ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі Үкімет шаралары. Білім және ғылым министрлігі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойынша білім саласында қандай шаралар қарастырылды? Қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан күш құрылымы саласының қызметкерлерінің отбасына қандай көмек көрсетіледі? Үздік мұғалімдерге қандай бағдарлама әзірленді? Білім сапасы нашар, мұғалімдер жетіспейтін өңірлер не болмақ? Грант саны қаншаға арттырылады?
Автор: Заира Сабитова
Үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленіп, тиісті қолдау шаралары қарастырылады.
Университеттің үздік түлектері мұғалімдер жетіспейтін, білім сапасында айырмашылық сезілетін өңірлерге тартылады.
Өңірлерге жіберілетін мұғалімдерге келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
-жалақыны екі есе өсіру коэффициентін белгілеу;
- тұрғын үймен қамту немесе оны жалдау шығындарын өтеу;
-коммуналдық төлемдерді өтеу.
Қазақстанның жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2025 жылға дейін беделді шетелдік университеттердің кемінде бес филиалын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Халық тығыз орналасқан өңірлерден, сондай-ақ білім сапасы бойынша үлкен алшақтығы бар өңірлерден шыққан талапкерлерге оқытудың техникалық бағыттары бойынша 10 000 грант бөлу жоспарланған.
Мақсатты гранттар Қазақстанның ұлттық және жетекші университеттерінде білім алу үшін бөлінеді.
Сондай-ақ негізгі тұрғылықты жерінде қызмет етіп, өтеу қарастырылады.
Қазіргі уақытта мамандарды даярлаудық техникалық бағыттарына бөлінген мемлекет тапсырысының үлесі 30 пайыздан асады. 2022 жылы грант саны 60 пайызға дейін көбейтіледі.
Қоғамдық тәртіпті қорғау кезінде міндеттерін орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің отбасына білім грантын беру ұсынылады.