{metadescription}
ВИДЕО: Украина жұртын тамсандырған жерлесіміз Түлешованың өнері желіде жарық көрді

ВИДЕО: Украина жұртын тамсандырған жерлесіміз Түлешованың өнері желіде жарық көрді

Алматылық Данэлия Тулешова украиналық "Голос. Дiти" шоуының «күрес сатысынан» сүрінбей өтті.

Жерлесіміз байқаудағы өнерін жалғастыратын болды. Ол сахнада Кристина Жуковская және Касиния Бойкомен бақ таластырған. Олар One of the Night әнін шырқады. Айта кетсек, үш қатысушы да әнші әрі музыкант Дмитрий Монатиктің командасына кірді.

"Голос. Дiти" ресми аккаунтында жазылғандай, байқаудың ең қызған сатысында Монатик - Данэлия Түлешованы таңдады.

Естеріңізге сала кетсек, 10 жасар алматылық Данэлия Түлешова байдаудың «жазбай тыңдау» сатысында әділқазылардың таңдайын қақтырып тамсандырғанн. Ол Деми Ловатоның Stone Cold әнін орындады. Жобаның төртінші маусымына танымал әншілер Монатик, «Время и стекло» тобы және Наталья Могилевская жетекшілік етті.

Қазақстандық әнін енді бастап шырқай бергенде-ақ әділқазылар орындығын сахнаға бірден бұрып жалт етіп қараған.

Айта кету керек, Димаш Құдайберген де Данэлияның әнді керемет шырқағанын айтып, мақтау білдірді. Әншінің анасы Елена Түлешова қызының музыкалық жолы қалай басталғанын айтып берді. Осы жерден Данэлияның өнерін тамашалаңыз.

Источник видео: Голос країни (YouTube)

Вчера

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире