{metadescription}
«Қайтарылмайтын несие»: Бірқатар адамды сан соқтырған алаяқ зейнеткер ұсталды

«Қайтарылмайтын несие»: Бірқатар адамды сан соқтырған алаяқ зейнеткер ұсталды

Алматыда қайтарылмайтын несиелерді уәде еткен алаяқ зейнеткер мен 55 жастағы әйел құрықталды, - деп хабарлайды қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Бостандық ауданы ІІД тергеу бөлімінде өтеусіз несие алуға көмектесуге уәде еткен адамға қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде.

«1954 жылғы қарағандылық еркек бұрын да дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Зейнет жасына қарамастан тағы да заңды бұзып, 1962 жылғы шығысқазақстандық таныс әйелмен келісіп, бірталай азаматтарды үлкен сомаға алдап келген. Екеуі ауыз жаласып екінші деңгейлі банктерден несие алғысы келетін азаматтарды тауып, оларға өтеусіз несие алып береміз деп уәде беріп, банкке қарызды қайтарудың қажеті жоқ деп сендірген. Көкейтесті соманың көлемі - 13 миллион теңге.

Алайда бұл соманы алу үшін, олардың айтуынша, бастапқыда төленетін сомадан аз мөлшерде несие беру қажет, содан кейін негізгі несие түседі деп сендірген", - дейді Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

«Банктермен жақсы қарым-қатынаста екенін және қызмет көрсету үшін жалпы соманың шағын бөлігін бөліп, несиені толығымен есептен шығару мүмкіндігі болғанына сендірген. Осылайша, олар банктің ең көп мөлшерде ұсынатын сомасына несие алуға көндіріп, бірқатар азаматтардың келісімін алған. Нәтижесінде қарыздың жалпы сомасын - 1 миллион 400 мың теңгеден 3 миллион 300 мың теңгеге дейін алаяқтық жолмен өздеріне алып отырған», - дейді Дәурен Өтебаев.

Полиция қызметкерлері бұл алаяқтардың адамды сендіре алатын шеберлігі бар екенін ескертеді. 

Бір ғана Бостандық ауданында осыған ұқсас төрт қылмыстық эпизод қайталанып отыр.

 Қазір олар Алматыдағы басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталуда. ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағына сәйкес алдын ала тергеу басталды.
«Осы адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен барлық азаматтардан телефон арқылы хабарласуды сұраймыз:
254-47-04; 254-47-13; 254-47-55 немесе 102", - деп хабарлайды ІІД.

Вчера

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.