{metadescription}
Аяз! Суықтан қорғанудың айла-амалдары

Аяз! Суықтан қорғанудың айла-амалдары

Біздің кейбір әдеттеріміз суық тигізуге «себін тигізеді» екен. Сондықтан қақаған аязда суық тиіп ауырып қалмаудың айла-тәсілін біле жүрейік. 

БІР ҚАЛЫПТЫ ДЕМ АЛУ 

Қатты боранда дұрыс тыныс алу өте маңызды. Дем алғанда ауа барынша жылы болуы керек, ол үшін мұрныңмен дем алу керек. Дем алу мен дем шығару бірқалыпты, баяу болса, ауа да сәл жылып үлгереді. 

Егер аяз үдей бастаса, мұрын қуысы тарылып, ауызбен дем алуға мәжбүр боласың. Саспа! Аузыңды болар-болмас ашыңқырап, кішкентай қуыс арқылы дем ал. Тағы бар амал: ерніңді шүршитіп, тіліңді таңдайыңа қойып дем алған жөн. Не болса да, терең тыныстама және желге қарсы дем алма (бұл еркіңе қарсы дем алу жылдамдығын арттырады). Ал егер жүріп келе жатқанда жет бетіңе қарай соқса, сәл еңкейіп, төменге қарап дем ал.  

Аузы-мұрныңды мойынорағышмен қымтама. Өйткені мата арқылы дем алғанда бу мұзға айналады. Сөйтіп ұсақ мұзшықтар арқылы дем алатын ауа суып кетеді. 
Кеуде-мойныңды міндетті түрде жылы ұста. Тыныс алу жолдарына сыртынан суық тиюі мүмкін (мысалы, ашық жаға мен қымталмаған мойынорағыш арқылы), онда қанша дұрыс дем алсаң да суық тиіп қалуы әбден мүмкін. 

АЯЗДА НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ 

Енді кең тараған қателіктерімізді айтайық. Бір қарасаң түкке тұрғысыз секілді. Дегенмен салдары қиын. Сонымен, ауа температурасы 10 градустан төмендегенде не істеуге тыйым салынады? 

1. Тап далаға шығарда мұрынға арналған тамшы дәріні пайдаланба!  

Бұл жағдайда тамырларың «қиналып» қалады: дәріден тарылып, сосын аяздан тағы бір тарылады. Нәтижесінде мұрын шырышы тыныс алғанда ауаны жылытуға мұршасы келмейді. Сондықтан қажет болса мұрныңды тазалап, далаға шығардан 10 минут бұрын сумен шайып тастаған дұрыс. 

2. Денең қалтырағанда далада тұрма! 

Тоңып, дірілдей бастағаныңды сезсең, кез келген ғимараттың ішіне кір: дүкен, кафе, жақын маңдағы подъезд. Жылынып алған соң шыға беруге болады, сөйтіп суық тиюден сақтанасың. 

3. Алкогольмен жылынам деуші болма! 

Суықта ұрттап алып жылынам деушілер қатты қателеседі. Арақтың жылыту әсері алғашқы жарты сағатта ғана сезіледі, сосын денең көз ілеспес жылдамдықпен суып, ал миың әр іс-әрекетті бұрыс қабылдауы мүмкін. Мысалы, үсіп бара жатқаныңды сезбей қаласың. Ақыры денеңді үсік шалады

4. Далаға шығарда бетіңе крем жақпа! 

Кез келген кремнің, тіпті қорғағыш кремнің 70-80% ылғалдаушы сұйықтықтан құралған. Ол құрамындағы су құнарлылығы мен ылғалдаушы заттарымен бірге теріге кіреді. Ал сұйықтықтың терінің бетінен суалуына кем дегенде 35-40 минут қажет. Егер далаға осы уақыттан ерте шықсаң, бетке жаққан кремнің құрамындағы ылғалдатқыш сұйықтық мұзға айналып, бетіңді үсік шалады (бет терісін зақымдағанын айтпағанда). 

5. Аяғыңа тар, денеңе жабысып тұратын киім киме!

Аязды күндері аяқ киім сәл кеңірек болғаны абзал. Тар киім кигенде ауа алмастырудың жоқтығынан денең тез тоңады. Сондықтан кеңірек және көп қабатты киім киген абзал (майка – жейде – тоқыма жемпір – кеңжейде). Яғни, бір қалың жемпірден көрі бірнеше жұқалау киім киген жөн. Киімнің арасындағы ауа жылуды ұзақ сақтайды. 

6. Далада ыстық сусын ішкен дұрыс емес! 

Ыстық сусын қан айналымын және ағзаның қорғау күшін арттырады. Сонымен бірге тамырды кеңейтеді. Бұл дегеніміз, аязға тап болғанда өз жылуыңды жоғалтып аласың. Ыстық шай ішкің кеп бара жатса, жылы (ыстық емес) су немесе шай ішкен жөн. Ал ыстық шайды далаға шығардан 30 минут бұрын ішкен дұрыс. 

7. Үйден аш қарынмен шықпа!

Ағзамызға жылу өндіру үшін энергия қажет, әйтпесе қатып қаламыз. Ал денемізге энергияны тамақтан аламыз. Сол үшін күн суықта аш қарынмен жүрме. Энергия көзі – май немесе құрамында аққуызы мол тағам (мысалы, ет). 

8. Басыңды кептірмей далаға шығушы болма!

Әрине, алба-жұлба шаш ешкімге көрік бермес. Егер шашыңды кептіріп үлгермей сыртқа шығып кетсең, тек бір алла ғана аурудан сақтап қалар. Айтпақшы, шаштараздар сыртқа шығарда шашты ыстық фенмен кептірген соң тағы бір рет салқын ауамен кептіру керек дейді. Тамырлар тарылып, өзіңнің жылу беруің азаяды.

Айта кету керек, ауа райы қыспаққа алғанда жаңалықтар қарап, синоптиктердің ескертуін жадыңызда сақтаңыз. КТК арнасының жаңалықтарынан (күндізгі сағат 15:15, 18:30-да) еліміздің әр өңіріндегі қытымыр аяздағы төтенше оқиғаларды қарауды ұмытпаңыз.  

Міне, осы қарапайым кеңестерді санаңызға сақтап, аман-сау жүруге тілектеспіз! 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҚАЗАҚСТАНДЫ ШАРЛАП ШЫҒУДЫҢ 7 СЕБЕБІН БІЛЕ ЖҮР

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

ЮЛДУЗ УСМАНОВА: «ҚАЗАҚСТАНДА ӨЗІМДІ ҚАЗАҚ СЕЗІНЕМІН»

2018 ЖЫЛҒА ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ – ҚИЫР ШЫҒЫС АСТРОЛОГТАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ

КЕТТІК ТОЙҒА: КТК АРНАСЫНЫҢ ТОСЫН СЫЙЫ ЖҰҒЫСТЫ БОЛСЫН!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.