Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Конституциялық кеңес: «Мерзімінен бұрын сайлау өткізу заңға қайшы емес»
Мерзімінен бұрын сайлау өткізуге кедергі келтіретін заңнан бап табылмады. Сенаттың өтініші бойынша, Ата заңды қайта жіті саралап шыққан Конституциялық кеңес ешқандай ілік таба алмай сайлау өткізуге келісімін берді.
Автор: Ербол Сейілхан
24.02.2015
Бірақ кеңес мүшелері уақытынан ерте сайлау өткізуді тек қазіргі Президент шеше алады деп отыр. Ал Елбасының бұл қадамына шектеу қоятындай Ата заңда ешқандай бап жоқ екен. Есесіне келесі жылы екі бірдей сайлау өткізу Ата заңға қайшы болып шықты. Конституция бойынша, Мәжіліс пен президент сайлауы – бір уақытта өтпеуі тиіс. Сондықтан биыл не Парламентті, не президентті сайлап алу қажет. Дегенмен соңғы сөз Елбасының еншісінде. Жақында Қазақстан халқы ассамблеясы – әлемдегі геоясаси жағдайдың ушығуына байланысты биылдан қалмай мемлекет басшысын сайлап алу керек деп үндеу тастаған. Оны Парламент, еліміздің барлық жетекші партиялары мен қоғамдық ұйымдар жаппай қолдаған болатын. Енді оларға Конституциялық кеңес қосылып отыр.
Игорь Рогов, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы:
-Конституцияның 41-бабының 3-ші тармағы бойынша, «Президенттің кезектен тыс сайлауын жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар». Одан қалды Елбасының ондай шешім қабылдауына Ата Заңда ешқандай шектеу қарастырылмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram