Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері 7 рет Қысқы Олимпиада ойындарына қатысыпты.
Тәуелсіздік алғаннан бергі қысқы Олимпиадада қанша жүлде алдық

Тәуелсіздік алғаннан бергі қысқы Олимпиадада қанша жүлде алдық

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері 7 рет Қысқы Олимпиада ойындарына қатысыпты.

Тәуелсіз еліміздің спортшылары тұңғыш рет 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Қысқы Олимпиадасына қатысқан. Лиллехаммер – ел тарихындағы алғашқы Ақ Олимпиада.  

Лиллехаммерде шаңғышы Владимир Смирнов 1 алтын, 2 күміс жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 12 орынға орналасты. 1994 жылғы Олимпиададан соң еліміздің спортшылары Қысқы Олимпиада ойындарынан алтын жүлде ала алмай келеді.

1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында XVІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Владимир Смирнов пен конькимен жүгіруші Людмила Прокашева қола медаль ұтты. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте Беларуссиямен 20-21 орындарды бөлісті.

2002 жылы Американың Солт-Лейк-Сити қаласындаөткізілген XІХ қысқы Олимпиадан ел спортшылары жүлдесіз оралды.

2006 жылы Италияның Турин қаласында өткен XХ қысқы Олимпиада ойындарында да қазақстандық спортшыларға жүлде бұйырмады.

2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткізілген ХХІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоншы Елена Хрусталева жекелей сында күміс медальді жеңіп алды. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте Қазақстан мен Эстония елдері 25-26 орынды өзара бөлісті.

2014 жылы ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарын өткізген Ресейдің Сочиінде Қазақстан намысын 52 спортшы қорғады. Бұл Олимпиадада мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды. Онда Қазақстан жалпыкомандалық есепте 26-орынды иеленді.

Ал биыл, яғни 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткізілген XXIII Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалғыз қола медальмен аяқтады. Қола медальді фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алды. 46 спортшы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады.

2018 жылы 9-25 ақпанда өткізілген додада отандастарымыз жалғыз қола медальмен Олимпиада ойындарын 28-ші орынмен аяқтады.

Айта кетсек, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Олимпиадаға қатысып, ең кемі 6-орын алған спортшы сыйақы ала алады.

Биыл бұл тізімге Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, фристайлшы Юлия Галышева мен 6-орын алған шорт-тректен ерлер эстафета командасы ілінеді.

Юлия Галышева мемлекеттен 75 мың доллар алады.

Шорт-тректен ерлер эстафета командасына (Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов) жалпы 20 мың доллар беріледі.

Бапкерлері де сыйақы алады. Галышеваның медалі үшін бапкерлерге берілетін 75 мың доллардың 10 проценті бірінші бапкеріне, 80 проценті жеке бапкеріне, 10 проценті осы спорт түрі бойынша ҚР құрама командасының бас бапкеріне беріледі.

Шорт-трекшілердің үш бапкеріне жалпы 15 мың доллар беріледі.

Жалпы, биылғы олимпиадашыларға 185 мың доллар сыйақы беріледі.   

Қосымша ақпарат:

Қысқы Олимпиада ойындары тұңғыш рет 1924 жылы Францияның Шамони қаласында ұйымдастырылды.

Әлемнің 16 мемлекетінің спортшылары спорттың сегіз түрі бойынша бақ сынады.

Одан бұрын  Швеция астанасы Стокгольм қаласында 1901 мен 1926 жылдар аралығында Еуропа мемлекеттерінің басын қосқан шағын сайыстар өтті. Әуел баста қысқы спорт түрлері бойынша Скандинавия түбегі елдері өзара жарыстар ұйымдастырды.

ХХ ғасырдың басында қысқы Олимпиада ойындарыда өз тарихын парақтады. Содан бері қысқы ойындарда АҚШ, Ресей, бұрыңғы КСРО, Скандинавия түбек елдері, Германия, Канада үздік ондықтан тұрақты көрінді.

1992 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиадалар бір жылда өтіп келген болса, 1994 жылдан бастап әрбір екі жыл сайын Олимпиада ойындарын тамашалауға мүмкіндік туды. Яғни, Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен жазғы және қысқы ойындар әртүрлі жылдарда өтетін болды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ЖҮЗ КӨГЕРШІННІҢ ІШІНЕН ӨЗІ КЕПТЕРІМДІ ЖАЗБАЙ ТАНИМЫН...

ХАЛҚЫҢ ЖАСАҒАН МӘДЕНИ МҰРАДАН ҚҰРАЛАҚАН ҚАЛМАЙЫН ДЕСЕҢ...

МИНИСТРГЕ ТӨРТ СҰРАҚ

ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕГЕН БЕ?

 

 

Новости партнеров

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.