Кеттік тойға
Кеттік тойға - Эфир от 24.03.2018
Выпуск от 24.03.2018
Тағдыр тартысы, өмір өткелдері... Өмір сын мен сынақтан тұрады. Қиындыққа мойымай, сәтсіздікке сағы сынбай өмір белестерінен өткен жандар – біздің бағдарламаның кейіпкерлері. Әр қиындықтың бір қайыры бар дегендей, оларды енді қуанышты күндер қарсы алмақ. Тойларына күтпеген жерден танымал эстрада жұлдызы барып, әннен шашу шашып жатса, нағыз тосын сый деген осы болмақ. Біздің бағдарламаның мақсаты - құрметке лайықты жандарға тосын сый жасау.
В этом выпуске:
Шыр етіп дүниеге келгеннен әр күнің, әр қадамың мереке. Өйткені, қазақ – тойшыл халық. Шілдехана, бесік тойдан бастап, әр қызығың «ақ түйенің қарыны жарылған» қуанышты күн есептеліп, қазан көтеріледі. Ия, қазақта той көп, бірақ ұлығы қайсы?
Күміс той. Ширек ғасыр. Айтқанға оңай, әрине. Алайда, 25 жылдың қоржынында талай қиындықтар мен қызықтардың болғаны анық.
Жалпы әр адамның өмір сүру қағидасы әр алуан. Мәселен, біреулер табиғатынан жалқаулықтың торынан шыға алмай, кез-келген нәрсеге еш қиындықсыз қол жеткізудің жолын іздесе, енді біреулер мақсатқа жету жолында бар күш жігерін аямай еңбек етеді. Ал, бүгін «Кеттік тойға» бағдарламасы маңдай тер, табан етімен адал еңбек етудің не екенің жақсы түсінетін жанға тосын сый жасамақ.
Болат есімді бұл азамат «өмірде өзгеге емес, өзіңе ғана сен» деген қағидамен өмір сүретін жан. Ол ес білгелі бері әке-шешенің айтқан ақылын жадына сақтап, әр нәрсеге өз еңбегімен қол жеткізуді мақсат етті, оған қоса еңбекқор болғанда ғана көштен қалмайтынын ұқты. Бүгінде бойындағы сол қасиетіне туыстары сүйсіне қарайды.
Последние выпуски
Кеттік тойға
Мирболат пен Гүлшат Бишуиновтардың отбасын құрғанына 20 жылға таяу уақыт болды. Жоғарғы оқу орнында бірге ...
Кеттік тойға
Ермек өз ісінің маманы. Білдей фирмада өз мамандығы бойынша қызмет етеді. Қиялындағы аруды жолықтырғанына он ...
Кеттік тойға
Әдетте ГАИ қызметкері кездессе, ат тонын ала қашатынымыз жасырын емес. Алыстан бұқпантайлап, көзіне түспеуге тырысамыз. ...
Кеттік тойға
Қарлығаш Асаубайқызы 25 жылдан астам уақыт білім беру саласында қызмет атқарып келеді. Қызметте жеткен жетістіктері ...
Кеттік тойға
Шыр етіп дүниеге келгеннен әр күнің, әр қадамың мереке. Өйткені, қазақ – тойшыл халық. Шілдехана, ...
Кеттік тойға
Жанұзақ Нұқанов – бүгінде Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Алпыстың асқарына шыққан ...
Кеттік тойға
Ләззат Игембердиева – Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданының тумасы. Ол бала кезінде мұғалім болуды армандайды. ...
Кеттік тойға
Қара шаңырақтың берекесін келтірген келін. Енесін анасындай жақсы көрген келіннің өнегесі. Енесінің құрметіне арнап балабақша ...
Кеттік тойға
Бүгінде бойдақтардың көптігі, жастардың отбасын құруға асықпайтындығы қоғамның алаңдаушылығын тудырып отырған мәселелердің бірі. Отбасын құрмаудың ...