{metadescription}
Жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатып аларда сақ болыңыз

Жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы сатып аларда сақ болыңыз

Сенімхатпен жұмыс істеп көрдіңіз бе? Біреу сіздің атыңызға сенімхат жазып берсе немесе сіз біреуге сенімхат жазу керек болғанда қандай сақтық керек? Жалпы сенімхаттың қандай ережесі бар? Ендеше заңгердің ақыл-кеңесіне құлақ түрейік.   

Заң кеңесшілері палатасының мүшесі Бақыт Қасымбеков сенімхат арқылы мәміле жасасуда бірқатар ереже ұсынады.

Сенімхат үшінші тұлғаға сенім білдіруші атынан әрекет ету құқығын береді. Мұндай құжаты бар адам кеңейтілген өкілеттікке ие болуы мүмкін – жылжымайтын мүлікті сатып, оның ақшасын алуға және шектеулі  – жылжымайтын мүлікті төмен атуға болмайтын сома мөлшері көрсетілген.

1. Құжатты мұқият оқып, оның қаншалықты заңды екенін тексеріңіз

Сенімхат мазмұны мынадай болуға тиіс:

- сенім білдіруші мен сенім білдірілген адамның аты, тегі, әкесінің аты, мекенжайы;

- сенім білдірілген адамның өкілеттік тізімі;

- берілген кезі;

- жарамдылық мерзімі.

Мүлікті басқару және мәміле жасауға арналған сенімхат нотариуспен куәландырылуы керек.

Ережеден тыс жайттар:

- әскери қызметшілерге, оның ішінде ауруханада, санаторийде және басқа әскери медициналық мекемеде емделіп жатқан және олардың отбасы мүшелеріне;

- түрмеде немесе тергеу изоляторында отырған адамға;

- халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі ересек қабілетті азамға.

Бұл жағдайда сенімхатты аталған мекемелердің басшысы, орынбасары немесе жауапты адам куәландыруы мүмкін. 

Құжаттың заңдылығын оны берген нотариуспен жеке өзі немесе Нотариат палатасы арқылы сұрастырып тексеріңіз. Сонымен бірге маманның біліктілігіне көз жеткізу үшін лицензиясын сұрауды ұмытпаңыз.

Сенім білдірілген адамда сенімхаттан басқа:

- жылжымайтын мүлікке арналған құжаты,

- техникалық төлқұжаты,

- ауыртпалықтар туралы анықтамасы,

- жұбайының / сатушының келісімі немесе некеде жоқтығы туралы анықтамасы,

- пәтерақы түбіртектері болуы керек.

Пәтердің және сатушының заңды тазалығын, соттасу процесіне қатысқан/қатыспағанын тексеріңіз. ҚР Жоғарғы соты Сот кабинетінде оның талап,, арызы бар ма, жоқ па, оны да тексеріңіз.

2. Сенімхат берілген күніне және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз

Сенімхат, егер онда ұзақ мерзім көрсетілген болса да, үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Егер жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол берілген  күннен бастап бір жылға ғана жарамды. Егер берілген күн жазылмаса, онда сенімхат жарамсыз болып табылады.

Берілген және жарамдылық мерзімінен басқа сізге құжаттың жарамсыздығын көрсететін басқа нәрселерді тексерген дұрыс, мысалы:

- жылжымайтын мүлікті сату;

- сенім білдірушінің ауысуы, күшін жоюы;

- сенім білдірушінің бас тартуы;

- сенім білдірушінің немесе сенім білдірілген адамның қайтыс болуы, оның қабілетсіз болуы немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.

3. Сенім білдірушінің өкілеттігін тексеріңіз

Сенім білдірілген адамға ақша алуға емес, тек мәміле жасау құқығы берілген болуы мүмкін. Құжатта сенім білдірілген адамға мүлікті сатуға тиісті сома көрсетілуі мүмкін.

4. Жекеменшік иесімен кездесіңіз

Оның жеке басын куәландыратын құжатты тексеріңіз. Сенім білдірушінің бар екеніне көз жеткізіп қана қоймай, оны аудио немесе бейнежазбаға түсіру керек, мұнда ол тұрғын үйді біреудің басқаруды растап берсін.

Мүлік иесімен тікелей байланыспайынша, заңгер мәміледен бас тартуға кеңес береді!

Есіңізде болсын, 14 жасқа дейінгі баланың атынан тек олардың ата-анасы ғана сенімхат бере алады; асырап алушысы немесе қамқоршысы, кәмелетке толмағандардан (14-тен 18 жасқа дейін) - ата-анасы, асырап алушысы немесе қамқоршысы; әрекетке қабілетсіз адамнан – қамқоршы; әрекет қабілеті шектеулі адамнан - қамқоршысы.

5. Қайта куәландырылған сенімхат емес пе, соны тексеріңіз

Сенімгер басқарушы өзі уәкілеттік берген әрекеттерді басқа адамға беруге құқылы. Бұл келесі шарттар орындалған жағдайда мүмкін:

- егер мұндай құқық қолданыстағы құжатпен берілсе немесе нәтижесінде ол сенім білдірушінің мүддесін осылайша қорғауға мәжбүр болған жағдай туса;

- сенімхаттың түпнұсқасы немесе бірінші құжатта көрсетілген белгілі бір өкілеттік берілген жағдайда көшірмесі сенімхатқа қоса тіркелсе;

- құжат нотариалды куәландырылған және оның қолданылу мерзімі сол берілген алғашқы сенімхаттың әрекет ету мерзімінен аспаса;

- сенім білдірілген адам сенімхатты беру туралы иесіне хабардар етіп, үшінші тұлға туралы ақпарат берсе.

Сенімхат қанша тұрады

Жеке нотариустардан мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығына сенімхатты куәландыру құны 2,5 АЕК немесе 7293 теңгені құрайды (2021 жылы 1 АЕК - 2917 теңге). Оның ішінде 0,5 АЕК - мемлекеттік баж, 2 АЕК - техникалық және заңды сипаттағы қызметке төлем.

Есіңізде болсын: сенімхат заңды түрде жалпы, арнайы немесе бір реттік болып бөлінбейді. Олар тек мақсатына қарай ерекшеленеді: мүлік, көлік құралдары және т.б. Құжаттың қолданылу мерзімі әрдайым бірдей - үш жыл.

Материал Krisha.kz сайтынан аударылып алынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде