{metadescription}

Лента новостей

Лента новостей - Ресей азаматы шекарадан есірткі алып өтпек болды

Лента новостей - Ресей азаматы шекарадан есірткі алып өтпек болды

Выпуск от 07.10.2022

В этом выпуске:

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар елге есірткі алып өтпек болған Ресей азаматын ұстады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 қазан күні Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды жолаушылардың жүктерін тексерген. Ресей азаматы рұқсат етілмеген затты күртешесінің ішкі қалтасына жасырып, мемлекеттік шекарадан өтпекші екен. Алайда жолы болмады. Қызметтік ит иісті алып, ер адамнан жасыл түсті белгісіз зат алынды.

Сараптама белгісіз заттың салмағы шамамен 100 грамм болатын «Гашиш» есірткісі екенін көрсетті. Қазір шетелдікке қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.