{metadescription}
0:000:00
«Арқанкергенде» мерт болған сарбаздар құрметіне монумент орнатылды

«Арқанкергенде» мерт болған сарбаздар құрметіне монумент орнатылды

Шекарашылардың жазусыз монументі. Былтыр Арқанкергенде мерт болған сарбаздардың құрметіне Шекара қызметінің басшылығы Үшаралда осындай ескерткіш орнатты.Кезекті рет ата-аналардың ашуын шақырмас үшін олар он төрт сарбаздың есімін жазудан бас тартып, қызметтік бабын орындау барысында қаза тапқан барлық жауынгерлерге арнаған екен.    

Жұрттың жағасын ұстатып, түсін төртеу, есін екеу еткен «Арқангергендегі» былтырғы қайғылы оқиғада мерт болған сарбаздар мен қорықшының туыстары бүгін Үшаралға қайта жиналды. Бейбіт күнде ұлдарынан көз жазып қалған ұзын саны 37 адам марқұмдарға құран бағыштап, оқиғаның бір жылдығына орай қойылған ескерткіштің ашылуына келген еді.   

Ұшақтан түскен ата-аналар алдымен Арқанкергенге жөнелтіліп, заставаның қазіргі күйін көздерімен көріп қайтты. Арыстай ұлдарының опат болған жерлеріне табандары тигенде жанарлары жасқа толып, сезімге ерік берді.

Ал, ескерткіштің өзі Үшаралдағы саябақта орнатылған. Ата-аналардың былтырғы қарсылығын ескерілсе керек, бұл жолғы ескерткіште тек «қызмет бабын орындау барысында көз жұмған шекарашыларға арналады» деген сөзден өзге жазу жоқ.

Капитан Ақылбек Кереевтің жары болған қайғыға қарамастан шекарашы болуға бел буыпты. Ол көрші әскери бөлімге орналасып, жұбайының жұмысын жалғастыруда жөн көрген екен.

Қара жамылған ата-аналар болса, өз ұлдарын ақтық сапарға шығарып салғандарына осы күнге дейін сенгісі жоқ. Павлодарлық шекарашы Денис Рейдің анасы тіпті «ұлыңнан қалғаны осы» деп берген күл салынған қорапты алмаған. Себебі сот кінәліні анықтап, шешім шығарғанына қарамастан ұлының не өлілер, не тірілер қатарында екендігін растайтын құжат берілмепті құзырлы органнан. 

Татьяна Рей, марқұм Д.Рейдің анасы:

- Бір жыл өтті. Бірақ сот менің баламды өлді деп құжат бере алмай отыр. Тек шетелдіктер жасаған сараптаманың қорытындысы шығарылған құжаттың қорытындысын ғана қолға алып отырмын.

Жиналған көпшіліктің ортасынан он төрт әріптесін атып өлтірген Владислав Челахтың анасы да табылды. Светлана Ващенко алдағы уақытта ұлының бостандыққа шығатынына сенімді. Сондықтан жиыннан қалмай ұлымен бірге шекараны күзеткен сарбаздардың туыстарына көңіл айтуды жөн көріпті.

Светлана Ващенко, В.Челахтың анасы:

- Уақыт барлығын да көрсетеді. Бұл жауынгерлер ұлымның қызметтестері. Сондықтан оларды еске алуға келмегенім дұрыс болмаушы еді.

Ал болған жайдың әскердегі әлімжеттік пен психиатр мамандардың олқылық жібергендігін шекарашылар енді ғана мойындап отыр. Сондықтан әр бөлмеге бейнекамералар орналастырып, сарбаздардың барлығын қадағалауға көшкен. Бірақ әлімжеттік бар болса оны жою мүмкін емес екендігін әскерилер ашық айтты.

Портнов Андрей, №2484 әскери бөлімі оқу орталығының басшысы:

- Әлімжеттік бар болса ол жойылмайды. Камералар тек шектеу қоя алады. Себебі сені бақылап отырғандығын білесің де, сақтық шараларын қолданасын. Өзіміз де үнемі бақылау астындамыз.

Кейбір ата-аналар ұлдарынан айырылғандарына сенбейміз дегенімен,Шекара қызметінің басшылығы бүгін құжаттарды жинап, бейбіт күнде алыптай азаматтарынан айырылған отбасыларға жәрдемақы төлеуге кірісті. Оның мөлшері шамамен бір миллион теңгені құрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде