{metadescription}
0:000:00
Көк тудың авторы Шәкен Ниязбеков Кеңсайға жерленді

Көк тудың авторы Шәкен Ниязбеков Кеңсайға жерленді

Бүгін Алматыда көк туымыздың авторы Шәкен Ниязбековті  дос-жарандары мен туған-туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Соңғы кездері денсаулығы сыр берген суретші 76 жасқа қараған шағында өмірден озды. Марқұммен қоштасу рәсімі өзі көзі тірісінде пір тұтқан атақты суретші Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында өтті.

Шәкен Ниязбеков 10 жасында тұл жетім боп қалған. Сөйтіп, ол кішкентайынан қиындыққа тап болды. Бірақ бала Шәкен бұған еш мойыған жоқ. Қиындыққа қарсы тұрған ол сонау Ленинградтағы көркем-өнеркәсіптік училищесіне түскен. Артынан елге оралып, сурет өнерімен шұғылданып, түрлі байқауларда жеңімпаз атанып жүрді. Ал 1992 жылы еліміздің мемлекеттік туын жасауға арналған байқауға қатысты. Сол кезде 600 үміткер 1000-нан аса жоба ұсынған. Сонда Шәкен Ниязбековтың туындысы озып шықты. Әрине, кейін оны сынағандар да табылды.

Шәкен Ниязбеков:

- Тудың аты ту. Егерде оған өте ұнамай бара жатса, айтайын дегенім, ондай сұрақтар көп болған. «Ойбай, осы кейбір мемлекеттердің жалауларында сызықтар бар» деп жатады. Мен айтам «ұнамай бара жатса өзіңе жалау жасап ал да үйіңе қойып қой» -деп.

Қазақтың бағына біткен көк байрақты жасап берген дарынды тұлғаны бүгін туыстары мен дос-жарандары ақтық сапарға шығарып салды. Қазаға қайғырып, қабырғасы қайысқан жұрт өнер иесімен қимай қоштасты.

Нұрхат Мақашев, Ш.Ниязбековтің туысы:

Адамгершілігі сосын жұмысқа берілген болатын.Өмірінде дүниеге қызыққан жоқ ол кісі. Тек қана елін, халқын ойлаған кісі. Кішкентай кезінен бастап.

Ол даңқты батыр Бауыржан Момышұлының монументі мен Алматының елтаңбасының да авторы. Осынша ғұмырын таза өнерге арнап кеткен тамаша суретші бүгін Кеңсайға жерленді. Өзі өмірден озғанымен, артынан қалған көк байрақтың елмен бірге мәңгі жасайтыны анық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде