{metadescription}
Қаржы-қаражатқа қатысты 10-30 маусымға астрологтар ұсынысы

Қаржы-қаражатқа қатысты 10-30 маусымға астрологтар ұсынысы

Ақшаңнан айрылсаң, өкінерсің, күйінерсің. Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады. Астрологтардың қаржы-қаражатқа қатысты болжамына біреу имандай сенсе, біреу елең қылмайды. Қанша дегенмен ақша ұқыптылықты ұнатады. Бір күнде байып, бір күнде тақырға отырып жатқандар жоқ емес. Сақтансаң, сақтайды. Ендеше астрологтардың маусым айына ұсынған ескертуіне құлақ түрсек...

10.06.2020. Бұл күні кассалық операцияларды аз мөлшердердегі ақшамен жасаңыз, ірі төлем жасамауға тырысыңыз.

11.06.2020. Ақшаға қатысты кез келген іспен айналысуға болады. Тіпті бір қарағанда күмән тудырған істерге тәуекелге барудан қорықпаңыз.  

12.06.2020. Бұл күні ақшамен небір айла-шарғы жасауға болады, өйткені аталмыш іс-әрекеттерге бұл өте қолайлы күн.

13.06.2020. Ақша аударымдары мен төлем жүргізуге болады. Тек есіңізде болсын, маңызды жобаларға араласпаңыз.

14.06.2020. Бүгінгі таңда кейбір қаржылық операциялармен мұқият айналысуға болады. Бірқатар төлемдеріңіз, келісімшарттар, сату-сатып алу өміріңізде шешуші рөл атқармағаны ғана маңызды.

15.06.2020. Кез келген қаржылық істермен айналыса аласыз.

 16.06.2020. Ақша операцияларына тыйым салынбайды, бірақ ақшаға қатысты кез келген мәселеде мүмкіндігінше абай болыңыз.

17.06.2020. Ақшаны аз мөлшерде жұмсаңыз. Бұл күні қажет затты сатып алуға тыйым салынбайды, бірақ жылжымайтын мүлік, автомобиль, зергерлік бұйым сатып алудан аулақ болыңыз.

18.06.2020. Бұл күні барлық қаржылық операцияларыңыз сәтті болады. Кез келген төлем, сатып алулармен алаңсыз айналысып, қымбат та, арзан да заттар сатып алуға болады.

19.06.2020. Бұл кез келген қаржылық операцияларға қолайлы күн. Бүгін еш алаңдамай ақша жұмсап, шопингпен айналысуға жолыңыз ашық.

20.06.2020. Ақшаға қатысты кез келген іс туралы ойламаңыз. Ол сіздің жағдайыңызға жаман әсер етуі мүмкін.

21.06.2020. Ауқымды, маңызды жобалармен айналыспаңыз. Бұл қаржы саласына да қатысты.

22.06.2020. Ақшамен, оның инвестициясымен немесе қарапайым сауда-саттыққа байланысты кез келген мәселені шешуге қолайлы күн.

23.06.2020. Ақша операциялары үшін ең сәтсіз күндердің бірі. Қаржыңызға мұқият, сақ болыңыз.

 24.06.2020. Егер сіз кейбір сауда-саттық немесе қаржы мәселесін, жобаны кейінге қалдырған болсаңыз, тап бүгін сіздің көкейіңіздегі ойды жүзеге асыруға ең сәтті күн туып тұр.

25.06.2020. Қаржы операцияларының кез келген түріне ең қолайсыз күндердің бірі! Инвестиция, сатып алу, инвестиция құюдан аулақ болыңыз.

26.06.2020. Ақшаға қатысты небір іс-шара жасауға ыңғайлы күн. Бірақ бәріне мұқият қарауға тырысыңыз, қарыз ақша алмаңыз, несие алмаңыз, ипотека алуға өтініш жасамаңыз.

27.06.2020. Ақша операциялары үшін бейтарап күн. Салыстырмалы түрде аз мөлшердегі ақшамен жұмыс істей аласыз. Яғни кішігірім мәміле, келісімшарт жасауға болады. Шамалы сатып алулар жасай аласыз.

28.06.2020. Жалпы, кез келген ақша операцияларына бейтарап күн. Ірі инвестицияларды кейінге қалдырып, кішігірім сауда-саттыққа назар аударыңыз.

29.06.2020. Ақшаға қатысты ешқандай операция жасамауға тырысыңыз. Барлық қаржылық мәселелені әзірше тоқтата тұрыңыз.

30.06.2020. Қаржы мәселесін шешуге, басқа да ақшаға қатысты  операцияларды жүргізуге ыңғайлы күн. Ірі көлемдегі қаражатты инвестициялауға қауіпсіз күн.

Таршылық көрмей, берекелі, дәулетті өмір сүруге тілектеспіз!

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде