербургте 1 жыл ғана тұрды. Қаржы  жетіспеді. Бұған әкесінің ұлына жазғаны хаты дәлел. Кейін дерті дендеп елге қайтты.

Саған айтар ақылым: Петерборда бос мақтан үшін ақшаны бекерге шашпа. Біздің жағдайымызды да түсін. Қаражатымызға қарай жылына 1000 рубль ғана жібере аламын.

Санкт-Петербургтегі шығыс қолжазбалары институты. Шоқан мұраларының түпнұсқасы осында сақтаулы. Әрқайсы құнды дерекке бай. Кейбірін қолмен ұстауға рұқсат жоқ.

Мақпал Мусина, тарихшы, «Шоқан Санкт-Петерборда» кітабының авторы:

- Әрине, ол қайсыбір жағынан алып қарасақ та, артық адам болды. Өз білімімен бәріне кедергі келтірді. Ол өте ақылды болатын. Көп білетін. Тарих пен тәжірибе көрсеткендей, мұндай адамдар әдетте керек болмай қалатын.

Бұрын тарихи жәдігермен танысу үшін шетел асып, мұражай мен кітапханаларды аралау керек болатын. Сандық жүйеге көшірілген құжаттар мұндай машақатты азайтты. Kaspi.kz компаниясының демеушілігімен жасалған мультимедиалық порталддан қызықтырған мәліметтерді оқу да, көшіру де ыңғайлы. Банк бизнестен бөлек, тарихи құндылықтарды қолдауда да белсенді. Ал, Шоқан жайлы деректі фильмді арнамыздан  23 ақпанда кешкі 20:00-де эфирден көрсетеді.

]]>
Қазақтың зерттеушісі, ғалым  Шоқан Уәлиханов жайындағы құнды деректер енді қолжетімді. КТК телеарнасы ғалымның өмірі туралы мәліметтерді мультимедиялық порталға топтастырды. Осы күнге дейін жазба күйінде сақталған құжаттар цифрлық жүйеге көшірілген. Қысқа ғана ғұмырында қазақ қоғамына өлшеусіз үлес қосқан Шоқанға қатысты тың дүниелерді сайттан оқып, жүктей аласыз. Тарихи мұраны сандық жүйеге өткізуге Kaspi.kz демеушілік етті.

Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы - күллі қазақтың мақтанышы. Ғұмырында жұмбағы да мол. Оның әлемін түсінгендер аз. Жас ғалымның сан саладағы атқарған еңбектерімен shoqan.kz порталы арқылы танысуға болады. Тарихи құжаттар, хаттар, зерттеулер, экспедициялар мен карталар  барлығы қолжетімді.

3 мемлекетте 30 тәулікке созылған түсірілім. Күніне 12 сағаттан аса тынымсыз еңбек. Осының барлығы Шоқан болмысын терең тану үшін қажет. Жоба авторлары Шыңғыс ұрпағының беймәлім қырларын зерттеу үшін аянған жоқ. Порталдың тағы бір міндеті - деректі фильм арқылы Шоқанның жаңа қырын көпке паш ету.

Срайыл Смайыл, КТК телеарнасы қазақ тіліндегі публицистикалық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

- Бұрынғы тарих кітаптарында Шоқан бұл көбінесе қазақ пен орыстың достығының дәнекері ретінде сипатталды. Бұл фильмде Шоқанды басқа қырынан көрсетуге тырыстық. Сол жағынан көбірек тоқталдық деуге болады. Шоқан туралы фильм тарихты таразылап оны толықтыруға себепкер болары анық.

Шоқанның жолы  тұтас дәуірдің шежіресі. Сондықтан шығармашылық топ оның ата қонысы Сырымбеттен бастап Омбы мен Санкт-Петербургке дейін барып қайтты. Ал, Қашқария  Шоқанның шоқтығын биік ететін сапар. 22 жасында көпес ретінде құпия өлкеге барып, зерттейді. Артынша Петербургке оралып, зиялы қауыммен етене араласқаны белгілі. Осында Омбыда бастаған қазақтардың тарихы, этнографиясы туралы очерктерін жазды. Алайда жарыққа шығарып үлгермеді. Қазақ ғалымы Петербургте 1 жыл ғана тұрды. Қаржы  жетіспеді. Бұған әкесінің ұлына жазғаны хаты дәлел. Кейін дерті дендеп елге қайтты.

Саған айтар ақылым: Петерборда бос мақтан үшін ақшаны бекерге шашпа. Біздің жағдайымызды да түсін. Қаражатымызға қарай жылына 1000 рубль ғана жібере аламын.

Санкт-Петербургтегі шығыс қолжазбалары институты. Шоқан мұраларының түпнұсқасы осында сақтаулы. Әрқайсы құнды дерекке бай. Кейбірін қолмен ұстауға рұқсат жоқ.

Мақпал Мусина, тарихшы, «Шоқан Санкт-Петерборда» кітабының авторы:

- Әрине, ол қайсыбір жағынан алып қарасақ та, артық адам болды. Өз білімімен бәріне кедергі келтірді. Ол өте ақылды болатын. Көп білетін. Тарих пен тәжірибе көрсеткендей, мұндай адамдар әдетте керек болмай қалатын.

Бұрын тарихи жәдігермен танысу үшін шетел асып, мұражай мен кітапханаларды аралау керек болатын. Сандық жүйеге көшірілген құжаттар мұндай машақатты азайтты. Kaspi.kz компаниясының демеушілігімен жасалған мультимедиалық порталддан қызықтырған мәліметтерді оқу да, көшіру де ыңғайлы. Банк бизнестен бөлек, тарихи құндылықтарды қолдауда да белсенді. Ал, Шоқан жайлы деректі фильмді арнамыздан  23 ақпанда кешкі 20:00-де эфирден көрсетеді.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:05:51 +0600
«Аналар үйінен» аналар безіп жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113225/ Тағдыр тәлкегіне түсіп, пана іздеген талай әйелге қамқор болған Көкшетаудағы қоғамдық мекемеден 3 келіншек құндақтаулы баласын ала қашқан. Сақылдаған сары аязда алды-артына қарамастан қашып шығуына олар бір ай бұрын ғана үйлестіруші қызметіне келген Құралай Джұмабекова кінәлі дейді. Барар жер, басар тауы қалмаса да, Аналар үйіне қайтып барғысы жоқ. Үйлестіруші қызметінен кетуі керек деп отыр.

Мына бет жыртысып, айғайлап тұрғандар сәбилеріне де қарап жатқан жоқ. Үйлестіруші Құралай ханым да қой демеді. Аналар үйінде бұл жағдай күнделікті әдетке айналған сияқты. Өйткені жаңа келген үйлестіруші бізді екіге бөліп тастады. Онымен қоймай, қорқытып ұстайды дейді жас аналар.

Жанар:

- Бұлардың қолдарынан ештеңе келмейді. «Тұратын жерлерің жоқ, жұмыс істемейсіңдер» деп баламды алып қояды деп қорықтым. Әлі күнге дейін қорқам ол адамнан. Өйткені өзінің таныстарымен қорқытады.

Жас аналар үйлестірушінің бұл сөздерінен жайдан жай жасқанып отырған жоқ. Құралай Жұмабекова бұған дейін «Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығын» басқарған. Сондықтан олар қашып бара жатса да, өз қолдарымен өтініш жазып кеткен. Іздеп таба ма деп қорықтық дейді. Мұндағы жағдай демеуші кәсіпкерлерге де жетіпті.

Сәуле Әмірсарина, жеке кәсіпкер:

- Үйлестіруші ауысқан соң, келіншектер түйткілге тап келді. Олар өздеріне қысым көрсетілетінін айтты. Демеушілер әкелген тамақ пен жөргектер, басқа да заттарды Құралай үйіне алып кетеді, жуынатын заттар жоқ дейді. Біз жеке кәсіпкерлер ғана емес, ірі кәсібі барлар да көп көмек жеткізеді мұнда. Бұрын жағдайлары жақсы болатын.

Құралай Жұмабекова, «Аналар үйінің» үйлестірушісі:

- Балалар отбасында тәрбиеленсе деймін. Өзім 5 бала асырап отырмын. Ешкімнен тартып алған жоқпын. Балалар үйінен алдым. Осындай өсекшілер өзара тіл табыса алмай неше түрлі әңгіме айтады. Мен оларды қуып жіберген жоқпын. Жөргек, киім-кешек алды дегендері де жалған.

Осы жағдай болғаннан кейін Астанадан Көкшетауға жоба жетекшісі Сәния Әрінова келіп, тексеріс жүргізіпті. Ол қыздардың өздері мұнда тұрғымыз келмейді деп өтініш қалдырғанын айтады. Ал 1 ай ғана жұмыс істеген үйлестірушіні бейнебақылау камерасы арқылы тексеріп те үлгерген. Әрінованың айтуынша, ол судан таза, сүттен ақ. Ал Ана үйінен қашып шықтық деген келіншектер ескі үйде өзге де балалы 5 әйелмен бірге тұрып жатыр.

]]>
Тағдыр тәлкегіне түсіп, пана іздеген талай әйелге қамқор болған Көкшетаудағы қоғамдық мекемеден 3 келіншек құндақтаулы баласын ала қашқан. Сақылдаған сары аязда алды-артына қарамастан қашып шығуына олар бір ай бұрын ғана үйлестіруші қызметіне келген Құралай Джұмабекова кінәлі дейді. Барар жер, басар тауы қалмаса да, Аналар үйіне қайтып барғысы жоқ. Үйлестіруші қызметінен кетуі керек деп отыр.

Мына бет жыртысып, айғайлап тұрғандар сәбилеріне де қарап жатқан жоқ. Үйлестіруші Құралай ханым да қой демеді. Аналар үйінде бұл жағдай күнделікті әдетке айналған сияқты. Өйткені жаңа келген үйлестіруші бізді екіге бөліп тастады. Онымен қоймай, қорқытып ұстайды дейді жас аналар.

Жанар:

- Бұлардың қолдарынан ештеңе келмейді. «Тұратын жерлерің жоқ, жұмыс істемейсіңдер» деп баламды алып қояды деп қорықтым. Әлі күнге дейін қорқам ол адамнан. Өйткені өзінің таныстарымен қорқытады.

Жас аналар үйлестірушінің бұл сөздерінен жайдан жай жасқанып отырған жоқ. Құралай Жұмабекова бұған дейін «Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығын» басқарған. Сондықтан олар қашып бара жатса да, өз қолдарымен өтініш жазып кеткен. Іздеп таба ма деп қорықтық дейді. Мұндағы жағдай демеуші кәсіпкерлерге де жетіпті.

Сәуле Әмірсарина, жеке кәсіпкер:

- Үйлестіруші ауысқан соң, келіншектер түйткілге тап келді. Олар өздеріне қысым көрсетілетінін айтты. Демеушілер әкелген тамақ пен жөргектер, басқа да заттарды Құралай үйіне алып кетеді, жуынатын заттар жоқ дейді. Біз жеке кәсіпкерлер ғана емес, ірі кәсібі барлар да көп көмек жеткізеді мұнда. Бұрын жағдайлары жақсы болатын.

Құралай Жұмабекова, «Аналар үйінің» үйлестірушісі:

- Балалар отбасында тәрбиеленсе деймін. Өзім 5 бала асырап отырмын. Ешкімнен тартып алған жоқпын. Балалар үйінен алдым. Осындай өсекшілер өзара тіл табыса алмай неше түрлі әңгіме айтады. Мен оларды қуып жіберген жоқпын. Жөргек, киім-кешек алды дегендері де жалған.

Осы жағдай болғаннан кейін Астанадан Көкшетауға жоба жетекшісі Сәния Әрінова келіп, тексеріс жүргізіпті. Ол қыздардың өздері мұнда тұрғымыз келмейді деп өтініш қалдырғанын айтады. Ал 1 ай ғана жұмыс істеген үйлестірушіні бейнебақылау камерасы арқылы тексеріп те үлгерген. Әрінованың айтуынша, ол судан таза, сүттен ақ. Ал Ана үйінен қашып шықтық деген келіншектер ескі үйде өзге де балалы 5 әйелмен бірге тұрып жатыр.

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:03:33 +0600
Оттың ортасынан 2 баланы алып шықты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113224/ Балқаш қаласында пәтерде өрт шығып, ішінде қараусыз қалған 2 бүлдіршінді кездейсоқ адам құтқарып қалды. Екінші қабаттағы терезені сындырып кірген ол түтіннің арасынан екеуін әрең тауып далаға алып шығыпты.

Осы үйде тұратын анасына келген Арсен Түсіпбеков, сәл кешіксе қаралы жағдай болады екен. Пәтердің есігі ішінен жабық болғасын, уақыт жоғалтпай үйге терезеден түскен. Қара түтіннің арасынан түтінге тұншығып жатқан 4 және 5 жастағы баланы құшағына алып далаға қашыпты. Болжам бойынша әке шешесі жұмысқа кетіп, үйде қараусыз қалған екеу отпен ойнауы мүмкін. Ұшқын көрпе жастыққа тиіп, бықсыған қара түтін пәтер түгілі, подьезге дейін тараған.

Арсен Түсіпбеков Балқаш қаласының тұрғыны:

- Екеуі жылай жылай шаршағанға ұқсайды. Әлдері де таусылыпты. Үсті бастары малмандай су, терлеген болса керек ыстықтан. Далаға шыға сап лоқсып-құсып, естерін әрең жинады.             

]]>
Балқаш қаласында пәтерде өрт шығып, ішінде қараусыз қалған 2 бүлдіршінді кездейсоқ адам құтқарып қалды. Екінші қабаттағы терезені сындырып кірген ол түтіннің арасынан екеуін әрең тауып далаға алып шығыпты.

Осы үйде тұратын анасына келген Арсен Түсіпбеков, сәл кешіксе қаралы жағдай болады екен. Пәтердің есігі ішінен жабық болғасын, уақыт жоғалтпай үйге терезеден түскен. Қара түтіннің арасынан түтінге тұншығып жатқан 4 және 5 жастағы баланы құшағына алып далаға қашыпты. Болжам бойынша әке шешесі жұмысқа кетіп, үйде қараусыз қалған екеу отпен ойнауы мүмкін. Ұшқын көрпе жастыққа тиіп, бықсыған қара түтін пәтер түгілі, подьезге дейін тараған.

Арсен Түсіпбеков Балқаш қаласының тұрғыны:

- Екеуі жылай жылай шаршағанға ұқсайды. Әлдері де таусылыпты. Үсті бастары малмандай су, терлеген болса керек ыстықтан. Далаға шыға сап лоқсып-құсып, естерін әрең жинады.             

]]>
Сей, 19 ақп 2019 20:02:22 +0600
Kaspi.kz-тің 3 миллион қолданушысы бар https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/19/113223/ Мобильді қосымшалар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Ең танымал Kaspi.kz қосымшасын енді 3 миллион қазақстандық қолданады! Жақында Тараз қаласының тұрғыны Мейіржан Әшіров 3 миллионыншы қолданушы атанды.

Kaspi.kz қосымшаның 3 миллионыншы қолданушысын Алматыға шақырды. Компания қызметкерлері кеңселерін көрсетіп, жұмыстары туралы айтты. Kaspi.kz ұялы қосымшасы әрқашан жаңа қызмет қосылып тұрады. Мысалы, жақында тікелей қосымшадан Kaspi Депозит ашу және Kaspi Gold картасын рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Әрбір қолданушының енді жеке QR-коды бар. Бұл арқылы банкоматтан қолма-қол ақша және ақша аударымын алуға мүмкіндігі бар. Қосымшаның барлық мүмкіндігін 3 миллионыншы қолданушыға сервисті жасаушылардың өзі көрсетті.

Бұдан кейін Мейіржан Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадземен кездесті.Өмірді жақсартатын қызметтер бәріне ұнайды. Kaspi.kz ұялы қосымшасының айтарлықтай сұранысқа ие болуының құпиясы туралы бізге Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе айтып берді.

Михаил Ломтадзе Kaspi.kz басшысы:

- Kaspi.kz ұялы қосымшасының көмегімен біз сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға тырысамыз. Тиімді сауда жасап, комиссиясыз төлем жасауға, бонус жинауға болады. Жақында біз жаңа екі қызмет қостық. Тікелей қосымшада онлайн Kaspi Депозит ашу және Kaspi Gold картасын рәсімдеуге болады.

Мейіржан Әшіров,  Kaspi.kz  қолданушысы:

- Мен заманауи ең мықты компанияның орталығында болғаныма қуаныштымын. Компания басшысының өзінің сервистер туралы түсіндіргені қызық болды. Өзім үшін өте қызықты, жаңа дүниелерді білдім. Енді барлығын қолданамын.

Мейіржан Әшіров өрт сөндіруші. Бұл қауіпті әрі жауапты жұмыс. Жақында Таразда тұрғын үй өртенді. Өрт сөндірушілер командасы жалынды ауыздықтап, 10 адамды құтқарды. Кәсіби өрт сөндіруші үшін бұл әдеттегі жағдай. Олар күн сайын адам өмірін арашалайды. Ал жұмыстан тыс кезде уақытын отбасы мен күнделікті тіршілікке арнайтын қарапайым жандар.

Мейіржан Әшіров,  Kaspi.kz  қолданушысы:

- Өрт сөндіруші болып жұмыс істеймін. Жұмыс ауыр, кезекшілікте боламыз. Бос уақытымды отбасыммен өткізуге тырысамын. Жақында Kaspi.kz қосымшасын пайдалана бастадым. Пәтерақы, телефон үшін төлеймін. Көптеген қызметтердің бары қуантады...

Жаңа технологиялар адамдардың өмірдін жақсартып, уақытты үнемдеуге керек. Kaspi.kz-тен біз ұялы қосымшаның уақытты да, қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік беретінін көріп отырмыз. Kaspi.kz-те бұл тек бастамасы ғана дейді және өзгерістерді бақылап отыруға кеңес береді.

]]>
Мобильді қосымшалар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Ең танымал Kaspi.kz қосымшасын енді 3 миллион қазақстандық қолданады! Жақында Тараз қаласының тұрғыны Мейіржан Әшіров 3 миллионыншы қолданушы атанды.

Сей, 19 ақп 2019 20:01:08 +0600
Әкімнің атын жамылған директор орынбасарының масқарасы шықты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113138/ Шешу үшін жүрміз ғой! Алматы облысында әкімдіктің атын жамылып, тәртіп сақшыларына сес көрсеткен қызметкер жұмысынан қуылды. Әкімдік деген жазуды іліп алып, газель көлігін құжатсыз тізгіндеген жүргізушіні полиция қызметкерлері ұстаған еді. Сол жүргізушінің бастығымын, мәселені өзім шешемін деген «Тазалық» мекемесі директорының орынбасары жұмыссыз қалды.

Қаскелең полициясы түнгі рейд барысында мемлекеттік нөмірі мен көлік бортындағы нөмірі сәйкес келмеген газелді тоқтатады. Айғай-шудың көкесі содан кейін басталады. Жүргізушінің құжаты жоқ, ал жанындағы досы ішімдікке сылқия тойып алған. Онымен қоймай, Қаскелең қаласының әкіміне қоңырау шаламын деп, тәртіп сақшыларына сес көрсетіп әлек.

- Әкімге айтамын.

- Хабарлас.

Көліктің кілтін бермеймін деп қиғылық салған жігіт ақыры өзі айтқан «әкіміне» қоңырау шалды. Тұтқаны алған адам полиция қызметкерін қорқытайын деді ме, әйтеуір қалалық әкімдіктенмін, бұл қызметтік көлік деп ағынан жарылды. 

Мен қалалық әкімдіктенмін. Көлік әкімдіктікі.

Өзін Асқармын деп таныстырған ол сөзінің сенімсіз шыққанын сезді ме, іле-шала көлік тұрағына жетіп келді. Полиция қызметкерлеріне әкімдіктің жұмысымен жүрміз деп ақталды. Шешілмейтін мәселе жоқ деп келісуге де талпынды. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, өз жұмысшыларын бір сыбап алды.

- Ол жұмысшы. Топас нағыз .Заңды білмейтін, ештеңені білмейтін.

Ал Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев бұл жанжалға менің де, қарамағымдағы қызметкерлердің де қатысы жоқ деп отыр. Қала басшысы биліктің атын не себепті жамылғанын да түсіне алмай дал. Бірақ ол адамды танитынын жасырмады.

Асқар Мұқашев, Қаскелең қаласының әкімі:

- Асқар менің де атым. Ол кісінің де аты Асқар. Ол кісі бізде жұмыс істемейді. Жігіттердің де бізге қатысы жоқ. Әкімдік деген жазуды заңсыз қолданған. Неге әкімдікті атағанын білмеймін. Бізге қатысы жоқ. Ол кісі Қаскелеңнің тұрғыны. Сырттай көріп жүреміз.

Әкімнің сырттай көріп жүреміз деген адамы «Тазалық» мекемесі директорының орынбасары болып шықты. Кез-келген мәселенің тігісін жатқызамыз деп кеуде соққан оны басшысы дереу жұмыстан қуатынын айтады.

Болат Туғамбаев, «Тазалық» ЖШС директоры:

- Ол расымен менің орынбасарым Асқар Берісов. Біздің жұмыспен жүретіндей тапсырма берілген емес. Ана жігіттер оның таныстары ма, білмеймін. Ондай көлік те, жұмысшылар да жоқ бізде. Мұндайды мен кешірмеймін. Жұмыстан кетірткіземін.

Әкімдіктің атын жамыламын деп жұмысынан айырылған Асқар Берісов мырзаның өзі денсаулығына байланысты сұхбат беруден бас тартты. Ал заңға бағынғысы келмеген жұмысшылары әкімшік жауапкершілікке тартылды. Енді Қаскелең әкімдігі биліктің атын атап, ойына келгенін істейтіндерге қатаң шара қолданамыз деп отыр. Болған оқиғаны облыстық полиция департаментіндегілер растап отыр. Олар да бұл жайтқа қатысты жаза қолданылғанын айтты.

]]>
Шешу үшін жүрміз ғой! Алматы облысында әкімдіктің атын жамылып, тәртіп сақшыларына сес көрсеткен қызметкер жұмысынан қуылды. Әкімдік деген жазуды іліп алып, газель көлігін құжатсыз тізгіндеген жүргізушіні полиция қызметкерлері ұстаған еді. Сол жүргізушінің бастығымын, мәселені өзім шешемін деген «Тазалық» мекемесі директорының орынбасары жұмыссыз қалды.

Қаскелең полициясы түнгі рейд барысында мемлекеттік нөмірі мен көлік бортындағы нөмірі сәйкес келмеген газелді тоқтатады. Айғай-шудың көкесі содан кейін басталады. Жүргізушінің құжаты жоқ, ал жанындағы досы ішімдікке сылқия тойып алған. Онымен қоймай, Қаскелең қаласының әкіміне қоңырау шаламын деп, тәртіп сақшыларына сес көрсетіп әлек.

- Әкімге айтамын.

- Хабарлас.

Көліктің кілтін бермеймін деп қиғылық салған жігіт ақыры өзі айтқан «әкіміне» қоңырау шалды. Тұтқаны алған адам полиция қызметкерін қорқытайын деді ме, әйтеуір қалалық әкімдіктенмін, бұл қызметтік көлік деп ағынан жарылды. 

Мен қалалық әкімдіктенмін. Көлік әкімдіктікі.

Өзін Асқармын деп таныстырған ол сөзінің сенімсіз шыққанын сезді ме, іле-шала көлік тұрағына жетіп келді. Полиция қызметкерлеріне әкімдіктің жұмысымен жүрміз деп ақталды. Шешілмейтін мәселе жоқ деп келісуге де талпынды. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, өз жұмысшыларын бір сыбап алды.

- Ол жұмысшы. Топас нағыз .Заңды білмейтін, ештеңені білмейтін.

Ал Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев бұл жанжалға менің де, қарамағымдағы қызметкерлердің де қатысы жоқ деп отыр. Қала басшысы биліктің атын не себепті жамылғанын да түсіне алмай дал. Бірақ ол адамды танитынын жасырмады.

Асқар Мұқашев, Қаскелең қаласының әкімі:

- Асқар менің де атым. Ол кісінің де аты Асқар. Ол кісі бізде жұмыс істемейді. Жігіттердің де бізге қатысы жоқ. Әкімдік деген жазуды заңсыз қолданған. Неге әкімдікті атағанын білмеймін. Бізге қатысы жоқ. Ол кісі Қаскелеңнің тұрғыны. Сырттай көріп жүреміз.

Әкімнің сырттай көріп жүреміз деген адамы «Тазалық» мекемесі директорының орынбасары болып шықты. Кез-келген мәселенің тігісін жатқызамыз деп кеуде соққан оны басшысы дереу жұмыстан қуатынын айтады.

Болат Туғамбаев, «Тазалық» ЖШС директоры:

- Ол расымен менің орынбасарым Асқар Берісов. Біздің жұмыспен жүретіндей тапсырма берілген емес. Ана жігіттер оның таныстары ма, білмеймін. Ондай көлік те, жұмысшылар да жоқ бізде. Мұндайды мен кешірмеймін. Жұмыстан кетірткіземін.

Әкімдіктің атын жамыламын деп жұмысынан айырылған Асқар Берісов мырзаның өзі денсаулығына байланысты сұхбат беруден бас тартты. Ал заңға бағынғысы келмеген жұмысшылары әкімшік жауапкершілікке тартылды. Енді Қаскелең әкімдігі биліктің атын атап, ойына келгенін істейтіндерге қатаң шара қолданамыз деп отыр. Болған оқиғаны облыстық полиция департаментіндегілер растап отыр. Олар да бұл жайтқа қатысты жаза қолданылғанын айтты.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:12:31 +0600
Бақшадағы сұмдық төбелестен соң ата-аналар балаларын алып кетіп жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113137/ Ақтауда жекеменшік балабақшадан шыққан шу әлі басылар емес. Бұл жолы ата-аналар жиналып, мектепке дейінгі мекеме басшылығынан оқиғаның жай-жапсарын түсіндіріп беруін талап етті. Алайда 3 күннен бері балабақша директорымен кезіге алмай табанымыздан таусылдық дейді олар.

Өткен аптада Ақтаудағы «Айналайын» балабақшасының қызметкері директор ұрып-соғып, басымды жарды деп арызданған еді. Оқиғаға тәрбиешінің балалар тоя тамақ жемейтінін жұртқа жария еткені себеп болған көрінеді. Бейнежазбада балаларға бір жапырық нан, сорпа орнына сылдыр су берілетіні көрсетілген. Ал сұмдық жағдайдан есеңгіреп қалған ата-аналар мекеме басшылығынан бөбектерінің құжаттары мен ақшасын қайтарып беруін сұрап отыр. Тіпті, балаларын тамақтан қаққаны үшін моральдық өтемақы талап етуде. Бірақ шағымданушылардың ақшасын кері қайтара ма, жоқ па, барлығы арнайы коммисия жұмысын аяқтаған соң анықталады. Қазір даулы оқиғаны қалалық прокуратура қатаң бақылауына алыпты. Тексеру аяқталғанша балабақшаны жауып тастаған.

Мадина Бесембаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Балаларымызды 10 күн бойы дұрыс тамақтандырмаған. Біз оларға сеніп тапсырдық, бірақ сол уақытта кішкентайлар аш отырған. Тіпті, кешке балаларымыз үйге келгенде бірден тамаққа ұмтылатын. Сондықтан кінәлілерді жазасыз қалдырмаса екен дейміз. Әсіресе, жекеменшік балабақшаларды жіті тексеріп, бейне бақылау қою қажет.

]]>
Ақтауда жекеменшік балабақшадан шыққан шу әлі басылар емес. Бұл жолы ата-аналар жиналып, мектепке дейінгі мекеме басшылығынан оқиғаның жай-жапсарын түсіндіріп беруін талап етті. Алайда 3 күннен бері балабақша директорымен кезіге алмай табанымыздан таусылдық дейді олар.

Өткен аптада Ақтаудағы «Айналайын» балабақшасының қызметкері директор ұрып-соғып, басымды жарды деп арызданған еді. Оқиғаға тәрбиешінің балалар тоя тамақ жемейтінін жұртқа жария еткені себеп болған көрінеді. Бейнежазбада балаларға бір жапырық нан, сорпа орнына сылдыр су берілетіні көрсетілген. Ал сұмдық жағдайдан есеңгіреп қалған ата-аналар мекеме басшылығынан бөбектерінің құжаттары мен ақшасын қайтарып беруін сұрап отыр. Тіпті, балаларын тамақтан қаққаны үшін моральдық өтемақы талап етуде. Бірақ шағымданушылардың ақшасын кері қайтара ма, жоқ па, барлығы арнайы коммисия жұмысын аяқтаған соң анықталады. Қазір даулы оқиғаны қалалық прокуратура қатаң бақылауына алыпты. Тексеру аяқталғанша балабақшаны жауып тастаған.

Мадина Бесембаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Балаларымызды 10 күн бойы дұрыс тамақтандырмаған. Біз оларға сеніп тапсырдық, бірақ сол уақытта кішкентайлар аш отырған. Тіпті, кешке балаларымыз үйге келгенде бірден тамаққа ұмтылатын. Сондықтан кінәлілерді жазасыз қалдырмаса екен дейміз. Әсіресе, жекеменшік балабақшаларды жіті тексеріп, бейне бақылау қою қажет.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:11:23 +0600
Алматыда баласын балғамен ұрған әйелге қатысты үкім шықты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113136/ Туған қызын ұрып-соғып, одан қалды бес жыл бойы зорлықпен қамауда ұстаған Анна Иванованың өзін сот алты жылға қапасқа жапты. Қатігез анамен бірге, баланың денесіндегі жарақаттарға бей-жай қараған бұрынғы сынып жетекшісі мен құзырлы орган өкілдері де жазаға тартылатын болды. Сот олардың үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулы шығарды.

Десе де, аса қатігездігі үшін сотталған әйел үкімді естігенде де бет бақтырған жоқ. Керісінше, сот залында айқайға басып, қолынан кісенді шешіп тастауды талап етті.

Туған қызының түрін кісішошырлық халге жеткізген әйел бүгінге дейін сот отырыстарына үйінен келіп, кетіп жүрген. Бұл жолы да сол ізімен кері қайтатындай, сырт киімін де шешпеді. Бірге еріп келген таныстарымен емін-еркін әңгімелесіп, қайта миығынан күліп отырды. Бірақ та, жымиып отырған күдікті көп ұзамай езуін жиып алды. Себебі, сот залына қарулы күзет сау ете қалды. Артынша, судья да кіріп, бірден үкімді оқуға кірісті.

Анна Иванова кінәлі деп танылсын. Оның жасы кәмелетке толмаған қызының денсаулығына қасақана келтірген ауыр жарақаттары мен дене зақымдары үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орта қауіпсіздіктегі колонияда өтесін.

Осылайша, туған қызын бес жыл бойы ұрып-соғып, үйінде қамап ұстап отырған әйел абақтыдан бір-ақ шықты. Десе де, асқан қатігездігімен танылған Анна Иванова үкімге бірден мойынсұна қоймады. Қолына кісен салмақ болғандарға қарсылық тынытып, айқайға басты.

- Не одевай наручники! Я тебе не убегаю же! Не тяни!

- Как вы считаете, это справедливое наказание?

- Беспредел!!!

Десе де, қарулы күзет оның айқайына қарап тұрмады. Қолын кісендеп, алды-артына қаратпады. Ал қылмысын бес жыл бойында ешкім білмей келген әйел өзін журналистердің кесірінен сотталдым деп есептесе керек. Өзі жайлы ақпаратты елге таратқан тілшілерге лағынетін жаудырып кетті.

- Құдайдың қарғысы атсын сендерге. Бірде сараптама ештеңені дәлелдеген жоқ.  Кінәлі емеспін.

Бұған дейін сотталушы судьяның алдында жалбарынып кешірім сұраған. Бірақ үкімнен соң оның бәрі ұмытылып қалса керек. Әйелдің беті безерген күйі кетті. Ал қаршадай қызды жауыз әйелден арашалап қалғандар үкімге ризашылығын білдірді.

Надежда Барсукова:

- Диананың жайына бей-жай қарамағандарға бәріне рахметімді айтамын! Жауыз әйелдің жазасын берген судьяға да рахмет! Енді бұл басқа ата-аналарға сабақ болсын! Үкімге разымын!

Қызын аяусыз ұрған әйелдің есі дұрыс емес болар деген де күдік болған. Оны тексерген мамандар келіншектің өзі де, дені де сау деген шешімге келді. Яғни, Анна Иванова есін біле тұра, бауыр еті баласын балғамен ұрып, құлағын жұлған. Мұрнын кескілеп, ернін тілген. Бұл қылмысы үшін прокурорлар оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бірақ судья оның тағы 8 жасар қызы барын ескеріп, жазасын сәл жеңілдетіпті. Жалпы, бұл әйелге кесілген бұл бірінші үкім емес. Бұған дейін де Иванова есірткімен ұсталып, 4 жылға түрмеге жабылған. Бірақ, әйел одан сабақ алмаса керек.

]]>
Туған қызын ұрып-соғып, одан қалды бес жыл бойы зорлықпен қамауда ұстаған Анна Иванованың өзін сот алты жылға қапасқа жапты. Қатігез анамен бірге, баланың денесіндегі жарақаттарға бей-жай қараған бұрынғы сынып жетекшісі мен құзырлы орган өкілдері де жазаға тартылатын болды. Сот олардың үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулы шығарды.

Десе де, аса қатігездігі үшін сотталған әйел үкімді естігенде де бет бақтырған жоқ. Керісінше, сот залында айқайға басып, қолынан кісенді шешіп тастауды талап етті.

Туған қызының түрін кісішошырлық халге жеткізген әйел бүгінге дейін сот отырыстарына үйінен келіп, кетіп жүрген. Бұл жолы да сол ізімен кері қайтатындай, сырт киімін де шешпеді. Бірге еріп келген таныстарымен емін-еркін әңгімелесіп, қайта миығынан күліп отырды. Бірақ та, жымиып отырған күдікті көп ұзамай езуін жиып алды. Себебі, сот залына қарулы күзет сау ете қалды. Артынша, судья да кіріп, бірден үкімді оқуға кірісті.

Анна Иванова кінәлі деп танылсын. Оның жасы кәмелетке толмаған қызының денсаулығына қасақана келтірген ауыр жарақаттары мен дене зақымдары үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орта қауіпсіздіктегі колонияда өтесін.

Осылайша, туған қызын бес жыл бойы ұрып-соғып, үйінде қамап ұстап отырған әйел абақтыдан бір-ақ шықты. Десе де, асқан қатігездігімен танылған Анна Иванова үкімге бірден мойынсұна қоймады. Қолына кісен салмақ болғандарға қарсылық тынытып, айқайға басты.

- Не одевай наручники! Я тебе не убегаю же! Не тяни!

- Как вы считаете, это справедливое наказание?

- Беспредел!!!

Десе де, қарулы күзет оның айқайына қарап тұрмады. Қолын кісендеп, алды-артына қаратпады. Ал қылмысын бес жыл бойында ешкім білмей келген әйел өзін журналистердің кесірінен сотталдым деп есептесе керек. Өзі жайлы ақпаратты елге таратқан тілшілерге лағынетін жаудырып кетті.

- Құдайдың қарғысы атсын сендерге. Бірде сараптама ештеңені дәлелдеген жоқ.  Кінәлі емеспін.

Бұған дейін сотталушы судьяның алдында жалбарынып кешірім сұраған. Бірақ үкімнен соң оның бәрі ұмытылып қалса керек. Әйелдің беті безерген күйі кетті. Ал қаршадай қызды жауыз әйелден арашалап қалғандар үкімге ризашылығын білдірді.

Надежда Барсукова:

- Диананың жайына бей-жай қарамағандарға бәріне рахметімді айтамын! Жауыз әйелдің жазасын берген судьяға да рахмет! Енді бұл басқа ата-аналарға сабақ болсын! Үкімге разымын!

Қызын аяусыз ұрған әйелдің есі дұрыс емес болар деген де күдік болған. Оны тексерген мамандар келіншектің өзі де, дені де сау деген шешімге келді. Яғни, Анна Иванова есін біле тұра, бауыр еті баласын балғамен ұрып, құлағын жұлған. Мұрнын кескілеп, ернін тілген. Бұл қылмысы үшін прокурорлар оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бірақ судья оның тағы 8 жасар қызы барын ескеріп, жазасын сәл жеңілдетіпті. Жалпы, бұл әйелге кесілген бұл бірінші үкім емес. Бұған дейін де Иванова есірткімен ұсталып, 4 жылға түрмеге жабылған. Бірақ, әйел одан сабақ алмаса керек.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:10:14 +0600
Бірнеше облысты қарлы боран титықтатып жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113135/ Кешелі бері Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарынан шығатын жолдар жабылды. Ал оған дейін осы өңірлерден шыққан 100 деген көлік ақтүтектен қарыс қадам аттай алмай қалған.

Қарға көміліп, кей жерлерде тіпті соқтығысып қалған көліктегілер көмек сұрап естері шықты. Мәселен Қарағандыдан шыға берісте ақтүтекте жүре алмай тұрған «Фольксваген» көлігіне бірден 3 көлік соқтығысқан. Тағы бір жерде тіпті 6 көлік бір-біріне соғылып кім кінәліні анықтай алмай қалған. Осындай жол көлік апаттары тас жолда тұралаған көліктерді қарға көміп тастады. Оларды қар құсауынан төтеншеліктердің ауыр техникасымен сүйретуге тура келді. Ал осы өңірлерден шыға алмаған көліктер кептелістерде сарғайды. Күн жарықта техника тазартқан жолдарға көліктер біртіндеп жіберілген. Бірақ уақытша ғана.      

Владимир Беккер ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:

- Ақпанның 18, 19, 20 күндерге ескертулер келді. Ауа райының жайын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Кешеден бері Алматы Шығыс Қазақтан Қарағанды облыстарында көлік кептелістері болды. Арнайы техника жолдарды тазалап кептелістерді таратты. Бірақ түнге қарай көптеген бағыттағы жолдар қайта жабылады.

]]>
Кешелі бері Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарынан шығатын жолдар жабылды. Ал оған дейін осы өңірлерден шыққан 100 деген көлік ақтүтектен қарыс қадам аттай алмай қалған.

Қарға көміліп, кей жерлерде тіпті соқтығысып қалған көліктегілер көмек сұрап естері шықты. Мәселен Қарағандыдан шыға берісте ақтүтекте жүре алмай тұрған «Фольксваген» көлігіне бірден 3 көлік соқтығысқан. Тағы бір жерде тіпті 6 көлік бір-біріне соғылып кім кінәліні анықтай алмай қалған. Осындай жол көлік апаттары тас жолда тұралаған көліктерді қарға көміп тастады. Оларды қар құсауынан төтеншеліктердің ауыр техникасымен сүйретуге тура келді. Ал осы өңірлерден шыға алмаған көліктер кептелістерде сарғайды. Күн жарықта техника тазартқан жолдарға көліктер біртіндеп жіберілген. Бірақ уақытша ғана.      

Владимир Беккер ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:

- Ақпанның 18, 19, 20 күндерге ескертулер келді. Ауа райының жайын өздеріңіз көріп тұрсыздар. Кешеден бері Алматы Шығыс Қазақтан Қарағанды облыстарында көлік кептелістері болды. Арнайы техника жолдарды тазалап кептелістерді таратты. Бірақ түнге қарай көптеген бағыттағы жолдар қайта жабылады.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:09:05 +0600
Қалетаев жас отбасылардың жас мөлшерін неліктен ұлғайта алмайтынын түсіндірді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113134/ Заңнан аттап кете алмаймыз. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алатын жас отбасылардың жас мөлшерін неге ұлғайта алмайтындарын осылай түсіндірді. Оның үстіне, елді тастап, шетелге ағылып жатқан білікті жастардың қатары көбейген. Бас қосып, үйленгендерінен ажырасуы тез. Тіпті, осы күнгі жастардың саны бұрынғыдан азайып қалыпты.

Үш ірі қала – Астана, Алматы және Шымкентте жас отбасыларға жалдамалы мың пәтер беру туралы Президент тапсырған болатын. Қазір соның жобасы жасалып жатыр. Оның бірнеше талабы бар. Жастардың ресми табыс көзі, балалары болу керек. Бірақ, бекітілген жас 29. Жас мөлшерін 35-ке дейін арттырудың ауылы алыс болып тұр. Өйткені ереже заңмен бекітілген. Министр ал баспанаға тезірек қол жеткізу үшін онсыз да кісі есігін паналап жүрген жастар көбірек бала табуы тиіс дейді.

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Бала неғұрлым көп болса, пәтер алуға мүмкіндік те көп. Ол үш жылға келісімшартпен беріледі де шаршы метріне 200 теңге төлеп тұрады. Үш жыл тұрғаннан кейін арнайы комиссия қарастырады да не әрі қарай ұзартады, не үйді қайтарып алады.

Ал депутаттардың есебінше, осы күні жастардың саны бұрынғыға қарағанда азайып қалыпты. Оның үстіне, шетелге оқуға кетіп, қайтпай жатқандар жетерлік. Әсіресе, дарынды, қолынан іс келетін талапты жастар елді тастап кетіп жатқан көрінеді.

Құралай Қаракен, Мәжіліс депутаты:

Бір Ресейдің өзінде 70 мыңдай шәкіртіміз біліп алып жатыр. Олардың елге түгел қайтуы неғайбыл. Өйткені, қолдағы дерекке қарасақ, әр саладағы білікті мамандардың шетел асуы 34-тен 88 пайызға дейін көбейіпті.

Министрдің айтуынша, олардың 70 пайызы сыртта жайлы өмір,  тілдік ортасын іздеген өзге этностардың өкілдері. Ал жастардың қатарының сиреуі 90-жылдардағы күнкөріс қиындығы мен, демографияның тұралауына барып тіреледі. Мұның қасында, өз-өзін өлімге қиған жасөспірімдердің саны былтыр 628-ге жетіпті. Бұл қайта азайғаны екен.

- Былтырғымен салыстырғанда әрине, азайды. Енді көпке азаймаса да азайып келе жатыр. Психологтар жетіспейді. Әсіресе, қазақтілді психологтар табу өте қиын. Біріншіден, олардың кәсіби деңгейі айта кету керек, жоғары емес.

Ал ақыл-есі толысып, отбасын құрған жастардың арасында ажырасу дерегі көбейе түскен. Оның астарына үңіліп көрсе, бір себебі балалы бола алмауынан екен. Соңғы 7 жылда эко арқылы 1800 бала өмірге келіпті. Соның өзі жетпейді, квотаны тағы көбейту керек дейді Қалетаев.

Осыған қатысты министрлік барлық жерде отбасын қолдау орталықтарын ашпақшы. Оның қызметін қарапайым тілмен айтсақ, жастар үйленбес бұрын сол жерге барып болашағы туралы ақыл-кеңес алмақ. Қазірдің өзінде мұндай орталық тәжірибе ретінде Алматыда жұмыс істеп жатыр.

]]>
Заңнан аттап кете алмаймыз. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алатын жас отбасылардың жас мөлшерін неге ұлғайта алмайтындарын осылай түсіндірді. Оның үстіне, елді тастап, шетелге ағылып жатқан білікті жастардың қатары көбейген. Бас қосып, үйленгендерінен ажырасуы тез. Тіпті, осы күнгі жастардың саны бұрынғыдан азайып қалыпты.

Үш ірі қала – Астана, Алматы және Шымкентте жас отбасыларға жалдамалы мың пәтер беру туралы Президент тапсырған болатын. Қазір соның жобасы жасалып жатыр. Оның бірнеше талабы бар. Жастардың ресми табыс көзі, балалары болу керек. Бірақ, бекітілген жас 29. Жас мөлшерін 35-ке дейін арттырудың ауылы алыс болып тұр. Өйткені ереже заңмен бекітілген. Министр ал баспанаға тезірек қол жеткізу үшін онсыз да кісі есігін паналап жүрген жастар көбірек бала табуы тиіс дейді.

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Бала неғұрлым көп болса, пәтер алуға мүмкіндік те көп. Ол үш жылға келісімшартпен беріледі де шаршы метріне 200 теңге төлеп тұрады. Үш жыл тұрғаннан кейін арнайы комиссия қарастырады да не әрі қарай ұзартады, не үйді қайтарып алады.

Ал депутаттардың есебінше, осы күні жастардың саны бұрынғыға қарағанда азайып қалыпты. Оның үстіне, шетелге оқуға кетіп, қайтпай жатқандар жетерлік. Әсіресе, дарынды, қолынан іс келетін талапты жастар елді тастап кетіп жатқан көрінеді.

Құралай Қаракен, Мәжіліс депутаты:

Бір Ресейдің өзінде 70 мыңдай шәкіртіміз біліп алып жатыр. Олардың елге түгел қайтуы неғайбыл. Өйткені, қолдағы дерекке қарасақ, әр саладағы білікті мамандардың шетел асуы 34-тен 88 пайызға дейін көбейіпті.

Министрдің айтуынша, олардың 70 пайызы сыртта жайлы өмір,  тілдік ортасын іздеген өзге этностардың өкілдері. Ал жастардың қатарының сиреуі 90-жылдардағы күнкөріс қиындығы мен, демографияның тұралауына барып тіреледі. Мұның қасында, өз-өзін өлімге қиған жасөспірімдердің саны былтыр 628-ге жетіпті. Бұл қайта азайғаны екен.

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Былтырғымен салыстырғанда әрине, азайды. Енді көпке азаймаса да азайып келе жатыр. Психологтар жетіспейді. Әсіресе, қазақтілді психологтар табу өте қиын. Біріншіден, олардың кәсіби деңгейі айта кету керек, жоғары емес.

Ал ақыл-есі толысып, отбасын құрған жастардың арасында ажырасу дерегі көбейе түскен. Оның астарына үңіліп көрсе, бір себебі балалы бола алмауынан екен. Соңғы 7 жылда эко арқылы 1800 бала өмірге келіпті. Соның өзі жетпейді, квотаны тағы көбейту керек дейді Қалетаев.

Осыған қатысты министрлік барлық жерде отбасын қолдау орталықтарын ашпақшы. Оның қызметін қарапайым тілмен айтсақ, жастар үйленбес бұрын сол жерге барып болашағы туралы ақыл-кеңес алмақ. Қазірдің өзінде мұндай орталық тәжірибе ретінде Алматыда жұмыс істеп жатыр.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:08:57 +0600
Таразда есептеуіш орнатудың соңы үлкен жанжалға ұласты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113133/ Таразда қуат көзін есептеуіш құралдары түгелдей жанып кеткен жатақхана тұрғындары шенеуніктер ісіне наразы. Олардың айтуынша, мемлекеттік мекеме жарықты есептейтін аппаратты, жаңғырту жобасы арқылы қымбатқа орнатуды міндеттеген. Бұл ұсыныс көптің көңілінен шықпады. Себебі жағдайы жұпыны ел құны қымбат қондырғынының ақысын қайтаруға шамамыз келмейді дейді деп, шыр – пыр.  

Жұрттың тынышын бұзған өрт екі жеті бұрын болған. Электр есептеуіш құралдары орнатылған бөлменің түгі қалмай жанып кеткен еді. Ел үш күн бойы жарықсыз қалған. Ал жұрт, әкімдік бүйректен сирақ шығарды дейді. Наразы топтың айтуынша, шенеуніктер жарықты есептеу аппаратын жаңғырту жобасы арқылы орнатуды міндеттеген. Бұл қымбатқа шығып жатқан көрінеді.

Жанар Бәйменова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Модернизацияға кіріңдер деп Дүйсен міндеттеп жатыр. Оған кіретін шамам жоқ. Айына 550 теңге дейді. Ол ондай болмай одан көп болады екен. 15 жылда 300 мыңнан жоғары болып кетеді екен.

Әркім тығырақтан шығу жолын қарастырған. Сөйтіп көбі су жаңа есептеуіш құралын сатып алған. Бағасы 30 мың теңге. Бірақ оны жекелей орнатуға рұқсат жоқ. Атқамінерлер талабы бойынша 88 пәтердің қуат көзін есептеу қондырғысы бір бөлмеге қойылуы тиіс. Бірақ бұл жүйені жұрт тиімсіз дейді. 

Әли Әлиев, Тараз қаласының тұрғыны:

- Бұл жерде көбіне тұрмысы төмен отбасылар тұрады. Мұндай қыруар қаржыны төлеуге шамамыз жоқ. Зейнетақының өзі мардымсыз. 15 жыл бойы қайдан ақша тауып бермекпіз? Мұндай модернизациясына рақмет!

Өрттің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққаны анықталған. Оған кінәліні іздеп ешкімнің бас ауыртатын түрі жоқ. Шенділердің сөзінше, ғимарттың электр желілері мен есептеуіш құралдарын жаңалау үшін, әкімдік әмиянынан 7 млн. теңге бөлінеді. Бұқара қаласа да, қаламаса бұл сомманы 15 жылда санап берулері тиіс. Бірақ, ел шошығандай сонша қымбат емес, бар болғаны айына түтін басына 423 теңге дейді. Тіпті бұған жұрттың басым бөлігі келіскен деп отыр.  

Ғазиз Ерғалиев, Тараз қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Тұрғын үй қатынастары заң талаптарына сәкес, жалпы үйдің басқару органы көпшіліктің шешімі болып табылады. Сол үйдің 70 пайызы осы бағдарлама аясында желілерді толығымен ауыстыру деп шешті. Оған хаттама бар.  

Осылайша әкімдік пен қараша ортақ мәмлеге келе алмай жатыр. Әзірге  тұрғындар есетеуіш құралынсыз қуат көзіне тікелей жалғанған. Ал ай соңындағы төлемге келгенде тағы да дау туындауы мүмкін. Себебі бұл жолы әр шаңыраққа емес, адам басына есептеседі. 

]]>
Таразда қуат көзін есептеуіш құралдары түгелдей жанып кеткен жатақхана тұрғындары шенеуніктер ісіне наразы. Олардың айтуынша, мемлекеттік мекеме жарықты есептейтін аппаратты, жаңғырту жобасы арқылы қымбатқа орнатуды міндеттеген. Бұл ұсыныс көптің көңілінен шықпады. Себебі жағдайы жұпыны ел құны қымбат қондырғынының ақысын қайтаруға шамамыз келмейді дейді деп, шыр – пыр.  

Жұрттың тынышын бұзған өрт екі жеті бұрын болған. Электр есептеуіш құралдары орнатылған бөлменің түгі қалмай жанып кеткен еді. Ел үш күн бойы жарықсыз қалған. Ал жұрт, әкімдік бүйректен сирақ шығарды дейді. Наразы топтың айтуынша, шенеуніктер жарықты есептеу аппаратын жаңғырту жобасы арқылы орнатуды міндеттеген. Бұл қымбатқа шығып жатқан көрінеді.

Жанар Бәйменова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Модернизацияға кіріңдер деп Дүйсен міндеттеп жатыр. Оған кіретін шамам жоқ. Айына 550 теңге дейді. Ол ондай болмай одан көп болады екен. 15 жылда 300 мыңнан жоғары болып кетеді екен.

Әркім тығырақтан шығу жолын қарастырған. Сөйтіп көбі су жаңа есептеуіш құралын сатып алған. Бағасы 30 мың теңге. Бірақ оны жекелей орнатуға рұқсат жоқ. Атқамінерлер талабы бойынша 88 пәтердің қуат көзін есептеу қондырғысы бір бөлмеге қойылуы тиіс. Бірақ бұл жүйені жұрт тиімсіз дейді. 

Әли Әлиев, Тараз қаласының тұрғыны:

- Бұл жерде көбіне тұрмысы төмен отбасылар тұрады. Мұндай қыруар қаржыны төлеуге шамамыз жоқ. Зейнетақының өзі мардымсыз. 15 жыл бойы қайдан ақша тауып бермекпіз? Мұндай модернизациясына рақмет!

Өрттің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққаны анықталған. Оған кінәліні іздеп ешкімнің бас ауыртатын түрі жоқ. Шенділердің сөзінше, ғимарттың электр желілері мен есептеуіш құралдарын жаңалау үшін, әкімдік әмиянынан 7 млн. теңге бөлінеді. Бұқара қаласа да, қаламаса бұл сомманы 15 жылда санап берулері тиіс. Бірақ, ел шошығандай сонша қымбат емес, бар болғаны айына түтін басына 423 теңге дейді. Тіпті бұған жұрттың басым бөлігі келіскен деп отыр.  

Ғазиз Ерғалиев, Тараз қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Тұрғын үй қатынастары заң талаптарына сәкес, жалпы үйдің басқару органы көпшіліктің шешімі болып табылады. Сол үйдің 70 пайызы осы бағдарлама аясында желілерді толығымен ауыстыру деп шешті. Оған хаттама бар.  

Осылайша әкімдік пен қараша ортақ мәмлеге келе алмай жатыр. Әзірге  тұрғындар есетеуіш құралынсыз қуат көзіне тікелей жалғанған. Ал ай соңындағы төлемге келгенде тағы да дау туындауы мүмкін. Себебі бұл жолы әр шаңыраққа емес, адам басына есептеседі. 

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:07:47 +0600
Астанада 600-ден астам жұмысшы жалақыларын талап етіп, наразылық білдірді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113132/ Тұрғын үй құрылысына қажетті материал шығарумен айналысатындардың бірнеше айдан бері қолдарына еңбекақысы тимеген. Ал кезінде сән-салтанатпен ашылған комбинаттың қазір қаржылық жағдайы мүшкіл екен.

Боранды күні наразылық білдіргендердің мұңы бір. Тіпті екі жылдан аса нәпақасын айырып келген комбинатқа кіре алмай, тесігінен сығалап қалды. Өйткені қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс материалдарын шығаратын зауыт уақытша жұмысын тоқтатқан. Енді үш айдан бері жалақылары қолына тимей, өздері жұмыссыз босып кеткен. 

Жангелді Әшімхан, жұмысшы:

- Бізге тамақ ішу керек. Пәтерақымды төлеу керек. Кредиттің өсімақысы күн сайын көбейіп жатыр. Уәдеге тойдырып болды.

Қарызға белшеден батқан  жұмысшылар саны 600-ден асып жығылады. Барлығы мына зауытта тұрғын үй қабырғасын осылай дайын күйінде шығарумен айналысқан. Екі жарым жыл бұрын іске қосылған комбинатты Елбасының өзі ашып берген еді. Енді мақтауы асырылған кәсіпорын жұмысшыларының ақшасын дер кезінде төлемей дауға қалып жатыр.

Қазыбай Сембайұлы, жұмысшы:

- Үш күн істеп, үш күн демаламыз. Төрт ауысым болған. Бір сменада 45 адамдай істедік. Бірақ, өкінішке қарай жұмысшылардың біразы жұмыстан шығып кетті. Отбасын асыру керек қой.

Ал өздері де жалақы алмағанын айтқан зауыт басшылығы кінә бізден емес дейді. Олардың айтуынша, комбинат «Шар құрылыс» дейтін компанияға тиесілі. Құрылтайшы фирмадан тапсырыс не ақша түспеген соң, осындай жағдайға тап болдық дейді.

Максим Передреев, Үй құрылысы комбинатының атқарушы директоры:

- Қазір құрылыс саласында біраз қиыншылықтар болып жатыр. Тапсырыс беруші компаниядан ақша күтіп отырмыз. Олар да әне-міне береміз деп бізді сендіріп отыр. Қаржы түскен бойда жұмысшыларға жалақы беріліп, өндіріс орны қайтадан іске қосылады.

Осылайша, жұмысшыларын жалақысыз қалдырған мақтаулы компания басшылары бүгін тағы кезекті уәдемен құтылды. Олардың айтуынша, қызметкерлеріне екі күннен кейін маңдай тер ақылары беріледі. Бірақ айлап айлық көрмегендердің бұған сенімінен гөрі күдігі басым.

]]>
Тұрғын үй құрылысына қажетті материал шығарумен айналысатындардың бірнеше айдан бері қолдарына еңбекақысы тимеген. Ал кезінде сән-салтанатпен ашылған комбинаттың қазір қаржылық жағдайы мүшкіл екен.

Боранды күні наразылық білдіргендердің мұңы бір. Тіпті екі жылдан аса нәпақасын айырып келген комбинатқа кіре алмай, тесігінен сығалап қалды. Өйткені қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс материалдарын шығаратын зауыт уақытша жұмысын тоқтатқан. Енді үш айдан бері жалақылары қолына тимей, өздері жұмыссыз босып кеткен. 

Жангелді Әшімхан, жұмысшы:

- Бізге тамақ ішу керек. Пәтерақымды төлеу керек. Кредиттің өсімақысы күн сайын көбейіп жатыр. Уәдеге тойдырып болды.

Қарызға белшеден батқан  жұмысшылар саны 600-ден асып жығылады. Барлығы мына зауытта тұрғын үй қабырғасын осылай дайын күйінде шығарумен айналысқан. Екі жарым жыл бұрын іске қосылған комбинатты Елбасының өзі ашып берген еді. Енді мақтауы асырылған кәсіпорын жұмысшыларының ақшасын дер кезінде төлемей дауға қалып жатыр.

Қазыбай Сембайұлы, жұмысшы:

- Үш күн істеп, үш күн демаламыз. Төрт ауысым болған. Бір сменада 45 адамдай істедік. Бірақ, өкінішке қарай жұмысшылардың біразы жұмыстан шығып кетті. Отбасын асыру керек қой.

Ал өздері де жалақы алмағанын айтқан зауыт басшылығы кінә бізден емес дейді. Олардың айтуынша, комбинат «Шар құрылыс» дейтін компанияға тиесілі. Құрылтайшы фирмадан тапсырыс не ақша түспеген соң, осындай жағдайға тап болдық дейді.

Максим Передреев, Үй құрылысы комбинатының атқарушы директоры:

- Қазір құрылыс саласында біраз қиыншылықтар болып жатыр. Тапсырыс беруші компаниядан ақша күтіп отырмыз. Олар да әне-міне береміз деп бізді сендіріп отыр. Қаржы түскен бойда жұмысшыларға жалақы беріліп, өндіріс орны қайтадан іске қосылады.

Осылайша, жұмысшыларын жалақысыз қалдырған мақтаулы компания басшылары бүгін тағы кезекті уәдемен құтылды. Олардың айтуынша, қызметкерлеріне екі күннен кейін маңдай тер ақылары беріледі. Бірақ айлап айлық көрмегендердің бұған сенімінен гөрі күдігі басым.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:06:39 +0600
Тараздық тәртіп сақшылары трагедияның алдын алды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113131/ Полицейлер көмір иісіне уланып, үйінде ес-түссіз жатқан екі жергілікті тұрғынды құтқарып қалды.

52 жастағы Шөлдала ауылының тұрғыны таңға жуық оянып, өзі мен 50 жастағы жұбайының дел-сал күйде екенін аңғарған. Ысқа тұншыққанын түсінген ол, дереу жедел жәрдемге хабар беріп үлгеріп, қайта құлаған. Алайда дәрігерлер келгенімен, баспанаға кіре алмай полицейлерге жүгінген. Шұғыл жеткен олар, үйге терезеден түсіп, ыңырсып, талып жатқандарды тысқа алып шығады. Құдай сақтап ерлі-зайыпты уақытылы көмектің арқасында аман қалды. Ал улы газдың көмірмен жылытылатын пештен тарағаны белгілі болды. 

]]>
Полицейлер көмір иісіне уланып, үйінде ес-түссіз жатқан екі жергілікті тұрғынды құтқарып қалды.

52 жастағы Шөлдала ауылының тұрғыны таңға жуық оянып, өзі мен 50 жастағы жұбайының дел-сал күйде екенін аңғарған. Ысқа тұншыққанын түсінген ол, дереу жедел жәрдемге хабар беріп үлгеріп, қайта құлаған. Алайда дәрігерлер келгенімен, баспанаға кіре алмай полицейлерге жүгінген. Шұғыл жеткен олар, үйге терезеден түсіп, ыңырсып, талып жатқандарды тысқа алып шығады. Құдай сақтап ерлі-зайыпты уақытылы көмектің арқасында аман қалды. Ал улы газдың көмірмен жылытылатын пештен тарағаны белгілі болды. 

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:05:31 +0600
Шымкентте мектеп оқушысы бүлдіршіндерді оттан құтқарып қалды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113130/ 5 және 3 жасар екі бүлдіршінді оттың ішінен алып шыққаны үшін «батыр бала» атанып үлгерген Бақытжан Беркінбай енді мемлекеттік наградаға ұсынылуы да мүмкін.

Ал, оқиға сенбі күні қала шетіндегі Құрсай шағын ауданында болды. Жер үйлердің бірінен от шығып, лезде бүкіл бөлмелерді от шарпыған. Бұл кезде баспана ішінде 3 балақай болыпты. Ал, ата-анасы үйде болмапты. От лаулай бастаған сәтте бүлдіршіндердің ересегі – бастауыш сыныпта оқитын қыз көршілеріне жүгірген. Көмек қажет екенін естіген 8-ші сынып оқушысы оң қолы сынғанына қарамастан еш ойланбастан қызыл жалынға оранған баспана ішінен екі бүлдіршінді алып шықты. Осы ерлігі үшін мектеп пен білім басқармасынан алғыс алып жатқан баланы төтенше жағдайлар департаменті тіпті мемлекеттік наградаға ұсынамыз деп отыр.

Бақытжан Беркінбай, оқушы:

- Іші қатты жанып жатқан. Оны ойлауға уақыт болған жоқ. Қыз бен баланы алып шығу керек болды. Сөйтсем оқыз бен бала жылап отыр екен, шыға алмай. Сосын барып шығардым. Үйге апарып су ішкіздім.

]]>
5 және 3 жасар екі бүлдіршінді оттың ішінен алып шыққаны үшін «батыр бала» атанып үлгерген Бақытжан Беркінбай енді мемлекеттік наградаға ұсынылуы да мүмкін.

Ал, оқиға сенбі күні қала шетіндегі Құрсай шағын ауданында болды. Жер үйлердің бірінен от шығып, лезде бүкіл бөлмелерді от шарпыған. Бұл кезде баспана ішінде 3 балақай болыпты. Ал, ата-анасы үйде болмапты. От лаулай бастаған сәтте бүлдіршіндердің ересегі – бастауыш сыныпта оқитын қыз көршілеріне жүгірген. Көмек қажет екенін естіген 8-ші сынып оқушысы оң қолы сынғанына қарамастан еш ойланбастан қызыл жалынға оранған баспана ішінен екі бүлдіршінді алып шықты. Осы ерлігі үшін мектеп пен білім басқармасынан алғыс алып жатқан баланы төтенше жағдайлар департаменті тіпті мемлекеттік наградаға ұсынамыз деп отыр.

Бақытжан Беркінбай, оқушы:

- Іші қатты жанып жатқан. Оны ойлауға уақыт болған жоқ. Қыз бен баланы алып шығу керек болды. Сөйтсем оқыз бен бала жылап отыр екен, шыға алмай. Сосын барып шығардым. Үйге апарып су ішкіздім.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:04:19 +0600
Гелендваген жүргізушісі жол апатынан соң оқиға орнынан қашқанын мойындады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113129/ Алматыда Гелендвагенімен 4 адам отырған көлікті қағып, 3-уінің өліміне себепкер болған жүргізуші мұнысын да мойындады. Ілияс Кар бұл бұл әрекетін өз өміріне төнген қауіппен байланыстырады.

Ілияс Кар, айыпталушы:

- Оқиға орнынан қашып, оңбағандық жасағанымды мойындаймын. Мицубисиді қаққан соң, өз көлігімнен шығып зардап шеккендерге көмектестім. Жедел жәрдемді сол жердегілер шақырды. Жолда тоқтаған өзге көлік жүргізушілерінің ашуланып, боқтаған сөздерінен соң қорқа бастадым. Өз өміріме қауіп төнбей тұрғанда кетейін деп шештім.

33 жастағы айыпталушының айтуынша, осыдан кейін таң атқанша көпқабатты үйлердің ауласында жүрген. Кейін Масанчи көшесінің бойынан таксиге мініп, барахолканы бетке алады. Ондағы мақсаты: аяғына жылы етік, үстіне сырт киім мен телефон сатып алу. Түске таман өзіне қорғаушы іздеп, қан құрамындағы алкогольге сараптама жасатуға барған. Прокурор алғашқы сот отырысының айыптау қорытындысында сотталушының ішімдік ішкенін айтқан болатын.  Бірнеше айғақтарды алға тартты. Алайда Ілияс Кардың өзі мас күйінде көлік жүргізбедім деп отыр. Бүгін прокурор жол талғамайтын көлігімен желдей жүйткіп, 3 адамның өмірін қиған Ілияс Карды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жол апатынан зардап шегіп, аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева әлі ауруханада. Кезекті күрделі отадан соң әлі есін жимаған. Қазір марқұмдардың жақындары айыпталушыдан материалдық-моралдық шығын өтеуді талап етіп отыр.

]]>
Алматыда Гелендвагенімен 4 адам отырған көлікті қағып, 3-уінің өліміне себепкер болған жүргізуші мұнысын да мойындады. Ілияс Кар бұл бұл әрекетін өз өміріне төнген қауіппен байланыстырады.

Ілияс Кар, айыпталушы:

- Оқиға орнынан қашып, оңбағандық жасағанымды мойындаймын. Мицубисиді қаққан соң, өз көлігімнен шығып зардап шеккендерге көмектестім. Жедел жәрдемді сол жердегілер шақырды. Жолда тоқтаған өзге көлік жүргізушілерінің ашуланып, боқтаған сөздерінен соң қорқа бастадым. Өз өміріме қауіп төнбей тұрғанда кетейін деп шештім.

33 жастағы айыпталушының айтуынша, осыдан кейін таң атқанша көпқабатты үйлердің ауласында жүрген. Кейін Масанчи көшесінің бойынан таксиге мініп, барахолканы бетке алады. Ондағы мақсаты: аяғына жылы етік, үстіне сырт киім мен телефон сатып алу. Түске таман өзіне қорғаушы іздеп, қан құрамындағы алкогольге сараптама жасатуға барған. Прокурор алғашқы сот отырысының айыптау қорытындысында сотталушының ішімдік ішкенін айтқан болатын.  Бірнеше айғақтарды алға тартты. Алайда Ілияс Кардың өзі мас күйінде көлік жүргізбедім деп отыр. Бүгін прокурор жол талғамайтын көлігімен желдей жүйткіп, 3 адамның өмірін қиған Ілияс Карды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жол апатынан зардап шегіп, аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева әлі ауруханада. Кезекті күрделі отадан соң әлі есін жимаған. Қазір марқұмдардың жақындары айыпталушыдан материалдық-моралдық шығын өтеуді талап етіп отыр.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:03:10 +0600
Алматыда ұшақтан ақау шықты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113128/ Фоккер 100 әуе кемесі көкке көтеріле алмай жолаушыларды сабылтқан. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайындағылар хабарлады.

Оқыс жағдай ұшақтың корпусындағы ақаудан болған. Ол жүкті тиеу және жолаушыларды отырғызу кезінде зақымдалыпты. Ұшақ тиесілі «Бек Эйр» компаниясындағылар жүк түсіретін арба корпусқа соғылып, тесіп кеткен дейді. Бұл жағдайдың неліктен болғанын мамандар  анықтап жатыр. Ал бір сағатқа жуық күтіп, ұшақ пен терминал арасында сабылған жолаушылар Астанаға басқа әуе кемесімен жөнелтілді.

«Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі:

- Болған жәйт туралы бірден ҚР Азаматтық авиация комитетіне және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасына баяндадық. Бұл жағдай Алматы Халықаралық әуежайының жұмысына еш әсерін тигізген жоқ, әуе айлағы әдеттегідей жұмыс істеп тұр. 

]]>
Фоккер 100 әуе кемесі көкке көтеріле алмай жолаушыларды сабылтқан. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайындағылар хабарлады.

Оқыс жағдай ұшақтың корпусындағы ақаудан болған. Ол жүкті тиеу және жолаушыларды отырғызу кезінде зақымдалыпты. Ұшақ тиесілі «Бек Эйр» компаниясындағылар жүк түсіретін арба корпусқа соғылып, тесіп кеткен дейді. Бұл жағдайдың неліктен болғанын мамандар  анықтап жатыр. Ал бір сағатқа жуық күтіп, ұшақ пен терминал арасында сабылған жолаушылар Астанаға басқа әуе кемесімен жөнелтілді.

«Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі:

- Болған жәйт туралы бірден ҚР Азаматтық авиация комитетіне және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасына баяндадық. Бұл жағдай Алматы Халықаралық әуежайының жұмысына еш әсерін тигізген жоқ, әуе айлағы әдеттегідей жұмыс істеп тұр. 

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:02:00 +0600
Ай толысады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/18/113126/ Яғни бұл - аспан денесі жер шарына өте жақын келеді деген сөз. Табиғаттың ерекше құбылысын еліміздің кез-келген бұрышынан тамашалауға болады.

Ай дөңгеленіп, сәулесі бұрынғыдан да жарқырай түспек. Таңғажайып құбылыс қарапайым адамдар үшін қызық. Ерекше сәтті жарты ғаламшар анық көре алады. Соның ішінде Еуропаның елдері, Ресей, Қазақстан да бар. Алматыдағы Астрофизика институты мамандарының айтуынша, айдың толысуы Астана уақытымен кешкі 21:50-ге сәйкес келіп тұр. Ал, соңғы рет ай 1948 жылы жерге қарай жылжыған. Ол кезде аспан денесі біздің ғаламшарға 1 мың шақырымға жақындапты.

Бауыржан Омар, В. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының инженері:

- Ай жақындаған кезде бізге жарығы жақсы түседі. Сол уақытта біз айды жақсы бақылай аламыз. 21 сағат 53 минуттан басталса 1-1,5 сағатқа созылады.

]]>
Яғни бұл - аспан денесі жер шарына өте жақын келеді деген сөз. Табиғаттың ерекше құбылысын еліміздің кез-келген бұрышынан тамашалауға болады.

Ай дөңгеленіп, сәулесі бұрынғыдан да жарқырай түспек. Таңғажайып құбылыс қарапайым адамдар үшін қызық. Ерекше сәтті жарты ғаламшар анық көре алады. Соның ішінде Еуропаның елдері, Ресей, Қазақстан да бар. Алматыдағы Астрофизика институты мамандарының айтуынша, айдың толысуы Астана уақытымен кешкі 21:50-ге сәйкес келіп тұр. Ал, соңғы рет ай 1948 жылы жерге қарай жылжыған. Ол кезде аспан денесі біздің ғаламшарға 1 мың шақырымға жақындапты.

Бауыржан Омар, В. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының инженері:

- Ай жақындаған кезде бізге жарығы жақсы түседі. Сол уақытта біз айды жақсы бақылай аламыз. 21 сағат 53 минуттан басталса 1-1,5 сағатқа созылады.

]]>
Дүй, 18 ақп 2019 20:00:41 +0600
Конституциялық кеңес Елбасының өтінішіне жауап берді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112980/ Қазақстан Президентінің мерзімінен бұрын отставкаға кетуге құқығы бар.

Бүгін Конституциялық Кеңес Елбасының құқығы мен міндеттері жайлы түсініктеме берді. Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев тиісті органға ай басында сауал жолдаған болатын. Онда мемлекет басшысы президенттің өкілеттігін тоқтату жайлы бапты тиянақты түсіндіруді сұраған. Елбасы арнайы мәлімдеме жасап, Конституциялық кеңеске жүгіну қарапайым әрекет екенін айтты. Және де кезектен тыс сайлау өткізуге ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді.

]]>
Қазақстан Президентінің мерзімінен бұрын отставкаға кетуге құқығы бар.

Бүгін Конституциялық Кеңес Елбасының құқығы мен міндеттері жайлы түсініктеме берді. Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев тиісті органға ай басында сауал жолдаған болатын. Онда мемлекет басшысы президенттің өкілеттігін тоқтату жайлы бапты тиянақты түсіндіруді сұраған. Елбасы арнайы мәлімдеме жасап, Конституциялық кеңеске жүгіну қарапайым әрекет екенін айтты. Және де кезектен тыс сайлау өткізуге ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:15:45 +0600
Мектеп директорлары кең кабинетін босатуға мәжбүр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112979/ Кең кабинеттен тардай бөлмеге! Астанада мектеп директорлары жаппай бірінші қабаттағы қуықтай бөлмелерге көшіріліп жатыр.

Өйткені, олардың жұмыс кабинеттері оқушыларға сынып ретінде берілмек. Мәселен, шаршы метрі үлкен мына бос бөлме, директордың бұрынғы жұмыс орны. Енді ол жақын күндері мұғалімдердің сабақ арасында тынығып, жүрек жалғап алатын жері болмақ. Ал, білім ордасының басшылары кіре беріске жақын орналасқан мынадай тар кабинеттерге көшіріліп жатыр. Осы арқылы олар оқушылар мен ата-аналарға жақын боламыз дейді.

Шәкәрім Сәрсенбай, мектеп директоры:

- Әрине кең кабинеттің жақсы жақтары да бар. Бірақ, біз оған етімізді үйретпеуіміз керек деп ойлаймын. Өйткені, біз бұл жерде қызмет ету үшін жүрміз.

]]>
Кең кабинеттен тардай бөлмеге! Астанада мектеп директорлары жаппай бірінші қабаттағы қуықтай бөлмелерге көшіріліп жатыр.

Өйткені, олардың жұмыс кабинеттері оқушыларға сынып ретінде берілмек. Мәселен, шаршы метрі үлкен мына бос бөлме, директордың бұрынғы жұмыс орны. Енді ол жақын күндері мұғалімдердің сабақ арасында тынығып, жүрек жалғап алатын жері болмақ. Ал, білім ордасының басшылары кіре беріске жақын орналасқан мынадай тар кабинеттерге көшіріліп жатыр. Осы арқылы олар оқушылар мен ата-аналарға жақын боламыз дейді.

Шәкәрім Сәрсенбай, мектеп директоры:

- Әрине кең кабинеттің жақсы жақтары да бар. Бірақ, біз оған етімізді үйретпеуіміз керек деп ойлаймын. Өйткені, біз бұл жерде қызмет ету үшін жүрміз.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:14:36 +0600
Ақтаудың экс-судьясы айтқан сөзінен айнып қалды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112978/ Судья сөзін қайтып алды. Жоғарғы соттан қысым көрдім деп шағымданып, халықаралық құқық қорғаушылардан араша сұраған Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев бүгін өз сөзінен бас тартты.

Тәжірибелі судья жақында басшылықтан көрген құқайын видео үндеу арқылы көпшілікке жолдаған еді. Тіпті, өзіне қолдау қажеттігін айтқан ол АҚШ, Канада және Еруопарламент депутаттарынан көмек сұрады. Айта кетейік, маңғыстаулық судья төңірегіндегі дау бір аптадан бері өршіп тұр. Алғашында ол жұмысынан босатылды. Бұған Кенжәлиевтің Каспий жағалауындағы үйін тұрғызған өзбек құрылысшыларының бригадирімен жанжалдасқаны түсірілген бейнежазба себеп болған. Алайда, іле-шала судья барлығын экстермизм бабы бойынша айыпталған Айгүл Ақбердіні ақтап үкім шығарған әрекетімен байланыстырып келген. Бірақ, бүгін Астанада Жоғарғы сотқа келген Кенжәлиев саяси ойынның құрбаны болғанын айтады. Жымысқы қулық пен саяси технологияның ойынына айналдым деген ол, ешкімге наразылығым жоқ дейді.

Мәлік Кенжалиев:

- Соңғы кездегі маған қатысты оқиғалар менің көзқарасыма қайшы келетінін мәлімдеймін. Кейбір құқық қорғаушылардың саяси ұпай тауып, олардың ойынына тап болдым. Судья ретінде Айгүл Ақбердінің ісін қарау кезінде де олардың арбауына түсіп қалдым. Оны байқамай қалдым дер кезінде. Менің атымды олар сот жүйесі және мемлекетімізге деструктивті сын айту үшін пайдаланып отыр. Тағы да айтамын, ешкімнің құқықтық қорғауын қажет етпеймін. Менің аты-жөнімді саяси ұпай жинау үшін пайдалануды тоқтатуды талап етемін.

]]>
Судья сөзін қайтып алды. Жоғарғы соттан қысым көрдім деп шағымданып, халықаралық құқық қорғаушылардан араша сұраған Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев бүгін өз сөзінен бас тартты.

Тәжірибелі судья жақында басшылықтан көрген құқайын видео үндеу арқылы көпшілікке жолдаған еді. Тіпті, өзіне қолдау қажеттігін айтқан ол АҚШ, Канада және Еруопарламент депутаттарынан көмек сұрады. Айта кетейік, маңғыстаулық судья төңірегіндегі дау бір аптадан бері өршіп тұр. Алғашында ол жұмысынан босатылды. Бұған Кенжәлиевтің Каспий жағалауындағы үйін тұрғызған өзбек құрылысшыларының бригадирімен жанжалдасқаны түсірілген бейнежазба себеп болған. Алайда, іле-шала судья барлығын экстермизм бабы бойынша айыпталған Айгүл Ақбердіні ақтап үкім шығарған әрекетімен байланыстырып келген. Бірақ, бүгін Астанада Жоғарғы сотқа келген Кенжәлиев саяси ойынның құрбаны болғанын айтады. Жымысқы қулық пен саяси технологияның ойынына айналдым деген ол, ешкімге наразылығым жоқ дейді.

Мәлік Кенжалиев:

- Соңғы кездегі маған қатысты оқиғалар менің көзқарасыма қайшы келетінін мәлімдеймін. Кейбір құқық қорғаушылардың саяси ұпай тауып, олардың ойынына тап болдым. Судья ретінде Айгүл Ақбердінің ісін қарау кезінде де олардың арбауына түсіп қалдым. Оны байқамай қалдым дер кезінде. Менің атымды олар сот жүйесі және мемлекетімізге деструктивті сын айту үшін пайдаланып отыр. Тағы да айтамын, ешкімнің құқықтық қорғауын қажет етпеймін. Менің аты-жөнімді саяси ұпай жинау үшін пайдалануды тоқтатуды талап етемін.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:13:28 +0600
Балаларды ұрып-соғып жатқан бейнежазбалар интернеттен дереу жойылады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112977/ Ал мұғалімдерді басқа жұмысқа жегіп, керек-жараққа өз қалтасынан ақша жұмсатқан басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Мұның бәрі егжей-тегжейлі педагог мәртебесі жөнінде дайындалып жатқан заң жобасына енгізіліп отыр.

Елімізде кәмелетке толмаған 5 мыңнан аса бала полицияның есебінде тұр. Жеткіншектерге жәбір көрсететіндер де аз емес. Былтырдың өзінде балаларға қатысты екі мыңнан астам қылмыс жасалған. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі балалар қауіпсіздігін күшейту үшін бұзақы оқушылардың мектепке әкелген суық қаруын тәркілеп алмақшы.

Раиса Шер, Білім және ғылым министрінің балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңесшісі:

Суық қару, газ баллондары және тағы басқалар. Жалпы тізімі Ішкі істер министрлігімен келісілді. Жақын күндері жарияланады, өйткені кеше министр қол қойды. Ал оны қалай тартып аламыз, ол жағы талқыланып, арнайы әдістемесі жасалады.

Білім министрі балалар құқын қорғау үшін әлеуметтік желілерге де көз тігіп отыр. Өйткені, бір-бірін аяусыз соққыға жығып жатқан жасөспірімдердің көрінісі интернетте қаптап барады. Елді дүрліктірген сондай жәйттердің бірі өткенде ғана Түркістанда болды.

Сағадиев осының бәрін желіден жоюға кірісіпті. Бұдан былай мұндай видеолар интернеттен бір сағатта жойылады. Ол үшін мұғалімдер бірден ақпарат және байланыс министрлігіне шығып, алып тастау жөнінде ұсыныс беруі керек. Оқу ісінен бөлек, мектептің қосымша жұмыстарынан қолы босамайтын ұстаздарды да үлкен жаңалық күтіп тұр. Зерттеулерге сүйенсек, жалақының төмендігінен мемлекеттік мектептерде істейтін мұғалімдердің шамамен төрттен бірі бірнеше штатты қоса алып жүр. Бұл ұстаз мойнына түскен көп жүктеменің бірі ғана. Сондықтан, заңға мынадай өзгерістер енгізілмек.

Елдос Нұрланов, мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

- Енді тән емес жұмыс түріне тартқан, заңнамада қаралмаған есепті сұратқан, өз есебінен құрал-жабдыққа қаржы жұмсатқан лауазым иесі әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Бұрын ондай жауапкершілік әкімшілік құқықбұзушылар туралы кодексте болмаған.

Ал білім беру мекемелеріндегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау деген енді болмайды. Бұл ұстаздардан оқу жүктемесін әлдеқайда азайтпақ.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- 2020 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесін алып тастаймыз. Біздің ойымызша, қазіргі уақытта жоғары оқу орындарына бұл жүйенің керегі жоқ. Қараша айында информатика, қазақ және ағылшын тілдері, философия пәндері бойынша соңғы рет өткіземіз деп отырмыз.

Яғни, бұл жүйені алып тастау білім мекемесінің оқу процесіне әсер етпейді. Ал студенттерге келсек, 3 алғандар шәкіртақыдан айрылмауы мүмкін. Сағадиев оның білім сапасын жақсартуға септігі тиеріне сенімді. Өйткені, ақшадан қағылмаудың амалын істеп, баға үшін оқитындар көбейіп кеткен дейді министр.

]]>
Ал мұғалімдерді басқа жұмысқа жегіп, керек-жараққа өз қалтасынан ақша жұмсатқан басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Мұның бәрі егжей-тегжейлі педагог мәртебесі жөнінде дайындалып жатқан заң жобасына енгізіліп отыр.

Жұм, 15 ақп 2019 20:12:20 +0600
Көп балалы аналар Астана әкімімен кездесті https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112976/ Өздеріне көрсетілер көмекті көбейтуін сұраған әйелдер Бақыт Сұлтановқа айтқан өтініштерін қайта оқып берді.

Олардың негізгісі - жәрдемақы мен жөргек пұлды өсіру, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар аналарға түнгі ауысымда жұмыс істеуге тыйым салу және көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі. Әкім 50-ге жуық ананы жеке-жеке қабылдап, осы және өзге де талап-арыздарын тыңдап шықты. Сөйтіп, көп балалы отбасыларды, үйі сүрілетін тұрғындардың тізіміне қосуды тапсырды. Сөйтіп, олар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынбақ. Сол үшін әкім аналарды сәл шыдай тұруға шақырды.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

Былай есептегенде 45 мың адам кезекте тұр Астанада. Олардың барлығын баспанамен қамтамасыз етсек 1 триллиондай қаражат керек. Сондықтан бұл бір күнде шешілетін мәселе емес.

]]>
Өздеріне көрсетілер көмекті көбейтуін сұраған әйелдер Бақыт Сұлтановқа айтқан өтініштерін қайта оқып берді.

Олардың негізгісі - жәрдемақы мен жөргек пұлды өсіру, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар аналарға түнгі ауысымда жұмыс істеуге тыйым салу және көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі. Әкім 50-ге жуық ананы жеке-жеке қабылдап, осы және өзге де талап-арыздарын тыңдап шықты. Сөйтіп, көп балалы отбасыларды, үйі сүрілетін тұрғындардың тізіміне қосуды тапсырды. Сөйтіп, олар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салынбақ. Сол үшін әкім аналарды сәл шыдай тұруға шақырды.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

Былай есептегенде 45 мың адам кезекте тұр Астанада. Олардың барлығын баспанамен қамтамасыз етсек 1 триллиондай қаражат керек. Сондықтан бұл бір күнде шешілетін мәселе емес.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:11:11 +0600
Шымкентте әкімнің есеп беру жиынына кей тұрғындар кіре алмай қалды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112975/ Шымкентте әкімнің есеп беру жиынына кей тұрғындар кіре алмай қалды. Үшінші мегаполис басшысы Ғабидолла Әбдірахымовпен айлап жолыға алмай жүрген бір топ қалалықтар бұл жолы да кездесе алмаған соң жанайқайын сыртта тұрып-ақ жеткізбекші болды.

Зибагүл Қосуақ, Шымкент тұрғыны:

- Қаланың іргесінде тұрамыз. Ауылымызда, жол жоқ,  су жоқ, газды айтпай-ақ қоя салайын! Не ауырсаң емделейін десең емхана жоқ. «103» шақырсаң келмейді! Менің телефонымда тұр өтірік десең. Міне кіргізбей тұр ғой, міне. Есікті жауып алып.

Ал, бұл уақытта Ғабидолла Әбдірахымов «Түркістан» сарайында жетістіктерін айтып жатқан. Оның сөзінше Шымкент тұрғын үй құрылысы жөнінен бірінші орында тұр екен. Тіпті, 1-ші наурыздан бастап көпбалалы аналар Шымкентте қоғамдық көлікте тегін жүреді деп сүйінші сұрап жатты. Тек сыртта тұрған тұрғындар әрине әкімнің сөзін естіген де жоқ. Бірнеше айлап әкіммен жүздесе алмай жүргендерге бұл жолы да жолығу мүмкін болмады. Есесіне, әкім орынбасары шығып, дүрліккен топқа уәдені үйіп-төкті.

Емхана  соғып берейін деп жатырмыз, автобус жаңадан тағы 3 маршрут қосайын деп жатыр. Ертең автобус келейін деп жатыр.

- Мені кіргізші, айналайын. Бар өтінішім.

- Сағат 4-те кіргіземіз, сағат 4-те жеке қабылдауына. 

]]>
Шымкентте әкімнің есеп беру жиынына кей тұрғындар кіре алмай қалды. Үшінші мегаполис басшысы Ғабидолла Әбдірахымовпен айлап жолыға алмай жүрген бір топ қалалықтар бұл жолы да кездесе алмаған соң жанайқайын сыртта тұрып-ақ жеткізбекші болды.

Зибагүл Қосуақ, Шымкент тұрғыны:

- Қаланың іргесінде тұрамыз. Ауылымызда, жол жоқ,  су жоқ, газды айтпай-ақ қоя салайын! Не ауырсаң емделейін десең емхана жоқ. «103» шақырсаң келмейді! Менің телефонымда тұр өтірік десең. Міне кіргізбей тұр ғой, міне. Есікті жауып алып.

Ал, бұл уақытта Ғабидолла Әбдірахымов «Түркістан» сарайында жетістіктерін айтып жатқан. Оның сөзінше Шымкент тұрғын үй құрылысы жөнінен бірінші орында тұр екен. Тіпті, 1-ші наурыздан бастап көпбалалы аналар Шымкентте қоғамдық көлікте тегін жүреді деп сүйінші сұрап жатты. Тек сыртта тұрған тұрғындар әрине әкімнің сөзін естіген де жоқ. Бірнеше айлап әкіммен жүздесе алмай жүргендерге бұл жолы да жолығу мүмкін болмады. Есесіне, әкім орынбасары шығып, дүрліккен топқа уәдені үйіп-төкті.

Емхана  соғып берейін деп жатырмыз, автобус жаңадан тағы 3 маршрут қосайын деп жатыр. Ертең автобус келейін деп жатыр.

- Мені кіргізші, айналайын. Бар өтінішім.

- Сағат 4-те кіргіземіз, сағат 4-те жеке қабылдауына. 

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:10:03 +0600
Екі оқушыны көлік қағып кетті https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112974/ Қарағандыда мектепке барар жолда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі оқушыны көлік қағып кетті. Қатты соққыдан 13 және 14 жастағы балалар бірнеше метр жерге ұшып кеткен.

Оқиға орнына полиция және жедел жәрдем тез арада жеткен. Дәрігерлер естері кіресілі шығасылы екі баланы ауруханаға жөнелткен. Оның бірі жағдайы дұрыс болғасын үйіне жіберілді. Ал екіншісін ауруханаға жатқызуға мәжбүр болыпты. 14 жастағы оқушының аяғы сынып, түрлі дене жарақаттырын алған. Ал 31 жастағы Лада көлігінің жүргізушісі тергеліп жатыр. Ол балаларға кетілірген жарақаттың ауырлығына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

]]>
Қарағандыда мектепке барар жолда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі оқушыны көлік қағып кетті. Қатты соққыдан 13 және 14 жастағы балалар бірнеше метр жерге ұшып кеткен.

Оқиға орнына полиция және жедел жәрдем тез арада жеткен. Дәрігерлер естері кіресілі шығасылы екі баланы ауруханаға жөнелткен. Оның бірі жағдайы дұрыс болғасын үйіне жіберілді. Ал екіншісін ауруханаға жатқызуға мәжбүр болыпты. 14 жастағы оқушының аяғы сынып, түрлі дене жарақаттырын алған. Ал 31 жастағы Лада көлігінің жүргізушісі тергеліп жатыр. Ол балаларға кетілірген жарақаттың ауырлығына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:09:53 +0600
Қолдан қымбатшылық жасағандардың қулығы әшкере болды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112973/ Петропавлда қолдан қымбатшылық жасап, шаш етектен пайда көрген тауық етін тасымалдаушылардың қулығы әшкере болды. Олар бұл тауар түрінің бағасын 10 пайызға өсіріп, екі ай бойы саудалап келген.

Бизнесмендердің ашкөздігі монополияға қарсы агенттігіне шағым түскенде ғана анықталған. Әккі кәсіпкерлердің үстінен арызды өңірлік туризим және кәсіпкерлік басқармасы жазған. Тексеру қорытындысы бойынша аймақтағы екі ең ірі тауық етін тасымалдаушы компаниялардың келісе отырып, бағаны қолдан көтергендері белгілі болыпты. Қулығына құрық бойламайтындар дастархан мәзірінде жиі кездесетін тауықтың аяғы мен қанатын еліміздің әр түкпірінен алдырып отырған. Енді кәсіпкерлердің тауардан түскен заңсыз табысы тәркіленіп, қомақты айппұл салынады.      

Наталья Шаяхметова, СҚО табиғи монополияны реттеу департаменті басшысының орынбасары:

- Жан-жақты тексеру жүргізілді. Ал кәсіпкерлер жаңа бағаны бекіту жөнінде тек екеуара талқылау ғана болды деп ақталып, өздеріне шаң жуытпады. Сөйтіп өз кінәләрын мойындамай отыр. Сондықтан сотқа жүгінуге мәжбүрміз. 

]]>
Петропавлда қолдан қымбатшылық жасап, шаш етектен пайда көрген тауық етін тасымалдаушылардың қулығы әшкере болды. Олар бұл тауар түрінің бағасын 10 пайызға өсіріп, екі ай бойы саудалап келген.

Бизнесмендердің ашкөздігі монополияға қарсы агенттігіне шағым түскенде ғана анықталған. Әккі кәсіпкерлердің үстінен арызды өңірлік туризим және кәсіпкерлік басқармасы жазған. Тексеру қорытындысы бойынша аймақтағы екі ең ірі тауық етін тасымалдаушы компаниялардың келісе отырып, бағаны қолдан көтергендері белгілі болыпты. Қулығына құрық бойламайтындар дастархан мәзірінде жиі кездесетін тауықтың аяғы мен қанатын еліміздің әр түкпірінен алдырып отырған. Енді кәсіпкерлердің тауардан түскен заңсыз табысы тәркіленіп, қомақты айппұл салынады.      

Наталья Шаяхметова, СҚО табиғи монополияны реттеу департаменті басшысының орынбасары:

- Жан-жақты тексеру жүргізілді. Ал кәсіпкерлер жаңа бағаны бекіту жөнінде тек екеуара талқылау ғана болды деп ақталып, өздеріне шаң жуытпады. Сөйтіп өз кінәләрын мойындамай отыр. Сондықтан сотқа жүгінуге мәжбүрміз. 

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:08:41 +0600
Атыраулық жұмысшылар ресейлік компаниядан жалақысын ала алмай жүр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112972/ Атырау облысында кәріз құбырын тартумен айналысқан жұмысшылар жарты жылдан бері айлықсыз жүр. Ал, ресейлік мердігер компания олармен есептесуге асықпай отыр. Сылтауы көп. Әр жұмысшының кемі 300 мың теңгеден аса алашағы бар. Серіктестік еңбек инспекциясының кемшілікті жою туралы ұйғарымын елер емес.

Алматыға әр өңірден келген жұмысшылардың талабы біреу - жалақы. Барлығы ресейлік құрылыс-жобалау компанияның маңын торауылдауға мәжбүр. Ала жаздай құрылыста еңбек еткендердің алды 6 ай жалақы көрмеген. Серіктестік бас-аяғы 30 жұмысшыға берешек. Алайда олардың көбі Алматыға жете алмай отыр. Алысқа жол жүру де қаржы мәселесіне келіп тіреледі.

Шерхан Жүсіпов, прораб:

- Осы «Ломарда» тамыздан жұмыс істеп жатырмын. Осы балалардың барлығын мен алып келіп едім.  Учаске бастығы болып істедім. Аяқ жағында бәрімізге ақша бермей аяғында қуып шықты. Жүрміз осылай жұмыссыз.

Бақытжан Жұмаділдаев осында бауырының атынан келген. Інісі денсаулығына байланысты сенімхат беріпті. Әзірге, 350 мың теңгені қайтару мүмкін емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бастап бірнеше мекемеге шағымданған. Серіктестік директоры Александр Лозенко - Ресей Федерациясының азаматы. Жұмысшылардың айтуынша, ол қазақ тілінде ұялы телефонына хабарлама жібергендерді келемеждейді екен.

Бақытжан Жұмаділдаев, жұмысшының сенімді өкілі:

- Лозенко мырзаға қазақ тілінде айлық жөнінде сұрап жазсам ол кісі маған мысқылдап, кекетіп ағылшынша, кәрісше жауап береді. Біздің тілімізді төмендетіп менсінбейді ешқандай.

Компанияның бас кеңсесіне барып едік, есіктері тарс жабулы болып шықты.

Мұндағылар жұмысшылардың осы маңда жүргенін сырттай көріп, жұмыстан кетіп қалған. Ал телефон арқылы «полиглот» басшымен орысша тілдескенімізде сұхбат бермейтінін айтты. Көпшілік айтып отырған жоба - Атырау өңірінде. Олар Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріз құбырларын тартумен айналысқан. Тапсырыс беруші - Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Бүгінге дейін 12 шақырым жерге құбыр жүргізілген. Мердігер құрылыс талаптарын сақтамай отыр дейді жиналғандар.

Шерхан Жүсіпов, прораб:

- Жобаға сай жұмыс істейік десек оған мұрша бермейді. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Құрылыс-жобалау компаниясының сылтауынан көпшілік шаршаған. Осыдан кейін Алматыдағы еңбек инспекциясы серіктестікті тексеріпті. Арызданғандар саны 12. Әзірге, өндірілетін жалақы көлемі белгісіз. Орта есеппен алғанда, «Ломар» серіктестігі бір жұмысшыға жарты миллионға жуық қарыз.

Алмат Қалдыбаев, Алматы қаласы, Мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

- Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің талаптарына сай айыппұл салынды. Бұдан кейін ұйғарым берілді. Қазіргі таңда ұйғарымның мерзімі бар. Егер де заңмен белгіленген мерзімде ұйғарым орындалмаса, біздің тарапымыздан бақылау тексеру жүргізіледі.

Егер серіктестік еңбек инспекциясының талабын орындамаса, іс әкімшілік сотқа жіберіледі. Алайда жұмысшылар бұдан нәтиже шығатынына күдікпен қарайды. Себебі, олар серіктестік басшысысының жақындарының атына тіркелген компаниялар арқылы, тапсырыс берушіден ақшаны алып отырғанына сенімді.

]]>
Атырау облысында кәріз құбырын тартумен айналысқан жұмысшылар жарты жылдан бері айлықсыз жүр. Ал, ресейлік мердігер компания олармен есептесуге асықпай отыр. Сылтауы көп. Әр жұмысшының кемі 300 мың теңгеден аса алашағы бар. Серіктестік еңбек инспекциясының кемшілікті жою туралы ұйғарымын елер емес.

Алматыға әр өңірден келген жұмысшылардың талабы біреу - жалақы. Барлығы ресейлік құрылыс-жобалау компанияның маңын торауылдауға мәжбүр. Ала жаздай құрылыста еңбек еткендердің алды 6 ай жалақы көрмеген. Серіктестік бас-аяғы 30 жұмысшыға берешек. Алайда олардың көбі Алматыға жете алмай отыр. Алысқа жол жүру де қаржы мәселесіне келіп тіреледі.

Шерхан Жүсіпов, прораб:

- Осы «Ломарда» тамыздан жұмыс істеп жатырмын. Осы балалардың барлығын мен алып келіп едім.  Учаске бастығы болып істедім. Аяқ жағында бәрімізге ақша бермей аяғында қуып шықты. Жүрміз осылай жұмыссыз.

Бақытжан Жұмаділдаев осында бауырының атынан келген. Інісі денсаулығына байланысты сенімхат беріпті. Әзірге, 350 мың теңгені қайтару мүмкін емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен бастап бірнеше мекемеге шағымданған. Серіктестік директоры Александр Лозенко - Ресей Федерациясының азаматы. Жұмысшылардың айтуынша, ол қазақ тілінде ұялы телефонына хабарлама жібергендерді келемеждейді екен.

Бақытжан Жұмаділдаев, жұмысшының сенімді өкілі:

- Лозенко мырзаға қазақ тілінде айлық жөнінде сұрап жазсам ол кісі маған мысқылдап, кекетіп ағылшынша, кәрісше жауап береді. Біздің тілімізді төмендетіп менсінбейді ешқандай.

Компанияның бас кеңсесіне барып едік, есіктері тарс жабулы болып шықты.

Мұндағылар жұмысшылардың осы маңда жүргенін сырттай көріп, жұмыстан кетіп қалған. Ал телефон арқылы «полиглот» басшымен орысша тілдескенімізде сұхбат бермейтінін айтты. Көпшілік айтып отырған жоба - Атырау өңірінде. Олар Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріз құбырларын тартумен айналысқан. Тапсырыс беруші - Атырау облыстық құрылыс басқармасы. Бүгінге дейін 12 шақырым жерге құбыр жүргізілген. Мердігер құрылыс талаптарын сақтамай отыр дейді жиналғандар.

Шерхан Жүсіпов, прораб:

- Жобаға сай жұмыс істейік десек оған мұрша бермейді. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ.

Құрылыс-жобалау компаниясының сылтауынан көпшілік шаршаған. Осыдан кейін Алматыдағы еңбек инспекциясы серіктестікті тексеріпті. Арызданғандар саны 12. Әзірге, өндірілетін жалақы көлемі белгісіз. Орта есеппен алғанда, «Ломар» серіктестігі бір жұмысшыға жарты миллионға жуық қарыз.

Алмат Қалдыбаев, Алматы қаласы, Мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

- Тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің талаптарына сай айыппұл салынды. Бұдан кейін ұйғарым берілді. Қазіргі таңда ұйғарымның мерзімі бар. Егер де заңмен белгіленген мерзімде ұйғарым орындалмаса, біздің тарапымыздан бақылау тексеру жүргізіледі.

Егер серіктестік еңбек инспекциясының талабын орындамаса, іс әкімшілік сотқа жіберіледі. Алайда жұмысшылар бұдан нәтиже шығатынына күдікпен қарайды. Себебі, олар серіктестік басшысысының жақындарының атына тіркелген компаниялар арқылы, тапсырыс берушіден ақшаны алып отырғанына сенімді.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:07:31 +0600
Ақтауда тәрбиеші балабақша директоры басымды жарды деп шағымданды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112971/ Жанжалға балақайлардың тоя тамақ жемеуі себеп болған. Тәрбиеші бұл келеңсіздікті ата-аналарға жайып салған екен. Одан қалды, асханадағылардың балақайлардан асты аяйтынын ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге де таратып жіберген. Десе де, қызметкеріне осы әрекеті үшін қол жұмсады делінген басшы мұны өзіне қарсы жасалған қастандық деп азар да безер. Керісінше, өзі тәрбиешіден таяқ жедім деп отыр.

- Біз тамақты дұрыс істемейді деген үшін! Не үшін ұрасыз?!

Басы жараланған тәрбиешіні көрген жұрт жағаларын ұстады. Кадрде келіншек өзін директордың ұрғанын айтып тұр. Оқиға «Айналайын» атты жекеменшік балабақшада болған. Ал қып-қызыл төбелеске себепкер болған мына кадрлер. Мұнда тәрбиеші балалардың күнделікті жарты жапырақ нан мен екі қасық ботқа жеп жүргенін көрсеткен. Тіпті, жемістің өзін жырымдап береді екен. Ал сорпасы сылдыр су. Оның өзі отыз балаға кейде жетпей де қалатын көрінеді. Дегенмен, балақайларды аштан қатырып жүр деген аспазшы өзіне шан жуытар емес.

Рахима Әбиева, аспаз:

- Міне, манты! Менің пісірген тамақтарым. Сорпа да міне. Ішінде еті бар. Картобы бар. Маркобы, асқабағы бар. Не керек енді мен білмеймін! Тап сол тамақты үйінде жемейді сол балалар.

Ал бір күнде бүкіл елге танымал болған балабақша басшысы болса, ұрыс тамақтан емес, тәпішкеден басталған деп отыр. Айтуынша, тәрбиешілердің бірі баланың аузына аяқ киімін тықпалаған. Оны ата-анасы көріп қойған. Жұмыстан қуылған қызметкер басқа тәрбиешілермен бірігіп, басшыдан өшін алмақ болған көрінеді. 

Гүлжанат Мұратбай, «Айналайын» балабақшасының директоры:

- Асылтас пен Раушан екі апалы-сіңілі. Осы жерде айқайлап, шыңғырып, өз-өздерін ұстамай алмады. Мен құшақтап қой деп едім, мені ұстама деп мені тырналап, менімен төбелесіп, жерге шашымнан тартып, құлатты. Сосын мен шығып, кетіп қалдым жүгіріп далаға. Себебі, үш қыз маған жабылайын деп отырған соң үйден адамдарды шақырып, полиция шақырайық, жедел жәрдем шақырайық деп келсем,  басы қан. Не істегенін білмеймін!

Осылайша директордың сөзі тәрбиеші өз басын өзі жарды дегенге саяды. Ал соққының қатты болғаны сонша, тәрбиешінің басын тігуге тура келіпті. Миы шайқалған тәрбиешіге енді ұзақ уақыт емделу керек. 

Асыл Өтепова, зардап шегуші:

- Маған дауыс көтерді. Даусыңызды көтермеңіз дедім. Онда мен сені сүйіп сөйлесейін деп, желкемнен ұстап, жібермей тұрды. Сосын мен итердім. Ол сосын бокалды алды да, бокалмен басымнан бір ұрды. Қан атқылап кетті. Үйіне қашып кетті.  Бар шындықты айтқаным үшін мені осындай жағдайға түсірді.

Тәрбиешілер тәпішке тыққанын да теріске шығарды. 

Нағима Қаржаева, тәрбиеші:

- Ондай болған жоқ. Маған бәле жауып отыр. Ол ызаланып, өзіне тәпігке тығып жатыр екне. Мен аузынан алып жатыр едім.

Қалай дегенмен де, бақшада төбелес шығарғандар бәрі жаппай бір күнде жұмыссыз қалды. 

Бағдат Тұрғанбаева, Ақтау қаласы білім бөлімі сектор меңгерушісі:

Бүгінгі жағдай  бойынша құзырлы органдармен бірлесіп комиссия құрылды. Бүгіннен бастап балабақша қызметін тоқтатты. 

Таяқ жеген тәрбиеші болса, басын жарған балабақша басшысын сотқа бермек. Ал кімге сенерін білмей, есеңгіреген ата-ана баласын бақшаға тапсыруға тартынып қалды.    

]]>
Жанжалға балақайлардың тоя тамақ жемеуі себеп болған. Тәрбиеші бұл келеңсіздікті ата-аналарға жайып салған екен. Одан қалды, асханадағылардың балақайлардан асты аяйтынын ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге де таратып жіберген. Десе де, қызметкеріне осы әрекеті үшін қол жұмсады делінген басшы мұны өзіне қарсы жасалған қастандық деп азар да безер. Керісінше, өзі тәрбиешіден таяқ жедім деп отыр.

- Біз тамақты дұрыс істемейді деген үшін! Не үшін ұрасыз?!

Басы жараланған тәрбиешіні көрген жұрт жағаларын ұстады. Кадрде келіншек өзін директордың ұрғанын айтып тұр. Оқиға «Айналайын» атты жекеменшік балабақшада болған. Ал қып-қызыл төбелеске себепкер болған мына кадрлер. Мұнда тәрбиеші балалардың күнделікті жарты жапырақ нан мен екі қасық ботқа жеп жүргенін көрсеткен. Тіпті, жемістің өзін жырымдап береді екен. Ал сорпасы сылдыр су. Оның өзі отыз балаға кейде жетпей де қалатын көрінеді. Дегенмен, балақайларды аштан қатырып жүр деген аспазшы өзіне шан жуытар емес.

Рахима Әбиева, аспаз:

- Міне, манты! Менің пісірген тамақтарым. Сорпа да міне. Ішінде еті бар. Картобы бар. Маркобы, асқабағы бар. Не керек енді мен білмеймін! Тап сол тамақты үйінде жемейді сол балалар.

Ал бір күнде бүкіл елге танымал болған балабақша басшысы болса, ұрыс тамақтан емес, тәпішкеден басталған деп отыр. Айтуынша, тәрбиешілердің бірі баланың аузына аяқ киімін тықпалаған. Оны ата-анасы көріп қойған. Жұмыстан қуылған қызметкер басқа тәрбиешілермен бірігіп, басшыдан өшін алмақ болған көрінеді. 

Гүлжанат Мұратбай, «Айналайын» балабақшасының директоры:

- Асылтас пен Раушан екі апалы-сіңілі. Осы жерде айқайлап, шыңғырып, өз-өздерін ұстамай алмады. Мен құшақтап қой деп едім, мені ұстама деп мені тырналап, менімен төбелесіп, жерге шашымнан тартып, құлатты. Сосын мен шығып, кетіп қалдым жүгіріп далаға. Себебі, үш қыз маған жабылайын деп отырған соң үйден адамдарды шақырып, полиция шақырайық, жедел жәрдем шақырайық деп келсем,  басы қан. Не істегенін білмеймін!

Осылайша директордың сөзі тәрбиеші өз басын өзі жарды дегенге саяды. Ал соққының қатты болғаны сонша, тәрбиешінің басын тігуге тура келіпті. Миы шайқалған тәрбиешіге енді ұзақ уақыт емделу керек. 

Асыл Өтепова, зардап шегуші:

- Маған дауыс көтерді. Даусыңызды көтермеңіз дедім. Онда мен сені сүйіп сөйлесейін деп, желкемнен ұстап, жібермей тұрды. Сосын мен итердім. Ол сосын бокалды алды да, бокалмен басымнан бір ұрды. Қан атқылап кетті. Үйіне қашып кетті.  Бар шындықты айтқаным үшін мені осындай жағдайға түсірді.

Тәрбиешілер тәпішке тыққанын да теріске шығарды. 

Нағима Қаржаева, тәрбиеші:

- Ондай болған жоқ. Маған бәле жауып отыр. Ол ызаланып, өзіне тәпігке тығып жатыр екне. Мен аузынан алып жатыр едім.

Қалай дегенмен де, бақшада төбелес шығарғандар бәрі жаппай бір күнде жұмыссыз қалды. 

Бағдат Тұрғанбаева, Ақтау қаласы білім бөлімі сектор меңгерушісі:

Бүгінгі жағдай  бойынша құзырлы органдармен бірлесіп комиссия құрылды. Бүгіннен бастап балабақша қызметін тоқтатты. 

Таяқ жеген тәрбиеші болса, басын жарған балабақша басшысын сотқа бермек. Ал кімге сенерін білмей, есеңгіреген ата-ана баласын бақшаға тапсыруға тартынып қалды.    

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:06:21 +0600
Бүлдіршінді педофилден құтқарған әжей алғыс хатпен марапатталды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112970/ 67 жастағы Оралкүл Айтжанова 11 жастағы баланы зорламақ болған азғынға қарсылық танытқан.

Зейнеткерге гүл мен алғыс хатты полиция департаменті табыстады. Дүйім жұрттың алдында марапатталған әжей сол күнгі оқиға туралы айтып берді. Бүкіл елді шулатқан жағдай былтыр шілденің 1-де орын алған еді. Ойнап жүрген оқушыны подъезге алдап кіргізген азғын әлсіз ұлды бас салған. Осы кезде баланың жан даусына жетіп келген көршісі Оралкүл апа педофилге жұдырық жұмсап кедергі келтірген. Ал, із жасырған 33 жастағы азғын тәулік өтпей қолға түсті. Қарияның қырағылығы көпшілікке үлгі болары сөзсіз.

Оралкүл Айтжанова, зейнеткер:

- Ұстадымда арқасынан бір қойдым «топас» деп. Сақалы өсіп кеткен, түрі жаман. Мені итермелеп, қашып бара жатыр. Ал, ол жерде ешкім жоқ. Анау көршім жүре алмайды, отыр.

]]>
67 жастағы Оралкүл Айтжанова 11 жастағы баланы зорламақ болған азғынға қарсылық танытқан.

Зейнеткерге гүл мен алғыс хатты полиция департаменті табыстады. Дүйім жұрттың алдында марапатталған әжей сол күнгі оқиға туралы айтып берді. Бүкіл елді шулатқан жағдай былтыр шілденің 1-де орын алған еді. Ойнап жүрген оқушыны подъезге алдап кіргізген азғын әлсіз ұлды бас салған. Осы кезде баланың жан даусына жетіп келген көршісі Оралкүл апа педофилге жұдырық жұмсап кедергі келтірген. Ал, із жасырған 33 жастағы азғын тәулік өтпей қолға түсті. Қарияның қырағылығы көпшілікке үлгі болары сөзсіз.

Оралкүл Айтжанова, зейнеткер:

- Ұстадымда арқасынан бір қойдым «топас» деп. Сақалы өсіп кеткен, түрі жаман. Мені итермелеп, қашып бара жатыр. Ал, ол жерде ешкім жоқ. Анау көршім жүре алмайды, отыр.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:05:09 +0600
Министр Біртановтың есеп беруі биге ұласты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112969/ Денсаулық сақтау министрі жұрттың әбден жанына батқан мәселелерді атады. Елжан Біртанов әсіресе, стационарлық  қызметтің  сын көтермей тұрғанын мойындады.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Елімізде жедел жәрдем шақырғандар саны 4 есеге артқан. Ал науқастардың стационарлық көмекке көңілі толмайды. Бұл сала әбден былыққа батқан. Мәселен, науқасты қабылдау бөліміне алып келеді де, тастай салады. Ауру адам дәлізде сағаттап күтеді. Оларды қарап жатқан ешкім жоқ.

Яғни, аяқ асты денсаулығы нашарлаған азаматты жақын жердегі кез келген аурухана қабылдамайды, кезекші емханаға жібереді. Біртанов  бұл барып тұрған заңбұзушылық дейді. Сондай-ақ Біртанов стационарларды қысқартып, оларды бір-біріне қосып жүйелейтінін айтты. Одан қалды елде 1 жарым миллион адам емханаларына әлі тіркелмеген. Тағы бір мәселе аймақтарда дәрігер жетіспеушілігі толық шешілмепті. Медицинадағы кемшіліктерді тізген министр баяндамасын аяқтаған бойда Үкімет басшысы шақырды деп шұғыл кетіп қалды. Ал жиналғандарға бір сергу үшін жаттығу жасауға кеңес берді. Осы жерде музыка қосылып залда отырған вице-министр, комитет төрағалары мен шенеуніктер жаппай билей жөнелді.

]]>
Денсаулық сақтау министрі жұрттың әбден жанына батқан мәселелерді атады. Елжан Біртанов әсіресе, стационарлық  қызметтің  сын көтермей тұрғанын мойындады.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Елімізде жедел жәрдем шақырғандар саны 4 есеге артқан. Ал науқастардың стационарлық көмекке көңілі толмайды. Бұл сала әбден былыққа батқан. Мәселен, науқасты қабылдау бөліміне алып келеді де, тастай салады. Ауру адам дәлізде сағаттап күтеді. Оларды қарап жатқан ешкім жоқ.

Яғни, аяқ асты денсаулығы нашарлаған азаматты жақын жердегі кез келген аурухана қабылдамайды, кезекші емханаға жібереді. Біртанов  бұл барып тұрған заңбұзушылық дейді. Сондай-ақ Біртанов стационарларды қысқартып, оларды бір-біріне қосып жүйелейтінін айтты. Одан қалды елде 1 жарым миллион адам емханаларына әлі тіркелмеген. Тағы бір мәселе аймақтарда дәрігер жетіспеушілігі толық шешілмепті. Медицинадағы кемшіліктерді тізген министр баяндамасын аяқтаған бойда Үкімет басшысы шақырды деп шұғыл кетіп қалды. Ал жиналғандарға бір сергу үшін жаттығу жасауға кеңес берді. Осы жерде музыка қосылып залда отырған вице-министр, комитет төрағалары мен шенеуніктер жаппай билей жөнелді.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:04:58 +0600
Үндістанда лаңкестердің шабуылынан 44 полицей қаза тапты https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112968/ Әскерилерге қастандық елдің солтүстігіндегі Джамму Кашмир штатында жасалған.

Жанкешті денесіне байланған жарылғыш затты полицейлер арнайы көлікпен топ болып кетіп бара жатқанда іске қосқан. Лаңкестік оқиғаны Джаиш-е-Мұхаммад тобы өз мойнына алып отыр. Бұл ұйым жарылыс болған Джамму Кашмир штатының Пәкістанға қосылуын қалайды. Үндістан билігі лаңкестерге жол ашып беріп отырған Пәкістан тарапының да әрекеті жауапсыз қалмайды деп көршілерін ашық кінәлап отыр. Айта кетейік, лаңкестік топтың бұл үндістандағы алғашқы сойқаны емес. Джаиш-е-Мұхаммад ұйымы осыдан 18 жыл бұрын үнді парламентініде оқ жаудырып, 12 адамды жайратып салған. 

]]>
Әскерилерге қастандық елдің солтүстігіндегі Джамму Кашмир штатында жасалған.

Жанкешті денесіне байланған жарылғыш затты полицейлер арнайы көлікпен топ болып кетіп бара жатқанда іске қосқан. Лаңкестік оқиғаны Джаиш-е-Мұхаммад тобы өз мойнына алып отыр. Бұл ұйым жарылыс болған Джамму Кашмир штатының Пәкістанға қосылуын қалайды. Үндістан билігі лаңкестерге жол ашып беріп отырған Пәкістан тарапының да әрекеті жауапсыз қалмайды деп көршілерін ашық кінәлап отыр. Айта кетейік, лаңкестік топтың бұл үндістандағы алғашқы сойқаны емес. Джаиш-е-Мұхаммад ұйымы осыдан 18 жыл бұрын үнді парламентініде оқ жаудырып, 12 адамды жайратып салған. 

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:03:45 +0600
Студенттер арасында робототехникадан біріншілік өтті https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/15/112966/ Алатау бөктеріндегі роботтар шайқасы. Алматыда студенттер арасында робототехникадан республикалық біріншілік өтті. Чемпионатта еліміздегі 15 жоғары оқу орнынан келген командалар бақ сынап, өнер-білім сайысының көркін қыздырды. Ал, жастарға замануи ғылымды меңгеруге мүмкіндік берген жарысқа Тұңғыш Президент қоры қолдау білдірді.

Роботоехникадан республикалық чемпионат тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жарыста 15 жоғары оқу орны бақ сынауда. Елімізде бұл саланың кенже қалғанын мойындаған мамандар, мұндай бастама жастарға жол ашатынын айтады.

Медет Тұрғамбаев, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры:

- Чемпионат өткізу өте қиын. Өйткені бізде робототехника бағыты бойынша көптеген университеттерде лабораториялар жоқ. Мектептерде де лабораториялар аз.

Жанар Темірбекова, Еуразиялық технологиялық университтеттің ректоры:

- Бірақ, бұл біз сол жерге жете алмаймыз, болмаса дамыта алмаймыз деген сөз емес. Енді осы талантты жастарға жағдай жасауымыз керек. Жағдайды қалай жасаймыз? Ол үшін осындай жарыс, конкурс арқылы жастар робототехникадан жарысқа қатыса алатынын біледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа дейін әр командаға демеушілер тарапынан 100 мың теңгеден бөлген. Бұл қаржыға робот құрастыруға қажетті құрал-жабдық сатып алған студенттер, заманауи ғылымға қызығушылығы артқанын айтады.

Олжас Сағымбек, жарысқа қатысушы:

- Бұл робот радио толқындар арқылы басқарылады. Үстінде манипулятор. Манипулятордың көмегімен шарларды белгілі қорапшаға салуға мүмкіндік береді. Әскери салада ракеталарды орнына қою үшін немесе тасымалдау үшін мүмкіндің бар. 

Ілім-білімді басты назарда ұстаған жарысқа Тұңғыш Президент қоры қолдау білдірген. Ал, сайыстан үздік шыққандар халықаралық чемпионатта бақ сынауға мүмкіндік алады.

]]>
Алатау бөктеріндегі роботтар шайқасы. Алматыда студенттер арасында робототехникадан республикалық біріншілік өтті. Чемпионатта еліміздегі 15 жоғары оқу орнынан келген командалар бақ сынап, өнер-білім сайысының көркін қыздырды. Ал, жастарға замануи ғылымды меңгеруге мүмкіндік берген жарысқа Тұңғыш Президент қоры қолдау білдірді.

Роботоехникадан республикалық чемпионат тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. «Цифрлі Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жарыста 15 жоғары оқу орны бақ сынауда. Елімізде бұл саланың кенже қалғанын мойындаған мамандар, мұндай бастама жастарға жол ашатынын айтады.

Медет Тұрғамбаев, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры:

- Чемпионат өткізу өте қиын. Өйткені бізде робототехника бағыты бойынша көптеген университеттерде лабораториялар жоқ. Мектептерде де лабораториялар аз.

Жанар Темірбекова, Еуразиялық технологиялық университтеттің ректоры:

- Бірақ, бұл біз сол жерге жете алмаймыз, болмаса дамыта алмаймыз деген сөз емес. Енді осы талантты жастарға жағдай жасауымыз керек. Жағдайды қалай жасаймыз? Ол үшін осындай жарыс, конкурс арқылы жастар робототехникадан жарысқа қатыса алатынын біледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа дейін әр командаға демеушілер тарапынан 100 мың теңгеден бөлген. Бұл қаржыға робот құрастыруға қажетті құрал-жабдық сатып алған студенттер, заманауи ғылымға қызығушылығы артқанын айтады.

Олжас Сағымбек, жарысқа қатысушы:

- Бұл робот радио толқындар арқылы басқарылады. Үстінде манипулятор. Манипулятордың көмегімен шарларды белгілі қорапшаға салуға мүмкіндік береді. Әскери салада ракеталарды орнына қою үшін немесе тасымалдау үшін мүмкіндің бар. 

Ілім-білімді басты назарда ұстаған жарысқа Тұңғыш Президент қоры қолдау білдірген. Ал, сайыстан үздік шыққандар халықаралық чемпионатта бақ сынауға мүмкіндік алады.

]]>
Жұм, 15 ақп 2019 20:01:15 +0600
«Лифтінің құрбаны»: Марқұмның өмірінің соңғы сәті камераға түсіп қалған https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112893/ Лифтінің шахтасына құлап, қаза тапты. Алматыда ауған соғысының ардагері Талғат Жастықбаев істен шыққан жеделсатының құрбаны болды. Ол 5-ші қабаттағы лифтінің есігін өзі күшпен ашып кірмек болғанында төменге құлап түскен. 60-қа қараған азаматтың өлі денесі 6 сағаттан кейін лифт шахтасынан табылыпты. Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға өз ісіне салғырт қарайтын «Алматылифт» мекемесін кінәлап отыр.

Әсет Жастықбаевтың туған күні әкесінің қазасымен қайғылы аяқталды. Сары лентамен оралған жеделсатыны көргенде жігіт ағасының жүрегі қан жылайды. Қайғыдан есеңгіреген ол өлімге бір ауыз түсініктеме беруге жарамаған лифтіге жауапты мекеме кінәлі дейді.

Әсет Жастықбаев, Т. Жастықбаевтың ұлы:

- Маған ешкім келіп, түсіндірмеді. Лифт істемесе, есік ашылмау керек дейді. Мен сотқа беріп, соңына дейін тергеуді қадағалаймын.

Талғат Жастықбаевтың ажал құшқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ауған соғысының ардагері жеделсаты жедел келмеген соң, 5-ші қабатқа түскен. Сосын лифтіні аяқ-қолымен ұрғылай бастайды. Ақыры төзімі таусылған қария есікті иығымен итеріп ашпақ болғанда төмен қарай құлап кетеді. Туыстары оны жер-көктен іздеп, алты сағаттан соң өлі денесін лифтінің шахтасынан тауыпты. Ол аздай, құзырлы органның жайбасарлығынан мәйіт тағы үш сағат жертөледе жатқан.

Даударбек Жастықбаев, Т. Жастықбаевтың туысы: 

- Мысалы, ТЖД үш сағаттан кейін келді. Полицейлер бір сағатта келіп тұр. «Алматылифт» кінәлі. Олар келіп, қашып кетті. Бауырымның өліміне кім жауап береді? Кімнен сұрауымыз керек?

Осы көпқабатты үйдің тұрғындары қайғылы оқиға жауапты мекемеге сабақ болмай тұр деп қынжылады. Себебі, кешегі қорқынышты жайттан кейін жеделсаты ағашпен оқшауланбаған. Бұзылған есік сол күйі ашық тұр. Тұрғындар ойын балалары абайсызда лифт шахтасына құлап, оқыс оқиға тағы қайталана ма деп үрей үстінде отыр.

Зерделі ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің жұрты лифтіден көрген қорлығымыз көп дейді. Кабинасы теңселіп, кенет тоқтап қалатын жеделсатыда талай адам қамалып, ішінде өрт те шығыпты. Ал лифтіні тексеруге келген құзырлы орган шара қолданудың орнына, өзімізді мазақ қылады дейді ашынған халық.

Айдана Шүнешалиева, тұрғын:

Қалалық прокуратураның екі адамы кірген ішіне. Олар шыққанша қорқып, «сбанджбоб» деп күліп кетті. Ешқандай өзгеріс жоқ. Тағы біреу өліп қалса, «бастарыңмен жауап бересіңдер» деп люкты жапқызғанмын.

Талай жанға қауіп төндіріп, бір адамның өмірін жалмаған жедел сатыға жауапты «Алматылифт» мекемесі тексеру жұмыстары уақылы жүргізілетінін айтады. Лифт қауіпсіздігіне аса мән береміз деп мақтанған компания өкілдері өздеріне шаң жуытар емес. Олар тез сынғыш жеделсатыларды Қытайдан арзан бағаға алдыртады екен.

Алмас Сартаев, «Алматылифт» ЖШС директорының орынбасары:

- Сегізден бес кеткенде 22 пәтерден шақырту түсті. Механик тоғыз қырықтарда сол жерде болды. Біз бірінше кезекте қамалғандарға барамыз. Қамалғандардан кейін сол жерге барған. Ай сайын тексергенде, қауіпсіздік құрылғылары бірінші кезекте тексеріледі. Біз ондайға жібермейміз. Арнайы комиссия себеп-салдарды анықтайды.

Қазір аталған оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Ал 59 жастағы Талғат Жастықбаевтың мәйітін жақындары туған жері Жамбыл облысына алып кетті. Келесі жылы мерейтойын атап өтеміз деп жоспарлаған ағайын-туыс оқ пен оттың арасынан аман оралған соғыс ардагерінің ажалы лифтіден болғанына сене алар емес.

]]>
Лифтінің шахтасына құлап, қаза тапты. Алматыда ауған соғысының ардагері Талғат Жастықбаев істен шыққан жеделсатының құрбаны болды. Ол 5-ші қабаттағы лифтінің есігін өзі күшпен ашып кірмек болғанында төменге құлап түскен. 60-қа қараған азаматтың өлі денесі 6 сағаттан кейін лифт шахтасынан табылыпты. Марқұмның туыстары қайғылы оқиғаға өз ісіне салғырт қарайтын «Алматылифт» мекемесін кінәлап отыр.

Әсет Жастықбаевтың туған күні әкесінің қазасымен қайғылы аяқталды. Сары лентамен оралған жеделсатыны көргенде жігіт ағасының жүрегі қан жылайды. Қайғыдан есеңгіреген ол өлімге бір ауыз түсініктеме беруге жарамаған лифтіге жауапты мекеме кінәлі дейді.

Әсет Жастықбаев, Т. Жастықбаевтың ұлы:

- Маған ешкім келіп, түсіндірмеді. Лифт істемесе, есік ашылмау керек дейді. Мен сотқа беріп, соңына дейін тергеуді қадағалаймын.

Талғат Жастықбаевтың ажал құшқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ауған соғысының ардагері жеделсаты жедел келмеген соң, 5-ші қабатқа түскен. Сосын лифтіні аяқ-қолымен ұрғылай бастайды. Ақыры төзімі таусылған қария есікті иығымен итеріп ашпақ болғанда төмен қарай құлап кетеді. Туыстары оны жер-көктен іздеп, алты сағаттан соң өлі денесін лифтінің шахтасынан тауыпты. Ол аздай, құзырлы органның жайбасарлығынан мәйіт тағы үш сағат жертөледе жатқан.

Даударбек Жастықбаев, Т. Жастықбаевтың туысы: 

- Мысалы, ТЖД үш сағаттан кейін келді. Полицейлер бір сағатта келіп тұр. «Алматылифт» кінәлі. Олар келіп, қашып кетті. Бауырымның өліміне кім жауап береді? Кімнен сұрауымыз керек?

Осы көпқабатты үйдің тұрғындары қайғылы оқиға жауапты мекемеге сабақ болмай тұр деп қынжылады. Себебі, кешегі қорқынышты жайттан кейін жеделсаты ағашпен оқшауланбаған. Бұзылған есік сол күйі ашық тұр. Тұрғындар ойын балалары абайсызда лифт шахтасына құлап, оқыс оқиға тағы қайталана ма деп үрей үстінде отыр.

Зерделі ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің жұрты лифтіден көрген қорлығымыз көп дейді. Кабинасы теңселіп, кенет тоқтап қалатын жеделсатыда талай адам қамалып, ішінде өрт те шығыпты. Ал лифтіні тексеруге келген құзырлы орган шара қолданудың орнына, өзімізді мазақ қылады дейді ашынған халық.

Айдана Шүнешалиева, тұрғын:

Қалалық прокуратураның екі адамы кірген ішіне. Олар шыққанша қорқып, «сбанджбоб» деп күліп кетті. Ешқандай өзгеріс жоқ. Тағы біреу өліп қалса, «бастарыңмен жауап бересіңдер» деп люкты жапқызғанмын.

Талай жанға қауіп төндіріп, бір адамның өмірін жалмаған жедел сатыға жауапты «Алматылифт» мекемесі тексеру жұмыстары уақылы жүргізілетінін айтады. Лифт қауіпсіздігіне аса мән береміз деп мақтанған компания өкілдері өздеріне шаң жуытар емес. Олар тез сынғыш жеделсатыларды Қытайдан арзан бағаға алдыртады екен.

Алмас Сартаев, «Алматылифт» ЖШС директорының орынбасары:

- Сегізден бес кеткенде 22 пәтерден шақырту түсті. Механик тоғыз қырықтарда сол жерде болды. Біз бірінше кезекте қамалғандарға барамыз. Қамалғандардан кейін сол жерге барған. Ай сайын тексергенде, қауіпсіздік құрылғылары бірінші кезекте тексеріледі. Біз ондайға жібермейміз. Арнайы комиссия себеп-салдарды анықтайды.

Қазір аталған оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Ал 59 жастағы Талғат Жастықбаевтың мәйітін жақындары туған жері Жамбыл облысына алып кетті. Келесі жылы мерейтойын атап өтеміз деп жоспарлаған ағайын-туыс оқ пен оттың арасынан аман оралған соғыс ардагерінің ажалы лифтіден болғанына сене алар емес.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:14:05 +0600
Астанадағы алапат өрт: Құрылысқа тез жанғыш алюкобонд қолданылған https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112892/ Астанада отқа оранған көрме орталығының құрылысына тыйым салынған материал қолданылған. Ал төтенше жағдай департаменті оның өртке қарсы қауіпсіздігін бірнеше  жыл бойы тексере алмаған. Ғимараттың өзі қымбат үйлер салуымен танымал «Хайвил Қазақстан» құрылыс компаниясына тиесілі. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. 

«Хайвилдің» қымбат әрі ақылды  үйлер салумен айналысатынын астаналықтар жақсы біледі. Қаланың қақ ортасында көздің жауын алып тұратын көрме орталығының отқа оранғанын көргендер әуелде өз көзіне өзі сене алмағаны да сондықтан.

- Құдай сақтасын. Адамдар аман болсыншы...

Будақтап шыққан қара түтін түн қараңғысын одан сайын қоюландыра түсті. Қызыл жалын алаулап бастағанда іште жалғыз күзетші ғана болыпты. Ол кешкі сағат 9-дан 11 кеткенде 101-ге де қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жаудың таралуын тоқтатқанша бір жарым сағат өтіпті. Бұл ғимарат «Хайвил Қазақстан» компаниясының көрме орталығы болған. Яғни, мұнда саудаға түсетін пәтерлердің үлгісі ұсынылатын. Екі, үш бөлмелі пәтерлердің нобайы, ішкі көрінісіне дейін клиенттер осы жерден көре алатын еді. Айналасы бірер сағаттың ішінде мың жарым шаршы метр аумақ мынадай күйге түсті. Темір қаңқасынан басқаның бәрі күлге айналған. Ішіндегі дүние-мүліктен пайдаға жарарлық ештеңе қалмапты.

Көрме орталығының сырты толығымен алюкобонд дейтін материалмен қапталған. Төңіректе шашылып жатқан мынадай алюминий қалдықтары соның дәлелі. Оның екі жағы осындай алюминиймен қапталады да ортасы 1 см-ге дейінгі қалыңдықта пластикпен толтырылады. Жалпы, елімізде бұндай материалды құрылысқа қолдануға болмайды. 2009 жылдан бері тыйым салынған. Бірақ, әңгіменің өзегі де осында болып тұр. Құрылыс нысаны 2005 жылы пайдалануға берілген.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, оттың тез өршіп кетуіне осы алюкобонд себеп болған. Қалалық төтенше жағдай қызметінің осыған неге назар аудармаған деген сұрақ туындайды. Өйткені, өрт қауіпсіздігі бойынша 7 жыл бойы бір де бір тексеру жүргізілмепті.

Мейрамбек Қайсанов, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

- Соңғы рет 2012 жылы тексерілген. Бұл ғимаратқа тексерісті тек жоспардан тыс қана тексереміз. Кәсіпкерлік кодекс бойынша. Жоспардан тыс тексерістер бізде егер арыз-шағым түссе, сол кезде ғана тексеріледі.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр. Белгілісі, ғимаратта өрт сөндіру жүйесі емес, тек дабыл жүйесі ғана болған. Оның белгі берген-бермегені белгісіз. Ал «Хайвил Қазақстан» компаниясы жағдайға қатысты түсінік беруден мүлде бас тартып отыр.

]]>
Астанада отқа оранған көрме орталығының құрылысына тыйым салынған материал қолданылған. Ал төтенше жағдай департаменті оның өртке қарсы қауіпсіздігін бірнеше  жыл бойы тексере алмаған. Ғимараттың өзі қымбат үйлер салуымен танымал «Хайвил Қазақстан» құрылыс компаниясына тиесілі. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. 

«Хайвилдің» қымбат әрі ақылды  үйлер салумен айналысатынын астаналықтар жақсы біледі. Қаланың қақ ортасында көздің жауын алып тұратын көрме орталығының отқа оранғанын көргендер әуелде өз көзіне өзі сене алмағаны да сондықтан.

- Құдай сақтасын. Адамдар аман болсыншы...

Будақтап шыққан қара түтін түн қараңғысын одан сайын қоюландыра түсті. Қызыл жалын алаулап бастағанда іште жалғыз күзетші ғана болыпты. Ол кешкі сағат 9-дан 11 кеткенде 101-ге де қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жаудың таралуын тоқтатқанша бір жарым сағат өтіпті. Бұл ғимарат «Хайвил Қазақстан» компаниясының көрме орталығы болған. Яғни, мұнда саудаға түсетін пәтерлердің үлгісі ұсынылатын. Екі, үш бөлмелі пәтерлердің нобайы, ішкі көрінісіне дейін клиенттер осы жерден көре алатын еді. Айналасы бірер сағаттың ішінде мың жарым шаршы метр аумақ мынадай күйге түсті. Темір қаңқасынан басқаның бәрі күлге айналған. Ішіндегі дүние-мүліктен пайдаға жарарлық ештеңе қалмапты.

Көрме орталығының сырты толығымен алюкобонд дейтін материалмен қапталған. Төңіректе шашылып жатқан мынадай алюминий қалдықтары соның дәлелі. Оның екі жағы осындай алюминиймен қапталады да ортасы 1 см-ге дейінгі қалыңдықта пластикпен толтырылады. Жалпы, елімізде бұндай материалды құрылысқа қолдануға болмайды. 2009 жылдан бері тыйым салынған. Бірақ, әңгіменің өзегі де осында болып тұр. Құрылыс нысаны 2005 жылы пайдалануға берілген.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, оттың тез өршіп кетуіне осы алюкобонд себеп болған. Қалалық төтенше жағдай қызметінің осыған неге назар аудармаған деген сұрақ туындайды. Өйткені, өрт қауіпсіздігі бойынша 7 жыл бойы бір де бір тексеру жүргізілмепті.

Мейрамбек Қайсанов, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

- Соңғы рет 2012 жылы тексерілген. Бұл ғимаратқа тексерісті тек жоспардан тыс қана тексереміз. Кәсіпкерлік кодекс бойынша. Жоспардан тыс тексерістер бізде егер арыз-шағым түссе, сол кезде ғана тексеріледі.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр. Белгілісі, ғимаратта өрт сөндіру жүйесі емес, тек дабыл жүйесі ғана болған. Оның белгі берген-бермегені белгісіз. Ал «Хайвил Қазақстан» компаниясы жағдайға қатысты түсінік беруден мүлде бас тартып отыр.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:13:55 +0600
Астанада фермерлер одағының төрағасы сот санкциясымен қамауға алынды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112891/ Астанада фермерлер одағының төрағасы ұсталды. 67 жастағы Әуесxан Дарынов «адам зорлады» деген күдікпен тергеліп жатыр. Ішкі Істер министрлігі Қазақстан фермелер одағы төрағасының сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлімдеді. 

Қазақстан фермерлер одағының төрағасы бүгін Астанада өткен құрылтайға қатысуы керек болатын. Алайда  әріптестерінің айтуынша ол адам зорлады деген күдікпен  тергеу изоляторынан бір шыққан.

-Дарыновты арнайы жасақ дәл осы жерде тұтқындаған. Қазір бұл кеңсе жабық тұр. Әріптестерінің айтуынша, фермерлер одағының төрағасы қарамағындағыларды жинап, бүгін өткен съезге дайындық  үстінде отырған. Кабинетке күтпеген жерден бетперде киген бір топ адам басып кіріп, Әуесxан Қамешұлының қолына кісен салған. Және жұмыс үстелі мен  компьютерлерін тінтіпті.

Әріптестерінің айтуынша, Дарынов ойын ашық айтатын тік мінезді адам. Сол бір беткейлігі өзіне таяқ болып тиді ме деп топшылайды.

Руслан Ибатов, шаруа қожалығының директоры:

- Бұл қастандық деп ойлаймыз. Бұлай болуы мүмкін емес. Ол кісіні бірнеше жылдан білеміз. Отбасы  бала-шағасы, немере жиендері бар адам.  Біреуге ұнамай қалуы да мүмкін....

Шаруалар Дарыновтың отбасымен де хабарласыпты.  Әйелі, екі ұлы мен  екі қызы  да  есеңгіреп отырғанын айтады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған  фермерлер басшыларына  қолдау көрсетуге дайынбыз дейді.

Қанат Сүлейменов, Қазақстан фермерлер одағы Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы:

- Съезде шешім қабылдап жатырмыз. Қандай жағдай болсын, адвокатқа ма, қаражат керек болса, бәрін жасаймыз.

Қазақстан фермерлер одағының қазір 40 мыңнан астам мүшесі бар. Әуесхан Дарынов он жылдан бері осы одақты басқарып келеді. Үнемі егіс науқаны кезінде қымбаттайтын жанармай бағасын, шаруалардың өзге де мәселесін көтеріп, шенеуніктерді ашық  сынап жүретін.

]]>
Астанада фермерлер одағының төрағасы ұсталды. 67 жастағы Әуесxан Дарынов «адам зорлады» деген күдікпен тергеліп жатыр. Ішкі Істер министрлігі Қазақстан фермелер одағы төрағасының сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлімдеді. 

Қазақстан фермерлер одағының төрағасы бүгін Астанада өткен құрылтайға қатысуы керек болатын. Алайда  әріптестерінің айтуынша ол адам зорлады деген күдікпен  тергеу изоляторынан бір шыққан.

-Дарыновты арнайы жасақ дәл осы жерде тұтқындаған. Қазір бұл кеңсе жабық тұр. Әріптестерінің айтуынша, фермерлер одағының төрағасы қарамағындағыларды жинап, бүгін өткен съезге дайындық  үстінде отырған. Кабинетке күтпеген жерден бетперде киген бір топ адам басып кіріп, Әуесxан Қамешұлының қолына кісен салған. Және жұмыс үстелі мен  компьютерлерін тінтіпті.

Әріптестерінің айтуынша, Дарынов ойын ашық айтатын тік мінезді адам. Сол бір беткейлігі өзіне таяқ болып тиді ме деп топшылайды.

Руслан Ибатов, шаруа қожалығының директоры:

- Бұл қастандық деп ойлаймыз. Бұлай болуы мүмкін емес. Ол кісіні бірнеше жылдан білеміз. Отбасы  бала-шағасы, немере жиендері бар адам.  Біреуге ұнамай қалуы да мүмкін....

Шаруалар Дарыновтың отбасымен де хабарласыпты.  Әйелі, екі ұлы мен  екі қызы  да  есеңгіреп отырғанын айтады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған  фермерлер басшыларына  қолдау көрсетуге дайынбыз дейді.

Қанат Сүлейменов, Қазақстан фермерлер одағы Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы:

- Съезде шешім қабылдап жатырмыз. Қандай жағдай болсын, адвокатқа ма, қаражат керек болса, бәрін жасаймыз.

Қазақстан фермерлер одағының қазір 40 мыңнан астам мүшесі бар. Әуесхан Дарынов он жылдан бері осы одақты басқарып келеді. Үнемі егіс науқаны кезінде қымбаттайтын жанармай бағасын, шаруалардың өзге де мәселесін көтеріп, шенеуніктерді ашық  сынап жүретін.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:12:41 +0600
Астанада төбелескен 5 полицей жұмыстан қуылды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112890/ Екі инспектор мен жол-патруль сақшылары қаланың қақ ортасында жаға жыртысыпты. Олардың жұдырықтасуы камераға түсіп қалған.

Онда екі полицей жекпе-жекке шығып бір-бірін сабап жатыр. Тағы үшеуі төбелеске араласпай не ажыратпай қарап тұр. Олардың не үшін шекіскенін Астана полиция департаменті ашып айтпады. Ішкі істер органынан қуылған 5 сақшыдан бөлек, жол-патрульдік полицияның рота командирі қызметінен босатылып, басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

]]>
Екі инспектор мен жол-патруль сақшылары қаланың қақ ортасында жаға жыртысыпты. Олардың жұдырықтасуы камераға түсіп қалған.

Онда екі полицей жекпе-жекке шығып бір-бірін сабап жатыр. Тағы үшеуі төбелеске араласпай не ажыратпай қарап тұр. Олардың не үшін шекіскенін Астана полиция департаменті ашып айтпады. Ішкі істер органынан қуылған 5 сақшыдан бөлек, жол-патрульдік полицияның рота командирі қызметінен босатылып, басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:11:31 +0600
Қазақ жұрты Борис Керімбаевты ақтық сапарға шығарып салды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112889/ Ауған соғысындағы қайталанбас ерлігі үшін жауынгерлер арасында «қара майор» атанған аңыз адам 71 жасында дүниеден озған болатын. 

Алматыдағы офицерлер үйінде өткен қоштасу рәсіміне марқұмның достары, әскерилер мен мыңдаған адам жиналды. Сондай-ақ, 28 Панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алау алдында қаралы жиын өтті. Борис Керімбаев 1981 жылы Ауғанстанға аттанып, нағыз қайсарлық пен батылдықтың үлгісін көрсеткен батыр азамат. 177-ші арнайы отрядты басқарған ол 2 жыл ішінде 40-қа жуық ұрысқа қатысқан. Тіпті, қан майданда «қара майордан» айласын асыра алмаған Ахмед шах Масуд оның басы үшін 1 миллион доллар тігіпті. Осылайша жауының алдында да беделі асқақтаған даланың дара командирі туған топырағы Алматы облысында жерленді.

Бақытжан Ертаев, Мәжіліс депутаты:

Бізде қазақ айтады ғой, «өлі разы болмай тірі байымайды» деп. Әрине, әлі талай рет бұл кісінің алдында міндетімізді орындаймыз. Кітап та жазылады, кино да шығарылатын шығар. Бұ кісі біздің қаһарманымыз. Біздің батырымыз. Сол себептен бас иемін.

]]>
Ауған соғысындағы қайталанбас ерлігі үшін жауынгерлер арасында «қара майор» атанған аңыз адам 71 жасында дүниеден озған болатын. 

Алматыдағы офицерлер үйінде өткен қоштасу рәсіміне марқұмның достары, әскерилер мен мыңдаған адам жиналды. Сондай-ақ, 28 Панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алау алдында қаралы жиын өтті. Борис Керімбаев 1981 жылы Ауғанстанға аттанып, нағыз қайсарлық пен батылдықтың үлгісін көрсеткен батыр азамат. 177-ші арнайы отрядты басқарған ол 2 жыл ішінде 40-қа жуық ұрысқа қатысқан. Тіпті, қан майданда «қара майордан» айласын асыра алмаған Ахмед шах Масуд оның басы үшін 1 миллион доллар тігіпті. Осылайша жауының алдында да беделі асқақтаған даланың дара командирі туған топырағы Алматы облысында жерленді.

Бақытжан Ертаев, Мәжіліс депутаты:

Бізде қазақ айтады ғой, «өлі разы болмай тірі байымайды» деп. Әрине, әлі талай рет бұл кісінің алдында міндетімізді орындаймыз. Кітап та жазылады, кино да шығарылатын шығар. Бұ кісі біздің қаһарманымыз. Біздің батырымыз. Сол себептен бас иемін.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:10:22 +0600
Дариға Назарбаева судьяларды сынға алды  https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112888/ Депутаттың айтуынша, қара қылды қақ жаруы тиіс билердің әділетсіз үкіміне наразылар көбейген. Тіпті, судьялар істің ақ-қарасын сауатты түрде ажырата алмайды екен.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

- Маған келіп түсетін шағымдардың көбі – судьяның біржақты үкім шығаратыны жайлы. Яғни, дәлел-дәйектер жеткіліксіз болса да, айыпталушыны түрмеге жабатын көрінеді. Тіпті, судьяның тек прокурордың сөзіне құлақ түріп, адвокатты тыңдағысы келмейтіні жайлы арыз көп.

Ал Сенатқа «Судьялардың мәртебесі» туралы жаңа заңды таныстырған Жоғарғы сот төрағасының бұған жауабы дайын болып шықты. Жақып Асанов істің мән-жайына терең үңіле алмайтын судьялардың барын мойындап отыр. Оның айтуынша, былтыр 28 мыңнан астам үкім шығарылса, соның тек 8 пайызы ғана айыпталған азаматтардың пайдасына шешілген. Асанов мұның себебін де түсіндірді. Билер  ең алдымен прокурордың материалымен танысатындықтан, бірден айыпталушы туралы теріс пікір қалыптасады дейді ол. Соның кесірінен адамдар жазықсыз сотталуы да  мүмкін.

Жақып Асанов, Жоғарғы сот төрағасы:

Қылмыстық іс судьяның қолына түскен кезде-ақ біржақты пікір қалыптасатыны рас. Сөйтіп, сот осы ойдан шыға алмай, үкім шығара салады. Сондықтан мәселені шешу үшін, судьяға қылмыстық істі бірден ұстата салмай, алдымен айыптау актісін беруді жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, екі тарапты тек процесс барысында тыңдап, іске нүкте қойса дұрыс болады.

]]>
Депутаттың айтуынша, қара қылды қақ жаруы тиіс билердің әділетсіз үкіміне наразылар көбейген. Тіпті, судьялар істің ақ-қарасын сауатты түрде ажырата алмайды екен.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

- Маған келіп түсетін шағымдардың көбі – судьяның біржақты үкім шығаратыны жайлы. Яғни, дәлел-дәйектер жеткіліксіз болса да, айыпталушыны түрмеге жабатын көрінеді. Тіпті, судьяның тек прокурордың сөзіне құлақ түріп, адвокатты тыңдағысы келмейтіні жайлы арыз көп.

Ал Сенатқа «Судьялардың мәртебесі» туралы жаңа заңды таныстырған Жоғарғы сот төрағасының бұған жауабы дайын болып шықты. Жақып Асанов істің мән-жайына терең үңіле алмайтын судьялардың барын мойындап отыр. Оның айтуынша, былтыр 28 мыңнан астам үкім шығарылса, соның тек 8 пайызы ғана айыпталған азаматтардың пайдасына шешілген. Асанов мұның себебін де түсіндірді. Билер  ең алдымен прокурордың материалымен танысатындықтан, бірден айыпталушы туралы теріс пікір қалыптасады дейді ол. Соның кесірінен адамдар жазықсыз сотталуы да  мүмкін.

Жақып Асанов, Жоғарғы сот төрағасы:

Қылмыстық іс судьяның қолына түскен кезде-ақ біржақты пікір қалыптасатыны рас. Сөйтіп, сот осы ойдан шыға алмай, үкім шығара салады. Сондықтан мәселені шешу үшін, судьяға қылмыстық істі бірден ұстата салмай, алдымен айыптау актісін беруді жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, екі тарапты тек процесс барысында тыңдап, іске нүкте қойса дұрыс болады.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:09:12 +0600
Отандық бензин сәуірден бастап экспортқа шығарылатын болды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112887/ Энергетика министрінің айтуынша, бұл ішкі нарықтағы жанармай бағасына әсер етпейді. Сондықтан қымбатшылық жайлы сөз қозғау да артық екен.

Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:

Биыл елімізде 4 миллион тонна бензин өндіру жоспарда бар. Оның 3,5 млн тоннасы ішкі нарықты қамтуға жұмсалады. Қалған 500-650 мың тоннаны шетелге сатамыз. Айта кетерлігі, экспортқа жол ашылса, бұл мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалын жояды.

Бозымбаевтың айтуынша, Павлодар, Атырау мен Шымкенттегі үш мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өткелі бензин артығымен өндіріліп жатыр. Тіпті, жанармай қоймаларда бос тұрған соң, өндіріс көлемін азайтуға тура келіпті. Бірақ бұл бағаға еш әсер етпеген сыңайлы. Жұрт көп тұтынатын Аи-92-нің литрі бұрынғыдай 155 теңгеден сатылып жатыр. Десе де, қазақстандық бензин көрші Қырғыз еліне сатыла бастаған соң, үш кәсіпорындағы өндіріс қайта артады. Тіпті, кейін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін Өзбекстан, Тәжікстан мен Ауғанстанға дейін жанармай экспорттау жоспарда бар.

]]>
Энергетика министрінің айтуынша, бұл ішкі нарықтағы жанармай бағасына әсер етпейді. Сондықтан қымбатшылық жайлы сөз қозғау да артық екен.

Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:

Биыл елімізде 4 миллион тонна бензин өндіру жоспарда бар. Оның 3,5 млн тоннасы ішкі нарықты қамтуға жұмсалады. Қалған 500-650 мың тоннаны шетелге сатамыз. Айта кетерлігі, экспортқа жол ашылса, бұл мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалын жояды.

Бозымбаевтың айтуынша, Павлодар, Атырау мен Шымкенттегі үш мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өткелі бензин артығымен өндіріліп жатыр. Тіпті, жанармай қоймаларда бос тұрған соң, өндіріс көлемін азайтуға тура келіпті. Бірақ бұл бағаға еш әсер етпеген сыңайлы. Жұрт көп тұтынатын Аи-92-нің литрі бұрынғыдай 155 теңгеден сатылып жатыр. Десе де, қазақстандық бензин көрші Қырғыз еліне сатыла бастаған соң, үш кәсіпорындағы өндіріс қайта артады. Тіпті, кейін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін Өзбекстан, Тәжікстан мен Ауғанстанға дейін жанармай экспорттау жоспарда бар.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:08:02 +0600
Адам жүрегін тоқтататын препарат сатылымнан алынып жатыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112886/ Еркін саудадағы қауіпті препарат. Елімізде франциялық «Эреспал» препаратын сатуға тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  ресми хат жолдаған өндіруші компания жануарларға сынақ жүргізгенде препарттың кері әсерін байқаған. Ал, жөтел мен демікпеге қарсы қолданылатын бұл дәрі елімізде 10 жылдан астам еркін саудаланып келген. Оны педиаторлар кішкентай балаларға дейін тағайындайды.

Қазақстанда 10 жылдан астам ашық саудаланып келген «Эреспалдың» түйіршік түріндегі дәрісі де, шәрбаты да Францияда өндіріледі. Бірақ, дәрінің адам ағзасына зияндығын өндіруші компанияның мамандары анықтапты. Тәжірибе ретінде жануарларға сынақ жүргізгенде бірден кері әсері байқалған. Әсіресе жүрекке зиян екен. Сөйтіп препарат тіркеуге алынған мемлекеттерге ресми хат жолдапты.  

Людмила Бюрабекова, ДСМ фармация комитетінің төрайымы:

- Аймақтық департаменттегілер дәріханалар мен жеткізуші компанияларды бұл дәріні кері қайтару жайында хабардар ететін болады. Бірақ, айналымнан шығатын дәрінің көлемін әзірге айта алмаймын. Ең бастысы, бұл мемлекеттік кепілдендірілген тегін дәрілер тізімінде жоқ.

Нарықтағы бағасы 2 мың және 2 мың 500 теңге аралығындағы «Эреспал» дәрісі  жөтел және демікпеге қарсы қолданылады. Нұсқаулығында балаларға да қолдануға рұқсат етілген деп жазылған.  Алайда, министрлік өкілдері әзірге дейін аталмыш препараттан зардап шеккен адам жоқ дейді. Бір қызығы, министрліктегілер дәріні сатылымнан алу жөнінде бұйрық шығарса да,  жоғарының пәрмені дәріханаларға әлі жетпеген екен.

Абабакур Абдували, фармацевт:

-  Ресми түрде алыңдар деген қағаз келген жоқ.  Бірақ, онсыз да сатып жатқанымыз жоқ.   

1973 жылдан бері төрткіл дүниеге кеңінен тараған препаратқа қазір әлемнің 32 елінде тыйым салынып үлгерген. Алайда, еліміздегі дәріханаларға ресми нұсқау түспегенін ескерсек, бас пайдасын көксегендер дәріні еркін саудаға салмасына ешкім кепілдік бермейді.

]]>
Еркін саудадағы қауіпті препарат. Елімізде франциялық «Эреспал» препаратын сатуға тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  ресми хат жолдаған өндіруші компания жануарларға сынақ жүргізгенде препарттың кері әсерін байқаған. Ал, жөтел мен демікпеге қарсы қолданылатын бұл дәрі елімізде 10 жылдан астам еркін саудаланып келген. Оны педиаторлар кішкентай балаларға дейін тағайындайды.

Қазақстанда 10 жылдан астам ашық саудаланып келген «Эреспалдың» түйіршік түріндегі дәрісі де, шәрбаты да Францияда өндіріледі. Бірақ, дәрінің адам ағзасына зияндығын өндіруші компанияның мамандары анықтапты. Тәжірибе ретінде жануарларға сынақ жүргізгенде бірден кері әсері байқалған. Әсіресе жүрекке зиян екен. Сөйтіп препарат тіркеуге алынған мемлекеттерге ресми хат жолдапты.  

Людмила Бюрабекова, ДСМ фармация комитетінің төрайымы:

- Аймақтық департаменттегілер дәріханалар мен жеткізуші компанияларды бұл дәріні кері қайтару жайында хабардар ететін болады. Бірақ, айналымнан шығатын дәрінің көлемін әзірге айта алмаймын. Ең бастысы, бұл мемлекеттік кепілдендірілген тегін дәрілер тізімінде жоқ.

Нарықтағы бағасы 2 мың және 2 мың 500 теңге аралығындағы «Эреспал» дәрісі  жөтел және демікпеге қарсы қолданылады. Нұсқаулығында балаларға да қолдануға рұқсат етілген деп жазылған.  Алайда, министрлік өкілдері әзірге дейін аталмыш препараттан зардап шеккен адам жоқ дейді. Бір қызығы, министрліктегілер дәріні сатылымнан алу жөнінде бұйрық шығарса да,  жоғарының пәрмені дәріханаларға әлі жетпеген екен.

Абабакур Абдували, фармацевт:

-  Ресми түрде алыңдар деген қағаз келген жоқ.  Бірақ, онсыз да сатып жатқанымыз жоқ.   

1973 жылдан бері төрткіл дүниеге кеңінен тараған препаратқа қазір әлемнің 32 елінде тыйым салынып үлгерген. Алайда, еліміздегі дәріханаларға ресми нұсқау түспегенін ескерсек, бас пайдасын көксегендер дәріні еркін саудаға салмасына ешкім кепілдік бермейді.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:07:53 +0600
«Үлкен отбасы» мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы мүмкін https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112885/ Елімізде көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшерінің жартысына теңестірілуі мүмкін. Сондай-ақ сенаторлар батыр аналарға арнап мемлекеттік бағдарлама қабылдауды да ұсынды.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

Әрбір балаға кәмілеттік жасқа жеткенше ең төменгі жалақының 50 пайызын төлеу мүмкіндігін қарау керек. Екіншіден, дамыған елдердегідей, көп балалы отбасын қолдау және жәрдемдесу мақсатында «Үлкен отбасы» арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы тиіс.

Яғни, қазір ең төменгі жалақы көлемі 42 мың теңге екенін ескерсек, депутаттар көп балалы отбасындағы әр бала үшін 21 мың теңгеден төленсін дейді. Сәйкесінше жәрдемақы көлемі жанұяда 4 бала болса - 84 мың, 5-еу болса - 105 мың теңгені құрауы тиіс. Десе де бұл әзірге ұсыныс қана. Сондай-ақ, депутаттар көп балалы отбасыларды қолдау үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, пәтер беру үшін бөлек кезекке қою керек дейді. Айта кетерлігі қазір Үкімет онсыз да еліміздегі 340 мыңнан астам көп балалы отбасыны мемлекеттік баспанамен қамтудың жолдарын қарастырып жатыр.

]]>
Елімізде көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшерінің жартысына теңестірілуі мүмкін. Сондай-ақ сенаторлар батыр аналарға арнап мемлекеттік бағдарлама қабылдауды да ұсынды.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

Әрбір балаға кәмілеттік жасқа жеткенше ең төменгі жалақының 50 пайызын төлеу мүмкіндігін қарау керек. Екіншіден, дамыған елдердегідей, көп балалы отбасын қолдау және жәрдемдесу мақсатында «Үлкен отбасы» арнайы мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы тиіс.

Яғни, қазір ең төменгі жалақы көлемі 42 мың теңге екенін ескерсек, депутаттар көп балалы отбасындағы әр бала үшін 21 мың теңгеден төленсін дейді. Сәйкесінше жәрдемақы көлемі жанұяда 4 бала болса - 84 мың, 5-еу болса - 105 мың теңгені құрауы тиіс. Десе де бұл әзірге ұсыныс қана. Сондай-ақ, депутаттар көп балалы отбасыларды қолдау үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, пәтер беру үшін бөлек кезекке қою керек дейді. Айта кетерлігі қазір Үкімет онсыз да еліміздегі 340 мыңнан астам көп балалы отбасыны мемлекеттік баспанамен қамтудың жолдарын қарастырып жатыр.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:06:43 +0600
Шымкентте сатылмауы тиіс жерлер мазармен қосып жекеменшікке өтіп кетті https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112884/ Сайрам ауданынан Шымкентке қосылған Мәртөбе ауылының жұрты осылай деп шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, жергілікті өндірістік кооператив шенеуніктермен ауыз жаласып, жол мен арық, темір жол мен бейіт тұрған жерлерге құжат жасап алған көрінеді. Жұрт бұны жер комитеті де растады дейді. Алайда не қайтып жатқан жер, не тексеріп жатқан шенеунік жоқ деген тұрғындар жекеге кеткен мазар басында шу шығарды.

Жеріміз көз алдымызда кетіп жатыр деген мәртөбеліктер ауыл маңындағы бейіт басына жиналды. Ашынған тұрғындардың сөзінше, жергілікті өндірістік кооператив жұрттың егін суаратын арығы бар, темір жолына дейін иемденіп, жалпыға тиесілі 20 гектар жер кетіпті. Тіпті бейіт те жекешеленіп кеткен көрінеді. Ашуға мінген ауылдықтар бейітті өлсек те бермейміз деп атой салды.

Жолымызды алды, арығымызды алды суаратын, жайылым жерлерімізді алды, ең сорақысы мазаратымызды алды. Мазарды өліп қалсақ та бермейміз! Бұл жерде ата-бабамыз жатыр. Мазаратты қайтарсын!

Алайда жекешеленді деген жерлер әлі қоршалмаған. Алғашқыда жер кетті деген суық сөз шығып, құжатарды көтерген кезде ғана көздері жетіпті.

Махамат Халилов, Мәртөбе ауылының тұрғыны:

Талдарымыз бәрі құрып жатыр. Басқа нәрсе еге алмаймыз. Халық қиналып жатыр. Мал жүретін жолымыз да жоқ. Оны да жауып тастап жатыр. 2-3 рет айттық, 2-3 рет жиналыс болды. Бірақ, бәрібір іске аспай жатыр.

Өздігінше тексеру жұмыстарын жүргізген мәртөбеліктер шенеуніктердің бірталай былығына тап болдық дейді. Сайрам ауданына қарасты болып, кейін Шымкентке өткен жерлер жеке қолға кетіп жатқан көрінеді.

Оразалы Кенжебеков, Мәртөбе ауылының тұрғыны:

Халық енді қайда барамыз? Әкімдікке айттық, кадастрға жаздық, прокуратураға жаздық. Бәрі сатылып бітті. Техника сатылып бітті, ғимараттар сатылып бітті. 

Ал жерге жауаптылар тым сабырлы. Байбалам салуға ерте деген олар кінә кімнен екенін нақты айту үшін арнайы жұмыс тобы тексеруі керектігін жеткізді.

Ербол Асанбаев, Қаратау аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің жетекшісі:

- Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізбей біз нақты ештеңе айта алмаймыз. Оны жерге мазар түскені сол далалық зерттеу жұмыстары барысында анықталады.

Ал ақжағалылар тексеруі үшін мәртөбеліктер арнайы арыз түсіруі керек. Әйтпесе, шенеуніктер өздігінше тексермейді де екен. Алайда өндірістік кооператив басшылары біреуге тиесілі жерді алып қойды деген жұрт сөзін жоққа шығарып, бізге жабылған жала деп отыр. Қалай болғанда да, Мәртөбе жұрты мәселенің ақ-қарасын айыруды сұрап, құзырлы органдарға шағым жолдамақ.

]]>
Сайрам ауданынан Шымкентке қосылған Мәртөбе ауылының жұрты осылай деп шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, жергілікті өндірістік кооператив шенеуніктермен ауыз жаласып, жол мен арық, темір жол мен бейіт тұрған жерлерге құжат жасап алған көрінеді. Жұрт бұны жер комитеті де растады дейді. Алайда не қайтып жатқан жер, не тексеріп жатқан шенеунік жоқ деген тұрғындар жекеге кеткен мазар басында шу шығарды.

Жеріміз көз алдымызда кетіп жатыр деген мәртөбеліктер ауыл маңындағы бейіт басына жиналды. Ашынған тұрғындардың сөзінше, жергілікті өндірістік кооператив жұрттың егін суаратын арығы бар, темір жолына дейін иемденіп, жалпыға тиесілі 20 гектар жер кетіпті. Тіпті бейіт те жекешеленіп кеткен көрінеді. Ашуға мінген ауылдықтар бейітті өлсек те бермейміз деп атой салды.

Жолымызды алды, арығымызды алды суаратын, жайылым жерлерімізді алды, ең сорақысы мазаратымызды алды. Мазарды өліп қалсақ та бермейміз! Бұл жерде ата-бабамыз жатыр. Мазаратты қайтарсын!

Алайда жекешеленді деген жерлер әлі қоршалмаған. Алғашқыда жер кетті деген суық сөз шығып, құжатарды көтерген кезде ғана көздері жетіпті.

Махамат Халилов, Мәртөбе ауылының тұрғыны:

Талдарымыз бәрі құрып жатыр. Басқа нәрсе еге алмаймыз. Халық қиналып жатыр. Мал жүретін жолымыз да жоқ. Оны да жауып тастап жатыр. 2-3 рет айттық, 2-3 рет жиналыс болды. Бірақ, бәрібір іске аспай жатыр.

Өздігінше тексеру жұмыстарын жүргізген мәртөбеліктер шенеуніктердің бірталай былығына тап болдық дейді. Сайрам ауданына қарасты болып, кейін Шымкентке өткен жерлер жеке қолға кетіп жатқан көрінеді.

Оразалы Кенжебеков, Мәртөбе ауылының тұрғыны:

Халық енді қайда барамыз? Әкімдікке айттық, кадастрға жаздық, прокуратураға жаздық. Бәрі сатылып бітті. Техника сатылып бітті, ғимараттар сатылып бітті. 

Ал жерге жауаптылар тым сабырлы. Байбалам салуға ерте деген олар кінә кімнен екенін нақты айту үшін арнайы жұмыс тобы тексеруі керектігін жеткізді.

Ербол Асанбаев, Қаратау аудандық жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің жетекшісі:

- Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізбей біз нақты ештеңе айта алмаймыз. Оны жерге мазар түскені сол далалық зерттеу жұмыстары барысында анықталады.

Ал ақжағалылар тексеруі үшін мәртөбеліктер арнайы арыз түсіруі керек. Әйтпесе, шенеуніктер өздігінше тексермейді де екен. Алайда өндірістік кооператив басшылары біреуге тиесілі жерді алып қойды деген жұрт сөзін жоққа шығарып, бізге жабылған жала деп отыр. Қалай болғанда да, Мәртөбе жұрты мәселенің ақ-қарасын айыруды сұрап, құзырлы органдарға шағым жолдамақ.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:05:32 +0600
Қарыз емес, қақпақ іздеп жүр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112883/ Әдетте борышкерлерді іздейтін коммуналдық мекемелер, енді ұрылардың ізіне түскен. Айтуларынша, қаладағы кәріз құдықтарының қақпақтарын әлдебіреулер сыпырып кете береді екен. Қақпақ іздеп, аяғынан таусылған қызметкерлер темір-терсек қабылдау орындарын түгін қалдырмай аралаған. Бірақ та, жоғалған қақпақтар оңайлықпен табыла қоймады.  

Темір-терсек өткізу орындары болса, «қақпақ қабылдамаймыз деп» азар да безер. Олардың сөзіне сенбеген «Алматы су» мекемесінің қызметкерлері темір-терсектің ішін өздері аралап шықты. Расында да, түрлі-түсті металл қабылдау орындарынан бірде-бір қақпақ табылмады. Мамандардың металл қабылдаушыларға сенбейтіндей жөні бар. Себебі, былтырдың өзінде қалада үш жүзден астам су жаңа темір қақпақ ұрланыпты. Күніне бір қақпақ қолды болады деген сөз. Жоғын іздеген коммуналшылар полицияға да шағымданған. Бірақ та, ұсталған ұры жоқтың қасы. Ақыры таппаған соң ашық жатқан құдықтарды жаңа қақпақпен жауып кетуден басқа амалдары жоқ. 

Ақбота Жылысова, «Алматы су» холдингі қоғаммен байланыс жөніндегі маман:

- Металл қабылдайтын жерлерге қажет емес болса, онда не себепті ұрлайды? Қабылдамаймыз дейді, бірақ мен сеніңкіремеймін! Құқық қорғау органдарынан сіз қорқасыз, сол үшін айта алмай тұрсыз! 

- Жоқ! алмаймыз-!

- Шынымды айтам! Алабөтен алмаймын! Шынымды айтамын!

]]>
Әдетте борышкерлерді іздейтін коммуналдық мекемелер, енді ұрылардың ізіне түскен. Айтуларынша, қаладағы кәріз құдықтарының қақпақтарын әлдебіреулер сыпырып кете береді екен. Қақпақ іздеп, аяғынан таусылған қызметкерлер темір-терсек қабылдау орындарын түгін қалдырмай аралаған. Бірақ та, жоғалған қақпақтар оңайлықпен табыла қоймады.  

Темір-терсек өткізу орындары болса, «қақпақ қабылдамаймыз деп» азар да безер. Олардың сөзіне сенбеген «Алматы су» мекемесінің қызметкерлері темір-терсектің ішін өздері аралап шықты. Расында да, түрлі-түсті металл қабылдау орындарынан бірде-бір қақпақ табылмады. Мамандардың металл қабылдаушыларға сенбейтіндей жөні бар. Себебі, былтырдың өзінде қалада үш жүзден астам су жаңа темір қақпақ ұрланыпты. Күніне бір қақпақ қолды болады деген сөз. Жоғын іздеген коммуналшылар полицияға да шағымданған. Бірақ та, ұсталған ұры жоқтың қасы. Ақыры таппаған соң ашық жатқан құдықтарды жаңа қақпақпен жауып кетуден басқа амалдары жоқ. 

Ақбота Жылысова, «Алматы су» холдингі қоғаммен байланыс жөніндегі маман:

- Металл қабылдайтын жерлерге қажет емес болса, онда не себепті ұрлайды? Қабылдамаймыз дейді, бірақ мен сеніңкіремеймін! Құқық қорғау органдарынан сіз қорқасыз, сол үшін айта алмай тұрсыз! 

- Жоқ! алмаймыз-!

- Шынымды айтам! Алабөтен алмаймын! Шынымды айтамын!

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:04:21 +0600
Семей жұрты: Өрт сөндіру қызметінің көліктері су алуын тоқтатсын https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112882/ Семейде осылай деген Восход кентінің тұрғындары жаппай наразылық білдірді. Жиналғандардың айтуынша, коммуналшылар өрт сөндірушілер машиналарына құйып әкететін судың шығынын жұрттың мойнына артып берген. Енді соның салдарынан тұрғындар қарызға белшеден батып жатырмыз, - дейді. Ал, мамандар мұны өздерінің төлемеген берешегі деп ақталып әлек.

Восход кентіндегі көп қабатты 11 баспана мына мұнара арқылы ауызсумен  қамтамасыз етілуде. Алайда оны уақытылы толтырып отыру үшін жер астынан су соратын насос орнатылыпты. Дегенмен жұрт кей сәттерде, өрт сөндірушілер техникаларын осы жерден суға толтырғандықтан тіршілік нәріне жарымай қалатындықтарын да айтуда.

Сонымен қатар, бұл жерде тұтынған суды есептеп тұратын құрылғы да бар. Бүгінде жұртқа сол арқылы ай сайынғы төлем есептелді екен.  Ал өрт сөндірушілер су алған соң түбіртектегі сома бірнеше есеге көбейіп кетеді екен. Сондықтан коммуналдық мекеме өртке кеткен судың құнын тұрғындардан өндіреді деп топшылап отыр.

Қарашаш Хасенова, Восход кентінің тұрғыны:

Біздің екі қабатты үйдің өзіне 28,800 теңге қарыз деп келіп тұр. Ай сайын 1500-1700 теңгеден келеді. Оны төлейміз. Ал, енді өрт сөндірушілердің алған суында халық төлеуі керек пе?

Қалтамыз қағылды деген жұрт мәселені көтеріп талай табалдырық тоздырған. Олар мамандардан есептегіш құрылғыны ортақ емес, әр пәтерге жеке орнатып беруін өтінген екен. Әйтседе, сөздеріне құлақ асып, қол ұшын созатын шенеунік табылмағанына қапалы. Алайда жауапты мамандар, тұрғындардың өрт сөндірушілер алған су үшін ақша төлейміз дегенін жоққа шығарды.

Еркен Сағындықов «Семей Су арнасы» МКК директоры:

- Өрт сөндірушілердің алған суы есептелмейді. Ол есептегіш құрылғыдағы көрсеткіштен шегеріліп отырады. Сондықтан оны тұрғындар төлемейді. Ал, қолдарындағы түбіртекте жазылған сома өздерінің дер кезінде төлемей қордаланған қарызы.

Бірақ, мамандар өрт сөндіруші техника су алған сәтте жұрттың тіршілік нәрінен сағаттап тарығып қалатынын жасырмады. Әйтсе де, бұл мәселенің түйіні жақын арада шешімін табады деп отыр. Өйткені, Восход, Водный кенттерін орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін қажетті құжаттар әзірленіп жатыр екен.

]]>
Семейде осылай деген Восход кентінің тұрғындары жаппай наразылық білдірді. Жиналғандардың айтуынша, коммуналшылар өрт сөндірушілер машиналарына құйып әкететін судың шығынын жұрттың мойнына артып берген. Енді соның салдарынан тұрғындар қарызға белшеден батып жатырмыз, - дейді. Ал, мамандар мұны өздерінің төлемеген берешегі деп ақталып әлек.

Восход кентіндегі көп қабатты 11 баспана мына мұнара арқылы ауызсумен  қамтамасыз етілуде. Алайда оны уақытылы толтырып отыру үшін жер астынан су соратын насос орнатылыпты. Дегенмен жұрт кей сәттерде, өрт сөндірушілер техникаларын осы жерден суға толтырғандықтан тіршілік нәріне жарымай қалатындықтарын да айтуда.

Сонымен қатар, бұл жерде тұтынған суды есептеп тұратын құрылғы да бар. Бүгінде жұртқа сол арқылы ай сайынғы төлем есептелді екен.  Ал өрт сөндірушілер су алған соң түбіртектегі сома бірнеше есеге көбейіп кетеді екен. Сондықтан коммуналдық мекеме өртке кеткен судың құнын тұрғындардан өндіреді деп топшылап отыр.

Қарашаш Хасенова, Восход кентінің тұрғыны:

Біздің екі қабатты үйдің өзіне 28,800 теңге қарыз деп келіп тұр. Ай сайын 1500-1700 теңгеден келеді. Оны төлейміз. Ал, енді өрт сөндірушілердің алған суында халық төлеуі керек пе?

Қалтамыз қағылды деген жұрт мәселені көтеріп талай табалдырық тоздырған. Олар мамандардан есептегіш құрылғыны ортақ емес, әр пәтерге жеке орнатып беруін өтінген екен. Әйтседе, сөздеріне құлақ асып, қол ұшын созатын шенеунік табылмағанына қапалы. Алайда жауапты мамандар, тұрғындардың өрт сөндірушілер алған су үшін ақша төлейміз дегенін жоққа шығарды.

Еркен Сағындықов «Семей Су арнасы» МКК директоры:

- Өрт сөндірушілердің алған суы есептелмейді. Ол есептегіш құрылғыдағы көрсеткіштен шегеріліп отырады. Сондықтан оны тұрғындар төлемейді. Ал, қолдарындағы түбіртекте жазылған сома өздерінің дер кезінде төлемей қордаланған қарызы.

Бірақ, мамандар өрт сөндіруші техника су алған сәтте жұрттың тіршілік нәрінен сағаттап тарығып қалатынын жасырмады. Әйтсе де, бұл мәселенің түйіні жақын арада шешімін табады деп отыр. Өйткені, Восход, Водный кенттерін орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін қажетті құжаттар әзірленіп жатыр екен.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:03:11 +0600
Таразда жоғалған қыздың туыстары табылды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112881/ Тараздағы бейімдеу орталығына түскен 21 жастағы Алтынай Тұрсынованың туыстары табылды. Тұрғылықты мекен жайын есіне түсіре алмаған қыздың қала іргесіндегі Құмшағал ауылындағы нағашыларының қолынан жоғалғаны белгілі болды.  

Айгүл Әбиева, А.Тұрсынованың нағашы әкпесі:

- Жиен сіңілім болады. Теледидардан көріп, танып келіп отырмыз. Шешесі 2013 жылдан бері ұшты-күйлі жоқ, әкесі араққа салынып кеткен. Туылғанынан эпилепсиямен ауырады.

Алтынай ата-анасымен Меркі ауданында тұрған. Әкесі ішімдікке салынып кеткесін, анасы Қырғызстанға жұмысқа кетіп, сол күйі оралмаған. Бойжеткеннің шекарадан табылуына қарағанда, ол шешесін іздеп шыққан болуы мүмкін. Тірі жетім Құмшағал ауылындағы нағашыларының қолында өскен. Туыстары екі ай бұрын одан көз жазып қалған. Іздеуге беріп, күні бүгінге дейін таба алмай жүріпті. Алтынайдың туылғалы бірде-бір құжаты жоқ. Ал оны әзірлеуге жақындары шамамыз келмейді дейді. Сондықтан құзырлы орыннан көмек сұрап отыр. Ақыл – есінде ауытқуы бар қыз қазақ-қырғыз шекарасы маңынан адасып жүрген жерінен табылып, бейімдеу орталығына жеткізілген болатын. Мекеме қызметкерлері біздің телеарнамыз арқылы туыстарына іздеу салған соң, жақындары табылды.

]]>
Тараздағы бейімдеу орталығына түскен 21 жастағы Алтынай Тұрсынованың туыстары табылды. Тұрғылықты мекен жайын есіне түсіре алмаған қыздың қала іргесіндегі Құмшағал ауылындағы нағашыларының қолынан жоғалғаны белгілі болды.  

Айгүл Әбиева, А.Тұрсынованың нағашы әкпесі:

- Жиен сіңілім болады. Теледидардан көріп, танып келіп отырмыз. Шешесі 2013 жылдан бері ұшты-күйлі жоқ, әкесі араққа салынып кеткен. Туылғанынан эпилепсиямен ауырады.

Алтынай ата-анасымен Меркі ауданында тұрған. Әкесі ішімдікке салынып кеткесін, анасы Қырғызстанға жұмысқа кетіп, сол күйі оралмаған. Бойжеткеннің шекарадан табылуына қарағанда, ол шешесін іздеп шыққан болуы мүмкін. Тірі жетім Құмшағал ауылындағы нағашыларының қолында өскен. Туыстары екі ай бұрын одан көз жазып қалған. Іздеуге беріп, күні бүгінге дейін таба алмай жүріпті. Алтынайдың туылғалы бірде-бір құжаты жоқ. Ал оны әзірлеуге жақындары шамамыз келмейді дейді. Сондықтан құзырлы орыннан көмек сұрап отыр. Ақыл – есінде ауытқуы бар қыз қазақ-қырғыз шекарасы маңынан адасып жүрген жерінен табылып, бейімдеу орталығына жеткізілген болатын. Мекеме қызметкерлері біздің телеарнамыз арқылы туыстарына іздеу салған соң, жақындары табылды.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:02:02 +0600
Қызыма іздеу саламын https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/14/112880/ Бауыр еті баласынан көз жазып қалған алматылық Светлана Обидина елден көмек сұрайды. Айтуынша, 25 қаңтарда дәріханаға кеткен қызы үйіне сол күйі оралмапты.

Алматы полициясы із-түссіз жоғалып кеткен Александра Обидинаға іздеу жариялағалы 21 күн. Әзірге, нәтиже жоқ. 18 жастағы бойжеткен эпилепсиямен аурады. Бұл оның бірінші рет жоғалуы емес. Былтыр да үйінен шығып кетіп, әзер табылыпты. 9-сыныпқа дейін Қаскелеңдегі арнайы интернатта оқыған. Кейін денсаулығына байланысты үйінде білім алады. Қазір іздестіру жұмыстарына еріктілер тартылған. Олар жоғалған қыздың суретін барлық жерге іліп шықты. Қояншық ауруына шалдыққан қызды Саяхат жақтан бір рет көргендер бар. Бірақ аталған дерек нақтыланбады. Анасының айтуынша, Александра қазақша және орысша еркін сөйлейді. Үй шаруасына икемді. 25 қаңтар күні тұмауратып сырқаттанған анасына дәрі-дәрмек алу үшін шығып, із-түссіз кеткен.

Светлана Обидина, жоғалған А. Обидинаның анасы:

- Саша, егер бізді көріп отырсаң тезірек үйге қайтшы. Бәріміз сені жақсы көреміз. Екі әжең де алаңдап сені күтіп жүр. Қызымның неге бұлай жасағанын білмеймін. Оған күн сайын талма ауруына қажетті препаратты қабылдау керек. Не істерімді білмеймін.

]]>
Бауыр еті баласынан көз жазып қалған алматылық Светлана Обидина елден көмек сұрайды. Айтуынша, 25 қаңтарда дәріханаға кеткен қызы үйіне сол күйі оралмапты.

Алматы полициясы із-түссіз жоғалып кеткен Александра Обидинаға іздеу жариялағалы 21 күн. Әзірге, нәтиже жоқ. 18 жастағы бойжеткен эпилепсиямен аурады. Бұл оның бірінші рет жоғалуы емес. Былтыр да үйінен шығып кетіп, әзер табылыпты. 9-сыныпқа дейін Қаскелеңдегі арнайы интернатта оқыған. Кейін денсаулығына байланысты үйінде білім алады. Қазір іздестіру жұмыстарына еріктілер тартылған. Олар жоғалған қыздың суретін барлық жерге іліп шықты. Қояншық ауруына шалдыққан қызды Саяхат жақтан бір рет көргендер бар. Бірақ аталған дерек нақтыланбады. Анасының айтуынша, Александра қазақша және орысша еркін сөйлейді. Үй шаруасына икемді. 25 қаңтар күні тұмауратып сырқаттанған анасына дәрі-дәрмек алу үшін шығып, із-түссіз кеткен.

Светлана Обидина, жоғалған А. Обидинаның анасы:

- Саша, егер бізді көріп отырсаң тезірек үйге қайтшы. Бәріміз сені жақсы көреміз. Екі әжең де алаңдап сені күтіп жүр. Қызымның неге бұлай жасағанын білмеймін. Оған күн сайын талма ауруына қажетті препаратты қабылдау керек. Не істерімді білмеймін.

]]>
Бей, 14 ақп 2019 20:01:50 +0600
«Жынымды келтірмеңізші»: Вице-министр кешірім сұрады https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112814/ Тілшілерден кешірім сұрады. БАҚ өкілдеріне «Жынымды келтірмеңізші» деп ұрысқан Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин енді сол сөзіне өкініп қалды.

Серік Жұманғарин, Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Бұл бөтен іс-шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Бұл жерде шағын бизнес туралы әңгіме болып жатыр. Сонда менен тариф туралы сұрауға келдіңдер ме? Ресми түрде келіңіздер, тариф туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші....

Астанада вице-министр қатысқан жиында негізі шағын және орта кәсіпкерліктің жайы талқыланып жатқан. Бірақ, БАҚ өкілдерінің кәсіпкерлік емес, тариф туралы сұрауы шенеуніктің шамына тиіп кеткен екен. Қайта-қайта алдынан шыға берген сұраққа әбден мезі болса керек, білдей атқамінер ашуланып кетті. Енді сол ерсі сөзі үшін кешірім сұрап, онысын ел алдында емес, министрліктің баспасөз қызметі арқылы жариялады.

-   Соншалық оғаш жауап бергеніме өкінем. Сөзімнің қолайсыз айтылғанын мойындаймын. Сондықтан тілшілерден ресми түрде кешірім сұраймын. Әлгі сұхбатта да ескерткен едім, тілшілердің білгісі келген сұрақтарына жауап беруге әзірмін.

]]>
Тілшілерден кешірім сұрады. БАҚ өкілдеріне «Жынымды келтірмеңізші» деп ұрысқан Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин енді сол сөзіне өкініп қалды.

Серік Жұманғарин, Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Бұл бөтен іс-шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Бұл жерде шағын бизнес туралы әңгіме болып жатыр. Сонда менен тариф туралы сұрауға келдіңдер ме? Ресми түрде келіңіздер, тариф туралы бәрін айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші....

Астанада вице-министр қатысқан жиында негізі шағын және орта кәсіпкерліктің жайы талқыланып жатқан. Бірақ, БАҚ өкілдерінің кәсіпкерлік емес, тариф туралы сұрауы шенеуніктің шамына тиіп кеткен екен. Қайта-қайта алдынан шыға берген сұраққа әбден мезі болса керек, білдей атқамінер ашуланып кетті. Енді сол ерсі сөзі үшін кешірім сұрап, онысын ел алдында емес, министрліктің баспасөз қызметі арқылы жариялады.

Серік Жұманғарин, Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

-   Соншалық оғаш жауап бергеніме өкінем. Сөзімнің қолайсыз айтылғанын мойындаймын. Сондықтан тілшілерден ресми түрде кешірім сұраймын. Әлгі сұхбатта да ескерткен едім, тілшілердің білгісі келген сұрақтарына жауап беруге әзірмін.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:12:05 +0600
Бюджеттің 81 миллионына жөнделген мектеп ішін жағымсыз иіс жайлап кеткен https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112813/ Қарағанды облысындағы Қызылжар ауылының оқушылары қыстың көзі қырауда далады қалды. Себебі 105 оқушыға арналған білім ордасы қабырғаларын көк басып, ішін қолқаны қабатын иіс жайлап алған. Осының салдарынан оқушы мен мұғалім атаулы жағымсыз иіске тұншығып, шетінен көксау болыпты. Бір қызығы аталған мектепке күрделі жөндеу осыдан 5 ай бұрын ғана жасалған екен.

Бюджеттің 81 миллион теңгесін сарп етіп жүргізілген жөндеудің сиқы көңіл көншітпей отыр. Ал бірнеше күн сабақтарынан қалған мектеп оқушылары енді көрші ауылға қатынауға мәжбүр.

- Камера арқылы иісті жеткізу мүмкін емес. Бірақ мына көктің иісінен бас айналып, көз қарауытады. Байғұс балалар осындай жағдайда 4 ай тапжылмай отырып келген. Тіпті оқушыларды былай қойғанда мұғілімдердің алды көксау боп құлап жатқанда ғана ел-жұрт дабыл қаға бастапты.

Мектеп ұжымы мен ата аналар қосылып еденді көтергенде шалқамыздан түсе жаздадық дейді. Әбден дендеген зең төселген қалың ағаш пен линолеумді де  жеп тастаған екен. Есік терезені ашып желдеткеннің өзінде сыныптарда еркін демалу мүмкін емес. Бюдджеттің миллиондарын сарп етіп жасаған жөндеу жұмыстарының сиқы елді түңілтіп отыр. 

Жанат Дүйсенбаева Қызылжар ауылының тұрғыны:

- Миллиондар қайда кетті? Ақша алдың ба, енді істесеңдерші адам сияқты. Халық міне ренжіп отыр. Балалармыз ауырып жатыр. Ертең төрт бес жылдан кейін өкпесі ауырып шықса, өздерің кінәлісіңдер дейді.

Бұл мектеп 2015 жылдың көктемінде топан судың астында қалған. Содан бері қабырғасын зең басып, төбесі де опырылып, көресіні әбден көрген. Жұрт пен мектеп ұжымы ұлардай шулап жүріп, күрделі жөндеуге ақша бөлінген-ді. 2018 жылдың жазында бюджет  берген 81 миллион теңге игерілді деп, мердігер жұмысынан мін көрмеген шенділер мектепті қабылдаған. 

Айдар Оспанов, Бұқар жырау аудандық білім бөлімі  бастығының міндетін атқарушы:

- Ылғал немесе су білінген жоқ. Кепілдік бар 7 жылға, 7 жылға дейін кетіретін шығар, қайда барады олар? Бәрібір балалар оқитын жағдайға жеткіземіз. Сот бар, заң бар. 81 миллионға жөнделді бұл мектеп, басқа жерінен енді ақау жоқ. Ал енді өз ақшасын алды ма , мердігер өзі жөндеп береді.   

Дегенмен мердігердің төбесі әзірге бұл жерден көрінбейді. Көгерген едендерді жергілікті жұрттың өзі сыртқа шығарып жүр. Ал неше жылдан бері көрші ауылға қатынап оқып келген ауыл баллалары тағы сол үйреншікті істеріне көшті. Жұрттың айтуынша, ауылда кеңес кезінен салынып бітпеген жаңа мектеп ғимараты бар. Бюджеттің миллондарын осыған салса несі кетер деді деп налиды олар.  Бірақ шенділердің мәліметінше бұл ғимарат 2017 жылы жеке кәсіпкерге күлкілі сома –  2 жарым миллион теңгеге сатылып кеткен екен. Барды сатып, ескіге қыруар қаржы шашқан биліктегілердің осы әрекеті-ақ ауылдағылардың ашуын туғызып отыр.

]]>
Қарағанды облысындағы Қызылжар ауылының оқушылары қыстың көзі қырауда далады қалды. Себебі 105 оқушыға арналған білім ордасы қабырғаларын көк басып, ішін қолқаны қабатын иіс жайлап алған. Осының салдарынан оқушы мен мұғалім атаулы жағымсыз иіске тұншығып, шетінен көксау болыпты. Бір қызығы аталған мектепке күрделі жөндеу осыдан 5 ай бұрын ғана жасалған екен.

Бюджеттің 81 миллион теңгесін сарп етіп жүргізілген жөндеудің сиқы көңіл көншітпей отыр. Ал бірнеше күн сабақтарынан қалған мектеп оқушылары енді көрші ауылға қатынауға мәжбүр.

- Камера арқылы иісті жеткізу мүмкін емес. Бірақ мына көктің иісінен бас айналып, көз қарауытады. Байғұс балалар осындай жағдайда 4 ай тапжылмай отырып келген. Тіпті оқушыларды былай қойғанда мұғілімдердің алды көксау боп құлап жатқанда ғана ел-жұрт дабыл қаға бастапты.

Мектеп ұжымы мен ата аналар қосылып еденді көтергенде шалқамыздан түсе жаздадық дейді. Әбден дендеген зең төселген қалың ағаш пен линолеумді де  жеп тастаған екен. Есік терезені ашып желдеткеннің өзінде сыныптарда еркін демалу мүмкін емес. Бюдджеттің миллиондарын сарп етіп жасаған жөндеу жұмыстарының сиқы елді түңілтіп отыр. 

Жанат Дүйсенбаева Қызылжар ауылының тұрғыны:

- Миллиондар қайда кетті? Ақша алдың ба, енді істесеңдерші адам сияқты. Халық міне ренжіп отыр. Балалармыз ауырып жатыр. Ертең төрт бес жылдан кейін өкпесі ауырып шықса, өздерің кінәлісіңдер дейді.

Бұл мектеп 2015 жылдың көктемінде топан судың астында қалған. Содан бері қабырғасын зең басып, төбесі де опырылып, көресіні әбден көрген. Жұрт пен мектеп ұжымы ұлардай шулап жүріп, күрделі жөндеуге ақша бөлінген-ді. 2018 жылдың жазында бюджет  берген 81 миллион теңге игерілді деп, мердігер жұмысынан мін көрмеген шенділер мектепті қабылдаған. 

Айдар Оспанов, Бұқар жырау аудандық білім бөлімі  бастығының міндетін атқарушы:

- Ылғал немесе су білінген жоқ. Кепілдік бар 7 жылға, 7 жылға дейін кетіретін шығар, қайда барады олар? Бәрібір балалар оқитын жағдайға жеткіземіз. Сот бар, заң бар. 81 миллионға жөнделді бұл мектеп, басқа жерінен енді ақау жоқ. Ал енді өз ақшасын алды ма , мердігер өзі жөндеп береді.   

Дегенмен мердігердің төбесі әзірге бұл жерден көрінбейді. Көгерген едендерді жергілікті жұрттың өзі сыртқа шығарып жүр. Ал неше жылдан бері көрші ауылға қатынап оқып келген ауыл баллалары тағы сол үйреншікті істеріне көшті. Жұрттың айтуынша, ауылда кеңес кезінен салынып бітпеген жаңа мектеп ғимараты бар. Бюджеттің миллондарын осыған салса несі кетер деді деп налиды олар.  Бірақ шенділердің мәліметінше бұл ғимарат 2017 жылы жеке кәсіпкерге күлкілі сома –  2 жарым миллион теңгеге сатылып кеткен екен. Барды сатып, ескіге қыруар қаржы шашқан биліктегілердің осы әрекеті-ақ ауылдағылардың ашуын туғызып отыр.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:11:56 +0600
«Жетіскеннен жүрген жоқпыз»: Лашықта тұратындардың мұңы https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112812/ Ішкі істер министрлігінің уақытша баспана мен лашықта тұруға тыйым салу керек деген бастамасы қоғамда наразылық тудырып жатыр. Шенеуніктер осы арқылы қауіпсіздікті күшейтеміз десе, ұсынысқа қарсы шыққан қараша мұндай заң жобасы қабылданса барар жер, басар тауымыз қалмайды дейді. Себебі, айлығы шайлығына жетпейтін халық орталықтан пәтер жалдауға жағдайы жоқтығын айтады. 

- Осы жерде бала-шағамызбен жатамыз. Бір-екі адам қонақ келсе айналатын жер жоқ.

Қуықтай бөлмені паналаған Ғани Ералиевтің Алматыда көшіп-қонып жүргеніне 10 жылдан асыпты. Орталықтан пәтер жалдауға қаржымыз жетпейді деген 2 баланың әкесі, амалсыздан лашықтарды сағалайтынын айтады. 

Ғани Ералиев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Айына 30 мың. Жарығы, бар, газы бар, сонымен 35 мыңға шығып кетеді ғой. Бұл жерде ешкім жетіскеннен жүрген жоқ. Барлықтарының үйі жоқ, не жері жоқ. 

Алайда, айлығы шайлығынан аспайтын ағайынға жақын күндері бағасы қол жетімді лашықтар арманға айналуы мүмкін. Өйткені, Астанадағы 5 баланың өлімінен соң шұғыл іске кіріскен құзырлы министрлік Үкіметке өзгеше ұсыныс әзірлеп жатыр. 

Юрий Ильин, ҚР ІІМ орынбасары:

- Ауласында уақытша баспана тұрғызады да, мұқтаждарға жалға береді. Бірақ олар өрт қауіпсіздігін сақтамайды. Сондықтан біз республика бойынша сараптама жасау үстіндеміз. Соның нәтижесінде лашықтарды пайдалануға тыйым салу жөнінде Үкіметке ұсыныс жасаймыз. 

Ғани Ералиев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Ең үлкен сұрақ. Біз қайда барамыз? Қай туысқанның үйіне тығыласың. Оның үйіне 1 ай тұруың мүмкін. Жарайды, 2 ай. Жүрегі кең туысқаның болса 1 жыл тұрарсың. Одан кейін өзің де, олар да қысылады. 

Құзырлы министрліктің бастамасын баспанаға мұқтаж халықтан бөлек қоғам белсенділері де төбеден жай түскендей қабылдадық дейді. Олардың айтуынша, мәселенің себебін ысырып тастап, салдарымен күресетін шенеуніктер ахуалды одан әрі ушықтырады. 

Айдар Әлібаев, экономист:

- Біздің шенеуніктердің қолынан тыйым салғаннан басқа түк келмейді. Олар халықтың ауыр жағдайда өмір сүріп жатқанын ескермейді. Шындығында Үкіметке жағдайы төмендерді толыққанды жұмыспен қамту жөнінде ұсыныс жасау керек. Жақсы айлыққа қолы жеткендер ғана жайлы пәтер жалдай алады. 

Әрине, лашықтарға күні қараған дүйім жұртты дүрліктірген ұсыныстың қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз. Ал, сарапшылар бұл бастама бармақ басты, көз қыстыны көбейтіп, жемқорлыққа жола аша ма деп қауіптенеді.

]]>
Ішкі істер министрлігінің уақытша баспана мен лашықта тұруға тыйым салу керек деген бастамасы қоғамда наразылық тудырып жатыр. Шенеуніктер осы арқылы қауіпсіздікті күшейтеміз десе, ұсынысқа қарсы шыққан қараша мұндай заң жобасы қабылданса барар жер, басар тауымыз қалмайды дейді. Себебі, айлығы шайлығына жетпейтін халық орталықтан пәтер жалдауға жағдайы жоқтығын айтады. 

- Осы жерде бала-шағамызбен жатамыз. Бір-екі адам қонақ келсе айналатын жер жоқ.

Қуықтай бөлмені паналаған Ғани Ералиевтің Алматыда көшіп-қонып жүргеніне 10 жылдан асыпты. Орталықтан пәтер жалдауға қаржымыз жетпейді деген 2 баланың әкесі, амалсыздан лашықтарды сағалайтынын айтады. 

Ғани Ералиев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Айына 30 мың. Жарығы, бар, газы бар, сонымен 35 мыңға шығып кетеді ғой. Бұл жерде ешкім жетіскеннен жүрген жоқ. Барлықтарының үйі жоқ, не жері жоқ. 

Алайда, айлығы шайлығынан аспайтын ағайынға жақын күндері бағасы қол жетімді лашықтар арманға айналуы мүмкін. Өйткені, Астанадағы 5 баланың өлімінен соң шұғыл іске кіріскен құзырлы министрлік Үкіметке өзгеше ұсыныс әзірлеп жатыр. 

Юрий Ильин, ҚР ІІМ орынбасары:

- Ауласында уақытша баспана тұрғызады да, мұқтаждарға жалға береді. Бірақ олар өрт қауіпсіздігін сақтамайды. Сондықтан біз республика бойынша сараптама жасау үстіндеміз. Соның нәтижесінде лашықтарды пайдалануға тыйым салу жөнінде Үкіметке ұсыныс жасаймыз. 

Ғани Ералиев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Ең үлкен сұрақ. Біз қайда барамыз? Қай туысқанның үйіне тығыласың. Оның үйіне 1 ай тұруың мүмкін. Жарайды, 2 ай. Жүрегі кең туысқаның болса 1 жыл тұрарсың. Одан кейін өзің де, олар да қысылады. 

Құзырлы министрліктің бастамасын баспанаға мұқтаж халықтан бөлек қоғам белсенділері де төбеден жай түскендей қабылдадық дейді. Олардың айтуынша, мәселенің себебін ысырып тастап, салдарымен күресетін шенеуніктер ахуалды одан әрі ушықтырады. 

Айдар Әлібаев, экономист:

- Біздің шенеуніктердің қолынан тыйым салғаннан басқа түк келмейді. Олар халықтың ауыр жағдайда өмір сүріп жатқанын ескермейді. Шындығында Үкіметке жағдайы төмендерді толыққанды жұмыспен қамту жөнінде ұсыныс жасау керек. Жақсы айлыққа қолы жеткендер ғана жайлы пәтер жалдай алады. 

Әрине, лашықтарға күні қараған дүйім жұртты дүрліктірген ұсыныстың қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз. Ал, сарапшылар бұл бастама бармақ басты, көз қыстыны көбейтіп, жемқорлыққа жола аша ма деп қауіптенеді.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:10:47 +0600
«20 мың жетеді»: Нұржан Әлтаевтің сөзі қызу пікірталас тудырды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112811/ Бір баланы асырауға айына 20 мың теңге жетеді. Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, бүгіннен бастап Мәжіліс депутаты атанған Нұржан Әлтаев осылай дейді. Тек ақшаны барынша үнемдеу керек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың үш орынбасары болса, енді екеуі ғана қалды. Нұржан Әлтаев  бұрын министрлікте халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелерімен айналысқан. Күтпеген жерден Парламенттен бір-ақ шыққан ол Мәжілістің Ауыл шаруашылығы мәселелері комитетіне мүше болып қабылданды. Өзі бес баланың әкесі. Айтуынша, әр балаға бағып-күтуге 20 мың теңге жетеді. Әңгіме тек үнемдеп жұмсауда ғана.

Нұржан Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

- Сіз бір баланы 20 мың теңгемен қамтамасыз ете аласыз ғой? Дұрыс түсіндім бе?

- Менің ойымша, әрине болады.

]]>
Бір баланы асырауға айына 20 мың теңге жетеді. Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, бүгіннен бастап Мәжіліс депутаты атанған Нұржан Әлтаев осылай дейді. Тек ақшаны барынша үнемдеу керек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың үш орынбасары болса, енді екеуі ғана қалды. Нұржан Әлтаев  бұрын министрлікте халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелерімен айналысқан. Күтпеген жерден Парламенттен бір-ақ шыққан ол Мәжілістің Ауыл шаруашылығы мәселелері комитетіне мүше болып қабылданды. Өзі бес баланың әкесі. Айтуынша, әр балаға бағып-күтуге 20 мың теңге жетеді. Әңгіме тек үнемдеп жұмсауда ғана.

Нұржан Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

- Сіз бір баланы 20 мың теңгемен қамтамасыз ете аласыз ғой? Дұрыс түсіндім бе?

- Менің ойымша, әрине болады.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:09:36 +0600
Теңге үшінші күн қатарынан нығайуын жалғастыруда https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112810/ Бүгін қор биржасындағы сауда-саттық қортындысы бойынша 1 доллар 373 теңге төңірегінде тұрақтады.

Мамандар наурызға дейін теңгенің бағамы осы аралықта сақталады деп отыр. Сарапшылардың бұндай болжам жасауына бірінші кезекте еліміздегі салық есептерінің қортындысы әсер етуде. Сондай-ақ Вrеnт маркалы мұнайдың баррелі 63 долларға дейін көтеріліп, ол да теңгенің тұрақтауына оң әсерін тигізіп жатыр. Ал дәл қазір ақша айырбастау орындарында бір доллар 375 -376  аралығында саудалануда.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ  төрағасының орынбасары:

- Жыл басындағы теңгенің құлдырауы, бір доллардың 384-ке дейін көтерілуі сынды жағдайдар енді болмауы керек. Көптеген сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Жалпылай алғанда енді қалыпты жағдай сақталады. Дегенмен жүз пайыздық сенімділікпен кесіп айту қиын. Нарық құбылмалы.

]]>
Бүгін қор биржасындағы сауда-саттық қортындысы бойынша 1 доллар 373 теңге төңірегінде тұрақтады.

Мамандар наурызға дейін теңгенің бағамы осы аралықта сақталады деп отыр. Сарапшылардың бұндай болжам жасауына бірінші кезекте еліміздегі салық есептерінің қортындысы әсер етуде. Сондай-ақ Вrеnт маркалы мұнайдың баррелі 63 долларға дейін көтеріліп, ол да теңгенің тұрақтауына оң әсерін тигізіп жатыр. Ал дәл қазір ақша айырбастау орындарында бір доллар 375 -376  аралығында саудалануда.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ  төрағасының орынбасары:

- Жыл басындағы теңгенің құлдырауы, бір доллардың 384-ке дейін көтерілуі сынды жағдайдар енді болмауы керек. Көптеген сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Жалпылай алғанда енді қалыпты жағдай сақталады. Дегенмен жүз пайыздық сенімділікпен кесіп айту қиын. Нарық құбылмалы.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:08:26 +0600
Депутаттар инфляцияға қатысты есеп-қисапқа күмәнмен қарап отыр https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112809/ Депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, шенеуніктер нарықтағы тауар мен қызмет құнын және тұтынушылардың сатып алу мүмкіндігін әдемі статистика үшін бұрмалап көрсететін көрінеді.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

- Инфляцияны бір деңгейде ұстап тұрмыз деп мақтануға ерте. Ол қолдан төмендетілген. Шын мәнінде жұрттың қазіргі жағдайына сай келмейді. Азық-түліктің құны да дәл солай. Бағаның өсуіне жол бермеу үшін Үкімет қабылдап жатқан шаралар жеткіліксіз. 

Ұлттық банктің мәліметінше, былтыр инфляция 5,3 пайыз болған. Бірақ Қоңыровтың бұл көрсеткішке күмәні бар. Инфляцияны есептеудің әдісін өзгерту керек дейді депутат. Өйткені Үкіметтегілер жұрттың азық-түлікке кететін шығынын толық қоспайды екен. Мәселен, шенеуніктер азаматтар ет пен сүт өнімдеріне табысының 10 пайызын жұмсайды деп көрсеткен. Шын мәнінде бұл шығын үш есе көп. Оның үстіне былтыр халық  жиі тұтынатын ет, сүт өнімдері мен майдың құны қымбаттаған. Бірақ шенеуніктер инфляцияны есептегенде мұны ескермепті. 

]]>
Депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, шенеуніктер нарықтағы тауар мен қызмет құнын және тұтынушылардың сатып алу мүмкіндігін әдемі статистика үшін бұрмалап көрсететін көрінеді.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

- Инфляцияны бір деңгейде ұстап тұрмыз деп мақтануға ерте. Ол қолдан төмендетілген. Шын мәнінде жұрттың қазіргі жағдайына сай келмейді. Азық-түліктің құны да дәл солай. Бағаның өсуіне жол бермеу үшін Үкімет қабылдап жатқан шаралар жеткіліксіз. 

Ұлттық банктің мәліметінше, былтыр инфляция 5,3 пайыз болған. Бірақ Қоңыровтың бұл көрсеткішке күмәні бар. Инфляцияны есептеудің әдісін өзгерту керек дейді депутат. Өйткені Үкіметтегілер жұрттың азық-түлікке кететін шығынын толық қоспайды екен. Мәселен, шенеуніктер азаматтар ет пен сүт өнімдеріне табысының 10 пайызын жұмсайды деп көрсеткен. Шын мәнінде бұл шығын үш есе көп. Оның үстіне былтыр халық  жиі тұтынатын ет, сүт өнімдері мен майдың құны қымбаттаған. Бірақ шенеуніктер инфляцияны есептегенде мұны ескермепті. 

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:07:17 +0600
Косарев Ленинге араша түсті https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112808/ Коммунистердің көсемі Владислав Косарев Мәдениет министрлігінен еліміздегі Ильичтің ескерткіштеріне ерекше көңіл бөлуді талап етті.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

- Бізде кеңес кезінен қалған ескерткіштерге жауапты адам бар ма? Лениннің ескерткіші қоқыстардың арасында жатыр. Ал мұндай құнды дүниелерді сақтап, қорғауға Мәдениет министрлігі тікелей жауапты емес пе?

Бүгін Мәжілісте «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Сол жиында Коммунистер көсемі Лениннің еліміздегі мүсіндері үшін қатты алаңдайтынын айтты. Кеңес кезінен қалған ескерткіштерді жоқтаған Косарев осылай деп дабыл қақты. Бірақ шындығына келгенде, Алматы,  Қарағанды, Семей сынды қалаларда Лениннің ескерткіші әлі күнге дейін қасқайып тұр.

]]>
Коммунистердің көсемі Владислав Косарев Мәдениет министрлігінен еліміздегі Ильичтің ескерткіштеріне ерекше көңіл бөлуді талап етті.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

- Бізде кеңес кезінен қалған ескерткіштерге жауапты адам бар ма? Лениннің ескерткіші қоқыстардың арасында жатыр. Ал мұндай құнды дүниелерді сақтап, қорғауға Мәдениет министрлігі тікелей жауапты емес пе?

Бүгін Мәжілісте «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Сол жиында Коммунистер көсемі Лениннің еліміздегі мүсіндері үшін қатты алаңдайтынын айтты. Кеңес кезінен қалған ескерткіштерді жоқтаған Косарев осылай деп дабыл қақты. Бірақ шындығына келгенде, Алматы,  Қарағанды, Семей сынды қалаларда Лениннің ескерткіші әлі күнге дейін қасқайып тұр.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:06:08 +0600
«Өздерің жөндеңдер»: Апатты үйде тұратын адамдар шенеуніктерден сөз естіп қалды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112807/ Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйдің төбесі қақырап, құлағалы тұр. Тұрғындар мұны айтып әкімдік пен құтқарушыларға да хабар берген. Бірақ ондағылар селт етер емес дейді. Қарауға келген шенеуніктер өз қалталарыңнанан ақша шығарып, қайта жамаңдар деп кеңес берген.

Қаланың қақ ортасындағы бұл үйдің тұрғындары таң атысымен төбені бір қарап кетуді әдетке айналдырған. Өйткені, төбені жапқан тас плиталар қақырап, техникалық қабаттың қабырғалары жарылып жатыр. Тастан құйылған жабынды опырылып түспеуі үшін амалдап ағаш тіреу қойған. Егер ол шыдамай сынса жоғарғы қабаттағы пәтерлердің түгі қалмайды дейді үрейленген тұрғындар.

Елеусіз Мұханов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Кім өлгісі келеді? Бүгін ертең басып қалады. Түнде басып қалса ұйықтап жатып өліп қаламыз. Ал күндіз жүргенде кішкентай бала-шаға бар, қырылып қалады.

Бұл үйді мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылғанына он жыл болды. Құрылыс жүргізген қай компания екендігі ешкімнің есінде жоқ. Және олардың кепіл уақыты біткен. Ал әкімдіктегілер болса селт етер емес.

Ерлан Рамазанов, Ақтөбе қалалық ТҮҚ бөлімі басшысының орынбасары:

- Аккредитациядан өткен мекемелер арқылы техникалық тексеру жүргізуді жоспарлап отырмыз. Олар төбенің қаншалықты қауіп төндіріп тұрғанын анықтайды.

Шенеуніктер айтқан тексерістің қашан басталары әзір белгісіз. Төбені жөндеуге қазынадан қаржы солардың шешіміне байланысты бөлінеді. Егер қауіп жоқ деп тапса, тұрғындардың өздері ақша жинап жөндеуден басқа амалдары қалмайды.

]]>
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйдің төбесі қақырап, құлағалы тұр. Тұрғындар мұны айтып әкімдік пен құтқарушыларға да хабар берген. Бірақ ондағылар селт етер емес дейді. Қарауға келген шенеуніктер өз қалталарыңнанан ақша шығарып, қайта жамаңдар деп кеңес берген.

Қаланың қақ ортасындағы бұл үйдің тұрғындары таң атысымен төбені бір қарап кетуді әдетке айналдырған. Өйткені, төбені жапқан тас плиталар қақырап, техникалық қабаттың қабырғалары жарылып жатыр. Тастан құйылған жабынды опырылып түспеуі үшін амалдап ағаш тіреу қойған. Егер ол шыдамай сынса жоғарғы қабаттағы пәтерлердің түгі қалмайды дейді үрейленген тұрғындар.

Елеусіз Мұханов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Кім өлгісі келеді? Бүгін ертең басып қалады. Түнде басып қалса ұйықтап жатып өліп қаламыз. Ал күндіз жүргенде кішкентай бала-шаға бар, қырылып қалады.

Бұл үйді мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылғанына он жыл болды. Құрылыс жүргізген қай компания екендігі ешкімнің есінде жоқ. Және олардың кепіл уақыты біткен. Ал әкімдіктегілер болса селт етер емес.

Ерлан Рамазанов, Ақтөбе қалалық ТҮҚ бөлімі басшысының орынбасары:

- Аккредитациядан өткен мекемелер арқылы техникалық тексеру жүргізуді жоспарлап отырмыз. Олар төбенің қаншалықты қауіп төндіріп тұрғанын анықтайды.

Шенеуніктер айтқан тексерістің қашан басталары әзір белгісіз. Төбені жөндеуге қазынадан қаржы солардың шешіміне байланысты бөлінеді. Егер қауіп жоқ деп тапса, тұрғындардың өздері ақша жинап жөндеуден басқа амалдары қалмайды.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:05:59 +0600
Назарбаев жастарды шабыттандырды https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112806/ Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге қыз балаларды көбірек әкелуге шақырды. Нәзік жандыларсыз ұлттың болашағы бұлыңғыр деген Елбасы бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздарымын жолықты. Әрі жастарға нағыз шеберлік сағатын өткізіп, ағынан жарылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Саясат бізге жол берген жоқ. Бірінші орынға біздің елді шығарған жоқ. Енді ғана қанатымызды жайып дүниеге қазақ дегеннің кім екенін, қазақ деген мемлекеттің бар екенін, ол мемлекетті картаға қойып, дүниеге паш еткеніміз жақын ғана. 27 жыл деген түк емес. Тарих үшін. Дүние үшін ол мезгіл ғана. Соның ішінде осындай жастарды тәрбиелегенімізге мен өзімді бақыттымын деп санаймын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы арманға жетудің жолдарын өмірден алынған нақты мысалдармен түсіндіріп жастарды шабыттандырды. Әрі бақыттың кілтін байлықтан емес, ғылымнан, білімнен іздеу керек деді. Сол үшін қыз-жігіттерге оқуға барлық жағдай жасалғанын айтып, оларға алтын уақыттарын құр өткізбей, білім алуға кеңес берді. Ал, Елбасының құнды кеңестерін ұйып тыңдаған «100 жаңа есім» жобасының 29 жеңімпазы өз саласының үздігі. Екі мыңнан астам адамның ішінен іріктелгендердің арасында дәрігер, кәсіпкер, спортшы, әскери немесе мұғалім секілді әртүрлі  мамандық иелері бар. Солардың бірі - білікті стаматолог әрі Тұңғыш президент қоры жанындағы Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров.

Сухраб Жапаров, тіс дәрігері:

Мені «100 жаңа есімге» енгізу үшін Тұңғыш президент қоры өтініш жіберген екен.  Еңбегімді бағалап, жеткен жетістігімді елеп-ескеріп жатқандарына қуаныштымын. Елбасымен кездесу мен үшін үлкен абырой.

]]>
Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге қыз балаларды көбірек әкелуге шақырды. Нәзік жандыларсыз ұлттың болашағы бұлыңғыр деген Елбасы бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздарымын жолықты. Әрі жастарға нағыз шеберлік сағатын өткізіп, ағынан жарылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Саясат бізге жол берген жоқ. Бірінші орынға біздің елді шығарған жоқ. Енді ғана қанатымызды жайып дүниеге қазақ дегеннің кім екенін, қазақ деген мемлекеттің бар екенін, ол мемлекетті картаға қойып, дүниеге паш еткеніміз жақын ғана. 27 жыл деген түк емес. Тарих үшін. Дүние үшін ол мезгіл ғана. Соның ішінде осындай жастарды тәрбиелегенімізге мен өзімді бақыттымын деп санаймын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы арманға жетудің жолдарын өмірден алынған нақты мысалдармен түсіндіріп жастарды шабыттандырды. Әрі бақыттың кілтін байлықтан емес, ғылымнан, білімнен іздеу керек деді. Сол үшін қыз-жігіттерге оқуға барлық жағдай жасалғанын айтып, оларға алтын уақыттарын құр өткізбей, білім алуға кеңес берді. Ал, Елбасының құнды кеңестерін ұйып тыңдаған «100 жаңа есім» жобасының 29 жеңімпазы өз саласының үздігі. Екі мыңнан астам адамның ішінен іріктелгендердің арасында дәрігер, кәсіпкер, спортшы, әскери немесе мұғалім секілді әртүрлі  мамандық иелері бар. Солардың бірі - білікті стаматолог әрі Тұңғыш президент қоры жанындағы Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров.

Сухраб Жапаров, тіс дәрігері:

Мені «100 жаңа есімге» енгізу үшін Тұңғыш президент қоры өтініш жіберген екен.  Еңбегімді бағалап, жеткен жетістігімді елеп-ескеріп жатқандарына қуаныштымын. Елбасымен кездесу мен үшін үлкен абырой.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:04:49 +0600
Мэлс Елеусізов жаңа партия құрғысы келеді https://www.ktk.kz/kz/news/video/2019/02/13/112805/ Мэлс Елеусізовтың Парламентте отырғысы келетін сияқты! Қоршаған ортаның ахуалын айтуға тілшілерді жинаған белгілі эколог ойда-жоқта жаңа партия құрғысы келетінін мәлімдеді.       

Табиғат жанашыры осылайша күтпеген жерден тілшілерді тосылдырып тастады. Елеусізов негізі халықаралық экологиялық саммитте көтерілген мәселелерді айтуы тиіс болған. Әлем экологтарының жиынында сөнбеген жанартау, температураның күрт түсуі, мұздықтардың еруі секілді жаһандық мәселелер қозғалған еді. Ал «Табиғат» одағының төрағасы онда Қазақстан атынан барған. Журналистердің басын қосқан эколог Каспий, Арал, Балқаштың ауыр халін айта отырып, әңгімені саяси арнаға бұрды. Мэлс Елеусізов құрғысы келетін партияның аты әзірге беймәлім. Бірақ немен айналысатыны әлден белгілі. Айта кетейік, табиғат жанашыры бұған дейін де саясатқа араласып, тіпті екі рет президент сайлауына түскен болатын.

Мэлс Елеусізов:

- Бірігуіміз керек. Сол үшін мен айтып отырғаным партия шығаруымыз керек. Партия болсмаса, біз ештеңе істей алмаймыз. Мен отыз жылдың ішінде жақсылап оны сездім. Ұйым керек. Саясат мәселелерін шешетін ұйым керек.

]]>
Мэлс Елеусізовтың Парламентте отырғысы келетін сияқты! Қоршаған ортаның ахуалын айтуға тілшілерді жинаған белгілі эколог ойда-жоқта жаңа партия құрғысы келетінін мәлімдеді.       

Табиғат жанашыры осылайша күтпеген жерден тілшілерді тосылдырып тастады. Елеусізов негізі халықаралық экологиялық саммитте көтерілген мәселелерді айтуы тиіс болған. Әлем экологтарының жиынында сөнбеген жанартау, температураның күрт түсуі, мұздықтардың еруі секілді жаһандық мәселелер қозғалған еді. Ал «Табиғат» одағының төрағасы онда Қазақстан атынан барған. Журналистердің басын қосқан эколог Каспий, Арал, Балқаштың ауыр халін айта отырып, әңгімені саяси арнаға бұрды. Мэлс Елеусізов құрғысы келетін партияның аты әзірге беймәлім. Бірақ немен айналысатыны әлден белгілі. Айта кетейік, табиғат жанашыры бұған дейін де саясатқа араласып, тіпті екі рет президент сайлауына түскен болатын.

Мэлс Елеусізов:

- Бірігуіміз керек. Сол үшін мен айтып отырғаным партия шығаруымыз керек. Партия болсмаса, біз ештеңе істей алмаймыз. Мен отыз жылдың ішінде жақсылап оны сездім. Ұйым керек. Саясат мәселелерін шешетін ұйым керек.

]]>
Сәр, 13 ақп 2019 20:03:39 +0600