{metadescription}
Жаңа жылға дейін бензин бағасы айтарлықтай өспейді, дегенмен…

Жаңа жылға дейін бензин бағасы айтарлықтай өспейді, дегенмен…

Жылдың соңына дейін Қазақстанда бензин бағасының айтарлықтай өсуі күтілмейді, алайда 2018 жылы отандық жоғары сапалы бензиннің құны біршама арттырылады.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумынан тыс БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

«Жыл соңына дейін 25 күн қалды, менің ойымша, ештеңе айтарлықтай өспейді», - деді министр. Оның айтуынша, бензин бағасы әлемдік нарықтағы мұнай бағасына байланысты болады.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстандағы мұнай компаниялары мұнайды ішкі нарыққа сатады, ол экспортпен салыстырғанда табысты толық алмайды деген сөз. Мысалы, қазір барреліне 62-63 доллармен Новороссийск немесе тағы басқа жерге экспорттауға болады, ал ішкі нарық үшін ол барреліне 20-30 долларды құрайды. Әрине, олар ішкі нарыққа жеткізілетін бағаны көтеру үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланады. Егер мұнай бағасы төмендеп кетсе, онда айтарлықтай өсу болмауы керек», - деді ол.

Сонымен бірге, Бозымбаевтың айтуынша, қазақстандық зауыттардың жоспарланған қуаттылықтарға шығуы және жоғары сапалы отандық бензин өндірісі - бензиннің бағасын көтереді.

«Менің пікірімді сұрасаңыздар, бүгінгі күні төртінші мұнай зауыты керек емес. Үш зауытта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. «ҚазМұнайгаз» Атырау мен Павлодар зауыттарын жаңғырту жұмыстарын биыл бітіруі керек. Келесі жылы Шымкент мұнай зауыты жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. осыдан кейін Қазақстан алдағы 5-6 жыл бойы экономикамызды бензинмен, дизель отынымен және авиакеросинмен 100 пайыз қамтамасыз ете алады. Ал 2024-2025 жылдары бір зауытты екі есе үлкейтуіміз керек немесе төртінші зауыт салуға мәжбүр боламыз. Өйткені, сұраныс өсіп келе жатыр. Осындай жоспар бар», - деді Бозымбаев.

СМОТРИТЕ ТАКЖЕ
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Вчера

Новости партнеров

Загрузка...
Сейчас в эфире