{metadescription}
Құрылыс секторына карантин қалай әсер етті

Құрылыс секторына карантин қалай әсер етті

Карантин құрылысқа қалай әсер етті? Мамандар құрылыс саласының карантиннен қалай өтіп жатқаны туралы не дейді? Оның қандай бізге тиімсіз салдары болады? Ал мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіледі? 

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

-Құрылысқа бұл індет (covid-19) кері әсерін тигізді. Сатып алу қабілеті төмендеді, құрылысшылар тек өз қорына арқа сүйеп жұмыс істеуде. Ай сайын жұмысшылардың жалақысын, салығын, бюджеттік жарнасын төлеу қиындап барады. Көптеген қызметкерлер қашықтан немесе жарты күн жұмыс істейді. Кеңейтілген штат оңтайландырылған. ҚР-ның нарығында жалпы ішкі өнім мен аймақтық өнім төмендеуде. Біздің ойымызша, жыл соңына дейін нөлге түсеміз. Мемлекет 1,5% -ға дейін төмендейді деп болжайды.

Кейбір компаниялар жұмыс көлемі болмағандықтан қызметін тоқтатты. Адамдардың оңтүстіктен солтүстікке және батыстан шығысқа жылжуы қиындай түсті. Бұл үлкен шығынға, тұрғын үйдің қымбаттауына әкеледі. Қазірдің өзінде бірде-бір құрылыс компаниясы пайда немесе табыс табуды ойлауға мұршасы жоқ – дағдарыстан аман қалу үшін қызметкерлерін сақтап қалуға тырысуда.  

Сонымен бірге, үй салушылар салынып жатқан нысанды тоқтатпайды деп ойлаймын. Бұл капиталдың,  үлескерлер жарнасының кетуіне әкеп соғады. Сондықтан компаниялар қарызға батуға мәжбүр болса да, жұмыс істеуге тырысады, несиелерді пайдасыз шартпен алады.

 

Мемлекеттік қолдауға келсек, бүгінде ол жоқ, тек құр уәде. Жұмыспен қамтудың жол картасына қолдау туралы айтсам, бұл бағдарлама жыл сайын мектеп, аурухана, жолдар, инженерлік желілер салуға арналған. Ол бір жерде істесе, бір жерде істемейді. Бірақ тұтас алғанда жұмыспен қамту мәселесін шеше алмайды. Бүгінде кем дегенде 50 мың жұмысшы өз қолымен – күрекпен, құрал-жабдығымен өз бетінше жұмыс іздейді. Мәселені шешу үшін құрылысшылар одағы карантин мен төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап мемлекетке салынып жатқан нысандарды құрылыс салушылардан сатып алуды және олар аяқталғаннан кейін мұқтаж азаматтарға жалға немесе бөліп төлеуге беруді ұсынды. Осылайша біз үш мәселені шешер едік: экономиканы қолдап, мұқтаждар жандар мен бизнеске көмекті. Бірақ әзірге еш өзгеріс жоқ.

 

Дәурен Әйткенов, Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығының сараптама бөлімінің бастығы:

-Нарықтағы көптеген компаниялар әлі проблемамен бетпе-бет кездескен жоқ. Болашақта құрылыс компаниялары жабылып, банкроттыққа ұшырауы мүмкін, қауіп бар. Біздің байқауымызша, кейбір құрылысшылар тәуекел деп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған замандағыдай, өзіне көп міндеттеме алып жатыр. Бірақ егер ұзаққа созылған қаржы дағдарысы болса, онда көпшілігі сазға отырады. Қазір нарықтағы ұйымдардың көбі қаржы жағынан тұрақсыз. Сондықтан құрылыс компаниясын таңдауда абай болу керек және жылжымайтын мүлікті тек үлескерлерден қаражат жинауға лицензиясы бар компаниялардан сатып алу керек. Сондай-ақ қалталы ма, сенімді ме, және қанша жыл нарықта мінсіз жұмыс істеп келе жатқандығына назар аудару керек.

Жалпы алғанда құрылысшылар клиенттеріне жақын болып, олардың қалауының өзгеруіне бейімделіп, нарық талап етіп отырғанды қамтамасыз ете білуі тиіс. Бұл – барлық уақытта өмір сүру сәттілігінің негізі.

Мемлекеттік қолдауға келетін болсақ, қазір барлық шара тек бюджетке бағытталған. Бұл жақсы болғанымен, жеткіліксіз. Ағымдағы несиелік бағдарламалар жаппай сегментке құрылған. ең көп несие сомасы - Нұр-Сұлтан мен Алматыда - 25 млн. Бірақ іс жүзінде бұл қалаларда үш бөлмелі пәтер сатып алу үшін сізге шамамен 30-40 миллион қажет, ал бұл сегмент үшін ипотекалық несиелендіру бағдарламалары жоқ. Бұл мәселені шешу бір адамға шаршы метрдің ұлғаюына, екі немесе одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға және жалпы орташа  тапқа қолдау көрсетуге әкеледі, өйткені олар да баспана мәселесінде көмекке мұқтаж.

Құрылыс нарығын қолдаудың ең маңызды тетігі және аталмыш саланы дағдарыстан шығаруға көмектесетін – салынып жатқан тұрғын үйге ипотека беру. Мәселе мынада: үлескерлік құрылыс нысандарына ипотекалық несиелеу жоқ. Көршілес Ресейде көріп отырғанымыздай, коммерциялық банктер үлестік қатысу келісіммен несие береді және ол өте жақсы жұмыс істейді. Ресей Федерациясының бастапқы нарығындағы операциялардың 60% -дан астамы ипотека көмегімен жасалған операция. Бізде бұл көрсеткіш небәрі  10%. Ипотека нарығын ынталандырып, енді қазылған жерден адамдарға жылжымайтын мүлікті несиеге сатып алу мүмкіндігін беру керек, өйткені бұл 15-20% арзан және клиенттерде таңдау мүмкіндігі бар. Бізге осы маңызды мәселеде мемлекеттің жігері қажет және заңнама мен банктерге  құрылымдық өзгеріс қажет.

 

Мюаш Бисарова, ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының атқарушы директоры:

- Пандемия кезінде жобалаушылар қауымдастығы жобалау-іздестіру қызметіндегі қазіргі жағдайды тереңірек түсіну үшін екі сауалнама жүргізді: сәуір және шілде айларында.

Нәтижесі: қайталанған карантинге байланысты қызметі толық тоқтатылған компаниялар әлі де бар. Шілденің аяғында респонденттердің жалпы санының 9% құрады, сәуірде 18%. Жауап беретін компаниялардың қызметкерлеріне қатысты мәселе бөлек қарастырылды. ОНда жағдай сәуірге қарағанда сәл жақсырақ көрінеді. Компаниялардың 57% -ы ғана (сәуірде 70%) қызметкерлерін қысқартқан немесе ақысыз демалысқа жіберді. Егер алынған нәтижелерді жобалау-іздестіру қызметтерінің бүкіл нарығына экстраполяцияласақ, (шамамен 10 000 компания), пандемия салдарынан 50 000-нан астам жоғары білікті маман табыс көзінен айырылды деп болжауға болады.

Пандемияның жобалау саласындағы компаниялардың айналымына әсерін бағалаласақ, компаниялардың 60% -дан астамы әлі де бірінші жартыжылдықта айналымдағы қаражат түсімі едәуір, 50% -дан азайғанын айтады. Екінші жартыжылдықтағы белсенділіктің қалпына келуін күтетін компаниялардың тек 14% -ы шілде айындағы сауалнамада көрсетті (сәуірде 20%). Респонденттердің 60% -ы екінші жартыжылдықта жұмыс көлемінің одан да төмендеуін күтуде.

Экономикалық жағдайдың нашарлағаны рас, көптеген жобалар мен жұмыс тоқтатылды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес өкілдері айтарлықтай шығынға ұшырады. Осылайша, іссапарларға тыйым салу қолданыстағы келісімшартпен  қадағалау жүргізу мүмкіндігін толық  тоқтатты, оның орындалуы «ҚР сәулет-қала құрылысы қызметі туралы» ҚР заңына сәйкес міндетті болып табылады.

Жаңа тапсырыс іздеу бағытындағы жұмыс күрт төмендеді. Жобалаушы компаниялардың қызметі - бұл мамандарға құрылыс алаңдарын, реконструкциялауды, кеңейтуді немесе салуды қажет ететін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тексеруге аймақтарға баруды қажет ететін бизнестің ерекше түрі. Мамандар сол жерге келмей, техникалық мәселелерді тікелей сол алаңда (немесе тапсырыс берушілер кеңсесінде) болашақ жобаларды талқыламаса, жаңа келісімшарт жасау мүмкін емес.

Бірқатар тапсырыс берушілер қашықтан жұмыс істеуге көшіп, бұл қолданыстағы келісімшартпен жұмыс кезеңін бекіту қарқынын едәуір төмендетті. Бекіту рәсімдері арадағы төлемді жүзеге асыоуға маңызды, ал қашықтан басқару бұл үрдісті тоқтатты.

Карантин шетелдік және жергілікті серіктестер кеңселерінің қызметіне де әсер етті. Министрліктер деңгейінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ және басқалар деңгейінде кездесулер өткізу қажеттілігі туындайды, бірақ мәжбүрлі карантиндік шарамен бұл кездесулер белгісіз мерзімге шегеріледі.

Сондай-ақ, бюджетке несиелік және салық қарыздары, несиелік төлемнің  кешіктірілуімен байланысты күрделі мәселелер болды. Осы себепті жобалаушы компаниялар тендерге қатыса алмайды. Сонымен қатар, салық органдары өсімпұл салып, банктік шот пен кассадан шығындар бойынша операцияларды бұғаттайды, бұл жобалаушы ұйымдардың ақыр соңында банкроттыққа дейін қызметін тоқтатады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.