{metadescription}
Мәдениет және спорт министрлігінде жаңа тағайындау

Мәдениет және спорт министрлігінде жаңа тағайындау

Борашев Қуат Қаһарманұлы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінде тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы болып тағайындалды.  

Борашев Қуат 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеде келді. 1994 жылы əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді журналист мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.

1994-2005 жылдары түрлі медиа ұйымдарда жұмыс істеді: "Қазақстан" мемлекеттік телерадио компаниясы, "Райхан-тв" телекомпаниясы,  "Тараз-тв" телеарнасы,  "Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы", "Егемен Қазақстан" республикалық газеті.

2005-2006 жылдары "ҚР Президенті ТРК" АҚ , ҚР Президенті баспасөз қызметінде істеді.  

2012 жылы ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде ақпараттар және мұрағаттар комитетінің төрағасы болып сайланды. 

2013 жылы  Мемлекеттік хатшылар алқасының хатшысы қызметін атқарды.  

2017 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Вчера

06 декабря

05 декабря

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире