Сырттай білім алудың түрі қалай өзгертілді? Екінші жоғары білімді алу үшін және орта арнаулы білімнен кейін қанша жыл оқу қажет? Сырттай оқу күндізгі оқуға қарағанда біршама арзан екені белгілі, сонда сырттай оқу жойылған соң төлемақы қанша болады? Биыл қанша білім гранттары бөлінді және қандай мамандықтарға?
Білім гранттары. Сырттай оқудың жойылуы.Төлемақы. Студенттік жатақханалар

Білім гранттары. Сырттай оқудың жойылуы.Төлемақы. Студенттік жатақханалар

Екінші жоғары білімді алу үшін және орта арнаулы білімнен кейін қанша жыл оқу қажет? Сырттай оқу күндізгі оқуға қарағанда біршама арзан екені белгілі, сонда сырттай оқу жойылған соң төлемақы қанша болады? Биыл қанша білім гранттары бөлінді және қандай мамандықтарға? Студенттік жаңа жатхана білім бағасына әсер ете ме? 

Білім гранттары

2018 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды.

Әкімдер қосымша 3 мыңға жуық грант бөлді

Биыл мемлекеттік білім гранттарына қосымша жергілікті атқарушы органдарының есебінен 2 700-ге жуық грант бөлінді. ҰБТ мен кешенді тестілеуді тапсырмаған, я болмаса, шекті деңгейден аса алмағандар үшін 15-19 тамызда қосымша тестілеу ұйымдастырылады. Оны да тапсыра алмаса, өткен жылдағыдай жоғары оқу орнына бір семестрге қабылдана береді. Бірақ келесі жылы қаңтар айында тестілеуді қайта тапсыруы қажет.

Әкімнің гранттары қалай таратылады
Аймақтарда немесе қалаларда қандай мамандықтар тапшы? Әкімдіктер соның бәрін зерделеп, сол мамандықтарға қосымша грант бөліп отырады. Мәселен, Астана қаласының әкімдігі педагогика, денсаулық сақтау, ақпараттық теxнологиялар, оның ішінде автоматтандыру мен басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу теxникасы және теxнологиясы, сонымен қатар, көлік қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру, инженерлік жүйелер, сәулет, дизайн, мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш мектеп мамандықтарына қосымша грант бөлді. Бұдан бөлек, физика, биология, математика мен информатиканы ағылшын тілінде оқыту да бар. Әкім гранттары сол өңірге байланып тұрмайды. Жергілікті атқарушы орган тапсырыс берген мамандық болса, республика бойынша кез келген жоғары оқу орнында білім алуға болады. Бірақ оқудан кейін ол жерге қайта барып, жұмыс істеу керек.  Бірақ грант иегері әкімдіктің себінен оқиды. Әкім гранттарын арнайы комиссия тағайындайды. Оның құрамына әкімнің өзі, әлеуметтік қорғау өкілдері, қаржы мекемелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары кіреді. Іріктеу кезінде үміткердің ұпай санына баса назар аударылады. Бірақ әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға жеңілдік беріледі. Құжат қабылдау 10 тамызға дейін жүргізіледі. Одан кейін комиссия өз жұмысына кіріседі. 

25 балмен грантқа өткендер туралы

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

"25 балмен грантқа өткендер - кейбіреулері колледжді бітіргеннен кейін оқуға түсуге құжат тапсырады. Бұл ретте қысқа мерзімге 3 жыл оқитындар жатады. Мысалы, мектепті тәмамдаған түлектер ҰБТ тапсырғанда жоғары балл 140 болса, ең төменгі шекті балл 50-ге тең. Ал колледжден кейінгі түлектер тек 70 сұраққа жауап береді, яғни екі пәнді ғана таңдайды. Сәйкесінше, оларда шекті балл 25-ке тең. Биыл «Атамекеннің» және колледждердің ұсынысымен біраз гранттардың санын колледжден кейінгі түлектерге бердік. Бірақ колледжден кейінгі гранттарға көп сұраныс болған жоқ, сондықтан осы мамандықтар бойынша олар шекті балды ала тұрып, грантты иеленіп жатты. Көбінесе, олар техникалық мамандықтарға тиесілі. Колледж бітіргеннен кейін 3 жыл оқиды. Жалпы, колледждерді қолдауымыз керек. Осы оқу орындарын тәмамдаған түлектер қысқа мерзімде оқып шыға алады. Сол үшін биыл біраз гранттар бөлінді. Гранттарды бөлген кезде елімізде тиісті квоталар қарастырылған. Бұл тұрғыда ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, Қазақстанның  азаматы емес ұлты қазақ адамдарға,   сондай-ақ ауыл жастарына ескерілген квоталар бар. Қазақстанда шетелдегі қандастарымыз 25 және 26 балмен грантқа түсті". 

Биыл білім гранттары конкурсына 75 мың адам қатысты. 1-ші тамызда Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын бастаған болатын. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлік палатасының, Жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық бірлестіктердің, ҚР БҒМ білім және ғылым мәселелері және бала құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің, педагогтар қауымының өкілдері кіреді.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында биыл мемлекеттік тапсырыстың көлемі 20 мың грантқа артырылды, ол:

11 000 - техникалық бағыттарға ( ақпараттық технологиялар, робот техникасы және нанотехнология);

5 000 - еңбек нарығында қажеттілік байқалып отырған басқа мамандықтар;

3000 - магистрлер;

1000 - PhD докторлары;

Білім гранттарының саны 53 594-ке жетті:

5 944 - күндізгі оқытудың 1-курсына;

2 650 - ЖОО дайындық бөлімдеріне;

24 737 грантты техникалық және технологиялық мамандықтарға;

 9 499 грантты педагогикалық;

 2 785 грантты ауыл шаруашылығы және ветеринария;

 2 700 грантты медициналық;

1 450 грантты гуманитарлық;

 100 грантты құқық;

300 грантты өнер;

1 780 грантты әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес;

 3 246 грантты табиғи ғылымдар;

2 330 грантты қызмет көрсету;

500 грантты әскери іс және қауіпсіздік мамандықтарына;

Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға рұқсат етілген ЖОО тізімі де толықтырылды. Білім гранттарын тағайындау конкурсына 75 430 адам қатысты. Оның ішінде: 

60 327- қазақ тілінде білім алғысы келеді;

14 810  -  орыс тілінде оқуға ниет білдірген;

 293 - ағылшын тілін;

Айта кетсек,  «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасының аясында студенттерді оқыту квотасы бойынша конкурста 5 494 адам білімін сынап көреді.

Елімізде сырттай білім алу түрі өзгертіледі. Енді жоғары білімді «part-time» жүйесі бойынша алуға болады. Елде сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов былай деді:
«Біз «part-time» институты қажет екенін көріп отырмыз. Осының қажеттігін сезініп отырған азаматтар бар, себебі өмірде түрлі жағдайлар туындайды. Алайда бұл институт өзгертіледі. Қазіргі кезде тиісті нормативтік-құқықтық база дайындалып жатыр. «Part-time» арқылы білім беруге болады, бірақ біршама түзетулер ескеріледі. Біріншіден, олар міндетті түрде 65 емес, яғни білім стандартына сәйкес тиісті бағдарлама бойынша кредиттердің көлемінен 100 пайызын оқитын болады. Екіншіден, біз қашықтықтан оқытатын технологияларды пайдаланамыз. Ол үшін прокторингтің арнайы жүйесін әзірлеу қажет».

Сырттай оқитын студенттер күндізгі бөлімдегі қатарластары иегеріп жүрген көлемнің 65 пайызға жуығын қамтиды. Дегенмен де олар бірдей дипломдарды алады және нарықта олардың қайсысы білімін сырттай меңгергенін білмей жатады. Осы жылы бұрынғы норма бойынша білім беру жалғасады. Сәйкесінше, ЖОО-лар студенттерді дәстүрлі жүйемен қабылдай алатындығын нақтылады. Мұнымен қоса, аталған форма аясында оқып жатқандар да дипломдарын алғанша оқуларын жалғастырады. А. Аймағамбетов сырттай білімді тоқтату қадамына тоқтала келе, аталған формаға 2010 жылдан бастап ішінара тыйым салынғанын жеткізді. Мәселен, сырттай оқуға жоғары білімді екінші мәрте алатындар немесе ұлттық біліктілік шеңберінің үшінші деңгейіндегі колледж түлектері түседі. Соның өзінде, көп мамандықтар олар үшін қолжетімсіз. Мысалы, медицина, ветеринария, құрылыс және басқа бағыттар.    

Жаңа заңнама бойынша жоғары білім бағдарламаларын меңгеру мерзімі алынып тасталды. Соған сәйкес, жоғары оқу орындары оқыту нәтижелерін ескере отырып, бакалавриат бағдарламасын жылдамдатылған режимде аяқтауды көздейтін интеграцияланған білім бағдарламаларын әзірлейді.

Жоғары оқу орындарында ақылы оқудың бағасын реттейтін норма да алып тасталды. Бұл азаматтардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, білім бағдарламалары бойынша оқу төлемақысының көлемі мен білім қызметтерін көрсету шартының формасын енді жоғары оқу орындары өздері дербес бекітеді. 

2018 жылға арналған техникалық және кәсіби білімді оқыту бойынша тегін мамандықтардың тізімін мына жерден көруге болады.

Студенттік жатақханалар

Қазір елімізде 530 мыңнан астам  студент бар. Олардың тең жартысы өңірлерден келген. Көбіне жатақханадан орын жетпейді. Сондықтан олар пәтер жалдап тұруға мәжбүр.
Жалпы, Жоғары оқу орындарынан  65 мың орынға арналған жермен қамтамасыз етілген өтініш болған. Әр қалада (ЖОО-лар мен колледж)  жатақханалар құрылысын мерзімінен бұрын орындалатынын және қыркүйекте немесе жаз айларында бірнеше қалаларда жатақханалардың құрылысы басталатыны айтылған. Құрылыс жоспары әзірленген.

Білім министрлігі  студенттерге арналған жаңа жатақханаларға  қанша қаржы  жұмсалатынын есептеп қойыпты. Жоғары оқу орындары мен тапсырыс берушілер несие алады, ал қарызды мемлекет жабады.

Жатақханалар  пайдалануға берілген соң, оқудың ақысы қымбаттамайды. Яғни жаңа орындар білім  бағасына  еш әсер етпейді.
Наурыз айында ҚР Президенті Бес әлеуметтік бастама аясында 75 мың орынға арналған жатақхана құрылысын жүзеге асыруды тапсырған болатын. 2022 жылға дейін еліміз бойынша қажетті жатақханаларды салу көзделген.

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.