{metadescription}
Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді

Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді

Алматы тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, қалалық ономастикалық комиссия және ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссия бірлесіп ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін Алматы қаласының басты көшелерінің біріне беру туралы шешім қабылдады.

Сессия барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 112 қайталанатын көшелерді қайта атау туралы ұсынысты ономастикалық комиссияға ұсынғаннан кейін зиялы қауым, ҮЕҰ, қала тұрғындары мен әсіресе жастар өкілдері тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын Фурманов көшесіне беруге өтініш білдірді.

«Биыл Астананың 20 жылдығын тойлаймыз, егер еске түсірсек, тарихтың өзі Елбасының астананы көшіру туралы шешімінің қаншалықты шынайы екендігін дәлелдеді. Еуразияның орталығында жаңа заманауи қаланы құру ғана емес, сондай-ақ еліміздің бизнес орталығы ретінде серпін алған Алматы да дамыды. Бұл шешім Президенттің экономикалық реформаларымен қатар жеке бастаманы, кәсіпкерлік рухын дамытуды ынталандырды. Аталмыш шешім Президенттің экономикалық реформаларымен қатар жеке бастаманы, кәсіпкерлік рухты ынталандырмаөқ.  Бүгін Алматы - Орталық Азиядағы ең үлкен мегаполис, аймақтық магнит», - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Елбасымның қолдауымен жүргізілген реформалардың арқасында қала экономикасы 100 есе, шағын және орта кәсіпорындар саны 130 есеге өсті. Егер 90-шы жылдардың басында Алматы ЖІӨ-нің оныншы бөлігін қамтамасыз етсе, қазір  экономиканың бесінші бөлігін қалыптастырып отыр, мұнда шағын және орта бизнес өнімдері мен қызметтерінің төрттен бірі өндіріледі.

«Алматыда Елбасының бастамасы бойынша Конституция қабылданды, ұлттық валюта дүниеге келді, Қарулы күштер құрылды, мемлекеттік рәміздер бекітілді. Сондай- ақ Семей полигонын жабу туралы шешім қабылданды. Осылайша, мұндай шешім Алматыда қабылданғаны дұрыс », - деді Бауыржан Байбек. 

Айта кету керек, 10 жыл бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Иорданиядағы Амманда және Грозныйдағы көшелеріне  берілген.  Қазақстанның тұңғыш президентінің есімімен Түркияның бірнеше қалаларындағы көше аталған. Татарстанның астанасы Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен магистралды көше бар.

 Мәслихат депутаты, «Ахыска» түрік ұлттық орталығының президенті Зиятдин Касановтың айтуынша, бүгін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта танымал болғанын дәлелдейді.

«Президенттің жеке басының абыройының арқасында Қазақстан мемлекетаралық дағдарыстарды шешуде сенімді серіктес болды және Нұрсұлтан Әбішұлы өзін ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы ең белсенді саясаткерлердің бірі ретінде көрсетті, өз еркімен ядролық қарудан бас тартып, Семей  полигонындағы сынақтарды тоқтатты. Мен әріптестерімнің пікіріне қосыламын және Фурманов көшесінің атын өзгерту туралы шешім бүгінгі күні қажет деп санаймын », - деді ол.

Мәслихат депутаты, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Сарсенбай Қали, бұл тарихи шешімді қала қауымдастығының ұзақ күткенін жасырмады. 

«Жеріміз үшін шайқасқан ата-бабаларымызды біз құрметтейміз. Қазір әлемде тәуелсіздік үшін күрескен мемлекеттіліктің негізін қалаушы, Отанымызды  халықаралық аренада танымал еткен - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы. Біздің міндетіміз - оның іс-әрекетін жалғастыру. Бұл менің пікірім ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының газет редакциясына келген ұсыныстарынан туып отыр. Бұл біздің мемлекетімізге, Тәуелсіздікке және ұрпаққа деген құрметіміз », - деді Сәрсенбай Қали.

Сөйтіп, Фурманов көшесі Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының бірауыздан шешімімен ҚР Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев даңғылына ауыстырылды.

Айта кетсек, Алматы қаласының 42 көшесі еліміздің дамуына үлес қосқан көрнекті адамдардың атымен, ал қалғандары географиялық немесе Қазақстантарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен байланысты аталатын болады.

Мысалы, Ш. Айтматов, Г.Белгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, К.Кенжетаев, С.Қалмықов, К.Мырзалиев, Алматы апортын дүниеге әкелген Е.Редько және т.б.

Ескерту: Азаматтарға қолайсыздық тудыратын арнайы рәсім  болмайды. Егер мемлекеттік мекеме, көше атауының базасы өзгертілсе, барлық қажетті ақпаратты ЭСҚ-ны қолданған кезде электрондық үкімет порталы арқылы немесе бірнеше минут ішінде ХҚКО кеңсесінен ала аласыз.

 

 

Вчера

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире