Қытайдың "кэциап" сөзінен шыққан томаттан дайындалған кетчуп көптеген тағамдардың дәмді қызанақ тұздығы. Құрамында томат езбесі, сірке суы және дәмдеуіштері бар. "Кэ-циап" соусын Америкаға қытайлар апарған дейді. Дүкендегі кетчуптің бір кемшілігі онда қант пен түрлі консервант көп. Сондықтан да назарларыңызға табиғи өнімдермен үйде жасауға болатын кетчуптың мәзірін ұсынамыз.
Күзгі науқан: Үйде дайындауға болатын кетчуп

Күзгі науқан: Үйде дайындауға болатын кетчуп

Қытайдың "кэциап" сөзінен шыққан томаттан дайындалған кетчуп тағамдардың дәмін ашатыны рас. Құрамында томат езбесі, сірке суы және дәмдеуіштері бар кетчуптің дәмін білмейтін адам кемде-кем. "Кэ-циап" соусын Америкаға қытайлар апарған дейді. Дүкендегі кетчуптің бір кемшілігі онда қант пен түрлі консервант көп. Сондықтан да назарларыңызға табиғи өнімдермен үйде жасауға болатын кетчуптың мәзірін ұсынамыз. 

Қажетті ингредиенттер:


Қызанақ 2,5 кг
Құмшекер 1/2 стақан
Тұз 1/2 ас қасық
Қалампыр 2 түйнегі
Қара бұрыш 20 бұршақ
Кориандр 10 бұршақ
Сіркесуы 9% 2 ас қасық

Дайындау:

1. Қызанақты жақсылап жуып аламыз. Қызанақты таңдағанда жақсы піскенін, шырындысын, тығызын алыңыз. Қып-қызыл қызанақтан түсі әдемі кетчуп шығады.

 

Жеміс сабағын кесіп алып тастап, қызанақты төртке бөлеміз. Егер ірі қызанақ болса, ұсақтап тураңыз. 

2. Дайын бөлшектерді кәстрөлге немесе қазанға салып 20 минутқа отқа қоямыз. Су қоспаңыз! 20 минуттан соң ол жұмсарып езілуі тиіс. 

Кәстрөлдің қақпағын жаппаңыз. Өйткені артық су мөлшері буланып шығып кетуі тиіс. Жалпы, қызанақтың қоюлануы оның сортына байланысты. Сондықтан тығыз қызанақ таңдағаныңыз жөн.

3. Қайнатылған бөлшектерді елеуіштен өткіземіз. Ол қиынырақ болса, демек дұрыс қайнатылмады, онда тағы да бірнеше минут баяу отқа қойып қайнатып алыңыз.

 

4. Дайын қойыртпақты тағы да елеуіштен өткіземіз. Бұнда ешқандай ұрығы болмауы тиіс.

 

5. Нәтижесінде аздап сұйығырақ томат шырыны шығады. Ендігі міндет оны қажетті қойыртпақ болғанға дейін баяу отта қайнатамыз. Түбі күйіп кетпесін! 

Араластырып қойып бір сағаттай баяу отта қайнатқан дұрыс. Өзіңіз ұнататын қойыртпаққа жеткенше отта ұстаңыз. 

 

6. Енді дәмдеуіштерді алып, артынан кәстрөлдің ішінен қалқып алмас үшін, мынадай қулыққа барамыз. Селдір бір жапырақ матаға (мәрлі) барлық дәмдеуішті салып, түйіншек қылып орап, шетін кәстрөлдің құлағына байлап, буыншақты қайнап жатқан томатқа салып қоямыз. 

Солай қайната береміз. Сонда мәрлі арқылы дәмдеуіштердің дәмі қайнатпаға кіреді. Кейін буыншақты алып тастай салыңыз. 

Дәмдеуіштерді қайнатпада  10-20 минуттай ұстаған жөн. 

7. Тұздаймыз. Дәміне қарай құмшекер қосамыз. Егер дәмі ойдағыдай болса, сірке суын қосамыз. 

Томат соусы 10 минуттай бұқтырылып жатқанда отты сөндіреміз. 

8.Дайын кетчупті банкілерге құйып, қысқа сақтағыңыз келсе салқын, қараңғы жерге қойыңыз. 

Көрсетілген ингредиент мөлшерінен 750 — 800 гр. дайын өнім шығады. Мүмкін одан көбірек болуы мүмкін, ол сіздің қанша минут қайнатқаныңызға байланысты. 

Дәмді кетчуп. Арзан және консервантсыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: КҮЗГІ НАУҚАН: ЛЕЧО ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСІ

ҮЙДЕ КАРТОП ЧИПСІЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСІ

ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕГЕН БЕ?

ҮЙІҢІЗДЕ ЕТ БОЛСЫН, ЕТ БОЛҒАНДА КӨП БОЛСЫН

НЕСИЕ АЛЫП, ҚҰДАЙЫ АС БЕРСЕМ БОЛА МА?

Вчера1

Новости партнеров

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.