Новости
Ведущий
Ерланби Дәулетияр
Контакты
News@ktk-tv.kz
Новости - Шымкент: 39 жастағы жігіт көрші қарияны немересінің көзінше, көшеде ұрып өлтірді
Выпуск от 10.09.2026
Понедельник-пятница, 21:00
Повтор: Вторник-суббота, 09:40
Ежедневный информационный телевизионный продукт с четко отформатированной подачей информации, устоявшейся аудиторией, стабильно высокими рейтингами. В отличие от информационных продуктов других каналов, «Новости КТК» нацелены на интересы своей аудитории.
Журналисты КТК в первую очередь рассказывают о проблемах рядовых казахстанцев: ценах на товары первой необходимости, вопиющих нарушениях закона, коммунальных авариях.
В этом выпуске:
Шымкентте зейнеткер көршісін көшеде ұрып өлтірді. Қайғылы жағдай қарияның алты жасар немересінің көзінше болған. 65 жастағы ақсақалды сұлатып салғаны аздай, жуан жұдырықты жігіт көршінің үйіне кіріп, кондиционерін алып кеткен. Полицейлер күдіктіні үйінің шатырында тығылып жатқан жерінен ұстады.
Ауланың алдында болған сұмдық көшедегі камераға түсіп қалған. Көлігін көрші үйдің алдына қойған жігітке баспана қожайыны ескерту жасайды. Ә дегеннен әңгімелері жараспағаны анық, көп ұзамай, екеуі жұдырықтаса кетеді. 39 жастағы жігіт 65 жастағы көршісін ұрып құлатып, сұлқ түскен қартқа тағы бірнеше соққы жасайды. Сорақысы сол, мұның бәрі алты жасар бүлдіршін қыздың көзінше болған.
Пайғамбар жасынан асқанда қоңсының қолынан көз жұмған Хурсанбек Тұрсынқұловтың жаназасын бүгін шығарды. Марқұмның туыстары жуан жұдырықты көршімен жиі жанжал болғанын айтады.
Айниса Жаппарқұлова, марқұмның туысы:
— Анадай қарбыз сатса, «сен мына жерге неге түсірдің» деп, одан да ұрыс шыққан. Өзінің үйі арғы бетте, бергі таман машинасын қойып, содан ұрыс шығып, ерегесіп жүрген. Ұрған, ұрғаннан кейін құлаған, ол құлағаннан кейін кеткен. Ары қарай жолдың ортасында барған да, түк болмағандай қайтып келіп, үйде тұрған кондиционерін қолтығына тығып, аспай-саспай үйіне кіріп кетті.
«Болмашы нәрсеге бола, Хурсанбек ақсақалдан айрылдық» деген көршілері, 39 жастағы Ділмұрат туралы жақсы пікірде емес. Ішімдік пен есірткіге әуес екенін айтады.
Бахадыр Исламов, күдіктінің көршісі:
— Жақсы адам емес. Мінезі шатақ, былай айтқанда, қасақана арандатып, қалай айтсам екен, ішімдік ішеді, есірткі қолданады. Есірткісін тартып жүретін адам . Сол үшін көбісі онымен жақсы тұрмайды. Біраз адамды жерге қаратқан.
Көршісін өлтірген соң үйіне қашқан күдіктіні полицейлер баспананың шатырынан тауып, бірден қамауға алды.
Нұрлыбек Әлібекұлы, Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары:
— Күдікті жедел түрде анықталып құрықталды. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
Тиісті сараптамаларды тағайындаған полицейлер соның шешімімен қылмыстық іс қозғайды. Күдікті тыйым салынған препараттар қолданған деген нұсқа да бар. Ал әзірге оқыс оқиға болған "Хамза" шағын ауданын полицейлер әлі де күзетіп жүр.
Популярное
Последние выпуски
Семейная ссора обернулась поножовщиной: женщина в реанимации
В Карагандинской области медики борются за жизнь 28-летней женщины, которую ранил ножом ее собственный муж. ...
Суд по делу о смертельном падении студента из окна начался в Актобе
В Актобе начался суд по громкому делу о гибели 17-летнего студента. Парень сорвался с четвертого ...
Коллапс в метро Алматы возник в утренний час пик
В алматинском метро сегодня случился коллапс. В самый час пик на всех станциях неожиданно перестала ...
Как астанчане готовятся к холодам
Больше 700 машин не выпустили на республиканские трассы в Акмолинской области. Водители всех этих автомобилей ...
В Казахстане расширили перечень тех, кто может быть похоронен в Нацпантеоне
Вице-президентов, председателей Курултая и их заместителей, а также глав Қазақстан Халық Кеңесі с замами разрешили ...
В Алматы бизнесмены жалуются, что их обманули на 80 миллионов тенге
В Алматы возмущаются предприниматели. Уверяют, их обманул оптовый поставщик. Люди жалуются: вносили предоплату, но товара ...
Башенный кран упал в пригороде Уральска
Уголовное дело завели на западе страны после обрушения башенного крана на стройке. Крановщик погиб на ...
Какие платные дороги Казахстана пользуются наибольшей популярностью
Направление из Алматы в Конаев стало самым загруженным платным участком дороги в Казахстане. За 10 ...
В Акорде чествовали победителей Азиатских игр и пара игр
Сегодня в Акорде чествовали победителей Азиатских игр и пара игр. Президент Токаев отметил высокие достижения ...