{metadescription}
21 250 теңге қалай аударылады

21 250 теңге қалай аударылады

21 250 теңгені алуға өтінімді қайта беруі керек пе? 21 250 теңге автоматты түрде аударыла ма?

Тамыз айында азаматтарға 42 500 теңгенің орнына - 21 250 теңгеден берілетін болды. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретінде. Бұрын бір реттік әлеуметтік төлемді алған азаматтардың мәліметтері базада бар. Сондықтан оларға проактивті форматта төлем тағайындалады.

Президенттің тікелей тапсырмасы бар: екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда, бұрынғы соманың жартысы,21 250 теңгеден беріледі. Бұл қаржыны азаматтар міндетті түрде алады.

21 250 теңге автоматты түрде аударыла ма?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға бір жолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) автоматты түрде аударылады.

Карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Жоғарыда көрсетілген төлемге азаматтардың келесі санаттары үміткер:

1) мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100% мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлер;

2) жеке кәсіпкерлер;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 млн-нан астам өтініш қабылданған. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде