Осы апта қандай болмақ? Мені не күтіп тұр? Неден сақтанып, неден аулақ болған жөн? Осы аптада ойлаған істерімді атқара аламын ба? Қандай шаруа тындырамын? Неден сақтанған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы және стролог Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
6 – 12 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

6 – 12 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

Осы аптада не күтіп тұр? Қандай жаңалықтар болады? Жоспарлаған істерімді атқара аламын ба? Неден сақтанған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы және  астролог Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.

6 – 12 тамызға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқтылардың осы аптада алғанынан бергені көп болады. Бұл аптада саған жүктелген міндеттерден қашсаң да құтыла алмайсың. Жақын адамдарыңызға қолдау көрсетуге тура келеді. Жүрегіңізге жылы адаммен кездесіп, мерекелік кешке қатысып қалуыңыз ықтимал. Сонымен қатар кәсіби кездесулер, тарихқа сүңгу, маңызды ақпараттармен алмасу күтілуде. Жақын маңдағы ерекше жерлерге барып қалуыңыз мүмкін. Өзіңіз танитын адамнан сыйлық аласыз. Жоспарда болмаған шығындар бар. Жұмыста төзімділік қажет болады. Бұл аптада мамандығыңызды ауыстырмаңыз. Болмаса басқа қызметке ауысудың да қажеті шамалы. Саяхат – өміріңіздегі ең жарқын сәттерді сапарға шыққанда байқайтын боласыз. Тоқтылардың әр күні жарқын оқиғаларға толы болмақ. Жеке өміріңізде де жарқын сәттер күтілуде. Көңіліңіз алаңдайды. Бас тартқыңыз келмейтін ұсыныс айтылады - таныс адамыңыздан. 

 

Торпақтарды сенімге қатысты мәселелер қатты толғандырады. Бұл осы аптада ең маңзды мәселе болмақ. Ұзақ уақыт бойы ең жақын, ең сенімді деген адамыңыздан көңіліңіз қалады. Осы аптада болатын оқиғалардың маңыздысын байқап отырасыз. Өзгерістер күтіліп тұр. Өзгенің әрекетіне тәуелділік байқалады. Өміріңіздің барлық саласында өзгерістер бар. Кейбіреуі жұмысын ауыстырса, кейбіреуі жұмыстағы жағдайына өзгеріс енгізеді. Жоспарламаған саяхаттар да болады. Беделді таныстарыңыздың арқасында материалдық жағдайыңызды жөндеп алуыңыз мүмкін. Осы салады сәттіліктер кездеседі. Баяғыдан қалап жүрген тауарды сатып аласыз. Туыстардан көмек күтесіз. Қуанышты кездесу, жағымды сыйлық та күтілуде. Таныс адамдарыңыздың арасында беделіңіз өседі. Олар сізің мінезіңіздегі жағымсыз тұстарын айтып, жәрдем көрсетіп қалуы ықтимал. Осы аптада жағымсыз қылықтарыңыздан, әдеттеріңізден арылудың сәті түсіп тұр және күдік тудыратын таныстардан да ажырасуға болады. Жеке өміріңізде қолдау көрсететін адам іздейсіз. Жұбататын адам қажет сізге. Ал жасы үлкен торпақтарды уақытша ажырасу мен жалғыздық күтіп тұр. 

 

Егіздер беделін жоғалтқан адамдармен байланысын үзеді. Сіз шулы компаниядан іргеңізді аулақ ұстайсыз. Мазаңызды алатын адамдардан да құтыласыз. Осы аптада өзіңіз жалғыз қалып, ойға шомып, өзіндік көзқарас қалыптастырасыз. Біліміңізді жетілдіріп, өзіңізше бір жаңалық ашып, тарихқа, дәстүрге үңілетін боласыз. Бұл кезең жақсы дүниеге бой алдыруы мүмкін. Жұмысыңызда бірқатар сәттіліктер күтілуде. ения и яркий успех. Әріптестеріңіздің алдында жоғары беделге ие боласыз. Сонымен қатар біраз серіктесіңізбен қарым-қатынаста салқындық орнайды. Жанжал да болуы мүмкін. Жанжалдың себебі ақшаға қатысты болмақ. туыстарыңыздың біріне ақшалай көмек бересіз. Оны басқалардан жасырып қалуға тырысасыз. Жеке өмірде түсініксіз, нақты себебі жоқ дүниелер орын алады. Бірақ сіз маңызды шешім қабылдауға дайын емессіз. Осы аптаның басты жаңалығы жоспарланбаған ұсапар болады. 

 

Шаяндар дұрыс ойының нәтижесінде өзіне үлкен жаңалық ашады. Сөйтіп күрделі мәселенің түйінін шешеді. Тап қазір қолыңызда үлкен мүмкіндік бар. Жоспарларыңызды іске асырасыз, ол ешкімнің мүддесіне қайшы келмейді. Осы кезеңде көңіліңізге жағатын кездесулер мен дастархан күтілуде. Бәрінің көңілі сізде екенін байқап, көпшілік назарында болғандықтан артық сөйлеп кетуіңіз мүмкін. Шаяндардың кейбіреуінің өмір салтында өзгерістер күтілуде. Ол туралы сізге әрдайым құлаққағыс жасалады. Маңызды құжат алуға қатысты әлеуметтік мәртебеңіз өзгереді. Ол жақсылық әкелуі мүмкін. Көптеген шаяндарды қызметінде жаңалықтар күтіп тұр. Егер саяхатты жоспарлаған болсаңыз, ол жағымды жаңалықтарымен қуантатын болады. Бар шығынды бақылауда ұстайсыз. Лайықты ма, лайықсыз ба деп бас қатырмай, біраз адамға сыйлық жасайсыз. Жеке өмірде өзіңіздің ұнатқан адамыңызбен қаласыз. Тұрақтылық басым. 

 

Арыстандар өз мүддесіне қарсы келетіндердің мысын басатын болады. Абырайыңыз биіктен көрініп, пайда күтетін боласыз. Әріптестеріңіз бен пікірлес адамдарыңызбен бәсекеге түсесіз. Жеңіске жету үшін жаныңызды салып, материалдық тұрғыдан да да марқайып қаласыз. Заңгерлік бағытта ресми құжаттарды рәсімдейсіз. Осы аптада сіздің қолыңыз қойылатын шарттар қабылданады. Араласып жүрген адамдарыңыздың арасында жаңа тұлға пайда болады. Оның сіздің өмір салтыңызға үлкен ықпалы бар. Жеке мүддеңіз қаржылық қатынастармен қатар жүреді. Ақша туралы мәселе маңызды рөл атқаратын болады. Ақша табу жолы мен ақшаны жасау сіздің адамгершілік қасиетіңізге көлеңке түсіруі мүмкін. Өз бейнеңізді жасыруға тура келеді. Ол үшін ақпараттарды  өзгертуге мәжбүр боласыз. Туысқандық қатынаста жаңа ұрпақ дүниеге келуі мүмкін немесе бір маңызды мұраға ие болып қалуыңыз мүмкін. Көңіл күйіңізді біржақты деп айту қиын. Сізді "ұстап алып" түсініктеме алу өте қиын. Жалтарып кететін боласыз кез келген күдіктен. 

 

Бикештер осы аптада романтикаға бой алдырады. Жағдайыңызды жақсартуға, тұрмыстағы дүниені өзгертуге ұмтыласыз. Айналаңызды өзгерткіңіз келеді. Өз көзқарасыңызды қолдайтын адамдармен араласасыз. Слардан қолдау күтесіз. Жоспарларыңыз жиі өзгеріске ұшырайды. Армандап, қиялға берілесіз. Бірақ жұмыстағы міндеттер көңіліңізді көншітпейді. Дегенмен болашаққа деген көзқарасыңызға көбісі қызығып қарайтын болады. Ал мақсатыңызға бір қадам жақындайсыз. Ақшаны қалай болса солай шашуды доғарасыз, сонымен күрес басталады. Қаржылық жағдайды шешу үшін туыстардын көмек күтесіз. Сыйлықтар, қуанышты жаңалықтар да күтілуде. Көптеген бикештерді алыс сапар күтіп тұр. Ол қауіп-қатерге толы. Жеке өміріңіз барлық жағымсыз дүниеден құтқарады. Бірақ бұл жолы сүйіктіңіздің шынайы сезімін біле алмайсыз. 

 

Таразылар салқын қатынас орнатады. Ол өзгенің сізді түсінуіне көмегін тигізеді. Бұрыннан бері еңбектенген істеріңіздің нәтижесі енді ғана жемісін бере бастайды. Араласып жүрген адамдарыңыздың арасында жаңа тұлғалар пайда болады. Көптеген адамға жәрдем көрсетіп, қол ұшын бересіз. Бірақ жұмыста объективті тұрғыда мәселелер туындауы мүмкін. Біраз уақыт қиналасыз. Ол сіздің кәсіпкерлік қабілетіңізді төмендетіп жіберуі мүмкін. Ақпарат алмасып, таныс серіктестеріңізден жаңалық аласыз. Туысқандық мәселе бірінші орынға шығады. Туысқыныңыздың біреуі сізден көмек сұрайды. Отбасыңызда жаңа мүше пайда болады. Той да күтілуде. Үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ірі нәрсе сатып аласыз. Тағы да көшу мәселесі көтеріледі. Ал жеке өмірде тұрақтылық болғанымен, өзге адамдар үшін ол жұмбақ болмақ. 

 

Сарышаяндар басындағы сан қилы ойлардан құтылуға асығады.  Өздігіңізбен жұмыс істеу үшін жалғыз отырып көп ойланасыз. Жаңалықтар легін дұрыс қабылдау үшін әр нәрсені жіті бақылауға көшесіз. Бірақ сізді тез сенгіш адам деу қиын. Сіздің қасиетіңіз сол, ең қиын жағдайда дұрыс шешімді ілезде тауып алып шығасыз. Жаңа серіктес іздеуде қиындыққа тап боласыз. Ол үшін таразының басын теңестіруге тура келеді. Айналаңыздағы адамдар сіздің талаптарыңыз тым жоғары деп ойлау мүмкін. Сапарға шығып, шығын шығарасыз. Әдемі дүниелер сатып аласыз. Жақын адамға сыйлық жасайсыз. Көп көрмеген досыңызбен қауышасыз. Ол алыстан келеді. Сыртқы келбетіңізге осы аптада көп көңіл бөлесіз. Жеке өмірде сәл өзгеріс бар. Жалпы тұрақтылық басым. 

 

 

Мергендер осы аптада көкжиектен қылаң берген жаңа мүмкіндіктерді уысынан шығарып алмуға тырысады.  Әріптестеріңіздің алдында шапшаң қимылдап, біраз жетістіктерге ие боласыз. Біліміңіз мақсаттарға жетелейді. Осы аптада барынша еңбектенесіз. Ескі заттарды қопаруға тура келеді. Баяғыда жоғалтып алдым деген маңзды құжатты тауып аласыз. Күтпеген жерден ақша түседі.  Жақын досыңыз сыйлық жасайды. Шешім қабылдап, таңдау жасайсыз. Туысқаныңыздан жағымсыз хабар аласыз. Оған қолдау көрсетуге тура келеді. 

 

Тауешкілер жалған, жасырын хабарға тап болады. Заң қызметкерлерімен жұрт алдында ұстасып қалуыңыз мүмкін. Беделді досыңызды қорғамақ болып біраз қиындыққа тап боласыз. Досыңыз, әріптесіңіз немесе көршіңізбен ұстасып қалуыңыз мүмкін. Жанжал тууы да мүмкін. Дегенмен өзге адамға ықпалыңыз жүріп, қаржылық мәселе жағымды хабар әкеледі. Келісім шарттар жақсы жүреді. жылжымайтын мүлік мәселесі шешімін табады. Бұл тұрғыда ер адам көмек береді. Алыстағы адамға қолдау көрсетесіз. Ал жақын адамыңызбен біраз уақыт ажырасуға тура келеді. Жеке өмірде өзгерістер керек деген ой әрдайым мазалайтын болады. Сіз өзгерістерге жақын тұрсыз. 

 

Суқұйғыштар ақыры өз дегеніне жетеді. Осы аптада ашық қимылдауға көшесіз. Өз мүддеңізді көздейсіз. Өміріңізге ықпалы бар адамдарға жеке қағидаңызды паш етесіз. Дегенмен ішкі ойыңыз бен әрекетіңіз үйлеспейді. Мені түсінбейді деген пікір болады. Егер жұмысқа білек сыбана кіріссеңіз, бәрі ойдағыдай болады. Қазір дұрыс әрекет етіп, дұрыс ойлайтын кезең. Көздеген мақсатттарыңызды әрдайым есте ұстаңыз. Жақын досыңызбен сапарға шығуыңыз мүмкін. Аздап демалыс күтілуде. Салтанатты шараға шақырады.

 

Балықтар өзіне сай таңдап алған жолында бөгеттерге тап болады. Серіктесіңіздің шыдамы таусылады. сізге көп еңбектенуге тура келеді. Көшу, орын ауыстырулар күтілуде. дауды жағдай туады. туыстарыңыздың арасында жанжал туады. Дегенмен осы аптада ақсы дүниеге сатып аласыз. Оны достарыңыз сөз қылып, көп адам қызғанатын болады. тағдырыңызға әсер ететн кездесу күтілуде. Осы аптада жарқын іс жасайсыз. ол қазіргі істеріңізбен тұспа тұс келеді. парасатыңыз көңіл күйден басымырақ болып, жеке өірде өз еркіңізбен шешім қабылдайсыз. 

 

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...