{metadescription}
0:000:00
Назарбаев күш құрылымдарының басшыларын Ақордаға шақыртты

Назарбаев күш құрылымдарының басшыларын Ақордаға шақыртты

Назарбаев ақпараттық қауіпсіздікті қорғауға пәрмен берді. Бүгін Елбасы Ақордаға Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы, Қорғаныс, Ішкі Істер министрлері, Бас прокурор мен Ішкі барлау қызметінің директорын шақыртты.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысына күш құрылымдарының басшыларымен қатар Мемлекеттік хатшы, Парламент палаталарының төрағалары, президент әкімшілігінің басшысы мен басқа да бірнеше министр қатысты. Басқосуда  Елбасыға тиісті органдар ұлттық қауіпсіздік стратегиясының қалай жүзеге асырылып жатқаны жөнінде есеп берді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев, әлемдегі геосаяси жағдайды ескере келе, қарулы күштерді күшейтіп, лаңкестікпен күресетін арнайы жасақтардың әзірлігін ұдайы тексеріп отыруды тапсырды. Сонымен қатар, жиында ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жағы да сөз болған. Ал құпия мәліметтер айтылатындықтан, отырыстың негізгі бөлігі жабық есік жағдайында жалғасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Биыл бізге төніп тұрған мәселелер аз емес. Жағдай оңай емес, жалпы. Қазақстанның экономикасына ықпалын тигізетін мәселелер, дүниеде, біздің төңірегімізде бар. Ресей мен Батыс арасындағы келіспеушілік ол да бар. Экстремистік терористік мәселелер жақындап ықпалын тигізіп тұр. Осы мәселелердің барлығын талқылап сіздердің пікірлеріңізді біліп тиісінше шешім қабылдауымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.