{metadescription}
0:000:00
Қазақша сөйлейтін «Галактика сақшылары»

Қазақша сөйлейтін «Галактика сақшылары»

Голливудтың осындай  фильмі көрерменге жол тартты. Бұл – биыл өз тілімізге аударылған үшінші шетелдік кинотуынды. Төрт күн бұрын дүние жүзі бойынша алғаш рет тұсауы кесілген блокбастер әлемнің 18 тіліне тәржімәланған. Көрермен асыға күткен туынды бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларда  көрсетілуде.

«Галактика сақшыларының» дубляжы, әдеттегідей, «Синема Тон Продакшн» студиясында жасалды. Оған жиырмадан астам актер қатысқан. Саяхатшы Питр Куил бүкіл әлемнің қожасы болуды көздеген Ронанға қарсы шабуылға шығады. Ол құпия сфераны қолға түсіру кезінде көптеген қиындықтарға тап болады. Шытырман оқиғаға толы картинадағы бас қаһарман Жұлдызды Лордты актер Тимур Пиязов дыбыстаған.

Тимур Пиязов, актер:

-Өзіме қатты жақын болды бұл кино. Куил деген басты кейіпкердің мінезі менің табиғатыма сай келетін сияқты.

Фильм желісі бойынша, қаскөйге қарсы тұру үшін бір-біріне ұқсамайтын бес кейіпкер достасып, сапарға аттанады. 250 миллион долларға түсірілген картинада жаңа технологияның мүмкіншіліктер барынша пайдаланылған. Ал мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шараға «Болашақ» қауымдастығы мен «Нұр Отан» партиясы мұрындық болды.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-«Қазақстан 2050» стратегиясында 11 жылдан кейін халыктың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлеу керек. Оған жету үшін, тек қана мемлекет емес халықтың бәрі атсалысу керек. Сол себепті «Болашақ» қауымдастығы осы жобаны жасаған кезде «өзіңен баста» деп айтып кетті.

Кинода басты кейіпкер кемесінің екі қабатты күрделі құрылымға айналып кететіні көременнің қызығушылын арттырары сөзсіз. «Галактика сақшыларының» эпикалық шайқастарына 2000 адам қатысып, 50 гример артистерді әрлеген. Айта кетсек, бұл 2011 жылдан бері қазақшы дубляжы жасалған 9-шы фильм. Ал «Галактика сақшыларын» Қазақстанға таратушы  «Меломан» компаниясы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде