{metadescription}
2022 ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ - ЖОРАМАЛ

2022 ЖЫЛҒА АСТРОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ - ЖОРАМАЛ

Жыл басында белсенді болыңыз, бір нәрсені күтумен уақытыңызды зая кетірмеңіз. Барыс жылдам шешім қабылдап, тайсалмай кез келген істі қолға алып, алға ұмтылғандардың жолын ашады. Қандай жағдай болмасын, әрбір кедергі, қателіктің артында үлкен сәттілік тұрады. Қиындықтан қорықпасаңыз, онда жолыңыз ашылады. 

2022 жылға арналған астрологиялық болжам.

Тоқты белгілі бір оқиғаға деген көзқарасын өзгертеді. Оған өзі де таң қалады. Айналаңыздағы адамдар арасында өзгерістер күтіледі. Біреуі жақын араласса, біреуімен қош айтысып, мәңгіге ұмытасыз. Бұрынғы қарсыластарыңыздың сізге қарсы әрекеттері бәсеңдейді, дегенмен олар жолыңызды бөгегісі келеді. Бұл жұмыста да, іскерлік қатынаста да білініп тұрады. Өзіңізге тәуелді адамдарға жауапкершілікпен қараңыз. Үнемдей біліңіз. Бұрын мүлде ойламаған нәрсемен, іспен  шұғылданатын боласыз. Маңызды шешімдерді тек жеке өзіңіз ғана қабылдауға мәжбүр боламсыз. Елдің көзінше асығыстық жасаудан аулақ болу, бәрін қалт жібермей назарда ұстау  – 2022 жылдың басты міндеті. Сырт келбетіңіз, денсаулық, сұлулық басты назарыңызда болады.

Торпақ біреудің тұрақсыздығын өзінің жеке пайдасына шешкісі келеді. Қай жерде болсын, қандай қиындық болсын, мінез, тұрақтылық, жігер, рух көрсету керек болса, сол жерден табылады. Сөйтіп жұлдызы жанады. Материалдық жағдай басты назарында болмақ, тұрақтылық та. Туыстар арасында аздаған өзгерістер болады. Олардың арасында тұрғылықты жерін өзгерту секілді бірқатар іс-қимыл күтіледі. Әрқайсысының мінедітн анықтап белгілейсіз, өзіңізге қажет бағыттағы кәсіби мамандармен ықпалдастыққа ұмтыласыз. Сезім күшейеді. Жеке өмірде тағдырлас таңдау жасайсыз. 2022 жылда сіздің мақсаттарыңыз өзгереді. Бұл өткенде жау санаған адамдарыңызбен қарым-қатынаста көрініс алады.

 

Егіздер барлығында өсуге ұмтылады. Сізді расында да тоқтату мүмкін емес, егер сіз – көшбасшы болсаңыз. Кейді теріс сапамен іс көрсетесіз. Жаңа жұмыс пайда болуы мүмкін, күтпеген қызмет. Әсіресе кадр саясатымен, адамдарды топтастыратын, басқаратын, біркелкі әлеуметтік мәртебедегі адамдарды басқаруда ерекшеленеді. Құжат дайындап, оны алуға, рәсімдеуге мәжбүр болады. Ат, есім, небір атау ойлап табу немесе аббревиатура – маңызды болмақ. Бұндай іспен өте белсенді және жиі айналысады. Міндетті емес сапарға шығу, кейде бір топ адаммен саяхатқа шығу күтіледі. Әрдайым жаңа ізденіс, творчестволық қозғалыста боласыз. Сізге идеал, өз мүмкіндігін жүзеге асыру, амбиция жетіспейді, сондай күйде боласыз. Бұл жылы сіз өте талантты, жарқын боласыз. Қаржы жағы сәл күрделірек.

Шаян өзгелерге жол беріп, өзі солардың сыртынан бақылайды. Ол белсенді болғысы келмегендіктен емес, ол өзіне қажет  тұжырымын жасау үшін, жаңа жағдайда сүрініп кетпес үшін керек. Бөтеннің тәжірибесі сізге жақсы сабақ болады. Жақындарыңыздың арасында күтпеген шешім шығарғаныңызды жариялайсыз. Бірқатар мәселеде еркін іс-әрекет етесіз, егер бір ұжымды басқарсаңыз. Дегенмен сіздің артықшылықтарыңыздың бір сәтте күлі көкке ұшады, егер сіз қатардағы жұмыскер болсаңыз немесе көптің бірі болсаңыз. Бұрынғы серіктестеріңізден ұсыныс аласыз, оны сіз ұзақ күткен едіңіз. Бірақ ол ұсыныстардың қызығушылығы көз алдыңызда жойылуы мүмкін. Сөйтіп ұзақ ойланасыз, қабылдайын бағ әлде мүлдем бас тартайын ба деп. Материалдық ұстаным тұрақты болады деуге болады. Бірақ сіздің ең басты құндылығыңыз  - жақын адамыңызбен қарым-қатынас, оның сезімі, оның сіздің қолдауыңызға деген сенімі.

Арыстан заман рухына сай өмір сүруге ұмтылады.  Заман ағымына сай дүниені түсіну және қабылдау ғана емес, сонымен қатар сыртқы келбетін де жақсарту маңызды болады. Имидж бен жұрттың алдында дұрыс көріну сіз үшін жаңа қасиетке ие болады. Кейде бұл белгілі бір көрнекті адамның әсерімен байланысты болады, ол сізге өте қолайлы болмақ. Ой-пікіріңіз бұрынғы тәжірибелерге, артта қалған қарым-қатынастарға бағытталады. Көптеген адамға жағдай қаржымен тығыз байланысты болады. Қарыздар жаныңызды жегідей жейді. Кейде осыған қатысты қатты уайымдайсыз. Сізге әділетсіз жүктелген рөлге көңіліңіз толмайды. Өмір салтында да, жұмыс жағдайында да өзгеріс болуы мүмкін. Жеке өмір де өзгеріске толы болады. Ерлерде күрт бетбұрыс күтіледі.

Бикеш жақын адамға қатысты ерік-жігер мен шыдамдылық танытуға тура келеді. Бұл жылы жоспарларыңыз өзгеріп, бүгінгі мүдделерді әрекеттің жаңа арнасына бағыттауы мүмкін. Жұмыспен, кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты таңдау болады. Бірақ сіз әрқашан жақын ортаңыздың мүддесін ескере отырып, оның басымдылығына ие боласыз. Басқаларға сіздің әрекеттеріңіздің логикасын түсіну қиынға соғады. Бірақ сіз қатып қалған ереже, үлгілер, шаблоннан аулақ боласыз. Сіз өзіңізге көңіліңіз толу керек, сенмді болуыңыз керек. Ол бұл кезеңнің негізгі міндеті. Достар мен туыстар арасында болу қажеттілігі сізге шығармашылық энергияның қосымша ресурсын береді. Күтпеген кәсіп саласында өзін көрсете отырып, жаңа жұмыс ұсынылуы мүмкін. Сіз өз жетістіктеріңізбен көпшілікті таң қалдыра аласыз. Әмияныңызды мұқият бақылауыңыз керек. Шығын көп болуы мүмкін. Жалғыздық сізге жақпайды, әйтпесе денсаулығыңыз нашарлауы мүмкін.

Таразы ниеті мен жоспарларын басқалардан жасыруға мәжбүр болады. Туындаған жағдай тым үлкен болғандықтан, оны жасыруға тура келеді. Сіздің әлеміңіз күнделікті жеке мәселені шешуге, ішкі тепе-теңдікті сақтауға және келесі кезеңдегі құпия тапсырманы түсіну шеңберінде болады. Қамқорлық идеясы енді сізге сондай маңызды болмайды. Жақында үлкен үміт күткен ынтымақтастықтан көңіліңіз қалады. Бірақ ол сізді неғұрлым нәзік және прагматик ретінде әрекет етуге мәжбүр етеді. Демалыс, қысқа мерзімді демалысқа шығу, жеке мақсатта шұғыл сапарға шығу күтіледі. Денсаулық сіздің күн тәртібіңізде болады. Қаржы әлі де басымдыққа ие. Көшу тақырыбын басқалардан жасырын түрде ойланып, талқылайсыз.

Сарышаян анда-санда жалқаулық басып, бірақ өктем болады. Бұл күй сенің табиғатыңа мүлдем тән емес. Дегенмен осы кезеңде сезім, қарым-қатынас және айнаның алдындағы өз бейнесінде көп нәрсе жаңарады. Ескі достықты жаңғырту, сыныптасымен немесе көптен бері танитын әріптесімен кездесу де жоққа шығарылмайды. Кәсіби келісімдер аясындағы сапар да жоққа шығарылмайды. Көпшілікке бұл жыл шығармашылық, жаңа бизнес альянстарды құру және қосымша іс-шараларды қалыптастыру тұрғысынан өте жемісті. Сіздің мүдделеріңіз әрқашан кез келген қарым-қатынаста басым болады. Осылайша сіз достарыңызға қолдау көрсетесіз, көбінесе жеке жанашырлықпен. Көптеген адамға тұрмыстық сала, өмір сүру жағдайларын өзгерту және интерьерді өзгерту тартымды болып келеді. Шағын жөндеу болады. Ұмытылып бара жатқан жерден ақшаның қайтарылуы сізді таңырқатады.  

Мерген сенбейтін адамдармен ішкі келіспеушілігін жасыруға тырысады. Өміріңізде бірқатар бөлініс, шағын толықтыру болады,  сол арқылы сіз адамдарды және олардың мүмкіндіктерін бағалай бастайсыз. Сіз басқалардың қамқорлығы мен назарынан алшақтап, әр нәрседе тәуелсіз болуға тырысасыз. Сәттілік мамандықтан бастап сезімге дейін жүйелілікті қалайтындар жағында. Осы кезеңде сіз гардеробқа, жеке сатып алуларға және мақсатты сатып алуға ерекше мән бересіз. Іскерлік байланыста өткен жылғы оқиға қайталануы мүмкін. Ал қысқа сапарларға, қағазбастылыққа, ресми кеңселерге баруға көп уақыт бөлуге тура келеді. Туыстармен кездесу отбасыңызға құндылық енгізеді.

Тауешкі еңбектерінің нәтижесімен мақтана алады. Көпшілікке бұл үй, отбасы және күнделікті жетістіктермен байланысты болмақ. Күнделікті өмірдің қайталануында сіздің рөліңіз қызықсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ сіз ең қарапайым әрекеттерден ең жақсысын таба аласыз. Сізбен диалог жүргізу, жоспар құру және бүгінгі күннің ерекшелігін түсінуге үйрену қызықты. Сонымен қатар, сіз сапар идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік аласыз. Белгіленген мерзімге тұрғылықты жерін өзгертуге болады. Жақын адамдарыңызбен бірге жоспарларыңызды орындайсыз. Қызметтің өзгеруі, жаңа немесе қосымша жұмыс жоққа шығарылмайды. Жылдам шешім қабылдауға тура келеді. Мүдделі тараптарға зиян келтірместен бұрынғы келісімдерден бас тартасыз. Ескі досыңыздың сыйлығы сізді таң қалдырады және қатты әсер етеді. Сезім өршиді.

Суқұйғыш шынайы және өзінің жалғыздығын түсінуге қабілетті, тіпті достары мен туыстарының қоршауында болса да. Басқалармен араласуыңыз оларға деген шексіз қамқорлығыңыздан, жомарттық пен тіпті ысырапшылдықпен көрінеді. Бірақ өзіңізді ұмытып, не болып жатқанын оңайырақ түсінесіз. Күнделікті өмірдің жүйелі тұрақтылығы, белгілі бір жұмыс тәртібі - бұл сіздің дұрыс таңдауыңыздың көзі. Бір қызығы, дәл осындай оқиға тізбегі сізге позитивті ойлауға және өз идеяларыңызды алға жылжытуға негіз береді. Достар сізбен кездесуге тырысады, сіз көптеген адамға тартымды адам болып қаласыз. Сыртқы келбет, өз имиджін жасай білу әріптестердің, іскер серіктестердің сеніміне ықпал етеді. Жеке өмірде сіз басқаларға қарағанда бақытты боласыз. Егер сізді сүйсе, демек ол шын сүйеді.

Балықтар жағдайды кәсіби түрде жақсартуға мүмкіндік алады. Сіздің көптен бері жұмыс істеп келе жатқан серіктесіңіздің бастамасы, ынтымақтастықтың жаңа нысанына дайындығыңыз және қажетті материалдық база - жақсы сәйкес келеді. Сіз басқалардан бақытты болуыңыз мүмкін. Осы кезеңде еркіндіктің сіз ең көп қалаған бөлігінің иесі боласыз. Құқықтық органдардың өкілдерімен күрделі қарым-қатынас туындауы мүмкін. Бірақ бұл әрқашан сіздің мүддеңізге сай болады. Мақсаттарға мүдделі одақтастардың күш-жігері арқылы қол жеткізуге болады. Сіз үшін ең тиімдісі - қашықтағы келісімдер. Әрқашан ең сенімдісі - тексерілген адамдармен жасалған келісімдер. Қаржы жағы күтпеген, тіпті ерекше қозғалыста болады.  Өз-өзіңізбен болып, тіпті тәуелсіздік алуыңыз мүмкін. Бірақ сонымен бірге бір адаммен қарым-қатынас та толық үзіледі.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).    

Оқи отырыңыз: ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ: БАРЫС ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.