{metadescription}
CОVID-19: Вакцинаға қатысты барлық сұрақтарға жаап

CОVID-19: Вакцинаға қатысты барлық сұрақтарға жаап

ЭКО жасатпастан бұрын екпе алған дұрыс па? Жүктілікті жоспарлап жүргендерге вакцина алуға бола ма? Вакцина алғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар тіркелді ме? «Спутник V» вакцинасын алғаннан соң вирусты қайта жұқтыру мүмкін бе? Елде коронавирустың өршуі тағы қайталана ма? Ковидтің «британдық» штаммы елімізде тіркелді ме? КВИ қандай қан тобындағы адамға жиі жұғады? КВИ бедеулікке соқтыратыны рас па? Әр маусымдағы індет штамдарында айырмашылық бар ма? Екпеден кейін оның қорғаныш әсері қашан басталады?

Вакцина еккенге дейін де, кейін де:

  • Аллергия болмас үшін таңсық тағам жемей тұра тұрған жөн;
  • Бұрын қолданып көрмеген әтірді де қолданбау керек;
  • Екпеден кейін «енді ауырмаймын» деп ойлауға болмайды;
  • Бетперде тағып, сақтық шарасын жалғастыра беру керек;
  • Коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек;

ЭКО жасатпастан бұрын вакцина алған дұрыс па?

Экстракорпоральді ұрықтандыру жасатпай тұрып, коронавирусқа қарсы вакцина салдырған дұрыс. Қазір жасанды жолмен ұрықтандыратын орталықтарға келетін пациенттер белсенділігі арта түсуде. Бұл ретте барынша сақтық таныту қажет немесе ЭКО жасатардың алдында өзіңді қорғау үшін вакцина салдырған дұрыс. Білікті мамандардың айтуынша, коронавирус сперматогенезге әсер етеді. Яғни, тұрақты болмаса да да, үш айға шәует жасушасы санының және сапасының төмендеуі анықталған. Сондықтан да ЭКО бағдарламасына дайындалған кезде карантин талаптарын барынша қатаң сақтау қажет.

Жүктілікті жоспарлап жүргендерге вакцина алуға бола ма?

Егер жүкті болуды жоспарлап жүрсеңіз, онда аяғыңыз ауырлағанға дейін вакцина салдырып алған дұрыс. Сол арқылы  денсаулығыңызды қорғай аласыз. Әдетте жас келіншектердің жүкті болатындығын және оларда көп жағдайда коронавирус инфекциясы жеңіл өтеді. Дегенмен жүктілік кезінде өкпе қабынуы қосылатын болса, онда бұл жайт денсаулыққа үлкен проблема туындатып, тәуекел де арта түседі. Сондықтан вакцина алу керек. Вакциналау ауырып қалмаудың немесе аурудың асқынып кетуіне жол бермеудің жалғыз жолы.

Вакцина алғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар тіркелді ме?

Вакцинаның теріс әсері өте сирек болады. Вакцина егілгендердің 1 пайызында ғана теріс реакция болған, бұны кері әсер деп айтуға да келмейді, себебі ол вакцина егілген жердің ісіп кетуі секілді сипатта және 1-2 күнде қалпына келеді. Екпе алған адам 45 күн ішінде науқаспен байланыста болса, екінші рет вакцина алғанға дейін қайтадан ауырып қалуы мүмкін. Иммунитет вакцина алған күннен 45 күн өткен соң қалыптасады. Сол үшін осы күн аралығында сақтанып жүру керек. Екпе алғаннан кейін екі-үш күн өткенде науқаспен байланыста болып, ауырып қалған 3-4 жағдай кездесті. Ал вакцинаны екі рет алғаннан кейін ондай жағдайға ешкім тап болған жоқ.

«Спутник V» вакцинасын алғаннан соң вирусты қайта жұқтыру мүмкін бе?

Өндірушілер таратқан ақпаратқа сәйкес, вакцинаның тиімділігі 99%. Алайда ондай ықтималдық бар. 1 пайыз адам вакциналаудан соң ауырып қалуы мүмкін. Алайда, ауру жеңіл өтеді. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау міндетті шарт.

Қазақстанда коронавирустың өршуі тағы қайталана ма?

Коронавирустың өршуінің алдын алуға тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Песимистік есептеумен індеттің өршу мүмкіндігі наурыздың соңы мен сәуірдің басына қарастырылған. Бірақ қауіп сейілгенін байқаймыз. Былтырғы жаз айларындағыдай індеттің өршуі болмауы үшін тиісті жұмыстар атқарылды. Сондықтан өткен жылдағы ахуал қайталанбайды деп санайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Елімізде коронавирустың «британдық» штаммы тіркелді ме?

Елімізде коронавирустың «британдық» штаммы тіркелген жоқ. Әлем бойынша коронавирус инфекциясы штаммдарын, олардың мутациясын зерттеліп, қадағаланып отыр. Ұлттық сараптама орталығы бар. Орталық елде тіркелген коронавирус инфекциясының штаммдарын қарап, тексереді. Осының нәтижесінде «британдық» шатамм ел аумағында тіркелмеді. Бұл  бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Коронавирус қандай қан тобындағы адамға жиі жұғады?

Ресей ғалымдарының зерттеуінше, коронавируспен ауырған науқастардың арасында І қан тобындағы адамдар аз. Індетті көбіне II және IV қан тобы бар адамдар жұқтырады екен.

Коронавирус бедеулікке әкеп соқтыра ма?

Елімізде коронавирустан бедеулікке ұшыраған жағдай тіркелмеген. Ковид-19 бедеулікке алып келетіні туралы ақпарат бар, бірақ біздің елде әзірге ондай науқас анықталған жоқ және тіркелген жоқ. Коронавируспен ауырғаннан кейін иммунитеттің төмендеп кетуі, қант диабеті, қалқанша безінің зақымдануы, тыныс жолдары аурулары және бауыр мен бүйрек ауруларының пайда болуы жиі кездеседі.

Көктемгі, жазғы, күзгі,  қысқы коронавирус штамдарында қандай айырмашылық бар?

Елімізде үш мекеме коронавирустың қоздырғыш геномын арнайы зерттеумен айналысады:

  1. Ұлттық сараптама орталығы:
  2. Ұлттық биотехнология орталығы;
  3. Назарбаев университеті.

Олар зерттеулерін халықаралық базаға салады. Британиялық штамм мен бразилиялық штаммның адамға жұғу қаупі жоғары. Қазақстандағы вирус штамдарында үлкен мутация анықталмаған, сондықтан одан қорғану шаралары әзірге өзгеріссіз. Коронавирустың ауыр, не жеңіл түрде өтуі штаммдарға байланысты емес.

Вакцина салғаннан кейін қалай күтіну керек?

Екпеден кейін дене қызуы 37,0-37,5 аралығында көтерілсе, емханадағы дәрігерінің бақылауында болуы керек. Ковид-19 өкпені ғана емес, буындарды да зақымдайды. Екпеден кейін температурасы көтерілсе, тым болмаса қан талдауын жасатуы керек. Қажет болса сәулелі диагностика жасалады. Осының арқасында жағдайы қалай екені, қалай емделу керектігі анықталады. 

Екпеден кейін дене температурасы көтеріліп, буындардың ауыруы – күтілетін реакция.

Екпеден кейін оның қорғаныш әсері қашан басталады?

Вакциналаудан кейінгі қорғаныш әсері, яғни коронавирусқа қарсы антиденелер дозаны алғаш қабылдағаннан кейін 12-14 күннен соң басталады. Толық иммунитетті қамтамасыз ету үшін 21 күндік аралықпен екі компоненттен тұратын вакцинацияның толық курсын алу керек.

Вакциналау курсы аяқталғаннан кейін, 1,5 айдың ішінде ағзаның иммундық реакциясы пайда болады. Сондықтан вакцина қабылдаған адамдар профилактикалық шараларды сақтауы керек.

Коронавирустан жазылғандар вакцина алуы керек пе?

Жұқпадан кейін ағзада қалыптасатын иммунитет тұрақсыз және аз уақытқа ғана жеткілікті екендігін отандық, сонымен қатар әлем елдерінің де ғалымдары тұжырымдап отыр. Сондықтан 18-ден 65 жасқа дейінгі азаматтар өзінің қызметіне байланысты, яғни медицина қызметкері, педагог сынды коронавирусқа қарсы вакцина алу санатына жататын маман болса, онда олар коронавируспен аурып, емделсе де вакцина алғаны дұрыс. Өйткені олар вакцинациядан кейін ағзада пайда болатын иммунитет арқылы денсаулығын қорғай алады.

Онкоаурумен ауыратындарды қалай вакциналайды?

Онкологиялық аурумен ауыратын пациенттерді жағдайына қарай вакциналау қажет. Иммуносупрессивті науқастарда иммунитет қалыптасуы қиын болуы мүмкін екенін ескерген жөн. Вакцина екі рет салынатынын ескере отырып, онколог емдеуді бастау немесе жалғастыру мерзіміне қарай шешім қабылдауы керек. Әсіресе, бұл ем-домды енді бастаған науқастарға қатысты. Шешім қабылдау кезінде пациент үшін қауіптер, жасы, жалпы жағдайы, қандағы лейкоциттер мен нейтрофилдердің деңгейі, пациенттің болжамы бағаланады.

Тек гормон терапиямен ауыратын науқастар COVID-19 вакциналауға жатпайды. Хирургиялық емдеуге жіберілетін пациенттер хирургиялық араласуға дейін немесе одан кейін вакциналанады. Қатты ісігі бар пациенттер мамандандырылған ем басталғанға дейін 2 апта бұрын, цитостатикалық ем қабылдайтын пациенттер қажет болған жағдайда ем аяқталғаннан кейін вакциналанады.

Қазір онкологиялық науқастарда COVID-19 туралы мәлімет аз.

Ресейде онкологиялық науқастарға «Спутник V» вакциналау бойынша клиникалық зерттеулер енді ғана басталды. Қазақстандық вакцина бойынша деректер жоқ. Ең бастысы, әр пациентке жеке көзқараспен қарау керек. Бұл ретте антиденелердің деңгейін тексеру қажет емес. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.