{metadescription}
0:000:00
Ұлттық банк доллармен есеп-айырысуды дереу тоқтатуға кірісті

Ұлттық банк доллармен есеп-айырысуды дереу тоқтатуға кірісті

Енді ішкі нарықта, қаржылық операцияларды айтпағанда жылжымайтын мүліктер мен тауарлар тек теңгемен сатылуы тиіс. Қазір осы талапты орындауға міндеттейтін құжат әзірленіп жатыр. Оның қарапайым халыққа да, кәсіпкерге де, мемлекеттік мекемелерге жаппай қатысы бар. Сол жақын күндері бекітілетін құжат бойынша, ендігі жерде көлік пен баспананы қолма- қол ақшаға сатып алуға тыйым салынбақ. Сондай-ақ, күшке мінген Ұлттық банк несиені Американың көк қағазымен емес, қайта теңгемен беріле бастайтынын мәлімдеді.

Ұлттық Банк төрағасы дағдарыстың соңы девальвация болады деп дүрліккен елге бүгін тағы басу айтумен жүр. Былтыр ақпаннан бастап айтып келе жатқан үйреншікті сөзіне кеше тура бір жыл болды. Ал доллардан бас тартып, теңгенің тегеурінін күшейтуге кіріскен бас банкирдің жоспары тым  көп. Енді елімізде үй, көлік сияқты ірі мүліктерді бұрынғыдай қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынады. Алдымен қаржы банк шотына түсуі тиіс.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

–Еліміздегі төлемдердің 93 пайызы қолма- қол есеп айырысумен жүргізіледі. Бұл экономика үшін қып-қызыл шығын. Салық төленбей жатыр. Көлеңкелі бизнеске осылай тосқауыл қоймақпыз.

Келімбетов несиені тек доллармен береміз деп даурыққандарды  сабасына түсірдім деп отыр. Сөйтіп, қоғамдағы үлкен даудан кейін екінші деңгейлі банктер несиені теңгемен беруге міндеттеліпті. Себебі банктер девальвациядан қорқып ұлттық валютаны долларға айналдырып тастаған. Сонымен қатар бас банкир салымшыларға салымын жаппай долларға ауыстырмауға кеңес берді. Теңге құнсызданбайды дегенімен Келімбетов барлығы күніне мың құбылып отырған мұнайдың бағасына байланысты дейді. Қазір қара алтынның бір баррелі 50 доллардың айналасында. Бірақ,  теңгені құлдыратпай ұстап тұруға шамамыз жетеді деп сендіріп отыр. Ал халық сенімінен жұрдай болғанын өзінен емес, арандатушылардан көреді.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

-Бір арандатушы топтар бар. 1-ші қаңтарда, 1-ші ақпанда немесе 11-ші ақпаннан кейін теңге құлдырайды деп арнайы күндерді  белгілеп, жұртты сендіруге тырысып жүр. Оларға назар аудармаңыздар. Тағы қайталааймын теңге құнсызданбайды. Арандатушылармен тиісті  органдар айналысып сазайын беретін болады.

Теңге мен рубльдің бұрынғы тепе-теңдігін қайтаруды аңсағандардың да ұсынысы негізсіз екен. Ал теңгеге шаққанда доллардың дәлізі 185 теңгенің аралығында қала бермекші.

Осылайша, Ұлттық банк доллардан біртіндеп бас тарта бастады. Бұдан-былай көлік, үй,тағы басқа мүлік пен тауарлардың құны тек теңгемен көрсетілуі тиіс. Бұл талапты орындауды міндеттейтін тиісті құжат келер аптада дайын болмақ. Сөйтіп, теңгеден гөрі Америка долларын артық көретіндерді Келімбетов біржола сабасына түсірмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде