{metadescription}
0:000:00
Мәжіліс төрағасы министр Дүйсенованы мақтап депутаттардың аузын аштырмады

Мәжіліс төрағасы министр Дүйсенованы мақтап депутаттардың аузын аштырмады

Енді елімізге екінің бірі Ресейден арзан көлік алып келе алмауы мүмкін. Үкімет шетелдік темір тұлпарларларды тек ресми делдалдар арқылы кіргізбек. Ал, Еуразиялық экономикалық одақ аясында автокөліктердің бағасын бірдей қылмақшы. Қазір Мәскеумен осындай келісім жүріп жатыр. Сондай-ақ, бүгін Мәжілісте «Арселор Миталл» жұмысшыларының жайы да айтылды. Жалақы дауын енді министр Тамара Дүйсенова жеке қадағалауға аламын деп отыр.

-Қыздар, сәлем! Қалайсыңдар?

Көңілді көрісіп, арқа-жарқа болып жатқан депутаттар жиын басталғанда қатал ұстазға айналып шыға келді. Бүгін Мәжіліске Инвестициялар және даму вице-министрі энергия тиімділігіне қатысты заң жобасын таныстырған. Альберт Рау баяндамасын аяқтағаны сол еді депутаттар сан сұрақтың астына алды. Мардымды жауап ала алмай ашуланған мәжілісмендер вице-министрге ақыры «екі» қойды.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

-Сізге сұрақ қойдық. Түсінікті етіп ештеңе айтпадыңыз. Альберт Павлович, сізге «2» деген баға қою керек.

Бірақ бұған Альберт Рау аса мұңая қоймады. Депутаттардың тоқпағына әбден еті үйреніп кетсе керек. Вице-министрдің айтуынша, жақын күндері елімізге Ресейде келіп жатқан арзан көліктерге тыйым салыбақ.

Альберт Рау, Инвестициялар және даму вице-министрі:

-Қазақстанға автокөліктерді тек ресми дилерлер арқылы кіргізу мәселесін қарап жатырмыз. Бұл сұрақты ресейлік әріптестерімізбен талқыладық. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында темір тұлпардың бағасы бірдей болуы мүмкін.

Депутаттар Үкіметтің бұл әрекетін де құптай қоймады. Десе де жұрттың жағына шығып, «неге қараша қолы қымбат ресми диллерге күні қарауы керек» деп ашық қарсы шыққан мәжілісмен табылған жоқ. Тек бірлі жарымы ғана отандық өндірушілердің жоғын жоқтағандай сыңай танытты.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-2015 жылы біздің автоөндірушілеріміз нарықсыз  қалды.Қазір не істесек те әрекеттеріміздің бәрі зая қалды.

Төменгі палатада бүгін қарағандылық кеншілердің жайы да айтылды. Бұл ретте Рауға қарағанда Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің жолы болғандай. Тамара Дүйсенованы да депутаттар сынамақшы еді, бірақ Мәжіліс төрағасының өзі араша түсті.

-Тамара сұраққа жауап бермеді ғой.

Қабиболла Жақыпов, Мәжіліс төрағасы:

-Тоқтаңыз, Мұхтар Бәкірұлы. Тамара басқаратын министрлікке «жарайсың» деуге болады. Сізге көп рахмет, министр ханым. Сіз  «еркек-министрлерге», қарағанда көп жетістікке жеттіңіз. Олар шынымен де осында келіп  «құлаққа тебетін».

Осылайша төрағадан қолдау тапқан министр енді кеншілердің жайын жеке бақылауға аламын деп білек сыбанып отыр.

Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі:

-Еңбек кодексіне сай, жұмыс беруші келісімді өзгертетін болса, жұмысшыға 1 ай бұрын ескерту керек. «Арселор Миталлдың» кәсіподағы прокуратураға арыз түсірді. Қазір инспекторлар компанияның еңбек келісімінде қандай шарттар жазылғанын тексеріп жатыр.

Үлкен әлеуметтік дау тудырған «Арселор Миталл Теміртауды» тексеріп жатқан прокурорлар талай былықтың бетін ашатыны анық. Өйткені, компания еңбек шартын бұзып отыр. Оның үстіне шетелдік инвесторды біздің Үкімет те қыспаққа алып, мемлекеттік жеңілдіктен айырамыз деген соң «Арселор Миталл» өз қателерін тез түсінген секілді. Сондықтан болат магнаты миллиардер Лакшми Миталлға тиесілі металлургиялық комбинат жұмысшылары қаңтардың жалақысын толық алуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.