Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Солтүстік Ирландия: протестанттар мен католиктер арасындағы жағдай қайта шиеленісті
Солтүстік Ирландияда протестанттар мен католиктер арасындағы жағдай қайта шиеленісті. Елдің әкімшілік орталығы Белфаст пен бірнеше қалада тіркелген дінаралық қақтығысты тоқтату үшін полицияның қосымша күштері жұмылдырылуда.
Автор: Данияр Мұратбаев
14.07.2009
Протестанттар мен католик дінін ұстаушылар арасындағы қақтығыс кезінде оларды тоқтатпақ болған 13 полиция қызметкері ауыр жараланып, 30-дан аса адам қамауға алынды. Тәртіп сақшыларының ырқынан шығып кеткен бұзақылар ондаған көлік пен дүкендерді өртеп жіберген. Бей-берекетсіздікті тоқтату үшін полиция оларға қарсы су атқыштар мен көз ашытатын газ қолдануға мәжбүр болды. Полицияның мәліметінше, қақтығыстың туындауына Белфаст орталығында жыл сайын өткізілетін протестанттардың дәстүрлі шеруі себеп болған. Билік өкілдері бұл тәртіпсіздікті Ирландия республикалық армиясы ұйымының жақтастары ұйымдастырды деп отыр. Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыс ең алдымен осы елдің Ұлыбритания құрамынан шығу жөніндегі ұзақ жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселесінен туындап келеді. Дінаралық қақтығыстың Батыс Еуропада орын алуы ЕуроОдақ пен әлемдік қауымдастықтың да алаңдаушылығын туғызуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram