{metadescription}
0:000:00
«Өрмекші адам»  фильмі қазақ тілінде кинотеатрлардан көрсетіле бастады

«Өрмекші адам» фильмі қазақ тілінде кинотеатрлардан көрсетіле бастады

«Өрмекші адам» қайта оралды! Әлемді қара ниеттілер мен қылмыскерлерден қорғау үшін ол көпшілікке көмекке келеді. Голливудтың «Жаңа өрмекші адам: кернеген қуат» фильмі ертеңнен бастап үлкен экранға жол тартпақ. Бұл жолы киносүйер қауым қайталанбас туындыны қазақ тілінде де тамашалауға мүмкіндік алып отыр.

«Өрмекші адамның» жалғасында да басты рөлді ұлыбританиялық актер Эндрю Гарфилд сомдайды. Ал, фильмнің дубляж жұмыстары өткен жылдың қараша айынан қолға алынып, дыбыс жазу 3 аптада жүзеге асқан. Жас актер Мерей Әжібеков «Өрмекші адамның» алдыңғы бөлімін де дыбыстаған болатын.

Мерей Әжібеков, актер:

– Бірінші бөлімде ол өте тұйық адам болатын. Ал, екінші бөлімінде кішкене ашылып, өз-өзіне сенімді қаһарман.Өкінішке қарай, оның қызы Гвен Стейси қатыс болып кетеді. Сол жүрегіме ауыр тиді. Сол кезде қатты қиналдым, Питер Паркермен бірге жылап шықтым.

Өрмекші адамның бет пердесін киген Питер Паркер қиналған жандарға көмектесіп, оларды зұлымдардан қорғайды. Көпшілікке үміт сыйлап, тығырықтан алып шығады. Мейірімді жас жігіт сүйіктісі Гвеннің әкесіне енді қызбен кездеспеуге уәде береді.

-Мен таңдау жасадым, бұл менің жолым...

Бойын қуат кернеген Питер тосын оқиғаларға тап келеді. Бұл жолы оның өмірінде ең қауіпті қарсыласы – Электро. Ең беделді Оскорб компаниясының мұрагері Гарри Озборнмен кездескен ол өзінің отбасы туралы құпиялардың бетін ашады. Шытырманға толы картина жоғары деңгейде дыбысталған.

Тынышгүл Сұлтанбердиева, актриса:

–Қолға алынған шаруаға мен өте қуанам. Және өзім де соған қуанышпен кірістім. Біз осылай өсіп келе жетқан кішкентай балаларымызды қазақша кино көруге, қазақ тілін білуге тәрбиелейміз. Көрерменге айтарым, келіңіздер, фильмді көріңіздер.

«Жаңа өрмекші адам» фильмін қазақ тілінде дубляж жасап таратушы – Меломан компаниясы.Жобаның іске асырылуына «Болашақ» қауымдастығы, Marwin компаниясы және «Алтын Қыран» қайырымдылық қоры қолдау көрсеткен. Ертеңнен бастап қала кинотеатрларында көптен күткенкартинаны 3Dжәне IMAX 3Dформатында тамашалай аласыздар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде