{metadescription}
0:000:00
Павлодарда  балаларынан бас тартқан әйел алимент төлеуден  қашып жүр

Павлодарда балаларынан бас тартқан әйел алимент төлеуден қашып жүр

Алиментке зар болған әке! Павлодар облысында алты баласынан бас тартқан әйел алимент төлеуден жалтарып жүр. Бір жыл бұрын үйін тастап кеткен Анастасия Валитті сот орындаушылары әлі күнге дейін таба алар емес. Ал бар ауыртпалықты өз мойнына артқан жалғызбасты әке сүт сатып, балаларын асырап отыр.

Жолқұдық ауылында тұратын Ержан Ыбраев ер мен әйелдің міндетін қоса атқарып жүр. Бір жыл бұрын жұбайы Анастасия есейіп қалған балаларын былай қойғанда, сегіз айлық қызын да тастап, үйден кеткен.

- Ержан Ыбраев қолындағы бар малының сүт-қаймағымен алты баласын асырап келеді. Балаларына тәтті-дәмді алу үшін жалғыз басты әке кейде сүт сатуға да мәжбүр.

Ержанның үлкен екі ұлы бірінші әйелінен. Бұрынғы жары бақилық болған. Тұңғышы Ардақ биыл мектеп бітірсе, одан кейінгі 16 жасар Зайырдың жағдайы мынау. Туғанынан сал. Қалған төрт баласының анасы Анастасия. Содан туған он жасар Махмет аудандағы интернатта жатып оқиды. Бүгін інісі Уәлиханның туған күніне арнайы келіпті.

-Малды күту қиын, бірақ әкеме болысуым керек.

Балалардың үлкені оқуға кетсе, Нұрхан мен кішкентай Қамар үйде әкесімен қалады. Аналарын сағынса, мына суретіне сағаттап қарап отырады. Ал тасжүрек әйел кейде хабарласып, мазаларын алады екен.

Ержан Ыбраев:

-Мен тұрмысқа шықтыманау-мынау деп боқтап хабарласады.  Кез-келген көмек маған өте қажет. Өйткені, өзіңіз көріп отырсыз алты бірдей баланы тәрбиелеу ер адамға оңай емес. Мен жұмыс істеп отырған жоқпын.

Осылайша сандалған әке көмек сұрап құзырлы органдарға барыпты. Екі жасар қызын келесі жылы балабақшаға орналастыруға сөз берген әкімдіктегілер кейін балалардың анасын да іздеп тапқан екен. Бірақ тасбауыр шеше енді қайтып оралмайтынын айтқан. Жауапкершілікке тартылатынын естігенде қарасын мүлдем батырыпты. 

Аманбек Шалғынбаев, Павлодар облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары:

-Азаматша Валиттің Ақсу ауданында тұрмайтыны анықталып, кейін Павлодар қаласында анықталды. Сол бойынша түсініктеме алынып, кейін тағы бұл кісі жоғалып кетті. Қазіргі уақытта азаматша Валитті іздестіру шаралары жүргізілуде.

Сүт сатып, көн көріп отырған жалғызбасты әке жұмысқа орналасқысы келеді. Алайда үйдегі шаруа мен кішкентай қызына бас-көз болар ешкім жоқ. Ал мүгедек ұлының жәрдемақысы өзінің дәрі-дәрмегінен аспайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.