{metadescription}
Алматы-Бішкек тас жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Алматы-Бішкек тас жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Алматы облысы Ұзынағаш ауылының маңындағы Алматы-Бішкек тас жолында жолаушылар автобусы жыраға түсіп кетті. Жол апатынан екі адам қайтыс болып, тағы он адам түрлі жарақат алды, - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

«Алматы-Бішкек жолының 62-ші шақырымында таңертеңгі сағат 8.00-де жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала алынған ақпарат бойынша, оқиға орнында екі адам қайтыс болды. Ұзынағаш ауруханасына түрлі жарақаттармен 10 адам түсті, арасында кәмелетке толмаған бір бала бар», - дейді ІІД баспасөз қызметі.

Шымкенттен Алматыға келе жатқан автобуста 43 адам болды. Алдына ала берілген мәліметтерге сүйенсек, 41 жастағы автобус жүргізушісі мұзға тайғанақтап, рөлге ие бола алмай қалған.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Вчера

16 августа

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.