{metadescription}
«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасының ерекшелігі

«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасының ерекшелігі

«Алматы жастары 3.0». Алматыда пайда болған жаңа тұрғын үй бағдарламасының қандай жеңілдігі бар? Несиені өтеу мерзімі қанша? Төлем қабілеттілігі есептеле ме? «Алматы жастары 3.0» кімдерге арналған? Бағдарламаның ерекшелігі неде?  

Бағдарламаға 10 миллиард теңге бөлді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 миллиард теңге қарастырып отыр.

 «Алматы жастары 3.0» төмен пайыздық мөлшерлемемен – 13 миллион теңгеге дейінгі несие жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен беріледі.

Несиені өтеу мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін. Ол төлем қабілеттілігіне қарай есептеледі

Бастапқы төлем - 10%.

Қатысушылар бастапқы және екінші деңгейлі тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер сатып ала алады.

«Алматы жастары 3.0» мақсаты – бюджет саласындағы жас қызметкерлерге қолдау көрсету (35 жасқа дейін). Ол – мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО  оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

Алматыда 8,4 мың көппәтерлі тұрғын үй қоры бар.

Бүгінде 25 533 азамат баспана кезегінде тұр, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға көп.

Былтыр 3162 адам баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 520 көпбалалы отбасы мен 114 балалар үйінің түлектері бар.

2019 жылы 1050 жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтер кілтін алды.

2020 жылы 3 810 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның  ішінде 1300–ден астам пәтер «Бакытты отбасы» бағдарламасымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы сатылатын болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қандай жұмыс істеп жүр 

Жемқорлық: Сыйақының жаңа тәртібі. Полицейлер мен министрліктердің жемқорлық көрсеткіші 

Атаулы жалақы. Еңбекақысы көп мамандық. Кадрларға сұраныс 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде