Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде тірі адамға зират салып жатқандардың әрекеті имамдарды шошытты
Ақтөбеде тірі адамға зират салу сәнге айналып барады. Бұрын қариялар қайтыс болғаннан кейін моласының жанынан жарына орын қалдырылатын. Енді жастар да жағаласып, мәңгі жантаятын жерін алдын ала дайындап жатыр. Жергілікті имамдар мұны халық арасындағы бәсекеге балап, шәриғатқа қарсы келетін шара дегенді айтуда.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.08.2014
Ақтөбенің іргесіндегі бұл қорымда бір адамды жерлейтін орын он мың теңге тұрады. Соңғы кездері қалталы азаматтар жер сатып алып, тірі адамға алдын ала зират салатын болған. Мысалы, мына мәрмәр таспен қоршалған бос мола бір отбасыға арналыпты. Осы жердің күзетшісі адамдардың өмір сүруге емес, өлімге асығатынына қайран қалып отыр.
Оңғарбай Қаюпов, қорым күзетшісі:
- Бос молаға қарағанда қорқыныш болады. Бос моланы қарасаңыз қорқасың. Білмеймін енді адамның пейілі солай болып кеткен. Бұрын ата-бабамыздың дәстүрімен жүріп келдік. Артында адамы қалмаған адамдарға ғана дайындаған бір моланы.
Имамдар мұсылман үшін өлімнен бұрын моласын салу шариғатқа қайшы келетінін айтады. Тек жасы келіп, санаулы күні қалған қарияларға ғана жарының жатқан жерінен орын қалдыруға рұқсат беріледі. Десе де, самайын ақ шалмаған жастардың бұл қылығын молдалар бәсекеге балап отыр.
Әбдімүтәлі Дәуренбеков, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы:
- Жалпы шариғатта жер алып қою немесе жерді белгілеп қою ол сай келмейді. Кез-келген мұсылманның бір ғана арманы болу керек. Егер мен дүниеден көз жұмып қалсам, мұсылмандардың жанынан жерленсем деген. Одан басқа міндет мұсылман баласына, жалпы адамзат баласына міндеттелмейді.
Сондай-ақ имамдар жерлеу рәсімінің де келеңсіз жақтары қаптап кеткендігін айтады. Садақаның өзі тойға айналып, жоқтау айтатын адамды жалдайтын болған. Сондықтан мазар салу мен садақаны өткізу жоралғыларын реттеу керек дейді дін өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram