{metadescription}
0:000:00
Мектеп автобусын ауыл атқамінерлері  той-томалаққа пайдаланған

Мектеп автобусын ауыл атқамінерлері той-томалаққа пайдаланған

Баланың емес, өздерінің қамын күйттеген!  Павлодар облысының   Черноярка ауылының тұрғындары жергілікті атқамінерлерді мектеп автобусын жеке мақсаттарына пайдаланды  деп айыптауда. Ашынған халықтың айтуынша,  оқушыларды тасуы тиіс көлік  үйлену тойы мен  түрлі мерекелік думандарды өткізуге жегіліп жүр.  Ал осы кезде ауыл оқушылары үш шақырым жердегі  мектепке  жаяу баруға мәжбүр. 

 

Черноярка ауылының оқушылары тоқсан аралық демалысты өзге тетелестерінен  көбірек күтеді. Бұған себеп – алыс жол әбден шаршатқан. Ал елдімекенде мектеп атымен жоқ. Бары үш шақырым жерде. Алыстағы білім ордасына  ауыр сөмкелерін асынған ұл-қыз бір сағатта әзер жетеді. 

Манат Тоқтар, мектеп оқушысы:

-  Жер тайғақ. Егер біз жығылып қалсақ автобус болмағанынан, мен кінәлі емеспін дейді. Мысалы, біздің бір жеріміз ауырып қалса, ол ақша төлемейді ғой, сондықтан автобус болса дейміз.

Бірде бар, бірде жоқ қызметке ата-аналар қапалы. Бүлдіршіндер қиындықты әсіресе осы қыста көріп жүр. Өйткені аязда да, боранда да жаяу қатынауға мәжбүр. 

Лидия Спектор, Новочерноярка ауылының тұрғыны:

- Бұл жағдай жиі қайталанады. Автобус мектепке тиесілі. Ал оны басшылық той-садақаға пайдаланады.

Ал, айтылған сынды қисынсыз деп тапқан әкімдік өкілі жағдайды жұмыс көлемінің күрделілігімен түсіндіріп ақталды. Дегенмен, он жыл бұрын алынған техниканың соңғы 4-5 жылда істен шығуы жиілеп кеткенін жасырмайды. Осының кесірінен өзге ұжымдарға барыс-келіс азайыпты. Ал мектеп   автобусы той-томалаққа жегіліп жүр деген шағымды дақпыртқа теңеді. Бірақ жеке шаруамызға емес, қызмет бабында пайдаланамыз деп сендіріп бақты. 

Любовь Линник, Новочерноярка ауылдық әкімдігінің маманы:

-  Бастапқыда тасымалдау қызметі жақсы еді. Мектептің көлігі болғанымен ауылға бөлінген жалғыз автобус бұл. Сондықтан басқа жұмыс жегуге де тура келеді.

-  Осылайша екі арада сабылып жүрген оқушылар автобус бар дегеннің өзінде мектептің алдында сағаттап күтуге мәжбүр. Ал, үш жылдан бері мәселенің шешімін таппай келе жатқан әкімдік ертеңнен бастап көлік қатынайды деп уәде беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.