{metadescription}
Мектептегі былық: «Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін 2 мың 200 доллар әкелесің»

Мектептегі былық: «Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін 2 мың 200 доллар әкелесің»

«Құдай төбемізден көріп тұр ғой! Ақшасыз ешқашан жұмысқа алмайды! Тегіннен-тегін жұмысқа алмайды бұл жерде!». «Ертең мені өлтіріп немесе ұрып-соғып кетеді. Сондықтан КТК-дан көмек сұрап тұрмыз».

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қыпшақ ауылы. Жұмыссыз ауыл. Мұнда еті тірі жанға жұмыс жоқ. Әр мәселенің артында дау бар. Мектеп директорынан заңсыз запа шеккен мұғалім. Оқу жылына дайын емес мектептер. Клубта білім алып жатқан оқушылар. Мұғалім боп жұмысқа тұру үшін жиған-тергенін беріп, ақыры жұмыссыз қалған келіншек. Отбасындағы кикілжің. 

 Өлмесай Әлімқұлова, қудаланған мұғалім:

- Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін маған 2200 доллар әкелесің деді.

Өлмесай мұғалімдікті 15 шақырым жердегі Абай ауылынан тапты. Көкесін көзіне көрсеткен проблема сол жерде басталды. Бастауыш мектеп сыныбына қабылданған Өлмесай шағын орталықтың тәрбиешісі болып шыға келді. Бұл орталыққа төрт жылда 40 тәрбиеші қабылданыпты. Бірі келіп, бірі кеткен. Босанғанына бір апта болғанда шағын орталықтың жабылғанын естіген Өлмесай төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешеді. Оны екі адамның қаһары күтеді: бірі – директоры, екіншісі – күйеуі. Қудаланған мұғалім. 30-дан енді асқан келіншек өлмек жанның күйін кешуде.

«Қатын, сонша ақшаны жұмысқа кірсін деп бердім!».

Қиналып күн көрген отбасы. Күйеуі кіжінетіндей жөні бар. Астындағы көлігін сатып, әйелін мектепке тұрғызыпты. Қыпшақ тұрғындарының бәрін үрей билеген.    

Өлмесай Әлімқұлова, қудаланған мұғалім:

- Демалыс ақшасын ала алмасам, күйеуім мені үйден қуады. Құлайын деп тұрған мешітке барам ба?

Шымкент шетіндегі Самал-3 ықшамауданы. Сарыағаш аудандық білім бөлімінен және тікелей мектеп директорынан заңсыз қыспақ көрген бір жан бар. Ол да «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан   араша сұрады.   

Алмагүл Бердиярова, қудаланған мұғалім:

- Жаныма тиіп кетті, күйеуіммен де араздасып, басқаларымен де... Кімге жағады ғой дейсіз, әркімнің босағасын жағалап жүрген. Талабым  педагогикалық мамандығымды әрмен қарай жалғастырып, оқушыларға білім беру.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмагүл жұмыстан қудаланғанына бір жылдан асты. Ауылдан, өз үйінен өзі безіп жүргеніне аттай бір ай. «Арызыңды ал» деп қыспаққа түсірген. Мектеп директорынан жәбір көрген ол аудандық білім бөліміне шағымданып барса, қоқан-лоққыға тап болған.

Қазақтың айтулы қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков  атындағы мектеп. 162 мұғалім, 1725 оқушы. Мектеп жетістіктен бұрын, проблемадан аты шығып тұр. Түсірілім тобы келгенін естіген мектептің директоры ұшты-күйлі жоқ боп шықты. Оны завучтар, күзетші, дене шынықтыру мұғалімі, түсірілім тобы да шарқ ұрып іздеді. Директорды табу «оп-оңай» деген мұғалім сөзінен айнып шыға келді.

Бауыржан Бейісов, ауыл тұрғыны:

- Жеңгем 700 мың теңге, келінім балабақшаға 600 мың теңге берді. Завучқа да, мұғалімдікке де, қарауылға да пара сұрап отыр. Біздің Абай ауылында жемқорлық – алады-береді, жұмысымыз бітеді. Заң деген нәрсе  жоқ.

Ауданның білім саласында былық жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында 1036 мектеп бар. 640 мың оқушының 86 мың 432-сі Сарыағаш ауданында оқиды. Мұнда бірінші тоқсан аяқталғанымен күрделі-жөндеу жұмыстары әлі бітпеген.

Сәкен Сейфуллин атындағы №77 мектеп. Өткен мамырда басталуы тиіс күрделі-жөндеу жұмыстарына рұқсат тамыздың 14-де берілген. Білім ошағында 734 оқушы бар. Екі маусыммен оқиды. Сарыаңаш ауданы №14 Алыбай батыр атындағы орта мектеп. Асхана, спортзалда жөндеу бітпеген.

- Біздің бағдарламада бір аптада, бір айда емес, бізде  бүгін, дәл қазір мәселені шешеміз. Шақырыңыз. Алматыдан арнайы келген «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі Гүлмира Әбіқай. 

Жаңа ғана қабырғаның сылағын түсіріп тұрған жұмысшылар КТК түсіру тобы келгенде жан-жаққа бытырай қашты. Сарыағаш аудандық білім бөлімі. Қаңыраған бос дәліз, жабық кабинеттер. Кешеден бері келіскен адамдар табылмады. Сұқбатқа келіскен бастығы жоқ, кеңселердің бәрі жабық. Ауданда 138 мектеп бар. 13 мың педагог тартылған. Алайда басым бөлігі білімін ысырып қойып, ішкі істер бөлімі мен прокуратураның арасын тоздырып жүр.

«Дау-дамайсыз» Сарыағаш ауданында 10 шақты жапа шегіп қудалауға ұшыраған  мұғалім №73 мектеп директорының ізіне түсті. Мұнда жаңа қылмыстық істің басы қылтияды. Соңғы алты жыл бойы ҰБТ-ден соңғы көрсеткіште. Ал жоғары санаттағы мұғалімдер санынан көз сүрінеді. 900 мұғалім жоғары санатты. Жергілікті бюджеттен 1 млрд-қа жуық теңге бөлінген. Қазынаны кім толтырады? Заңды ма, заңсыз ба? Мектеп директорына қатысты былықтың басын ашатын және соған қатысты арыз берушілер саны артып келеді.

«Дау-дамайсыз» бес күннің ішінде ауданда бес пайыз білім, 95 пайыз былық екеніне көз жеткізді. «Дау-дамайсыз»  былықтың бетін ашты! Шалғай елді-мекендегі былық жайлы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабардар. КТК редакциясынан жазылған ресми хатқа ресми жауап іс жүзінде болмақ.

Жеке өміріме қауіп төнеді деп қашып жүрген не деп айтты?

ОҚО білім бөлімі басқармасының баспасөз хатшысы не деді?

Сарыағаш аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы уәдесін орындады ма?

Ұстаздардың шағымын Сарыағаш ауданы Ішкі істер бөлімінің бастығы тиікелей бақылауға алды ма?

Мұғалімдер мектептегі жұмысына қайта оралды ма?  

№73, №14, №77 мектептерде жөндеу жұмыстары аяқталды ма?

«Дау-дамайсыз» бағдарламасының араласуымен қандай мәселе шешілді?

 Бұл сұрақтардың жауабын сайттағы толық нұсқасынан табасыз. Жасырын камерамен түсірілген былықтар мен тым-тырақай қашқан атқамінерлердің әрекеттері «Дау-дамайсыз» жобасында!

Әр сенбіде сағат 19:30-да КТК арнасынан «Дау-дамайсыз» бағдарламасын қараңыз!

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Ауырғанда не істемеу керек?

Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз? 

Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз...

Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде