Новости
Портрет недели
Артур Платонов
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - Алматыда үйін жөндетпек болып алданған 40-тан аса адам ақшасын қайтара алмай жүр
Выпуск от 19.11.2025
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 12:00
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Алматыда 40-тан аса адам үйін жөндетемін деп сан соғып қалды. Уәдені үйіп-төккен компанияға олар миллиондап ақша төлеген. Алайда басталған жұмыс сол күйі аяқталмапты. Енді жұрт қаражатын қайтара алмай әлек. Әбден ашынған олар бүгін аудандық прокуратураға барып шағымын жеткізді.
Бұл азаматтардың жөндеу үшін төлеген миллиондары желге ұшты. «Бәрін қатырамыз» деген компания өз міндетін толық орындамаған. Алданғандардың бірі — Аида. Жаңа пәтер алған соң, ішін арнайы мамандарға жасатпақ болған. Сөйтіп 5 миллион теңгені алдын ала төлепті. Компания әне-міне деп созбалап, ақыр соңында жұмыстың тек 5 пайызы істелген.
Аида Асықпай:
– Бірінші ттөлемді 9 қыркүйекте жасадым. 2 жарым миллион теңге бердік. Сосын тағы біраз жүріп, 26 қыркүйекте екінші төлемін жасадық. Тура солай, 2 жарым миллион бердік. Екі аптадан кейін үйдің жарығын жүргізді. Сосын техжобасын жасады. Болды, сонымен тоқтады.
Жиналғандардың алды 14 миллионнан, ең азы 2 жарым миллион теңгесін санап берген. Олардың атйтуынша, арада келісімшарт жасалып, үш айдың ішінде жөндеуді бітіріп береміз деп уәде берген. Жарты жыл ішінде 40-қа жуық тұрғын осылай алданған. Олар компанияға берген жалпы сома 100 млн теңгеден асады.
Артур Сүйменбаев:
— Жөндеуге 14 миллион теңгеден астам қаржы бердік. Ақшаны кеңсесіне барып қолма-қол ұстаттық. Кейін олар «доллар көтерілді, материалдар қымбаттады» деп, соны сылтау етті. Жөндеу желтоқсанда басталуы керек еді, алайда қаңтардың соңында басталды. Олар тек барлық бөлмелердің арасына қабырға бөлгіштерді орнатып берді.
Компания әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Қазір де тапсырыс алып жатқан көрінеді. Ал тәжірибелі заңгер Ғабит Өмірбеков қазір нарықта мұндай компаниялар көбейгенін айтады.
Ғабит Өмірбеков, заңгер:
— Қазір мұндай жағдай көбейіп кетті. Алаяқтар өздерінің іс-әрекетін азаматтық қарым-қатынаста қарау үшін әдейі өтірік келісімшарт жасайды. Сосын толық ақшаны төлеуді талап етеді. Бұндай кезде алданбас үшін, сол компанияның кеңсесіне бару керек. Одан кейін пікірлерін көру керек, буклеттерін, базадан төлеген салықтарын тексеру керек.
Заңгердің айтуынша, мұндай жағдайда полицияға бірлесіп арыз жазған дұрыс. «Алдандық» деген азаматтар осылай әрекет етіп, қазір алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.
Жандос Төлепбергенов, Алмалы ауданы прокурорының орынбасары:
— Алмалы ауданы полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркелді. Істің тергелуі Алмалы ауданы прокуратурасының бақылауында. Қылмыстық процецуалды 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.
Қаражатын қайтара алмай жүргендер тергеудің әділ жүргізілгенін қалайды. Сондай-ақ өзгелер де зардап шекпес үшін компанияны жауып тастауды талап етіп отыр.
Популярное
Последние выпуски
Страшное ДТП с автобусом в Мангистау: пять человек погибли, 41 пострадал
В Мангистауской области страшная авария с пассажирским автобусом. ДТП унесло сразу пять жизней. Больше 40 ...
За истязание престарелого отца осудили жителя Туркестанской области
В Туркестанской области осудили мужчину, который жестоко избивал своего престарелого отца. Его обвиняли в истязаниях ...
О семье, потерявшей детей при пожаре в Павлодарской области, рассказали в МЧС
С семьей, потерявшей двух детей в страшном пожаре в Павлодарской области, полтора месяца назад проводили ...
На севере Казахстана морозы нередко становятся причиной пожаров
На севере страны сильные морозы становятся постоянной причиной пожаров. Чтобы согреться, жители частного сектора стараются ...
В Семее запустили бесплатное такси из-за экстремальных морозов
На востоке, севере и западе страны продолжаются спасательные операции. Лютые морозы, метели и нулевая видимость ...
В СКО поход в больницу закончился для пенсионерки трагедией
В Петропавловске обычный поход в больницу закончился для пенсионерки трагедией. Пожилая женщина в 30-градусный мороз ...
Главу финпирамиды, привлекшей миллиарды тенге, экстрадировали в Казахстан
Главу крупной финансовой пирамиды экстрадировали из Грузии в Казахстан. По версии следствия, за четыре года ...
Полиция Шымкента призывает не верить слухам о готовящихся атаках на школы
В Шымкенте взрослые и дети не на шутку напуганы жуткими сообщениями в Сети. Там опубликовали ...
Аким Караганды разозлил жителей окраины комментарием в соцсети
Аким Караганды Мейрам Кожухов своим очередным комментарием в социальных сетях разозлил жителей окраины. Они пожаловались ...