{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Атамбаевтың жазылып кетуін тіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Атамбаевтың жазылып кетуін тіледі

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жазылып кетуін тіледі.

"Викиликсте АҚШ елшісі Стивен Янгтың түрік дәрігерлеріне сілтеме жасап, Атамбаевтың психикалық ауруы және оның паранойяны күшейтетін алкогольге әуестігі жайлы жариялаған хабарламасын оқыдым. Онда бәрі түсінікті болды! Ендеше оның сауығып кетуін тілейік", - деп жазды Тоқаев Twitter-ге.

Бұдан бұрын Сенат спикері Атамбаевтың мазмұнсыз сөздерін «Қазақстанға соқтыққан кезекті көпірме сөздері» деген болатын.
Айта кетсек, Сооронбай Жээнбеков Қызғызстан президенті лауазымына ресми кірісті.

СМОТРИТЕ ТАКЖЕ
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Вчера

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.