{metadescription}
Алматылық көлік жүргізушілерге 34 миллион теңге айыппұл салынды

Алматылық көлік жүргізушілерге 34 миллион теңге айыппұл салынды

Алматыда «Мүгедек» белгісі бар тұраққа көлігін қойғаны үшін 350-ге жуық жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған «Бірдей мүмкіндіктер жолы» профилактикалық шарасы өтіп жатыр.
 
Полицияда айтылғандай, республикалық жедел алдын алу іс-шаралары кезеңінде анықталған міндеттердің бірі - мүгедектер үшін қол жетімді ортаны қалыптастыруға қоғамның назарын аудару және жол пайдаланушылардың осы санатына дұрыс көзқарас жасау қажеттілігі, сондай-ақ оларға тең мүмкіндіктер беру.
 
«Бүгінде мүгедектерге арналған тұрақ орнына көлігін қойған 347 жүргізушіге қатысты ҚР ӘқК 597-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 34 млн 387 мың 700 теңге айыппұл салынды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шешілмеген мәселелері өте көп. Оған қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар баса назар аударуы тиіс. Оның ішінде адамдардың еркін жүріп-тұруына, білім алуына, емделуіне, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу өте маңызды», - деді Алматы жергілікті полиция қызметінің басшысы подполковник Жасұлан Байкенов.

Вчера

16 августа

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.