Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда төтенше жағдай қызметі дайындықтарын пысықтады
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
16.03.2012
Петропавл маңында аммиак тиелген вагон темір жолдан тайып кетті. Төтенше жағдай қызметі ауаға тараған улы газды залалсыздандырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруде. Бүгін Петропалвда осындай сценариймен құтқарушылар дайындықтарын пысықтады.
Шартты оқиға орын алған аймаққа алғаш болып өрт сөндіру пойызы жетті. Мамандар осы жолы жаңадан алынған техника мен өрт сөндіргенде киетін киімдерді сынап көрді. Аммиак өкпені қабындыратын улы газ болғандықтан, өрт сөндірушілер бетперде мен газ өткізбейтін костюммен жұмыс істеді. Осы жолғы оқу-жаттығу шарасының шарты оңай емес. Өйткені жарты жыл бұрын осы станцияда хлор тиелген вагон аударылған еді. Сол жолы мамандардың сауатты қимылының арқасында адам шығыны болған жоқ. Бүгінгі жаттығу кезінде де мамандар айналасы жарты сағатта-ақ улы газды залалсыздандырып, өртті дер кезінде ауыздықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram