{metadescription}
Пәтерді жалға беру: Алаяқтардан қорғану жолдары

Пәтерді жалға беру: Алаяқтардан қорғану жолдары

Жыл сайын күзде барлық ірі қалалардың тұрғын үй нарығында жалға беру маусымы қызатыны белгілі. Сұраныс өскен сайын, сонымен бірге алаяқтардың белсенділігі де артады. Осындай қауіпке кездеспей, ақшаңнан айырылып қалмау үшін не нәрсеге сақ болу керек?

Пәтер де жоқ, ақша да жоқ

Ең маңызды ереже: үйді жалға алған кезде ешқашан АЛДЫН АЛА ақша берме! Тіпті аз мөлшерде болса да. Ақшаны алаяқтар түрлі жолмен алуға тырысуы мүмкін, оның екі схемасы бар.

1. Алаяқтар

Алаяқтардың басты мақсаты – төмен бағамен қызықтырып клиент тарту, кепілақы төлету немесе кез келген тәсілмен толық төлем жасату.

Сенімге кіру үшін олар телефонмен жиі хабарласып, диалог жүргізіп,  мессенджерлер арқылы хат алысады. Аты-жөнін айтып, жеке куәлігінің фотосын көрсетіп, тіпті баспана құжаттарын жібереді. Өзінің жеке басының жағдайын айтып, отбасын айтып іші-бауырыңа кіреді. Тап осындай әрекеттер көбісін тыныштандырып, қатты сеніп қалады. Бұл бекер, өйткені алаяқтар басқа адамның құжатын пайдалана алады және құжаттардың түпнұсқалығын тексеру мүмкін емес.

Әдетте алаяқтар не деп айтады:

- «Иә, пәтер жалға беріледі, иә, көрсете аламын, бірақ бүгін тағы бірнеше адам көргісі келді. Сізге сенімді болуым үшін кепілақы (задаток) тастаңыз». Айына 2000 теңгеден бастап, тіпті толық төлемге дейін талап етуі мүмкін.

«Иә, пәтерді жалға беремін. Жалға алатыныңыз рас па, айнып қалмайсыз ба? Сізге қалай сенерімді білмеймін, өйткені ертең ипотека төлеуім керек ( несие, коммуналдық пәтер т.б.), басқа да клиенттер хабарласып жатыр».

Көптеген адамдар пәтерден айырылып қаламын деп қорқып, бронь ретінде кепілақы ұсынады. Ол да бекер. Тіпті кездесуге барсаң да, ол келмей қояды. Ақша қолына тиген «үй иесі» із-түзсіз жоғалып кетеді.

2. Инфоагенттіктер

Инфоагенттіктер  — бұл көптеген адамдар риелторлармен шатастыратын компаниялар. Алайда олардан айырмашылығы, ақпарат қызметкерлері баспана табуға қызмет көрсетпейді. Олардың бар мақсаты – төлем алу:

Аймаққа байланысты 8-15 мың теңге.

Ақпарат берушілер не дейді:

– «Иә, ондай пәтер бар, қазір бос тұр, көруіңізге болады. Агенттік арқылы жалға беріледі. Біздің кеңсеге келіп келісімшартқа қол қоюыңыз керек. Қызмет құны 15 мың. Енді нақты адресті whatsappқа жіберемін».

Кейде олар келісімшарт жібереді.

Алдаудың бір түрі бар, ол – ақылы чат.

- «Бұл пәтерді жалға алу үшін телеграм каналына кіру мүмкіндігін сатып алу керек. Құны 15 мың теңге. Ол жерде үй иелерінің телефоны болады. Сіз таңдап алып, қоңырау шала аласыз».

Мұндағы проблема:

1. Еш нәтиже шықпайтын, жауапкершіліксіз, тек  ақпарат қызметін көрсетеді.

2. Телефондардың жаңартылғанына кепілдік жоқ. Пәтер ұзақ уақытқа жалға берілген немесе телефоны өшірулі немесе жауап бермейді.

Ақпарат беруші немесе алаяқтың хабарландыруын қалай білуге болады?

• Соған ұқсас пәтерлерге қарағанда мұнда бағасы 30-40 пайызға төмен. Мәселен, ұқсас пәтерлердің көбісі 200 мың теңгеге жалға берілсе, ақпарат қызметкерлері мен алаяқтар 130 мың теңгеге ұсынады.

• Әдетте, бұл 1-2 бөлмелі пәтерлер қала орталығында немесе сұранысы жоғары аудандарда, мысалы, жоғары оқу орындарының маңайында – студенттерді тарту үшін.

• Фотосуреттері өте әдемі, бірақ кішкентай немесе кесілген. Оны интернеттен-ақ жүктеп алуға болады.

• Пәтер туралы ақпарат өте аз, толық суреттелмеген, тек жалпы тіркестер, меншік иесінің ұстанымын, оның жалға алушыға қойылатын талаптарын көрсететін ештеңе жоқ.

3. Жалған үй иелері

Ақша жоғалтудың тағы бір түрі – үй иесінің құжаттарын тексермеу. Олар үлкен сомаға алдауы мүмкін: кепілақы тұрмақ, айлық төлем мен тіпті депозитті де алып алады.  

Оны қалай іске асырады?

Әдетте алаяқ бір тәулікке пәтер жалдап, оны өз пәтеріндей етіп өткізіп жібереді. Қоңырауларды қабылдайды, үйді көрсетеді, сосын кепілақы алады. Бұл жағдайда ондаған клиент болуы мүмкін. Уақытының тығыз екенін, асығып тұрғанын айтып, жалған үй иесі жалға алушыға құжаттарды көрсетіп, келісімшартты кейінірек жасасуды ұсынады. Алдап кеткенін тек сол баспананың шын иесі келгенде ғана білесің.

Не істеу? Құжаттарды тексеру:

  • жалға берушінің жеке куәлігін;
  • жылжымайтын мүлікке құжаттар (сатып алусату шарты, айырбастау, сыйға тарту, жекешелендіру немесе мұрагерлік куәлік).
  • оның бәрі түпнұсқасы екеніне көз жеткізіңіз.
  • үйдің мекенжайына назар аударыңыз.
  • екі құжаттағы ақпарат сәйкес болуы керек: пәтерді жалға беруші сол пәтердің (жылжымайтын мүліктің) иесі болуы керек.
  • құжаттар болмаса немесе олардың түпнұсқалығына күмәндансаңыз, мәміле жасаудан бас тартыңыз.

Жалдау шартын жасауды талап етіңіз!

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, азаматтар арасында бір жылға дейінгі мерзімге қоса алғанда жалға алу шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін.

Хабарлама күдік тудырса, не істеу керек?

Егер пәтердің орнына ақпараттық қызмет ұсынса, кепілақы сұраса немесе басқа пәтер ұсынса, «Шағым беру» түймесін басыңыз. Ол әр хабарламаның төменгі жағында тұрады.

Бұзушылық расталса, хабарлама дереу жойылады, ал оның авторы бұғатталады.

 

Жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын сайттың модерациясы ай сайын 3000-ға жуық хабарлама тауып, жойып отырады.

Дұрыс мәміле қалай жасалады?

Үй иесімен:

1. Ұнаған пәтерді тауып, үй иесіне қоңырау шалу.

2. Онымен кездесіп, құжаттарын тексеру.

3. Егер бәрі дұрыс болса, жалға беру келісіміне қол қойып, төлем жасауға болады.

Риелтор арқылы:

1. Риелтормен келісімге қол қою. Ол пәтердің әр түрін қарастырады. Ұнағанын таңдайсыз.

2. Онда иесімен және риэлтормен кездесіңіз. Мәміленің дұрыстығын қарау актісін толтырыңыз.

3. Риелтормен және үй иесімен бірге баспананың құжаттарын тексересіз. Риелтор пәтер иесінің шынымен де пәтер иесі екеніне алдын ала көз жеткізіп, баспана құжаттарын тексеруі керек.

4. Егер бәрі тәртіппен болса, жалдау шартына қол қойыңыз. Жалға берушіге жалдау ақысын беріңіз. Пәтерге көшіп кіруге болады.

5. Риелтордың қызметіне көшіп кіргеннен кейін ғана төлейсіз. Комиссия - жалдау бағасының 20-30 пайызы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.