{metadescription}
0:000:00
Шымкентте үйін жөндеткен тұрғындар енді мердігермен соттасып жүр

Шымкентте үйін жөндеткен тұрғындар енді мердігермен соттасып жүр

Шымкентте үйлерін мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндеткен тұрғындар енді құрылыс компаниясымен соттасып жүр. Екі жыл бұрын ескі үйдің шатыры, қабырғалары мен жылу жүйелерін ретке келтіруге келісім берген пәтер иелері жөндеуден кейін үйдің сұрқы қашқанын айтады. Шала атқарылған жұмыс үшін 30 шақты отбасы енді 11 миллион теңгеден астам қаржыны 15 жыл бойы төлеуге мәжбүр.

Мынау мемлекеттік бағдарлама бойынша жөнделген үйдің шатыры. Шатырдан гөрі шарбаққа көбірек ұқсайды. Жауын жауса тұрғындар пәтер түгілі шатырға шелек қояды. Ескірген үйді мемлекеттік бағдарлама бойынша жөндетеміз деген жұрт артық қыламыз деп тыртық қылдық деп отыр.

Тұрсын Ақбердиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Төбесі ағып жатыр. Тіремелері түсіп қалды. Іргетастары үгітіліп жатыр. Дәлізді бояған бояулары да түкке тұрғысыз.

Шатырды былай қойғанда мұнда үйдің кіреберісіне жақындау қауіпті. Қабырғалары шатынап, тоқ сымдары ашықтан ашық жатыр. Мердігер компания бұл үйді модернизациялау жұмысын 2013 жылы жазда біткен екен. Тек сол жөндеу бір жылға да шыдамапты. Енді осы жұмыстар үшін әр отбасы 400 мың теңгені 15 жыл бойы төлеу керек.

 

Матлюба Корчиева, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Ешкім келіп, жұмыстарға көңіліңіз толады ма деп сұраған жоқ. «Шымкент күрделі құрылыс» компаниясындағылар қағаздарға қол қойдырып кетті. Бірақ жасалған жұмысты қабылдайтын акт болған жоқ оның арасында. Комиссияны да көрген жоқпыз.

 

Жөндеу жұмысы тапсырылған «Шымкент күрделі құрылыстың» өзі мердігер ретінде «Мырзаклассик» компаниясын тартыпты. Осы компанияны ақауларды реттеуге келтіре алмаған тұрғындар ақырында ақысын төлеуді доғарған. Бұл мәселе тіпті сотқа жетті. Алайда судья тұрғындарды ақшасын төлеуге міндеттепті.

 

Ермек Қаңлыбаев, «Шымкент күрделі құрылыс» компаниясының бөлім басшысы:

-2014 жылдың қыркүйек айында ең алғаш рет шағым келіп түсті. Осы бойынша сол күзден бастап, мердігер мекемені жауапкершілікке тартуға, ақауларды жөндеуге шақырдық. Бірақ мердігер мекеме әртүрлі сылтау айтып келе алмай өзінің міндетін орындауға қашқақтап жүрді. Бірақ оны алып келіп, беттестіріп, жүздестіріп, кепілдік мерзімі уақытында барлық ақауларды дұрыстауға міндеттеп жатырмыз.

-Шымкентте жөндеу жұмыстарын жүргізген компанияның бас кеңсесі Алматыда екен. Содан болар, жіберген ақауын жөндету үшін тұрғындар жарты жыл бойы жалыныпты. Тек, атқарған шаруасынан олқылығы көп мекеме ешқандай жауапкершілікке тартылмай тұр. Мұнымен, Шымкенттегі мемлекеттік бағдарлама дауы бітпейтін тәрізді. Қазір, жүзден астам шаңырақ осы бағдарлама бойынша өткен үйлеріне ақша беруден бас тартып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде