{metadescription}
0:000:00
Алматыда болашақ стоматологтар мен мұғалімдердің төбелесі камераға түсіп қалды

Алматыда болашақ стоматологтар мен мұғалімдердің төбелесі камераға түсіп қалды

Тапаншамен қаруланған алматылық студенттер қаланың қақ ортасында жаппай төбелес шығарды. Тапа-тал түсте топ-топқа бөлініп алған жастар бас-көз демей тепкілесіп, ауыр соққыдан бұзақылардың бірі тіпті сол арада есінен таңып құлаған. Болашақ тіс дәрігерлері мен сол маңдағы басқа бір жоғарғы оқу орны студенттерінің жаппай жаға жыртысуы тура өздері оқитын ғимарат жанында болыпты. Бірақ, неге екені белгісіз, оқу ордасының басшылығы шәкірттерінің шатағын 2 күн бойы құзырлы органдардан жасырмақ болған.

Атыс-шабысқа толы фильмдегідей бұл көрініс бес бірдей жоғары оқу орны шоғырланған жерде болған. Жаппай жаға жыртысу сол маңдағы ғимараттардың біріндегі камераға түсіп қалыпты. Таспада университет пен колледж студенттері өзара ерегісіп, бірін-бірі аямастан соққыға жыққаны анық көрінеді. Тіпті, бір-біріне қару кезеніп, атып жіберейін деп тұр.

-Ештеңе  айтпай отыр. Тергеушілер жұмыс істеп жатыр дейді.

Қарулы төбелеске осы колледждің студенттері де қатысқан. Тіс дәрігерлерін дайындайтын мекеменің есігі тілшілер үшін тарс жабық. Басшылығы қандайда бір түсініктеме бермек түгілі, табалдырықтан аттап шығуға үзілді-кесілді бас тартты. Ал ақ халатты тастай сала, тапаншамен төбелесіп жүрген студенттердің үшеуі қолға түскен. Қалғандарын полицейлер көрші орналасқан университеттерден іздеп жүр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңға қайшы әрекет жасағаны үшін осы төбелеске қатысы бар тұлғалардың барлығы жазаларын алатын болады. Қазіргі таңда 3 адам құрықталып, қылмыстық кодекстің 293 бабы, 2 тармағы бойынша іс қозғалды. Ол бойынша  5 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделген.

-Бірін-бірі есінен тандыра соққыға жығып жатқан жастар 1-ші, 2-ші курс студенттері екен. Яғни, болашақ тіс дәрігерлері мен мұғалімдер. Олардың қаруды емін-еркін оқу орнында қалай алып жүргенін қазір құзырлы органдар қазір анықтауда.                

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.