Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Арселор Миттал» жалақыны қысқарту жөніндегі бұйрығын жоюы тиіс
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы бас директорының жұмысшылардың жалақысын қысқарту жөніндегі осы бұйрығы ертеңге дейін күшін жоюы керек. Еңбек инспекциясының тексерісінен кейін анықталған заң бұзушылықтарға байланысты облыстық прокуратура компанияға 500 мың теңге айыппұл салып, осындай талап қойып отыр.
Автор: Саят Сабдалы
04.02.2015
Компания басшылығы жұмысшылардың еңбекақысы 25, шетелдік қызметкердердікі 50 пайызға қысқаратыны жөнінде бұйрық шығарған. Өндіріс алпауыты бұл әрекетін әлемдік дағдарыс әсерінен өнімге деген сұраныстың төмендеуінен деп түсіндірген еді. Салдарынан компания қаражаттан тарығып қалыпты. Олар тіпті мемлекеттің өздеріне 12 миллиард теңге қарызы барын базына етіп алға тартқан. Алайда кәсіподақ ұйымы бұйрықтың негізсіз және заңсыз шығарылғанан айтып құзырлы органға арыз түсірді. Еңбек инспекциясы жүргізген тексерістен кейін аталған бұйрықтың еңбек заңына қайшы келетіні анықталып отыр. Сондықтан прокуратура бұйрықтың күші жойылсын деген талап қоюмен қатар, әкімшілік жаза қолданды. Ал компания басшылығы осы мәселеге байланысты әзірге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram