{metadescription}

Новости

Новости

Ведущий

Серик Жанболат

Серик Жанболат

Контакты

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Новости - Алматыда қоймадағы отты өшіру кезінде өрт сөндірушілер тығырыққа тірелді

Новости - Алматыда қоймадағы отты өшіру кезінде өрт сөндірушілер тығырыққа тірелді

Выпуск от

Понедельник-пятница, 21:00

Повтор: Вторник-суббота, 12:00

Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.

Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях. 

 

В этом выпуске:

Алматыда 200 тоннаға жуық бояғыш заттар сақталған қойма өртке оранды. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін арнайы техникалардан бөлек тікұшақ та жұмылдырылған. Өрт таңертең тұтанды. Алайда дабылдан кейін бірден жеткен құтқарушылар тілсіз жаумен бірнеше сағат арпалысты.

Жетісу ауданында орналасқан қойманы қызыл жалын демде дендеді. Себебі, түрлі бояғыш заттар бір сәтте лап етіп, ырықсыз жана бастапты. Қара түтіннің шыққанын ең алғаш жақын маңдағы балабақша директоры Гүлнар Құрбанқұлова байқаған. Терезеден көрінген түтінге алғашында мән бермепті. Бірақ бара-бара қоюланып будақтағанын көргенде бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласқан.  

Гүлнәр Құрбанқұлова, балабақша директоры:

- Мен ең алғаш түтін ипподромнан шығып жатыр деп ойладым. Себебі, ипподромнан осындай түтін шығып тұратын. Одан кейін есікті ашып қараған соң қоймадан үлкен қара түтінді көріп, бірден өрт сөндірушілерге хабарластым.

27 техника мен 70-ке жуық адам жұмылдырылғанымен, қызыл жалын бірден бой бермеді. Оның үстіне қоймаға жақын орналасқан тұрғын үйлер мен көшенің тарлығы өрт сөндірушілердің жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Көліктердің кезекке тұрудан басқа амалы болған жоқ. Ал арнайы суы бар екі тікұшақ әуеден су шашып, отты оқшаулауға тырысты.

Әділ Мұрсәлімов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Біресе сулары бітіп қалып жатыр. Суды тікұшақпен шашып жатыр.  

Әлсін-әлсін жарылып жатқан қоймадағы бояғыш заттар өрт сөндірушілердің жұмысын тіптен қиындатқан. Тығыз орналасқандықтан қызыл жалын бет қаратпай тұр. Тіптен, жақындау мүмкін емес. Ал жалынды ауыздықтауға шығындалған судан көше жолы да ақ көбік болды.

Серік Әубәкіров, Алматы қаласы ТЖД бастығы:

- Өздеріңіз көріп тұрғандай, бояғыштар жарылып, өрт сөндірушілердің жұмысына кері әсерін тигізуде. Мамандар басын қатерге тігуде. Жалынды басу үшін жерден де, көктен де сөндіруге барымызды салып жатырмыз.

Өрт сөндірушілер 450 шаршы метр аумақты қамтыған қызыл жалынды 7 сағаттан кейін бір-ақ сөндірді. Төтенше жағдайлар қызметі жарақат алғандар мен қаза тапқандардың жоқ екенін хабарлады. Енді ауқымы үлкен қоймадағы оттың неден тұтанғаны анықталуы тиіс.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Вчера

Сейчас в эфире
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.