Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Спорт жаңалықтары
Қазақстандық футболшылар Лига Еуропаның бірінші іріктеу раунды аясындағы алғашқы кездесулерін сәтті өткізді. Алматының «Қайраты» өз алаңында албаниялық «Кукесиді» ұтса, Арменияға жолы түскен «Астана» мен Қарағандының «Шахтері» жергілікті клубтарға дес бермеді.
04.07.2014
Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Дегенмен «Қайраттың» дебютанттары Исаэль мен Жерар Гоудың есеп ашатын тамаша мүмкіндіктері болған еді. Екінші таймда ойынға жаңадан қосылған футболшылар алаң иелеріне жаңа серпін берді. Кездесудің 89- минутында бұрыштан берілген доп үшін талас кезінде ептілік танытқан Дарабаев мергендік танытты. Екі команда арасындағы қарымта бәсеке 10-шілде күні Албанияда өтеді. Арменияға сапар шеккен «Шахтер» мен «Астана» да жеңіспен оралды. Қарағандылық футболшылар 2:1 есебімен «Ширакты», ал «Астана» 4:1 есебімен «Пюникті» ұтты.
Бразилияда өтіп жатқан мундиаль өзінің шырқау шегіне келіп жетті. Бүгін әлем чемпионатының жартылай сынында өнер көрсететін екі құрама белгілі болады.
Чемпионат барысы қалай өрбісе де ширек финалдан тек өз тобында үздік шыққан құрамаларды көріп отырмыз. Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 22:00 де әйгілі «Маракана» стадионында Франция мен Германия кездеседі. Бұл матчқа Нестор Питано бастаған аргентиналық төрешілер алқасы әділ-қазылық жасайды. Араға екі сағат салып Форталезе қаласында бразилиялық футбол баһадүрлері Колумбияны сынаққа алады. Мундиальдың ширек финалы- Колумбия құрамасы үшін ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Бір қызығы қос елдің ұлттық құрамалары әлем чемпионаты тарихында өзара бірінші рет бақ сынамақ. Бүгінгі кездесулердің жеңімпазы жартылай финалда жолығады.
Чехиялық теннисші Петра Квитова Уимблдонның ақтық сынына жолдама алды. Дүбірлі жарысқа алтыншы нөмірмен терілген Квитова, жартылай финалда өзінің отандасы Люция ШАФАР ЖОВАДАН басым түсті.
Чехиялық қыздардың өзара бәсекесі ұзаққа созыла қойған жоқ. Тайбрейкке жалғасқан бірінші сетті өз пайдасына шешкен Квитова, екінші кезеңді 6:1 есебімен айқын ұтты. Екінші жартылай сында канадалық теннисші Эжени Бушар мен румыниялық Симона Халеп күш сынасты. Бұл кездесуде 7:6 және 6:2 есебімен Эжени Бушар жеңіске жетті. Сонымен биылғы Уимблдонның бас жүлдесін Петра Квтиова мен Эжени Бушар сарапқа салады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram