Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
29.12.2023
2023 жылы жұрт назарында болған жемқорлық істерге шолу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, биыл жемқорлыққа байланысты 1,5 мыңдай қылмыс тіркелген. Оның аясында 1100-ден астам адам әшкере болған. Оның ішінде түрлі деңгейдегі 158 басшы бар. 1000-нан астам іс сотқа жолданып, мемлекетке келтірілген 282 млрд шығыны қайтарылған.
Автор: Заира Сабитова
2022 жылдан бері бюджет пен квазимемлекеттік сектор нысандарына 857 млрд теңгенің қаржысы мен активі қайтарылған. Оның 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан қайтарылған. Оның ішінде Аустриядан 36,8 млрд теңге, Лихтенштейннен 116,7 млрд теңге, Біріккен Араб Әмірліктерінен 6,3 млрд теңге, Түркиядан 253 млн теңге қайтқан.
Жыл басынан бері өңір әкімдіктеріндегі 215 лауазымды тұлға жемқорлық дауына іліккен. Олардың 137-сі басшылық лауазымдағы адамдар.
Марат Бекетаев
Заңсыз иемделген активтерді қайтаруға бағытталған заң күшіне енгеннен бері ұсталған экс-шенеуніктің бірі – Марат Бекетаев.
Мемлекет басшысының заңсыз жолмен шығарылған активтерді іздеу және қайтару тапсырмасын орындау мақсатында бұрынғы әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Ол қажет емес қызметтерге жыл сайын келісімшарт орнатып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген. Астана соты М.Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін 2024 жылғы 21 қаңтарына дейін ұзартты.
Ерлі-зайыпты болған Сатыбалдылар
Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» және «Көліктік сервис орталығы» компанияларының қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталып, 6 жылға сотталды.
Былтырдан бері заңсыз шығарылған 857 млрд теңге мемлекетке қайтарылған. Оның ішінде 300 млн долларды Қайрат Сатыбалды қайтарған.
Гүлмира Сатыбалдыға 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін 747 млн теңге жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, Универсиада-2017 нысандарына бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген. Гүлмира Сатыбалды Maxi Bottlers ЖШС мен Galanz bottlers АҚ-ның үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергелген. Залал көлемі 6,6 млрд теңгеден асатыны айтылған. Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, . 7 жыл кесіліп, аталған кәсіпорындардың иесіне 6,5 млрд теңгенің акциясын қайтаруға міндеттелді.
Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаевтың соты ең шулы процестердің бірі болды. 8 жылға жаза кесілген еді. Өз еркімен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударып, құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйді, оның сыртында 90 млрд теңгеден астам соманың активін қайтарды деген негіздемемен жазасы жеңілдетілген болатын. Сөйтіп ол 120 млрд теңгенің активін мемлекетке қайтарып, жазасы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды.
Кәрім Мәсімов
К.Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану баптарымен айып тағылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Осыған байланысты қоғам арасында үкімі шыққан сотталушының неге Қылмыстық атқару жүйесінің мекемесіне жеткізілмегені туралы сауалдар пайда болған. ҰҚК сол сауалдарға жауап ретінде К.Мәсімов Премьер-Министр болған кезде бизнес-құрылымдардың бірінен Астанадағы құны 2,5 млрд теңге болатын сәулетті қонақүй мен жер телімін алды деген күдік бойынша тергеліп жатқанын қайта еске салды.
Абылай Мырзахметов
2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін бір айдай уақыт өткенде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз қызметінен бас тартты. 2023 жылдың 10 мамырында оның кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікпен ұсталды. Іс әлі тергеу сатысында.
Арыстанбек Мұхамедиұлы
Мәдениет, туризм және спорт министрі болған, кейін Ұлттық музей директоры қызметін атқарған Арыстанбек Мұхамедиұлының да ісі 2022 жылы басталған. «Алтын адам» көрмесін өткізуге, «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпы мемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «ҚР Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылды. Ол Мәдениет және спорт министрі болып тұрған кезде туыстарының және үлестес адамдардың меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС ғимараттарын заңсыз беруге қатысты деген күдікке ілінген. 2023 жылдың 20 маусымда 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Онымен бірге күдікке ілінген Алмаз Нұразханға, Азамат Көшеновке, Айым Сәдуақасоваға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сотқа апелляциялық шағым түсірді. 28 қыркүйекте оған рейдерлік жолмен ЖШС директорының кәсібін тартып алды деген айып тағылды.
Бұдан бөлек антикор А.Мұхамедиұлының әйелі пара берді деген күдікке ілінсе, адвокаты пара беруге итермелеу бабы бойынша қамауға алынды.
«Оператор РОП» ісі
Шілде айында халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. 2022 жылдың 1 сәуірінде 13 миллиард теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікпен «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры қамауға алынды. Қылмыстық іс-әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «Оператор РОП» ЖШС-нің басқа да қызметкерлерімен бірлесіп жасалған. Биыл 3 шілдеде бұрынғы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов 7 жылға, «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Людмила Коротенко 7 жылға, «Оператор РОП» ЖШС-нің сол кездегі директоры Медет Құмарғалиев 7 жылға және аталған мекеменің бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 17 қарашада Шынар Мұхтарова 7 жылға шартты жаза берілді.
Astana LRT ісі
Биыл 3 мамырда Astana LRT құрылысына сот үкімі жарияланды. Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков Қазақстаннан тыс жерде екенін сотқа келуден жалтарып жүргендіктен үкім сырттай шығарылды. Екі азаматқа халықаралық деңгейде іздеу жалғастырылып жатыр.
Нұржан Әлтаев
7 маусымда экс-вице-министр Н.Әлтаев аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Н.Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге) ақшалай қаражат алды деп айыпталған. Қылмыстық іс 15 томнан асты, іс бойынша 18 куәгер өткен. 21 қарашада ол сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Қазақфильм». «Көшпенділер». «Түркістан» бекінісі
15 қарашада «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тергеу Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығы Іле өзені жағасында «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісін 2017 жылы үлестес коммерциялық ұйымға нарықтағы құнынан 44 есе төмен бағамен сатып жібергенін анықтаған. Қазір аталған актив пен жер учаскесін мемлекетке қайтару бағытында шаралар қабылданып жатыр.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram