{metadescription}
Аңсаған сәби

Аңсаған сәби

Жас репродуктолог Әнуар Асанбаев, былайша айтқанда, «сәби жасайды» - ЭКО көмегімен жас келіншектердің жүкті болуына көмектеседі. Өзі жас, сымбатты да ақылды, сауатты бойдақ маман жұмыс арасында пациенттерінің жеке мәселелерін де шешуге атсалысады. Дегенмен кез келген баласыз жүрген ерлі-зайыптылардың өмірінде небір оқиғалар кездесіп жатады. Махаббат, көңіл қалу, күйініш, өкініш, сағыныш ... Әнуар әрқайсысына уақытын бөліп, көңілін қалдырмауға тырысады. Солай болуға оны туған әкесі үйреткен еді. Оның әкесі нағыз дәрігер, Қазақстандағы репродуктологияның бас дәрігері және негізін қалаушы Нұржан Асанбаев болатын. Бірақ бір күні пациенттердің адам сенгісіз оқиғалары дәрігерді есінен тандыра жаздайды. Жас әрі әдемі Айсана кіші Асанбаевпен кездесуге келеді. Бірақ оның себебі жүкті болуды қалау емес. Ол көп жыл бұрын әкесі болған адамды табуы керек. Жанашыр дәрігер Асанбаев өзі қатты ұнатқан Айсананы әкесімен таныстырады. Бұл мәселеге тек әкесі Асанбаев қана көмектесе алады. Өйткені ол осыдан 25 жыл бұрын ЭКО-мен айналысқан және Айсананың анасына бала табуға көмектескен болуы мүмкін. Бірақ егде жастағы дәрігердің алған әсері бәрін шатастырады. Нұржан Асанбаев күтпеген жерден қызды бас алып құшақтап, «қызым» деп елжірейді. Ол көп жыл бұрын Айсананың анасына донор болған екен! Дегемен Әнуар мен Айсананың арасында тұтанып кеткен ыстық сезімді қайтеміз? Енді екеуі біріне туған аға мен қарындас қой. Бірақ жүрекке әмір жүрсін бе? Жастар бір-бірін туыс ретінде қабылдай алмайды. Бақытымызға орай, бұл Асанбаевтар отбасының бүкіл құпиясы емес екен. Сөйтсе, Әнуар шын мәнінде қарт дәрігер Асанбаевтың асырап алған ұлы болып шықты. Сондықтан ол Айсанаға үйленуіне болады. Алайда Бірақ бірге болу жолында ғашықтар әлі де көптеген қиындыққа тап болады.

 

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.