{metadescription}
2024 жылдың мамыр айына арналған астрологиялық болжам

2024 жылдың мамыр айына арналған астрологиялық болжам

Ұлу жылының мамыр айында сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай жоспар орындалады, нені ескеру керек, неден сақ болу керек? Қай мәселеге баса назар аударған жөн? Астрологтардың сәуір айына жұлдызжорамалы қандай? Кімнің жұлдызы оңынан туады? Кімнің жолы болмайды? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясынан астролог Александр Ремпельдің мамыр айына арнаған жұлдызжорамалымен танысыңыз.

Мамыр айына арналған астрологиялық болжам.


Тоқты ) әдеттегі өмір ағымына оптимистік көзқараспен қарай алады. Күнделікті өміріңізді белгілі бір оқиғаларды ұзақ күтумен толтыра отырып, ұзақ уақыт бойы сізді мазалап жүрген қобалжудан сәл шегініс жасайсыз. :ақын адамдарыңызды мадақтау арқылы жақсы қолдау таба отырып, қарапайым мәселелерді оңай және сабырлы түрде шешесіз. Отбасымен кездесу, туыстармен араласу күтіледі. Сіздің жүрегіңізге қымбат жерге бару және жарқын естелік әкелетін саяхат маңызды болады. Жұмыс жаңару мен өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өзіңізді кәсіби тұлға ретінде танудың қосымша жолын ашатын жаңа жоба қызықтырады. Жақын адамнан сыйлық, керемет сатып алу жоққа шығарылмайды. Көптеген адамға мамыр айы көбінесе сүйегіне қатысты  емдеу процестерімен белгіленеді. Махаббат пен сезім туралы ойлар жанын толқытады.

Торпақ көз алдыңызда дамып жатқан өмірде маңызды оқиғаға алаңдайсыз. Сырттан әсер етуші ретінде сізді қызықтыратын адамдарға жақсы әсер қалдыру жолын іздейсіз. Сезімдеріңіз әрқашан шынайы, ниеттеріңіз салмақты болады. Әрекеттеріңіз ең жоғары әділеттен, тәртіп пен жүйелілікке ықпал ететін мән-жайды қабылдаумен белгіленеді. Кәсіби салада инновациялық идеяға қызығушылық таныта отырып, бұрынғы қызметте қаласыз. Белгілі бір сандарды немесе күндерді реттеу сияқты ұсақ-түйектердің маңызы зор болады. Өз әрекеттеріңізді әріптестеріңіздің немесе туыстарыңыздың жоспарларымен үйлестіру қажеттілігі бірінші орынға шығады. Қабылданған қосымша міндеттемелерге байланысты жауапкершіліктің тым маңызды элементі шиеленісті болмақ. Саяхат, мерекеге қатысуды күтіңіз, олар сізге әсер етеді және болашақта естелікке себеп болады.

Егіздер дәлелденген техникалық схеманың сақталуымен айналысады. Басқа адамдардың тәжірибесі егжей-тегжей зерттеліп, тәжірибелік негіз ретінде қолданылады. Көбісіне мамыр айы жаңа және маңызды нәрсені құрудың бастамасы болады. Кейбіреуге жұмысында немесе үйінде өзгеріс болады. Бұл жөндеу және интерьерді өзгертуге байланысты болады. Жағдайды ауырлататып, қиындатуы мүмкін қарым-қатынасты шолу күтілуде. Байланыс аймағындағы кез келген өзгеріс сіздің бастамаңызбен болмақ. Орын ауыстыруға және саяхатқа шығуға қолайлы уақыт. Мамыр айында басталған тренинг сізге жақын болашақта жақсы өзгеріс әкеледі. Сіз көп күш жұмсамай-ақ, өзара сезімнің жеңіл хош иісін сезінесіз. Бірақ бұл жылдам өте шығады.

Шаян өзге адамдар арқылы естілген немесе берілетін нәрсеге үлкен мән береді. Басқа адамдар байқамайтын нәрселер қызықтыруы мүмкін. Мамыр айында іске асыру өте қиын болып көрінген мәселеде елеулі өзгеріс болуы мүмкін. Сіз өркендейсіз. Үміттеріңіз үлкен дәрежеде ақталуы мүмкін. Қаржылық аспект сіздің болашағыңызды қалаған жолмен жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл кезеңдегі танысу ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Бойдақтар жаңа қарым-қатынасқа түсу алдында. Алыстан келген қонақ сізді ерекше жаңалығымен таң қалдырады. Өмір сүру жағдайы мен оның сапасын өзгертетін маңызды сатып алулар болуы мүмкін. Сізді қызықтыратын мәселе бойынша жақсы маманмен қарым-қатынасты жалғастырасыз. Бұл кезеңде денсаулықты нығайту маңызды болмақ.

Арыстан басқалардың өтірігіне күдіктенеді. Сіздің күдігіңіз кез келген бастамаға тосқауыл болады. Өзіңізге деген өзгелердің қызығушылығын тәрбиесіздік, жағымпаздық деп қабылдайсыз. Сонымен қатар, басқалардың мінез-құлқынан зардап шегуіңіз мүмкін, оны қысым ретінде, ниетіңізге дұрыс емес әсер ету әдісі ретінде қабылдайсыз. Кәсіби салада қаржылық және жеке дамуда шабыттандыратын нәтижелер күтілуде. Пайдалы сипаттағы қосымша ынтымақтастық жоққа шығарылмайды. Көптеген адамға бұл жасырын жұмыстың бір түрі болады. Бұрынғы келісім аясында мерекеге қатысуға немесе саяхатқа шығуға болады. 

Бикеш өзіне жақын адамдардың психологиялық көңіл-күйіне жауапкершілікті сезінетін болады. Көбінесе басқа адамдардың әрекетін үйлестірушісі ретінде жұмыс етуге тура келеді. Сіздің қолыңызда үкімет тізгінін де, материалдық құндықық та болады. Бұл айда ақша бірнеше жерден келеді. Сонымен бірге, объективті себептерге байланысты шығындар өсуі мүмкін. Отбасы мүшелерінің біріне қолдау көрсетіп, оған қажет көмек көрсету қажет. Қақтығысты болдырмау үшін сізге шыдамдылық пен ұстамдылық қажет. Осы кезеңде кез келген әрекеттің бастамашысы бола аласыз және басқалардың пікіріне үстемдік ете аласыз. Туысқаннан уақытша араласпайсыз. Жеке өмірде ешқандай өзгерістер күтілмейді.

Таразы таңдау мүмкіндігін сезінеді. Шешім қабылдаған кезде өз мүддеңізді ескеретін деңгейге жетесіз. Бостандық пен тәуелсіздік өте маңызды болады. Бұл кез келген жағдайда қажетсіз делдалдардан аулақ болуға көмектеседі. Кәсіби жағы сәл осалдық болады. Мұнда сіздің тәжірибеңіз бұрынғы тәжірибе мен сенімді серіктеспен ынтымақтастықтың арқасында сенімді қорғалады. Көптен бергі меценаттар немесе туыстар арасындағы ықпалды одақтастың қолдауына сенуіңіз керек. Бұрынғы жоспармен  саяхаттауға болады. Қысқа сапар үйге үлкен сатып алулармен, материалдарды сатып алу қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін, онсыз сіздің жоспарларыңызды жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл күндердің келісімдері жасырын сипатта болады. Сезімге берілу тым күшті болмақ, одан бас тарту мүмкін емес ...

Сарышаян сүйіспеншілік пен жеке қызығушылықтан айырылса, жағдайды басқара алмайды. Мамыр айында жеке өміріңізде күрт бұрылыс болуы мүмкін. Жоспарларыңыз жағдайдың қысымымен өзгере бастайды. Серіктесіңіздің мүддесін ескеріп, оның ұстанымымен келісіп, соның жағына шығуыңыз керек. Өзгеріс сіздің болмысыңыздың бір қырынан екіншісіне ауысып отырады. Ұзақ сапар немесе қоныс аудару мәселесі қайтадан белсенді түрде талқыланады. Және бұл аспектінің  түпнұсқасы жүзеге асырылуы да мүмкін. Материалдық тұрғыдан мамыр айы тыныш және теңгерімді. Бірақ таяу болашақта шығын талап ететін жаңа идеялар пайда болады. Ересектер бұрынғы қарым-қатынасын үзу арқылы жанына жайлы күйге түседі.

Мерген егер ол өзара келісімге келген мәселеде біреудің пайдакүнемдік мүддесінің көмегімен үстемдік етуге тырысып жатқанын сезсе, сақ болады. Мақсаттарыңызды өзгерту немесе кейінге қалдыру мүмкін емес. Сіздің артықшылықтарыңызды түсіну өз  әрекеттеріңіз үшін шабыт болады. Өмірдің кәсіби жағы тәртіпке келтіреді, күнделікті өмірге қайтарады, әрбір ұсақ-түйекке үңіліп, негізгі нәрсеге уақыт бөлу қажет. Мүдделі одақтастар арасында кездесу, әңгіме және маңызды тақырыпты талқылауыңыз мүмкін. Бұл кезеңдегі келісімдер ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Жолға дайындық жұмыстары күтілуде. Үлкен туысқанның бастамасымен байланысты мерекеге қатысуыңыз мүмкін. Сезімдер лакмус сынағы ретінде әрекет етеді. Басқалардың сізге қаншалықты шынайы екенін түсінесіз.

Тауешкі іс-әрекетін үнемі қолдауға және мақұлдауға ұмтылады. Бұл әдеттегі шеңбердегі өмірге де, жұмысқа да қатысты болмақ. Қазіргі жұмысыңыз көңіліңізді қалдыруы мүмкін. Жақында өз кәсіби перспективаңызға күш пен сенімділікке толы болдыңыз. Сонымен қатар, сіз айтқан сын бұрынғы серіктесіңіздің ұстанымын айналып өтпеді. Бүгін сіз осындай сезімді бастан кешіріп, басқалар зардап шеккен жағдайдың ауқымын сезінесіз. Дегенмен, сіздің тәжірибеңіз табыстың ең жақсы кепілі болуы мүмкін, одақтаспен серіктестікте әрекет етудің жақсы нұсқасына ие боласыз. Қомақты қаржы түсуі мүмкін. Жақындар арасында қоныс аудару мәселесі талқыланады. Осыған байланысты өте маңызды шешім қабылданады. Жеке өмір қызықсыз және тым болжамды болып көрінуі мүмкін.

Суқұйғыш ) табысты серігінің тұлғасынан түсіністік пен қолдау тапса, өзіне сенімдірек болады. Бірақ сіздің табысыңыздың сипаты жасырын, тіпті жасырын жоспар мен әрекетке негізделеді, олар тіпті сенімді адамдар арасында да ол ашылмауы керек. Ал бұл дәстүрді ұстанымға байланысты, оны тек өзіңіз және жақын туыстарыңыз түсіне алады. Осы кезеңде ссыртқы келбетіңізді жақсартуға, денсаулығыңызды нығайтуға, өмір салтыңызды өзгертуге мүмкіндік беретін белгілі бір ереже мен шарттарды қолдануға тырысасыз. Басқаларға қалдырған әсеріңіз кез келген мақсатқа, әсіресе құжаттар мен маңызды құжат алуға байланысты маңызды жоспарға жолға айналады. Саяхат және үй сатып алу сәтімен болмақ.

Балық өз мақсатын әлдеқашан көрген жаңа жобаның идеясын қабылдайды. Өзіңізге лайықты адамдармен жұмыс істеуге ұмтыласыз. Шығармашылық аспекті барынша белсендіріледі. Сіз істеп жатқан нәрсеге шынымен сенесіз. Өмірдің кәсіби жағы сәл тұрақсыз болмақ. ады. Кейбір ұзақ мерзімді талқылауға қатысып, жалықтыратын диалогтарға қажет болады. Сіз қызықсыз, ішті пыстыратын адамдарды шабыттандырасыз. Біраз жағдайды өзгерту мүмкін емес. Күнделікті өмірдің тұрақты тәртібінен қуаныш іздеуге тура келеді. Денсаулық пен өмір салтын өзгертуге назар аударуыңыз керек. Танымал адаммен қарым-қатынасты үзуіңіз мүмкін. Қаржы жағы бақылауда. Сізге жұмбақ болып көрінген одақтаспен қарым-қатынас қызықтыратын болады.

Астролог Александр Ремпель, Қиыр Шығыс астрологтары қауымдастығының басшысы.

Александр Ремпель – тарих, психология және парапсихология Қиыр Шығыс академиясының ректоры, Владивосток уфологтары қауымдастығының президенті, «Джентри» газеті және «Тени» журналының редакторы. 1974 жылы Қиыр Шығыс политехникалық институтының кеме жасау факультетін тәмамдаған. 1995 жылы парапсихология институтын бітірген. Александр Иванович Тунгус нысанын іздеу экспедицияларын ұйымдастырып, мысырлық пирамидаларды зерттеу тәжірибесін жасап (1994), Стоунхенжде (1997), Италия, Германия, Франция институттарында астрология және магия курсын жүргізген (1995-1998).

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫС ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛЫ

2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АСТРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.