{metadescription}
Дариға Назарбаева Фурманов көшесінің атын өзгерту туралы пікірін айтты

Дариға Назарбаева Фурманов көшесінің атын өзгерту туралы пікірін айтты

Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева Алматыдағы Фурманов көшесінің атын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына ауыстырылуы жайлы пікірін айтты.

«Мен бұл туралы жаңа ғана естідім. Түрлі объективті және субъективті себептер бойынша бұл сұраққа объективті түрде жауап беру өте қиын. Бірақ, өз елінің азаматы, оны жақсы көретін азаматы және Тәуелсіздіктің 25 жылындағы жетістіктерімізді мақтан тұта алатын адам ретінде, бұл шешім дұрыс және өміріміздің бүгінгі күні бейбіт, тыныш өмір сүріп жатқанымыз үшін ел көшбасшысы мұндай абыройға лайықты деп ойлаймын», - деді Дариға Назарбаева.
 
Сонымен қатар, Президентіміз жаһандық деңгейдегі адам екендігін біз жақсы білеміз, оның жаһандық антиядролық бастамалары және халықаралық лаңкестікпен күресу жолын білеміз », - деді ол.
 
Сенатор Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі алғашқы ел болғанына назар аударды.


 
«Бүгінгі таңда Астана - бұл жағдайы шиеленіскен тараптардың кездесулері үшін өте жақсы, сенімді платформа, сондықтан да біз халықаралық және аймақтық шиеленістерді шешуге белсенді түрде қатысатынымызды білеміз.Сонымен қатар, халықаралық және аймақтық қақтығыстарды шешуге белсенді түрде қатысып келеміз. Егер жан-жақты қарап, талдап, сараптап, объективті қарасақ, онда Мемлекет басшысы ең жоғары құрметке лайық. Ол тарих адамы », - деді Дариға Назарбаева.
 
Журналистің бұрын Нұрсұлтан Назарбаев мұндай бастамаларға қарсы еді деген сұрағына Дариға Назарбаева аталмыш бастаманың «төменнен» ұсынылғанын білдірді. «Өзім жаңа ғана естідім, бұл төменнен жолданған бастама болған сияқты», - деді ол.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілді.

Вчера

19 сентября

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире